Шерхан Мұртаза публицистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ 6
1.1 Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы 6
1.2 Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы 20
2 ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 32
2.1 Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы 32
2.2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

Файлы: 1 файл

Шерхан Муртаза.doc

— 358.00 Кб (Скачать)

       Паралеллизм (грекше pavallelas-қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу [13.236б]. Бұл мысалдағы «сыңсыған» орман, «бүктетіліп» аққан Дем өзені, екі-ақ эпитет, соның өзі көркем пейзажды елестетеді, автордың көркемдік әлемінің кеңістігін белгілейді. Көркемдік дегенде ол-қиял қанатына мініп, көкті кезетін кезбе суреткер емес, жерде-көз алдымызда өмір сүретін қаламгер. Сондықтан оның шығармалары өмірдің өзіндей айқын, өмірдің өзіндей нақты болып келеді. Бір ерекшелігі, Шерхан Мұртазада ойлы, мағыналы терең философия, әділеттің қылын қақ жарған отты сөз бар. Адамзат пен қоғамның, тарих пен болашақтың сұлабасын көз алдыңызға әкеліп, ерекше әсер қалдырады.

       Публицист «Феруза Иран» атты очеркін жазу барысында Иран өңіріне, оның тарихына қатысты көптеген деректерді нақты, дәлелді фактілерін мейілінше молынан пайдаланған. Сөйтіп кітап көрмесін ғана емес, сол елдің өткенін еске ала отырып, бүгінін, бүгінін айта отырып ертеңіне үңілді. Тараулардың әр қайсысы логикалық байланыста. Очерктің композициялық, сюжеттік құрылысында  басы артық деталь жоқ.  Бәрі де жымдасқан, көңілге қонымды болып келеді. Публицистикалық жазбаларының таырыбына, мазмұнына сай  сөздер мен сөз тіркестерін құрылымдарды пайдалана алады. Композиция, теңеулер, эпитеттер секілді көркемдеуші құралдарды да орынды қолданып озық үлгілерін тудырады.

       Қысқасы, публицист сол елдің сауда-саттығын, тыныс-тіршілігін, салт-дәстүрін, мәдениетін, дінін ерекше ықыласпен, шұрайлы тілмен, түсінікті, оқуға жеңіл етіп жазады.

       Публицист Шерхан Мұртазаның тағы бір жолсапар очеркі «Абай сәулесі» (Семейдегі Абай күндері) деп аталады.

       «Қазіргі  кезде сауатсыз қазақ жоқ» деп  басталатын бұл шығармасы оқушыны  осы бір  сөйлеммен-ақ үйіріп ала кетеді. Ұзақ жол кісіні асықтырып та, қобалжытып бітетіні рас. Осы бір іште шиыршық атқан сезімді автор психологиялық параллелизм арқылы сонау біржарым ғасыр бұрын Абай сезінген толқулармен үндестіреді.

       «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салды»,-деп бастамаушы ме еді ұлы Мұхтар Заңғар эпопеясының алғашқы бетін. Сол замандағы үш күндік жолды қазіргі матор-тұлпар үш-төрт сағатта-ақ алады. Семейден шыға бере асфальт жолмен алқынған машиналар тізбегі әне-міне дегенше Күшікбай асуына да ілігеді. Содан әрі-бері сонау бала кезден таныс дала. Ауылымыздан мың-мың шақырым алыста жатқан  Шыңғыстау атырабы жүрегімізде бала жастан-ақ жатталып, көз алдымызда сурет емес, тірі бейнелер қалып қойған. Есейе келе көп жерлерді көрдік, көп қалаларды араладық, бірақ есте бәрі-бәрі қала бермейді. Ал көрмеген, жүрмеген Шыңғыстау өңірі көкіректе әлі сайрап тұр» [12.18б]. Осы сияқты толғамдар, түйіндеулер автор шығармасының өн бойынан табылып отырады. Бұларды айтпағанның өзінде географияны, жер-су дегендерді суреттегенде де жай  бір баяндай салу емес, көз алдыңа кәдімгі өз басыңнан кешкендей сезінетін күйге ендіреді.

       «...Одан әрі көп кешікпей Орда тау көрініс береді. Кіші Орданың бауырында Әйгерім бұлағы сұрғылт тастар арасынан жап-жасыл зүміреттей сызылып қана шығады. Есіңізге түсіріңізші Абай мен Әйгерім алғашқы рет осы бұлақ жағасында кездескен. Ол кезде кәдімгідей асып-тасып ағар еді. Жағасы толған ну-тоғай болар еді., экология деген, жай қарапайым қазақ тілінде тірі табиғат қой. Сол экология да бір мезгіл еркелеткенді, маңдай сипап мейір салуды тілеп тұратын шығар: қазіргі бұлақ тартылған сыңайлы. Сонда да әрін бермей жасыл дүние жалт етеді» - деп автор кешегі сызылып қана аққан бұлақтың бүгінгі  жай-күйін де  жанап өтеді. Ол адамзат баласының дүйім табиғатқа жасаған қиянатын тәппіштемей бір ғана сөйлеммен, соның өзі әдемі жерден кейін жүрекке мірдің оғындай қадалған сөздерімен береді: «қазіргі бұлақ тартылған сыңайлы». Ойланған адамға ауыр түйін.

