Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:47, реферат
Бренд деген не? Сауда маркасы ма? Керемет тауар немесе қызмет пе? өзгеше технология ма? Қазiргi кезде бренд болып табылмайтындарды тiзiп шығу әлдеқайда жеңiл. өйткенi барлық әлемдiк дiндер мен секталар, көркемсурет пен музыка, қалалар мен елдер адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамдардың өзi, телебағдарламалар мен телеарналар уақыттар мен халықтар - осының бәрi бренд болып табылады. Брендке нақтылы анықтама беру өте күрделi.Өйткенi тауар, қызмет көрсету, бiрдеңемен шұғылдану, өмiр сүру деңгейi басқа да көптеген нәрселердiң бәрi бренд болып табылады.
І. Кіріспе
1.1. Бренд түсінігі, құрылу әдістері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Қазақстандағы брендингтің ерекшеліктері
2.2. Әлемдік тәжірибедегі бренд
ІІІ. Қорытынды
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Бренд
Алматы 2012
Жоспары:
І. Кіріспе
1.1. Бренд түсінігі, құрылу әдістері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Қазақстандағы брендингтің ерекшеліктері
2.2. Әлемдік тәжірибедегі бренд
ІІІ. Қорытынды
Бренд деген не? Сауда маркасы ма? Керемет тауар немесе қызмет пе? өзгеше технология ма? Қазiргi кезде бренд болып табылмайтындарды тiзiп шығу әлдеқайда жеңiл. өйткенi барлық әлемдiк дiндер мен секталар, көркемсурет пен музыка, қалалар мен елдер адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамдардың өзi, телебағдарламалар мен телеарналар уақыттар мен халықтар - осының бәрi бренд болып табылады. Брендке нақтылы анықтама беру өте күрделi.Өйткенi тауар, қызмет көрсету, бiрдеңемен шұғылдану, өмiр сүру деңгейi басқа да көптеген нәрселердiң бәрi бренд болып табылады.
Бренд ағылш. brand,— сауда белгісі, немесе қазіргі кезде біздің бренд деп жүргеніміз — таңба ғана емес, сол таңбаның астарында тұрғанның барлығы. Әдемі таңба-рәміздерді және фирмалық мәнерді бренд деп атау қате болмады. Бренд — бұл сауда белгісі ғана емес, бұл тұтынушыға берілетін уәде және сол уәдені орындау.
Ежелгі заманнан бері адамдар қарым-қатынас жасауды, таңбалар арқылы белгілі бір сезімді немесе ақпаратты беруді қажет етті. Бұл таңбалар бір идеяны жақтаушыларды өздерінің бәсекелестерінен өзгеше етіп көрсетті. таңбалар адамның немесе топтың даралығын көрсетуге, өзінің мақтанышын немесе белгілі бір қасиеттерді иеленетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Адамдар өз идеалдарын қорғай отырып, белгілі бір тудың астына жиналған.
Көптеген мамандар мына тұжырымға келіседі, табыстың негізгі факторы көптеген мекемелердің тұтынушыларға деген адалдығы болып табылады, басқа сөзбен айтқанда ниеттестігі. Осы түсінік біздің елімізде аз уақыт бұрын пайда болса да, көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Тұтынушылар адалдығының (берілгендігінің) жоғары сатысы – бұл брендті фанаттық қадірлеу.
Нарықта пайда болған кез-келген тауар өзі туралы әртүрлі оң және теріс әсер қалдырады, ол тұтынушы тауар жайлы білгеннен бастап шарасыз пайда болады. Бұл ассоциация, тұтынушыға тауар туралы түсініктің жетуі бренд деп аталады. Бренд – бұл тұтынушы ойындағы тауар туралы әсер, қандай да бір тауарға ойша берілетін анықтама. Брендтің пайда болу үрдісі мен басқаруы брендинг деп аталады. Брендинг – бұл ерекше әсер қалдыратын, брендке мақсатты нарықтағы қатынасы және жалпы имиджге өзінің үлесін қосу болып табылады.
