Шерхан Мұртаза публицистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ 6
1.1 Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы 6
1.2 Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы 20
2 ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 32
2.1 Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы 32
2.2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

Файлы: 1 файл

Шерхан Муртаза.doc

— 358.00 Кб (Скачать)

       Осы қасиеттер бізге дарығанда біз  Президент айтқан «Орталық Азия барысы»  бола аламыз» деп ұлы мақсатқа жетудің нақты жолдарын саралап  көрсетеді. Өте дұрыс. Бұдан артық қандай жол керек бізге? Осы үш қасиетті қағида етіп қалыптастырсақ, бәрі оңынан орнатылар ма еді» [18.135б].

       Хат иелері осындай ойларға меңзеп отыр. Көкірегінде   - сәулесі, көңілінде  сәуесі бар адамға ой салар нәрселер көп-ақ хаттарда. Тіпті бір хатын («Әкімдер ойланар ма екен?») Шерхан Мұртаза көп мәселелерді қозғай келіп: «Тірілер ойлансын» деп аяқтайды. Ойланған адамға үлкен салмақ жатыр мұнда. Расында ойланатын,толғанатын нәрселер шаш етектен. Олардың біразын сөз етіп, талдаған болдық. Ал кейбірі мынадай:

       «Қазіргі  ұрпақ арақ дариясында малтығып қалды. ...Арақ сатылмайтын сау жер жоқ. Күндіз-түні самалдай самсап тұр... Сонда  бұл арақ теңізіне батып қалған қандай қоғам? Шет елдер арақ-шарабын  қаптатып жіберуге кім мүдделі? Осының түбіріне үңілген бар ма?...

       Конституция бойынша, қазіргі ұрпақ алдындағы  жауапкершілікті сезінуіміз осындай  мөлшерде. Ал, болашақ ұрпақ алдынды  ше?» [18.158б].

       «Қасиетті мұсылман дінін уағыздаудың топастығынан, дәрменсіздігінен, жерсіздігінен тек  Алматының өзінде ғана соңғы жылдары алты мың қазақ христиан дініне кірді. Қазір шоқынған қазақтардың ұлттық қоры жұмыс істейді. Олар шіркеуде ән салады.

       Сатылмаған  не қалды? Ар – ождан да, абырой да сатылады. Долларға бола басқа діндерге кіріп жатқан қазақ жастары қаншама!

       ...Осыған  Мұсылман дінінің басшылары қалғып  – мүлгіп қараса, ислам кімді  қызықтырмақ?!» [18.154б].

       «Тере берсе, кришнайтынды он орап алатын асыл өсиет көп-ақ. (ислам дінін айтып  отыр) Бірақ насихаты добыл. Біздегі  дін басылар өздері тазалықтың, имандылықтың үлгісін әлемге айдай етіп көрсете алмайды» [18.156б].

       Қашанда халқының қамын, елінің мүддесін ойлайтын қайсар қаламгер осы хаттары арқылы сол халқының арман – мұңын, қуаныш-реніш  осылай ащы да болса ашық айтып  жеткізеді. Тәуелсіздігімізге қауіп төндіріп отырған келеңсіз көріністер мен улы дерттерді жоюдың, болдырмаудың жолын айтады.

       «Әттең, - дейді Шерхан Мұртаза «Адам құқы»  атанған соңғы хатында,  - Бір  зор магнит болса! Сол зор магнитке, милиардтаған арам ақшалар, арам ақшаға салынған жеке меншік, салтанатты сарайлар, жарқ-жұрқ еткен мерседестер, суық қолда нақақ кеткен зауыттар, фабрикалар, кеніштер сол зор магнитке өздерінен өздері келіп жабысып қала берсе. Іздеуші де, прокурор да, сотта керегі жоқ. Тек өздері жабысып қала берсе... Қазынаның қақпағы жоқ, Камал. Бар пәле содан» [18.158б].