       «Қарауылға  баратын күре жолдан кілт бұрылған асфальт жол, солтүстікті  бетке алып, Жидебайға жетектейді. Қарауылдағы салтанаттан бұрын құрметті қонақтар Жидебайға барып, Абайға сәлемдесер. Алыптың асыл сүйегін көтеріп жатқан жер осы. Қара бесік. Айналасы – Оспан мен Еркежан, Зере... Сәл оқшауда жаңа бейіт көрінеді. Ол күні кеше арамыздан қара нардай қасқайып жүрген Ахат аға Құдайбердиев» - деп Абай еліне оқырман саяхатын жалғастырады Шерхан аға. Жай сөйлемдер арқылы Абай дана еліне саяхаттады. «Қара бесік» деген сөздің өзі ғана Семей өңірінің қасиетті топырақ екенін аңғартады. Автордың бұл көркем-публицистік шығармасының ішкі қуаты өте мықты.

       Жоғарыда  Шерхан Мұртаза суреттелер шындықты деталь арқылы ұтымды көрсеткен, сол арқылы шұбалаңқы көп сөзділіктен ұтылған.

       «Теңіздің қасиеті тмшыдан танылады» деген  қанатты ұғым бар. Ауа райын байқау үшін далаға шығу шарт емес, алақандай әйнектен қарап аңғаруға болады. Бұл арқылы айтқымыз келетіні – деталь да, жоғарыдағыдай, теңіз қасиетін танытар тамшы, ауа райын аңғартар кішкене терезе секілді, бір алуан кесек көріністі немесе күрделі шындықты ұтымды танытар бірер соны сөз, немесе тың сурет – дерек қана. Әдебиеттегі деталь – суреткердің шабытты еңбегінің нәтижесі, аса сирек ұшырасатын сәтті табысы. Мұнда аз ғана сөз айқын суретке айналады да, шалқар шындықты танытады, көл-көсір мағынаға ие болады, сол арқылы оқырманды-қызық сезімге бөлеп, қызықтыра жетелеп әкетеді» [13.86 б].

       Бұл шығармадан публицистің жазу техникасын әбден меңгеріп, төселіп, аз сөзге көп мағына, көп жайтты сыйдырып жіберетін шеберлік қырларын байқаймыз. «Абай сәулесі» атты бұл жолсапар очеркінің «Феруза Иран» атты очеркінен басты ерекшелігі де міне осында. Яғни, оның көркемдік ерекшелігінде. «Феруза Иран» атты очеркінде автор деректерге көптеп сүйенсе, мұнда автордың эстетикалық көзқарасының өскені байқалады.

       Автордың  келесі очеркі «Азия жазушылары Америкада» деп аталады. Публицист онда бір сапардан түйген түйінін жазады. Шерхан Мұртаза «Қазақстан мемлекетінің елшілігі тыныш қана бір жұмақ бағы сияқты жерге орналасқан екен.

       Қақ маңдайда  көк Туымыз желбіреп тұр.

       Совет Одағының кезінде  АҚШ-та бір рет болғаным бар. Бірақ онда Қазақстанның елшілігі де, көк байрағы да жоқ еді.

       Мемлекеттік тудың қасиетін елде жүргенде аса  біле бермейсің. Ал шет елде көрсең Көк Туымыз айбынды болып, асқақтап көрінеді. Тәуба, тәуба дейсің.  Көк  байрағым, жайнай бер, желбірей бер деп тілейсің.

       Міне  бұл Америкадағы Қазақстанның бір  пұшпағы. Бұл өз үйіміз» - дейді. Қаламгердің сөзіне  қарағанда осы шығарманы басқаша айтқанда егемендік алғанымызға бірнеше жыл өткеннен кейінгі өзге мемлекеттердің елімізді мойындауы. Бұл орайдағы көтеріңкі пафос енді бір сәтте Шерхан Мұртазаның асан қайғылығына ұласады.

       «Амстердам әуежайынан көтеріле бере-ақ Атлант мұхитының құзарына құлшылық етесің. Адам баласына тек құдайға ғана құлшылық ету жарасады. Құранда да, хадистерде де солай жазылған.

