Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 07:31, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.
КІРІСПЕ 3
1 ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ 6
1.1 Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы 6
1.2 Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы 20
2 ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 32
2.1 Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы 32
2.2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
1963 жылды журналист Шерхан Мұртаза өміріндегі елеулі, тіпті шешуші кезең деуге болар еді. Бұрынырақ өзі біраз уақыт тілшісі болып істеген «Лениншіл жасқа» бас редактор болды. Оның қоғамға, халыққа қызмет жасауы, өз қабілет-қарымын танытып, батыл әрекеттерге ден қоюы да осы жылдардан басталған.
Өзінің адам танығыш, адамның талантын, еңбегін көріп-біліп, әділ бағалайтын қасиетімен төңірегіне өңкей бір сайдың тасындай тамаша журналистерді жинады. Оларға бағыт-бағдар беріп тәрбиелей білді.
Қандай іске де принципті қарайтын Шерхан батыл редактор болды. Сол кездің өзінде ел, жер тағдыры, ана тілі, адамгершілік мәселелері, т.б. толып жатқан өзекті проблемалар көтерілетін газетте. Сонымен қатар әдебиет пен мәдениеттің де жанашыры, насихатшысы бола білді. Сөйтіп, «Лениншіл жас» еліміз жастарының ғана емес, барша халықтың сүйіп оқитын басылымына айналды.
Ол газеттен көптеген талантты жастар түлеп ұшты. Қазіргі баспасөз тарландарының негізі сол «Лениншіл жастан» қанаттанып, Шер-ағаңның мектебінен өткендер. «Ал «Жалынға» бас редактор болғанда да талай орынды жастың тұсауын кесіп, томағасын сыпырды. Бүгінде олардың көбі қазақ әдебиетінің мүйізі қарағайдай қайраткерлері болып отыр. Айта берсек мұндай әңгімелер толып жатыр.
«Социалистік
Қазақстан» газетіне бас редактор болғанда
тіл, тарих мәселесін көтеріп, «Алаш
« партиясымен алаш-
Ал, енді осы басылымдардағы Шерхан Мұртаза қызметіне кеңірек тоқталсақ.
Кешегі Коммунистік партия билеген тұста, яғни орысшыл орталықтың әмірі жүріп тұрған кезде Шерхан Мұртаза қатардағы журналистік қызмет қана атқарып қоймай, «Лениншіл жас» (1963-1970) газетіне басшылық жасаған. Өз бағытын батыл қорғай білетін, принципшіл, қажетті қызметке қабілеті сай келетін кадрларды шебер іріктейтін және оларды қатал әрі әділ аға боп тәрбиелей алатын басшы екенін дәлелдеді. «Лениншіл жас» газетінен Тельман Жанұзақов, Сейдахмет Бердіқұлов, Оралхан Бөкеев, Фариза Оңғарсынова, Қалдарбек Найманбаев, Ахат Жақсыбаев, Кәдірбек Сегізбай, Ақселеу Сейдімбеков, Сағат Әшімбаев, Мұхтар Шаханов және тағы да басқа дарынды ұл-қыздар қанаттанған. Сондай шәкірттерінің бірі жазушы Тұтқабай Иманбекұлының: «...Ол кезде «Лениншіл жаста» қызмет істейміз. Лездемеде ой-пікіріңді қоспасақ, Шер-ағаң кәдімгідей қомсынып отыратын. Ал егер жазғаның ойынан шықпай, орамға жетпей жатса, қолжазбаңды қолыңа үнсіз ұстатып жіберетін. Содан ары ойланып, әрі іштей жалған намысқа біраз түрткіленіп ізденесіз – дейді [8.57б]. Бұл Шерхан Мұртазаның адамның жеке іс-қағазына, бет-жүзіне емес, жазған-сызғанына, талабына әділ баға беріп, дұрыс жөн сілтейтін редактор болғандығын аңғартады.