Бренд тек идея ғана емс, ол өзiнiң ерекшелiгi мен тиiмдiлiгi бар нысан. Бiз жаңа марканы нарық айналымына енгiзу үшiн оған ерекше бiр өзгерiс, ерекшелiк енгiзiп, рационалды және эмоционалды тиiмдiлiктi қарастыруымыз қажет. Ең бастысы - тұтынушылардың көңiлiнен шығып, жақсы сауда жасауларына мүмкiндiк туғызуға тиiспiз. Оның үтiне тауардың барлық ерекшелiктерi мен қызмет аясы бiр-бiрiмен тығыз байланыста болып ғана қоймай, тұтынушыға тигiзер пайдасымен ерекшеленедi. Тұтынушыларды алдау - ол нарықтан тыс қалудың бiрден-бiр белгiсi. Басқаша айтқанда, бренд нарықтың барлық саласында кәсiпорынның тағаны бола тұрып, сонымен бiр мезгiлде нақтылы идеялардың қозғаушы күшi болуы керек.
Брендтi құру мен басқарудың барлық концепцияларын рулетка ойынымен салыстыруға болады: марка нарыққа ешқандай түсiнiксiз шығады, тұтынушы нелiктен оны сатып алуы керек. Бұл “ғылыми” тұрғыдағы қадамға қатысты: математикалық модельдi, немесе брендiң психологиялық концепциясын нөлден бастап енгiзуге қатысты. Бiрақ әрбiр брендтң негiзiнде оны құрушының ой-мүддесi, ұстанымы жатыр.
Брендтерді басқару
Барлық маркетингтік инвестициялық компаниялардың тиімділігін тұрақты шолу өте маңызды. Стратегиялық мақсаттарға сәйкес инвестициялар ғана брендке жақындатады, бренд туралы айқын көрініске мақсатты аудитория жүргізеді. GfK Group компаниясы олардың маркетингтік қызметі тиімділігін бағалауда бренд өндірушілерді қолдауға арналған зерттеудің ықпалдастық жүйесін әзірледі.
Кез келген мемлекетте өзінің имиджі мен бет-бейнесі бар.
Бұл өз кезегінде, елдің жағымды және жағымсыз жағынан танымал болуына әсер етеді. Мысалға, АҚШ доллармен, Макдональдспен; Ресей Горбачевпен, Путинмен, қатты қысымен, Ауғанстан есірткімен және тәлібтермен ассоциацияланады.
Ал қандай кейіпкерлер мен оқиғалар Қазақстанды танымал етеді? Бұл сұраққа Власть журналы жауап беруге тырысқан. Басылым негізгі 10 брендті алға тартты. Олар:
Мұнай - Қазақстан әлем елдерінде бірінші кезекте дәл мұнаймен ассоциацияланады. Алғашқы қазақстандық мұнай 1899 жылдың қарашасында өндіріле бастады. Қазір Қазақстанда жыл сайын 81 миллион тонна мұнай шығарылады. Болжамдар бойынша, мұнай қоры қазақстандықтарға алдағы 50-60 жылға жетеді.
Байқоңыр - Қазақстан аумағында орналасқан әлемдегі алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы. «Байқоңырдан» Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды, осы жерден Ғарышқа алғашқы адам аттанды.
Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Президенті. Әлемнің көптеген адамдарында Қазақстан елдің Тұңғыш басшысы Н.Назарбаевпен ассоциацияланады. Ол Қазақ елінің президенті болып алғыш рет 1990 жылы сайланды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті - 2010 жылы
Қазақстан ТМД елдері арасында Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына бірінші болып
"Pro Team Astana" велокомандасы. Команданың тарихи беттері Александр Винокуровтың 2006 жылы Вуэльтада жеңіске жетуінен жазыла бастады. "Pro Team Astana" осы уақытқа дейін жеке және командалық сындарда алғашқы орындарды алып келді және солай болып қала беруде.
Невада-Семей - 20 жыл бұрын қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов антиядролық қозғалыс ұйымдастырды. Қазақ жеріне және халқына қасірет алып келген Семей ядролық полигоны 1991 жылы жабылды.