       Бірақ небары пенде болған соң ұмытып кете бересің, өзіңнен күштіге, өзіңнен зорға, бай патшаларға қол құсырып, қошемет қыласың. Баяғы көк бөрінің ұрпағы екеніміз есімізде жоқ. Жалтақтаймыз, жалпақтаймыз.

       Көк бөрі болса тек Құдайға ғана бағынған, соған ғана арыз-мұңын шаққан. Басқа ешкімге бас иген емес. Адамдар ит сияқты бөріні қолға үйретпек болды, арыстан, жолбарыс, аю сияқты циркте көрерменге күлкі етіп қоймақшы болды.

       Көк бөрі көнбеді.

       Ал  біз көнімпазбыз...» [12.354б].

       Автор шиыршық атқан ішкі ой-сезімдерін жай ғана баяндамайды. Белгілі бір іс-әрекетпен байланыстырады. Сол арқылы кешегі мен бүгінгінің парқын таразылайды.  Әдемі сөз бен терең ой сабақтастығының тамаша үлгісін жасайды.  Баспасөз тілінің ерекшеліктерінің заңдылықтары да, көркем туындыға қойылар талаптар да аталмыш очеркте сақталған. Баспасөз тілі мен көркем шығарма тілі жайында зерттеушілер не дейді?

       «Мерзімді баспасөздің басты мақсаты ықпал  ету, ой тудыру, үйрету болғандықтан, қолданылатын тілдің бейнелегіш, баға беру ерекшелігі арта түседі. Сондықтан мерзімді  баспасөз әдеби тіл қорының тілге үстеме реңк беретін мүмкіндігін кеңінен қолданады. Газет бетіне жарияланған мақаланың мақсатын анықтау үшін тілдік құбылыстарды зерттейтін салалардағыдай әр сөздің ерекшелігін жеке дара қарастыру оңай емес. Өйткені газет жанрының бірінде белгілі бір мағына білдіретін сөз келесі бір жанрда қолднылғанда басқа бір реңкке ие болуы, не мүлде өзге мағына білдіруі мүмкін. Олай болса, тілші оқырманның сана сезіміне айрықша әсер ету мақсатында өзі жазып отырған мақаланың әр сөзін, оның ерекшелігін, басқа мағына беріп өзгеріске түсе алу қабілетін жақсы білуі керек» [14].

       Әрине тілі нашар шығарма ешқашан жақсы  шығарма болған емес, және бола алмайды. Демек, баспасөзде де, әдебиетте де тіл мен сөздің қызметі бәрінен ерекше, бөлек әрі биік. Шерхан Мұртаза тілдің қатынас құралы ғана емес,  сөз бен ойдың бірлігі екенін жете түсінетін қаламгер. Суреткердің ой қазанында қайнап шықпаған сөз шын мәнінде «шығармаға негізгі материал» бола алмайды. Өйткені көркем сөз – көрікті ойдың көрінісі. Бұл жөнінде Л.Толстой «құнды сөз көрікті ойдан туады» деп бекер айтпаса керек.

       Шеберлік  мәселесі бәрінен бұрын тілден басталатыны  даусыз. Сөз өнерінің эстетикасын  зерттеуші ғалым З.Қабдолов «Шығарма тіл арқылы жазылса, тіл сөзден құралады. Ал әр сөз о бастан образдан туған, келе-келе көп образдар ұмытылған да, олардан туған сөздер ғана қалған. Сондықтан образды тіл деген ұғымды жаңалық деу қиын. Бұл - әр сөздің табиғи қасиеті. Әңгіме осы қасиеттің күллі «құпиясын», құбылысын, осынау образдылықтың ішкі сырын, сыртқы сипатын әрі нәзік, әрі терең түсініп, соны қаламгерлік қызметке шебер қолдана білуде жатыр» – дейді [13.188б].

       Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқышында»  сөз өнері адам санасының үш негізіне  (ақылға, қиялға, көңілге) тірелетінін айта келіп: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше  айтуға жарау» деген болатын [15.121б].

       Шерхан  Мұртаза публицистикасының тіл  байлығы оның мазмұн байлығына әкеледі. Оның сөздік қорында тыңнан туған дүниелер жоқ. Шерхан Мұртаза халықтық тілдің телегей-теңіз  бай қазынасын мүмкіндігінше мол игерген, оның қилы-қилы қиын әрі қызық құбылыстарын жете түсінген, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұланғайыр өзгертулер мен өңдеулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылтулар мен құлпыруларды дәл аңғара білген публицист. Оның публицистикасы тілдік дәлдікке, ықшамдылыққа, сұлулыққа негізделген.

       «Тіл  көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды  жалт-жұлтта, күлдібадам болуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады», - дейді З.Қабдолов [13.203б].

