Шерхан Мұртаза публицистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ 6
1.1 Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы 6
1.2 Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы 20
2 ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 32
2.1 Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы 32
2.2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

Файлы: 1 файл

Шерхан Муртаза.doc

— 358.00 Кб (Скачать)

       Мақала  шыққан соң... бәрі де тып-тыныш өтіп кеткен сияқты еді, алайда бірер аптадан соң Шерағаң: «Өткен жолғы материалды не үшін бергеніміз жөнінде справка жаз. Орталық Комитетке», - деді қысқа ғана. Жаздым. Ал оның «справкамен» қоса жоғары жаққа қандай уәж айтып, қалай мәселені жым-жылас жауып қайтқанынан хабарсызбын. Ондайды Шерағаң бізге баяндап жатпайды, түк болмағандай үнсіз жүре береді.

       «Ең нашар газет – сыпайы газет,-дейді Шерхан Мұртаза, - Ондай газеттің өзінің де, қызметкерлерінің де жаны сір болады.Сөйтіп өздері де сөлбіреп (!), газетті де сөлбірейтіп жүре береді. Жоқ бұлай болмайды! Газетте бір күн істесең де, адалыңмен істеуің керек.Газет халықтыкі. Ендеше, халыққа керекті дүниені бер. Ал, халықтың уайымы, халықтың мұңы, қазақтың проблемасы аз ба? Бүкіл Алматыда бір-екі-ақ қазақ мектебі бар. Бұл жандарыңа батпай ма? Орыс мектептерінде қазақ тілі пәні тек формальді түрде ғана жүргізіледі. Бұл намыстарыңды қозғамай ма сендердің?

       Идея  газетке қажетті басты дүние. Ол материалдың діңі. Ол – таптаурынды  сан шиырдан кейін жаңадан  табылған тың өріс. Ол – қалай жазудан бұрын нені жазу керектігіне жөн сілтейтін сара жол. Ең алдымен нені жазу керектігін білмейтін журналист – тек қызыл сөздің иесі ғана. «Қазақ әдебиетінде» Шерхан Мұртазаа редакцияға үнемі идеялық күш қуат, ағалық ақыл-ой  беруімен сол ұғымды алға жетеледі [9].

       Қазір газеттің бір шаршы сантиметрі –  ақша. (Жарнама үшін). Ал бір ауыз ойлы, зерделі сөздің құны қанша? Бұны өз орнында отырған зерделі редакторлар  бұрын да жақсы білген. Білген соң  да жақсы материалдарға жомарттық  жасаған. 80-жылдары «Қазақ әдебиетінде» Әлкей Марғұлан, Қ.Мұхамедханов, М.Мырзахметов, М.Қозыбаев сынды ғалымдардың алды 50-60; соңы – 30-40 бетке дейінгі мақалалары жарық көріп жүрді.   80-жылдардағы «Қазақ әдебиеті» ұлттық мәдениет, ұлттық мүдде, ұлттық рух жолында барын салған бірден-бір ұлттық баспасөз болғаны анық.

       «Қазақ  әдебиеті» газетінің 1934 жылдан күні бүгінге дейінгі таралуына зер салсақ, Шерхан Мұртаза редакторлық еткен жылдары жоғары деңгейде болғандығына көз жеткіземіз. Газет 1934-1940 жылдары -2300-5200 дана,  1955 жылы -6000-7000; 1980жылы -4500; 1984-1986жылдары – 86226; 1990-1999жылдары -7874 дана тиражбен шыққан.

       Жазушы  Жүсіпбек Аймауытов: «Ағаш көркі  – жапырақ» дегендейін, «Газет көркі  – хабары» деуге болады. Газет қалың бұқараныкі болу үшін елмен қоян-қолтық айқасу керек... Ел: «Жазбасам, маған серт, баспасаң, саған серт!» - деген жолға түссе, сонда газет елдікі болады.  Сонда жұрт газетті қызығып оқитын болады...» - дейді «Еңбекші қазақ» газетіне жариялаған мақаласында. Жазушы пікірі біздің  айтар ойымыздың дәлеліндей. Ш.Мұртаза редакторлық еткен тұста мәңгүрттік әбден меңдеп, тоқырау әбден асқындап, апшы қуырған тұс еді. 80-жылдардың басында адал сөз, ащы пікірлер табылса, тек «Қазақ әдебиетінен» табылады. Осы жылдары жариялылық пен  қайта құру ұранын республикада ұлтттық мүдде үшін күресудің құралы ретінде өте тиімді пайдаланған. «Қазақ әдебиеті» ұлттық тарихымыздағы, әдебиет пен өміріміздегі ақтаңдақтардың бетін батыл ашуда күллі республика баспасөзіне баға жетпес үлгі көрсетті.

       Шахан Мусин, Бүркіт Ысқақов сынды әділеттің азабын тартқан, жазықсыз жапа шеккен жандарды және Жақан Сыздықовтың «Әли қарттың әңгімесі», Н.Ахметбековтың «Күләнда» сынды ұлт трагедиясын қозғайтын шығармаларын алғаш қайта жарыққа шығарды. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай, С.Сәдуақасов сынды ұлттық мақтаныштарымыздың ел-жұртқа алғаш жеткізуші де осы «Қазақ әдебиеті»  болды.  Газеттің  бұдан да басқа, өз оқырманына ұсынар келелі тақырыптары сан-салалы. Кесек проблемаларды қозғаған әлеуметтік толғақты тақырыптары өте мол.