Осы ретте журналист Н.Оразбековтың : «Редактор ретінде Шәкеңнің «олай жаз, былай жаз» деп езіп отырғанын, құлаш-құлаш ақыл үйреткенін өз басым көрген емеспін. Оның орнына Шәкең жаза білетін, «балағының биті бар» дейтін жігіттерді тез таниды да, солардың өнімді еңбек етуіне бар жағдайды жасайды» - деген пікірі ойымызды дәлелдей түседі [7.69б].
Шерхан Мұртаза редактор болған тұста «Лениншіл жас» республика жастарының ғана емес, күллі халықтың сүйікті газетіне айналды. Жастарға міндетті сол кездің сан қилы талабын толық орындай отырып, «Лениншіл жас» әдебиет пен мәдениеттің озық насихатшысы болды, халықты сонысымен баурады. Арнайы әдеби басылымдардың да батылдығы жете бермейтін сын мен рецензияны жастар газеті ол кезде жиі жариялайтын. Мәселен, З.Серікқалиевтің «Әдебиет жол басшысы - әділ сын (1963 жыл, 12 қыркүйек), Қ.Мұхаметжановтың «Афина алдындағы ой» (1963 жыл, 12 қыркүйек), З.Қоспақовтың «Жаяу Мұса жайлы жаңа деректер» (1964жыл 29 желтоқсан), Р.Бердібаевтың «Боран» туралы бірір сөз» (1970жыл 19тамыз), тағы да сол сияқты көптеген авторлардың сын мақалалары газеттің шырайлы айшығына айналған. 1983 жылдың 2-маусымынан бастап бас редактор болған Шерхан Мұртаза газетінің түрі мен мазмұнына ерекше мән берді. «Лениншіл жастың» сол жылдардағы «Аққу» эстетикалық клубы, «Күмбез» археологиялық клубы, «Арай», «Студент және уақыт», «ХХ ғасыр. Халықтар. Әдет-ғұрыптар», «Өркен» жоғарғы класс оқушылары үшін, «Замандас келбеті» (очерктер жинағы), «Әдебиет беті», «Ғылыми дүниеде» тағы басқа тұрақты айдарлары мен арнайы беттері жастардың әлеуметтік-қоғамдық тыныс-тіршілігін, төл әдебиетіміздің өзіндік бет-бейнесін, балалар мен жасөспірімдер тәрбиесін тақырып арқауы етіп, жеріне жеткізе отырып жазды.1985 жылы «Ғылым шыңына шығар жолда» атты айдарды ашып, онда жас ғалымдарды оқырманға таныстыру қолға алынды. Ғылым, техника жаңалықтарына шолу жасалды. Сол жылдары өндіріс орындары проблемаларына арналған Ғ.Мырзағалиевтің «Комбинат құлдырап барады» (1963жыл 7 тамыз). С.Бәжібеновтың «Мұнайлы Маңғыстаудың бүгінгі тынысы» (1963жыл 13 тамыз), Б.Мусиннің «Балқаштағы химия» (1964 жыл 26 қаңтар) атты проблемалық мақалалары жарияланды. Қ.Н айманбаевтың «Сүйіну» (1963жыл 30 маусым), Ә.Қалмырзаевтың «Баян қызы» (1963жыл 1 тамыз), Б. Момышұлының «Куба күнделігі» (1964жыл 25 қаңтар), Х.Қыдыровтың «Қыр қызы» (1905жыл 5 қаңтар), С.Қирабаевтың «Италия әсері» (1970жыл 20 тамыз), С.Бердіқұловтың «Мехико жаңғырығы» (1970жыл 21 шілде) очерктерінде өздері куә болған оқиғалар жөнінде тартымды, әрі қызықты баяндалып, замана толғауын, әлеуметтік мәселелерді өздерінше саралайды. Әсіресе, Б.Момышұлының «Куба күнделігі» жолсапар очеркінің басты ерекшелігі – Куба халқының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғам, мәдениет, әдебиет қайраткері Хосе Марти (1853-1895) туралы автордың ой-толғанысы, қайраткердің халқына сіңірген еңбегінің тіршілігімен байланыстырды. Автордың Кубаның өткен-кеткен тарихынанан, мәдениет ескерткіштерінен, тұрмыс-салтынан тартымды суреттер беруі, жинақтап ой қорытуы очерктің мазмұнын, ажарын аша түседі.