       Мінеки, белгілі қалам қайраткерлерінің жазысқан хаттары (25 маусым 1996ж - 26желтоқсан 1997ж) осылай ел өміріндегі өзекті мәселелер, алуан-алуан алқалы істер туралы үн көтереді. Бір жарым жылдай жазысқан хаттар жаңа қоғамда экономикалық реформа жүргізіліп жатқан тұста елдің ойында, халқының көкейінде жүрген зарыл да зәру мәселелерді дер кезінде қозғап, ашық та айқын етіп жариялап отырды. Сондықтан да қалың жұртшылық бұл хаттарды зер салып, зейін қойып оқыды, қолдап, қуаттап, растады. өз пікірлерін білдіріп, редакцияларға олар да үздіксіз хат жазып жатты. Ара –тұра хаттар үзіліп қалған жағдайда оқырман ұмытпай, іздеу салды. Яғни, халыққа қажет болды, көкейіндегіні дәл басты деген сөз. Хаттардың дені тікелей ел басқарып іс басында отырған адамдарға қарата жазылды. Кейде тіпті олардың намысына қозғау салып, қабілет-қарымын ширықтырып, ұштай түсу ыңғайында болды.

       Иә, тәуелсіздікке жаңа қолы жеткен балаң  мемлекетіміздің іргесі берік болуы, еліміздің еншісі талаң-таражға түспей, бүтін болуы үшін іздері, сұрары барын байқатып жазылған бұл хаттар көп нәрсеге құзау салып, әсер етіп, экономикалық реформаға үлес қосқаны анық.

       Барлығы осы хаттардың арқасында демегенімізбен, талай нәрсеге «тәк!», талай нәрсеге  «тәйт!» болғаны анық.

       «Басқаның бәрін қойғанда, Президент  Жолдауында елімізде дәл қазір белең алып отырған келеңсіз жайларға көбірек  көңіл бөледі. Әсіресе, «коррупция»  деген сөзді жиі қайталайды. Осы  бір зұлымдықпен аяусыз күрес  туралы ашық айтады. 

       Ақыры асқынған жара жарылғандай болды.Коррупциямен, парақорлықпен, ұрлық-қорлықпен пәрменді күрес туралы Президент Жолдауында қатаң ескертілді!» [7.61б].

       Шерхан  Мұртаза мен Камал Смайыловтың  жазысқан хаттары  эпистолярлық жанрға жан бітіріп, оның қадыр-қасиетін арттырды. Эпистолярлық жанр болса Ш.Мұртазаны қайраткер тұлғасында танытты.Халық Шерханды жазушы, публицист,редактор деп таныса енді кемел қайраткер дәрежесіне көтерді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       ҚОРЫТЫНДЫ 

       Шерхан  Мұртаза – жұртшылықтың, халықтың қаламгері. Оның публицистік шығармашылығы ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан публицист. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Сондықтан болар оның қаламынан туған кез-келген туындыны оқырман ыждаһатпен қабылдайды. Өйткені ол қай жанрда жазса да барлығын дерлік өзіндік қалыптасқан дара стильмен, көркем шұрайлы тілмен жазады. Шерхан Мұртаза публицистикасының пәрменділігіне Ш.Елеукенов былай деп баға береді: « Ш.Мұртаза қаламынан туған дүниелер – осы заманғы публицистиканың жоғарғы үлгісіндегі ерекше өтімді, дәлелді, өмір шындығын дөп басатын, алдына қойылған проблемаларды үлкен жауапкершілікпен, терең талдау жолымен көтере білетін, көп кеселді кінараттарға кінәлілерді бетің бар, жүзің бар демей осып сөгетін, ойға бай, сөзге шешен саралы көсемсөз» [2]. Журналистік қызметінің алғашқы он жылында ғана, 1959-1969 жылдардың аралығында, жазылған 100-ден аса заметка, корреспонденция, 5 фельетон, 8 рецензия, 47 очерк, 50-ден астам көркем публицистикалық материалдардың бәрі сол кездің жетістіктерін алғауға құрылған десек қателесеміз.

       қасиетімен  төңірегіне кілең бір сайдың тасындай тамаша журналистерді жинады. Публицистер шоғырын дайындады. Оның редакторлығы қазақ баспасөзі мен публицистикасының дамуына зор үлес қосты. Мына төмендегі фактілерге көз жүгіртіп көріңіз. Шерхан Мұртаза  1971-72 жылдары «Жалын» альманагына басшылық жасады. Осы екі жыл ішінде басылым тиражы 24 мың данадан 52 мыңға жетті. «Жұлдыз» журналындағы редакторлығы 1973-1975 жылдардың аралығын қамтиды. Бұл жолғы тираж  1975 жылы  211мың данаға жеткен. «Қазақ әдебиеті» газетінде  1980-89 жылдарында еткен уақытта бұл басылымның тиражы  45 мыңнан 86 мыңға шырқаған.