       Ең  алдымен әр сөз тек өз орнында  ғана тұруы тиіс. Сонда бір сөйлемдегі бірнеше сөз өзара бір-біріне сәуле түсіреді де, әр сөздің бұрынғы мағынасына жаңадан тың мағына  қосылып, бәрі бірігіп танытар шындық та су жаңа сұлу шыраймен мөлдірей қалады. Бұл орайда Шерхан Мұртаза публицистикасы аталмыш қағиданы бұлжытпай орындаған. «Баласұғын жұмбағы» эссесіне  назар аударып көрелік. «Кімдер жүрмеген ұлы жолдың бойы. Ежелгі заманда түйелі керуендер маң-маң басқан жолмен қазір мотор зулайды. Ерсілі-қарсылы ағылған машиналар тізбегі. Заман нышаны. Жылдамдық дәуірі.

       Биылғы  кенжелеп кеш келген көктемнің көгі енді ентелеп бой жаза бастағандай  екен. Егінжайдың реңі жаман емес. Алыс-жақын қырат-қыраулар жасыл-қызыл реңмен жайқалады.

       ...Абайлап  қарасам, жап-жазық деген даланың бедері бар екен. Сағыныш толқынындай мұнартып, қаз-қатар тізіліп, жеті төбе бұғып жатыр. Жай көзге елене бермейді. шөгіп қалған. Мүлде шөгіп, жермен жексен болғаны қашан. Трактормен айдалып, егістікке айналып кеткені қанша...» [12.79б]. Байқап қарасақ, осындағы мінсіз сұлулықтың күллі сыры әр сөздің қарапайымдығынада, тазалығында, нақтылығында, дәлдігінде; басы артақ бір сөз жоқ, орнын таппаған сөз тағы жоқ, әр сөз ешқандай жасанды бояусыз тап-таза, тұп-тұнық табиғи ажармен балбұл жанып, жасаңғырап көрінеді. Автор да соншалық табиға, еркін, қолдан көрініс жасап қиналып жатқан жоқ, көз алдындағы көріністі дәлме-дәл сөздермен мөлдіретіп айтып беріп қана отырғандай: Ұлы жол, кеш келген көктемнің көгі, жасыл-қызыл реңмен жайқалған қырат-қырлар. Ал әсер дегеніңіз ұшан теңіз: көз алдымызға жазық дала елестейді. Оның арасынан бұғып жатқын  төбелерді байқайсың, ерсілі-қарсылы ағылған машина дауысы келеді құлағыңа.

       Бұл арадағы «құпия» да, жоғарыда айтқанымыздай; суреткердің, әр сөзді тек өз орнында ғана қолданып, тек өз орнында ғана ойната білгенінде деп ұғу шарт.

       Журналист - кез-келген материалды – корреспонденциядан бастап ең ақыры өлеңге дейін жаза білуі керек. ол әдеби  деректерді, әсіресе, газеттік әдебиетті білуі қажет (Н.Ф. Погодин).

       Қаламы  қарымды журналист әрі публицист  Шерхан Мұртаза  оны да жанап өтті. Жалпы, қаламгер әдеби сын жанрын публицистикада шебер қолданған.

       Әдеби сын және публицистика, журналистика екеуінің арасындағы байланыс қандай? Осыған біраз тоқталсақ. Сынның әдебиетке, әдебиеттің сынға қатысы жөнінде ғалымдар бірқыдыру пікір айтты. Қалай болған күнде де әдебиеттің сынға, сынның әдебиетке қатысты екені ақиқат. Ал әдеби сынның баспасөз екені де даусыз [16.148б]. Белгілі сыншы Бочаров секілділер батыл түрде «Сын – журналистика» деп жариялады. «Сын ғылыми ойлау мен публицистік қызу қандылықтың және шығармашылық шабыттың өзгеше динамикалық синтезі» деп біледі аталмыш сыншы.

       Публицистика  мен әдеби сынға қойылар талап бір. Ол – бүгінгі күннің жаңалығын жырлау. Әдеби сынның осындай қасиетіне орай оны әдебиет материалына негізделген публицистика деп атауға болады.

       «Әдебиет  сынын публицистика жанрына жатқызбағанымызбен, екеуінің бірін-бірі дамытып, кейде бір қызмет атқаратынын мойындауымыз керек.  Сын да әдебиет ісін қоғам алдындағы еңбегімен ұштастыра отырып, оны жеке адамның дүниетанымын қалыптастыру үшін пайдалануға қызмет етеді. Бүкіл идеологиялық жұмыс тәрізді әдебиеттің де, сынның да негізгі зерттейтіні адам. Оны жетілдіру жолындағы жұмыс [17.43б].

Информация о работе Шерхан Мұртаза публицистикасы