Борат - аттас фильмнің ойдан шығарылған кейіпкері. Кино Қазақстан туралы репортаж жасау үшін АҚШ-ға аттанған «қазақстандық» репортер туралы. Фильмнің сценарийі дөрекі қалжыңдар мен бұрмаланған фактілерден құралған, критиктер оны комедия деп атайды. Картина әлемде танымалдылыққа ие болды.
2003 жылдан бастап, әр үш жыл сайын Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді. 2012 жылы өткен IV съезге әлемнің 40 елінен 87 делегация қатысты.
7-інші Қысқы Азия ойындары - 2011 жылдың қаңтар-ақпанында Астана мен Алматы қалаларында өтті.
Көңілді және тапқырлар командасы - Қазақстанның алғашқы командасы 2000 жылы КВН-ның Жоғарғы лигасында «Қазақстандық жоба» атауымен ойнай бастады. Өзінің алғашқы ойынында команда екінші орын алды, бірақ финалға ақыры шыға алмады. 2001 жылы қазақстандық «көңілді және тапқырлар» «Астана құрамасы» атала бастады. 2005 жылы қайта ребрендинг жасалып, олар "Астана.kz" атауымен өнер көрсете бастады. 2006 жылы қатысушылар алғаш рет жартылай финалға өтіп, үшінші орын алды. Ал 2010 жылы "Каzахи" КВН командасы пайда болды, оған ескі құрамның мүшелері енді. Командаға жеңіс үшін 0,6 балл жетпей қалды.
Kcell 10 жыл бойы өз компаниясын
сәтті құруда. Осы уақытта біз өз құрамамызды
қалыптастырып, атымызды таныттық. Айналамыздағы
әлем күнде құбылуда, технологиялар жетілдіріліп,
клиенттердің талаптары артуда. Жетекші
орында қала беру үшін біз алға қарай нық
қадам басуда. |
|
Жаңартылған брендінің негізгі құндылықтары жаңашылдық, сенімділік, икемділік, әлеуметтік жауапкершілік пен қазақстандық тамырға қатыстылық.
Жаңашылдық. |
Kcell технологиялық инновацияларды ендіріп, өз абоненттерінің күткендерінен асып түсуде. |
Сенімділік. |
Компания өз клиенттерін ең ауқымды сапалы әрі тиімді байланыспен қамтамасыз етуде. |
Икемділік. |
Kcell абоненттермен әрдайым байланыста, сондықтан оларға қажет шешімдерді дер кезінде қабылдап, оларды белсенді жүзеге асыруда. |
Әлеуметтік жауапкершілік. |
Ұлттық тамыр мен мәдениетті қастерлей отырып, компания Қазақстанның мәдени және қоғамдық дамуына үлес қосуда. |
Біздің біреуіміз болу. |
Kcell құрамасы мен оның тұтынушылары – бір елдің азаматтары. Компания қазақстандықтардың қарым-қатынас пен бизнесті жүргізудің мүмкіндіктері жөніндегі түсініктерін әрдайым өзгертіп, қоғам игілігіне жұмыс істеуде. |
Жаңа бейне Kcell құндылықтарының
жаңа көрінісі болды. Ол XXI ғасырдың жаңа
заманшылдығы мен күш-қуатына толы. Оның
жарқын, инновациялық, бірегей дизайны
өзіндік тарихты – Kcell тарихын қамтыған. |
Банк атауында негізгі салмақ «Delta» ұғымына түседі. Оны өзеннің сағасы мағынасында қарастыратын болсақ, онда ол өмір сүру және даму үшін мінсіз мекен болып табылады. Бұған қоса Delta үйдің кіреберісі деген мағынаны да білдіреді, сондықтан Банкті жайғастырудың негізінде әр Клиент сапалы әрі жылдам банктік қызмет көрсетуді пайдалана алатын жайлы үй банкі түсінігіне де саяды.
Логотип түпнұсқалық белгіден және
Банк атауының жазбасынан тұрады.
Белгі бірыңғай, тұрақты жүйеге біріктірілген
үш құрамдас бөліктен құралған, бұл ретте
үш негізгі бөліктің әрқайсысы белсенді,
сағат тілімен қозғала отырып, шексіз
қозғалысты білдіреді.