       Публицистикасы  тақырыбының ұлт қамын жеген, ел болашағына алаңдаған ойларын  тәуелсіздік жылдары шыққан материалдарынан  білеміз. «Не жетпейді?» (1989), «Елім  саған айтам, елбасы сен де тыңда!» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002) атты мақалалар, эсселер мен публицистикалық толғамдарының қазақ баспасөзі мен публицистикасынан алар орны ерекше. Мұнда публицистің жүрегін тербеген «елім», «жерім» дегендегі ішкі қапасы кестелі сөз, салиқалы оймен берілген.

       Журналистік және жазушылық екі түрлі мамандық, екі ұдай қызмет болса да, иесі бір көзқарастан – ұлттық идея, ұлттық санадан ешқашан айнымаған.

       Отыз  жылға жуық мерзім ішінде Ш.Мұртазаның шығармашылық жолы қазақ баспасөзінде қалыптасқан, сол арқылы қалың оқырманға  жете таныс болған.

             Баспасөз бетінде тіл тақырыбын, ұлттық сана, ұлттық дәстүр, ақтаңдақтар тағдырын кешегі Колбиннің қылышынан қан тамып тұрған кезінде-ақ  тайсалмай тұңғыш рет көтерген адамның бірі Шерхан Мұртаза.

       «Редактордың  саяси идеялық даярлығы – оның жемісті жұмысының басты шарты. Бұл аз, редактор ең алдымен ұйымдастырушы»,-деген болатын С.Гуревич [5.61б]. Бұл жағынан Ш.Мұртаза өзінің адам танығыш, адамның талантын, еңбегін көріп-біліп, әділ бағалайтынМіне,  мұндай басылымдарды бұқаралық ақпарат құралдары деп толық мәнінде ауыз толтырып айтуға болады.

           Әдебиеттану ғылымында поэтика мәселесі маңызды проблемалардың бірі болып келе жатыр. Поэтика - әдеби шығарманың құрылымы мен онда пайдаланылатын эстетикалық құрадарын қарастыратын әдебиет теориясының бір бөлімі. «Поэтика – сөздің көркемдік құрылымдарының пішіні, түрі, құралы және әдісі туралы ғылым бола отырып, тек поэтикалық сөзді ғана емес, әдеби туынды мен ауыз әдебиеті құрылысының әр түрлі қырын қарастырады»,-дейді В.В.Виноградов [10.16б]. Демек, көріп отырғанымыздай поэтика өнердің басқа салаларымен де байланысты. Осы ретте поэтика проблемаларын Шерхан Мұртаза публицистикасы арқылы сабақтап, оның ой толғамдарының жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, көркемдігіне, даралығына талдау жасадық.

       Журналист кез-келген материалды – корреспонденциядан бастап ең ақыры өлеңге дейін жаза алуы керек. Ол әдеби деректерді, әсіресе, газеттік әдебиетті білуі қажет.

       Ал  Ш.Мұртаза қаламынан туған көркем публицистикалық жанрдың қай-қайсысынан да публицистің жазу техникасын әбден меңгеріп, төселгені, аз сөзге көп мағына, көп жайтты сыйдырып жіберетін шеберлік қыры оның шоқтығын биіктетеді.

       Публицист шиыршық атқан ішкі сезімдерін жай  ғана баяндап қоймайды. Белгілі бір  іс-әрекетпен байланыстырады. Сол  арқылы кешегі мен бүгінгінің парқын таразылайды. Әдемі сөз бен терең ой сабақтастығының тамаша үлгісін жасайды. Баспасөз тілі ерекшеліктерінің заңдылықтарын да, көркем туындыға қойылар талаптар да Ш.Мұртаза публицистикасында сақталған.