«Лениншіл жас» газетінен кейін журналист Шерхан Мұртаза жастар альманағы «Жалынға» 1970 жылдың 6-шы номерінен бастап бас редакторлыққа келді. Альманах әдебиетіміздегі дүмбілездіктер мен шалғайлықтарға;саяси жамылғының астарымен жазылған жазбаларды жарыққа шығаруға қарсы аяусыз күрес ашты. Мәселен, «Жалынның» «Тура би трибунасы» атты күрескер айдарын ерекше атауға болады. Аталмыш айдар альманахтың 1972жылдың 4-ші номерінен бастап ашылған. Сынға алушы Тураби Туғансызов Ә. Нарымбетовтың «Дәуір және поэзия» атты еңбегі туралы «Ә.Нарымбетов және сын немесе алтын тармақтан тұратын ашық хат» (№4 1972жыл), Ә.Райымбековтың «Қазақ поэзиясындағы жұмысшы образы жинағына «Көк кітап пен интервью» (№5 1972жыл), Ш.Смаханұлының «Айға ұшамын» кітабы туралы «Автор айға қарай ұшқан ба?» (№6 1972жыл)деген материалдарында сын мәдениетін сақтай отырып, өзінің көзі көрген кемшіліктерді жіліктеп, батыл тойтарыс беріп отырған. Сынның дәмі ащы болады, сондықтан да кемшілікті жоюға итермелейтін бұл айдар бүгінгі «Жалын» журналына аса қажетті екендігі даусыз.
«Жұлдыз» журналында редакторлық еткенде одақтас республикалардың ішіндегі ұлт тілінде шығарылатын әдеби журналдардың біріншісі болып тұрды. Тиражы күрт өсіп, таралымы 250 мыңға дейін жетті. Батыл редактор болды. Жақсы шығарманы қорғаудың бір әдісі жаман шығарманы аяусыз сынау екендігін Шерхан Мұртаза мұнда да нақты іспен дәлелдеді.
Редактор Ш.Мұртазаның ұйғаруымен «Жұлдыз» журналы «Қаратау» өндіріс орнын өз қамқорлығына алды. Ондағы басты мақсат - өндіріс орындарын қолдау, жұмысшылары мен басшы мамандардың қызметіне аз да болса ықпал жасау. Бұл мәселе «Жұлдыз» журналы редакциялық посты «Қазыналы Қаратауда» айдарымен беріліп, онда Т.Әлімқұловтың «Жасарған өлкенің жаңа қадамдары», Б.Нұржекеевтың «Шыңдалу» (№10. 1975жыл) материалдары және тағы да басқа мақалалар жарияланды.
Таулы Алтай мен Новосібірдегі, Германиядағы қазақтардың қал-жағдайына «Жұлдыз» журналы сол кезде-ақ құлақ түріп, шеттеп қалған бауырлардың мұңы мен мұқтаждарын арнайы сөз қылған. Тарих, әдебиет, өнер, ғылым мәселелерін бірінші орынға қойған. Мысалы, А. Машановтың «Өнер мен ғылымның тоғысқан шұғыласы» (№9. 1975жыл) зерттеу мақаласы, К.Смайыловтың «Кинодраматурия-қазақ әдебиетінің бір саласы» (№10. 1973жыл), Р.Нұрғалиевтің «Әуезов драматургиясындағы совет шындығы» (№3. 1973жыл), Ш.Елеукеновтің «Тарих және көркем шындық» (№10. 1973жыл) сын материалдары түйінді ой-тұжырымдарға құрылып, ұлттық мүддені көздейтін, соны жандандыра түсетін ой-тамызық тәрізді дүниеге айналғаны даусыз.