       Ш.Мұртаза  публицистикасы поэтикасын талдау барысында негізгі нысанға жолсапар очерктері, сын мақалалары, эсселері алынды.

       Қорыта  айтқанда, Шерхан Мұртаза публицистикасының басты қасиеттері мынадай: біріншіден, қандай жанрда қалам тербесе де ұлттық идея,ұлттық рухты нысанаға алуы, екіншіден, публицистикасы тақырыбының проблемалығы және ондағы заман мен қоғамның ащы шындығы, үшіншіден,эпистолярлық жанрдағы ойлары мен сөздеріндегі батыл сыншылдығы, жазу стиліндегі шеберлік пен көркемдік,төртіншіден редакторлық қызметіндегі талант танығыштығы, тоқырау жылдарында баспасөздегі сын мәселесіне қатты мән беріп, қолдау көрсетіп отырған батыл басшылығы, шығармашылығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің бір-бірімен үйлесіп жатуы. Бұл қырынан келгенде публицист Шерхан Мұртаза редактор Шерхан Мұртазаның қадір-қасиетін толықтырып жатады.

          Шерхан Мұртаза публицистикасы  қазақ баспасөзінің дамуына ғана  емес, қоғам санасының өрлеуіне де зор үлес қосты.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 

  1. Амандосов Т. Публицистика дәуір үні/ Т.Амандосов.-Алматы: Қазақстан, 1974.- 386 бет.
  2. Елеукенов Ш.Шерхан шері/Ш.Елеукенов//Жас Алаш.–2002.-28 қыркүйек. - 7 бет.
  3. Мұртаза Ш. Не жетпейді?/ Ш. Мұртаза.-Алматы: Жазушы, 1990.-372 бет.
  4. Мұртаза Ш. Мен Әбілқайыр емеспін/Ш.Мұртаза// Егемен Қазақстан – 1992.-14 ақпан. -2 бет.
  5. Гуревич С. Редактор и редакционная коллегия/ С.Гуревич.-Москва: Высшая школа, 1980. -265 стр.
  6. Әшімханұлы Д. Редактор – генератор/Д.Әшімханұлы//Түркістан – 2002. -26 қыркүйек. -5 бет.
  7. Иманбекұлы Т. Тағылымнан таймаған/Т.Иманбекұлы.- Алматы: Атамұра, 1993.- 131 бет.
  8. Мамесейіт Т. Шерхан Мұртаза/Т. Мамесейіт. – Астана: Елорда, 2002. -280 бет.
  9. Есенаман Ә. Қызырлы Қаратауда/Ә.Есенаман// Заман Қазақстан. -1999, -24 қыркүйек. -2 бет.
  10. Виноградов В. Слово тоже есть дело/ В. Виноградов.- Москва: Мысль, 1979.- 265 стр.
  11. Стрельцов В. Основы публицистики/ В. Стрельцов.- Минск, 1990.- 460 стр.
  12. Мұртаза Ш. Ақындар мен әкімдер/ Ш. Мұртаза. -Астана: Елорда,- 2002.- 808 бет.
  13. Қабдолов З. Сөз өнері/ З.  Қабдолов.- Алматы,- 1992.- 352 бет.
  14. Жақсыбаева Ф. Баспасөз тілінің ерекшелігі /Ф.Жақсыбаева//-Ақиқат. 2001.- №4.- 58 бет.
  15. Байтұрсынов А. Ақжол/Құрастырған Р.Нұрғали.- Алматы: Жалын, -1991.- 464 бет.
  16. Кәкішев Т.  Қазақ әдебиеті сынының тарихы /Т.Кәкішев.-Алматы: Санат, -1994.- 296 бет.
  17. Қирабаев С.Қазақ әдебиеті/С.Қирабаев. -Алматы: Жазушы,- 1992.- 285 бет.
  18. Мұртаза Ш. Елім, саған, айтам ел басы, сен де тыңда! /Ш.Мұртаза,К.Смайлов.-Алматы: Қазақстан, - 1998. -176 бет.
  19. Мұртаза Ш. Шамаң жетсе, шындықты айт/Ш.Мұртаза//Жас Алаш.- 2002.- 15 тамыз. -3бет.
  20. Аупбаев Ж. Шераға/Ж.Аупбаев// Егемен Қазақстан.- 1994.- 29 маусым. -4 бет.
  21. Аупбаев Ж. Ғұмыр-дария./ Ж.  Аупбаев. -Алматы: Санат, - 1997.- 212 бет.
  22. Аупбаев Ж. Бізге ең алдымен тұрақтылық қажет/Ж.Аупбаев// Егемен Қазақстан -2002. -12 сәуір.- 2 бет.
  23. Балтабаева Г. Шерхан Мұртаза 70 жаста/Г.Балтабаева// Қазақ тілі мен әдебиеті. -2002.-№11.-3-6 бет.
  24. Бейсенұлы Б. Мен енжарлықтан қорқамын/Б.Бейсенұлы//Жас Алаш.- 2001.- 24 ақпан -1,2 бет.
  25. Ғабдуллин М. Алтын жұлдыз/ М. Ғабдуллин. -Алматы,- 2005.-288 бет.
  26. Елшібек Ж. Шерағаң шыңы /Ж.Елшібек//Заң газеті.- 2002. -25 қыркүйек. -3 бет.
  27. Жақсылықбаева Р.Шерхан Мұртазаның редакторлық қызметі хақында/Р.Жақсылықбаева// Қаз МУ хабаршысы. Журналистика сериясы. -1999. -№7- 35-39 бет.
  28. Жанәбіл С. Жанымды түсін/ С. Жанәбіл. -Алматы: Өнер,- 2002. -128 бет.
  29. Иманасов С. Қаламдастарым мен Замандастарым/С.Иманасов.-Алматы: Қазақстан, 2001.-224 бет.
  30. Кекілбайұлы Ә. Кесек суреткер, кемел қайраткер, асқақ азамат/Ә.Кекілбайұлы// Егемен Қазақстан.- 2002.- 4 қазан.- 3 бет.
  31. Көпбаева М.Өмірлік деректің шығармашылыққа әсері/М.Көпбаева//Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2002.- №9.- 54-57 бет.
  32. Мамет С. Қазақтың намысынан жаратылған/С.Мамет//Егемен Қазақстан.- 2002.- 8 қазан.- 4 бет.
  33. Медетбек Т. Сен қылыш құсап сөйлейсің//Жас Алаш.- 2002.- 28 қыркүйек. -1,7 бет.
  34. Мұртаза Ш. Өңімде – қария, түсімде – баламын/Ш.Мұртаза//Ақ желкен.- 2002.- №7 7 бет.
  35. Мүрсәлім Б. Намыстың сөзін айтамын/Б.Мүрсәлім//Парасат.- 2002.- №9.- 19-23 бет.
  36. Ниязбек Р. Парламентке Шерхан сайланбай/Р.Ниязбек//Қазақ батырлары.- 1999. -№9.- 3 бет.
  37. Рамазан Д. Шераға/Д.Рамазан//Қазақ әдебиеті.- 1999. -2 сәуір- 4 бет.
  38. Сұлтанов Қ. Серпінді кезең/ Қ.Сұлтанов. -Астана: Елорда,- 2005.- 608 бет.
  39. Сыздық Р. Сөз құдіреті/ Р.Сыздық. -Алматы: Санат,- 1997.- 224 бет.
  40. Смайылов К. Тел өскен құрдаспыз/К.Смайылов//Ұлан.- 2002. -1 қазан.- 5 бет.
  41. Смайылов К. Үзеңгі дос/К.Смайылов//Жұлдыз .-2002.- №9 -5-11 бет.
  42. Смайылов К. Шарболаттай Шерағаң 70 жаста/К.Смайыолов//Ана тілі.- 2002.- 26 қыркүйек. -4-5 бет.
  43. Тарази Ә. Көркемдік құпиясы/ Ә.Тарази, Л.Мұсалы. -Алматы: Санат,- 2000.- 240 бет.
  44. Уақыт және қаламгер. Әдеби сын.4- кітап.-Алматы: Жазушы,-1976.- 296 бет.
  45. Шераға: Қазақтың халық жазушысы Шерхан Мұртаза 60 жаста.- Алматы: Атамұра,-1993. -184 бет.

Информация о работе Шерхан Мұртаза публицистикасы