70-ші жылдары тоқырау мен тоқмейілсу рухани мәңгүрттік дертін жая бастағанда, ұлттық рухын сақтап қала алған «Жұлдыз» журналы еді. Оған редактордың қосқан үлес салмағын Ш. Мұртазаның «Ертеде Шыңғыс хан айтыпты: «Жолбарыс ұяластарын ит басқарса – жолбарыстың бәрі итке айналады, шибөрілердің ұяласын жолбарыс басқарса бәрі де жолбарыс болады», - деп. Сондықтан да редактор өзімен үндес, қаламы қарымды, қатарлас серіктер жинауы керек. Он жерден батыр, мың жерден ақылды болғанымен жалғыз редактор не бітіре алады?...( Ш. Мұртаза) – деген өз пікірімен бергіміз келеді. Ендеше әр басылымның өзге басылымға ұқсамайтын өз шекін-келбетінің болуы шынайы талантқа, шебер редакторға тән құбылыс. «Редактордың жұмысы тозаққа түскенмен тең» (Ш. Мұртаза) – дейді бұл жөнінде Шерхан Мұртазаның өзі.
Журналист 1980 жылдың қазаны мен 1989 жылдың қарашасы аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды.
Сөзді саннан бастасақ... Және бір ғана «Қазақ әдебиеті» төңірегінде.
Шерхан Мұртазаев 80-жылдың 1 қазанда «Қазақ әдебиеті» газетін 40 мың таралым үстінде қабылдап алды. 89 жылдың 10 қарашасында оны 140 мыңмен қалдырды. Яғни 9жыл 40 күнде газетке 100 мың қосылған 3 еседен астам!
82-жылға дейін газет қаламақысы 800сом болса, бұдан кейін 1600-ге жетті.
Сөзді нәтижеге бұрсақ...80 жылдары Одақ бойынша шын мәніндегі халықтық басылым «Литературная газета» деп тансыла, ал республикада осындай бұқаралық үлкен құрметке ие болған газет «Қазақ әдебиеті» болғаны сөзсіз. Бірақ осы тұста, меніңше, бір мәселені ескеру керек. Белгілі бір тұлғалардың қайраткерлерін іс-әрекетіне баға беру кезінде олар өмір сүрген, қызмет еткен уақыттың тынысын, сол кезеңдегі мемлекеттік биліктің қас-қабығын, қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды ескеру қажет.
«Қазақ әдебиетіне» Шерхан Мұртаза редактор болған жылдар – брежневтік «тоқыраудың» аяғы мен горбачевтік «қайта құрудың» басын қамтыған кезең еді. Экономика мен саясат тұрғысынан «тоқырау» деген баға өзіне лайық шығар, бірақ, қалай десек те осы «тоқыраудың» өзі ұлт мәселесінде бұрынғы ширыққан идеологияны да босаңсытып алуы – қоғамдық, ұлттық, өмірдің тынысын оңдап аша түскені анық. Сөзімізді осы ыңғайдан өрбітсек, 80-ші жылдары партиялық үлкен басшылық әдебиет, мәдениет басылымдарына тым оң көзімен қарамаса да, аса қырағы сол көзімен де шұқшия бермеген сияқты. Алайда осы бір сәл-пәл босаңдық пен аздаған еркіндікті өте ептілікпен, кәсіби шеберлікпен, байсалды ақыл, батыл жүрекпен халықтық, ұлттық мүдделерге қарай икемді пайдаланып қалудың өзі Чаковский, Мұртазаев сынды шын мәнідегі бас редакторлардың қолынан келгендей.
Бұл
жағынан бас редактор Шерхан Мұртазаевтың
өзіндік стратегиясы мен
Бұлардың қай-қайсысын қозғауда әрі ептілік, әрі саясаткерлік, кейде тіпті ерлік те қажет еді.
Дидахмет Әшімханұлының бір естелігінен мысал келтірсек: «Ұмытпасам 83-жылдың көктемі-ау деймін, ғылым бөлімінің меңгерушісі – мені, Шерағаң кабинетіне шақырып алды да, бір қалың қолжазбаны қолыма ұстатып тұрып: «Пікіріңді айт» деді, бір-ақ ауыз сөзбен. «Дайында» деген бұйрық жоқ. Сездім. Бұның ішінде бір шикі болғаны. Мұндай материал жөнінде алдымен бөлім меңгерушісінің көзқарас-пікірін білгісі келетін, онымен көп жағдайда санасатын Шерағаңның әдеті. Бірақ былқылдаған-сылқылдағанды ұнатпайды, не де болса ойыңды ашық айтуың керек. Бұл – татардың белгілі түрколог ғалымы Әбрар Каримуллиннің түркі тілдес халықтардың жазу-сызу тарихы мен рухани төл мәдениеті туралы жазылған жиырма беттік ғылыми зерттеу мақаласы екен. Автор Америка құрлығындағы ацтек, инк сияқты үндіс тайпаларының тіліндегі түркілік нышандардан бастап, революцияға дейінгі қазақтардың оқу-білім игеруіне дейін сөз еткен, тосын фактілер ұсынған. Жақсы, ал мұндағы «ши» қайда? Мәселе мынада. Ұзақ жылғы идеололгия біздің миымызға бір дүниені берік сіңірген. Ол – «революцияға дейін қазақтардың екі-ақ проценті сауатты болғаны». Осы қағида бірер жыл бұрын орталық комитеттің бірінші хатшысының Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуының 250 жылдық мерекесінде жасалған баяндамасында да айтылған. Енді мына Каримуллин не дейді? Ұлы төңкеріске дейін қазақ даласына әр түрлі атаулы, әр қилы тақырыптағы 500-ден астам кітап жетіп, олар 2 миллион данамен таралған! Бәрі де араб әріпінде! Ол уақытта қазақтар саны 4,5 миллиондай. Сонда есептеңіз, неше адамға бір кітаптан айналған?! Демек кеңес идеологтары үшін араб әріпіндегі кітап – кітап емес, онымен сауат ашу – сауат емес. Ақыр соңында төңкеріске дейін қазақта мәдениет болған емес. Бұдан өткен қандай қорлау болуы мүмкін.
«Бұл материал арқылы ұлтқа жапқан жаланы жоққа шығарамыз. Дәлелдің мықтылығы бізді қорғап шығады. Менің пікірім осы», - дедім, мақаланы оқып шыққан соң Шерағаңа.
«Ендеше дайындап қой. Мен сұрағанда алып келесің», - деді ол.
Бірақ... бір апта өтті – сұрамайды, екі апта өтті – сұрамайды. Тезірек сұраса екен, мақала шықса екен деймін іштей тыпыршып. Мен – күшігінде таланбаған ұрпақтың өкілімін. Ұлтқа қатысты мәселеде кейде көзді жұмып жіберетінім бар. Ал Шерағаң... қызық! Напалеон Россияға шабуыл жасайынба, жасамайынба деп, Березина өзенінің бойында бүкіл әскерін қаңтарып қойып, екі ай бойы екі ойлы болып, тым-тырыс жатып алатыны да бар еді. Біздің Шерағаң да кейбір «миналы материалды» берсем бе, бермесем бе деп, біраз ойланып жүретін де, ақыры бір күні күтпеген жерден жарқ еткізіп шығарып жіберетін. Сөйтіп үшінші апта дегенде «Қайда әлгі Каримуллин? Алып кел» деген. Дегенде макеттегі бір мақаланы алып тастап, орнына «Каримуллинді» жалпағынан жатқыза салған...