       Шерхан  Мұртаза 1989 жылдың 11-қарашасында «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы болды. Сөйтіп, шыққалы бері партиялық үстемдіктің республикадағы ең негізгі идеологиялық қаруы, күші болып келген газетті аз уақыт ішінде-ақ елдің, ұлттық мүддесі үшін батыл күресетін, ұлт тағдырына батыл араласатын, азаматтық үні айқын газет етіп, жедел өзгертті. Мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін, халық тарихын шындық негізде қайта жазу, оның ішінде «Алаш» партиясы мен алашордашылардың іс-әрекетіне  әділ баға беру үшін Шерхан Мұртаза басшылығындағы табандылықты көреміз. Мәселен, Ө.Жәнібековтың «Ақиқат айнасы» (20 желтоқсан 1989жыл), М.Қойгелдиевтің «Жалын ғұмыр» (С.Ғаббасов - 100жыл) (1989жыл),  М.Әлмашевтың «Аласапыран ақиқаты» (С.Қожанов туралы) (желтоқсан 1989жыл), Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Абылайхан» (11-қаңтар 1992жыл) секілді материалдары ақтандақтар, тарихи тұлғалардың тарихтағы орны, қоғамдағы жасаған істері жайлы көптеген мағлұматтарға қанықтырады.

       «Социалистік Қазақстан» газетінің «Жансарай» әдебиет пен өнер беті, экологиялық «Талбесік», «Қоғамдық пікір – қозғаушы күш», «Алыста жүрген ағайын», «Тауқымет», «Бізде қандай билік бар?», «Сөз сыры», бөбектерге арналған «Алтын сақа» тұрақты айдарлары мен беттері өзіндік ерекшеліктерімен газет оқырмандарының ықыласына бөленеді. Мәселен, «Талбесік» айдарында Арал проблемасы үздіксіз беріліп отырған. Қ.Елеубаевтың «Қоғам үлесі қомақты» (26-қазан 1989жыл), Қ.Тұрдалиннің «Аралды арашалай алмасақ» (5-маусым 1990жыл), Қ.Олжайдың «Аралға шұғыл да нақты іс қажет» (20-маусым, 1990 жыл), «Арал бағы қайда байланған?» (3-қараша 1990жыл), Ж.Әбдіровтың «Арал біреу болғанмен» (14-желтоқсан, 1990жыл), атты проблемалық материалдары өткір мәселе көтерген.

       Газеттің  сондай-ақ Үш би туралы «Газет ішіндегі кітап» қосымшасы ерекше көзге түсіп, оқырманын елең еткізеді. «Егеменді Қазақстанның» азулы, айбынды газет болғандығын Ш.Мұртазаның жеке батылдығынан демеуге қақымыз жоқ. Ұлттық намысымыз бен арымызды аяқ асты етпек болған Колбин, Меңдібаев сияқтылардың  халық қайраткерлері А.Асқаровтың сотын ұйымдастырмақ болған қылмысты істерін халық алдында әшкерелеу арқылы бұл газет ұлттық намысымыздың шын мәніндегі туы болды. Мысалы, Бішкек қаласында 1жыл 7 айға созылған «Асқаровтың ісі» туралы сот процесінен материалдар беріліп отырған. Ж.Сәтібековтың «Сот жүріп жатыр» (28-маусым, 25-қараша 1990жыл) жарияланымдары соның айғағы. Бұрын жазылмаған ауқымды тақырыптардың кең қамтылуы арқасында «Егеменді Қазақстан» оқырман іздеп оқитын газетке айналды. Мәселен, швед тарихшысы Ингавр Сванбергтің «Қазақтар түркияға қайдан барған?» (21-желтоқсан 1990жыл), Р.Бердібаевтың «Ата жұртты аңсаған» (11-желтоқсан, 1991жыл), Т.Омарбековтің «Қателескен Ленин бе, жоқ әлде қазақ зиялылары ма?» (26-қазан, 1991жыл), К.Смайыловтың «Жапондықтардың жеті құпиясы» (21-қараша, 1990жыл) тәрізді көлемді-көлемді материалдары нақты фактіге құрылып, терең зерттеуден туындағандығымен құнды.

       Мына  төмендегі фактілерге көз жүгіртіп көріңіз. Шерхан Мұртаза  1971-72 жылдары «Жалын» альманагына басшылық жасады. Осы екі жыл ішінде басылым тиражы 24 мың данадан 52 мыңға жетті. «Жұлдыз» журналындағы редакторлығы 1973-1975 жылдардың аралығын қамтиды. Бұл жолғы тираж  1975 жылы  211мың данаға жеткен. «Қазақ әдебиеті» газетінде  1980-89 жылдарында еткен уақытта бұл басылымның тиражы  45 мыңнан 86 мыңға шырқаған.

       Міне,  мұндай басылымдарды бұқаралық ақпарат  құралдары деп толық мәнінде  ауыз толтырып айтуға болады.

       Қорыта  айтқанда, редактор Шерхан Мұртазаның басты қасиеттері мынадай: біріншіден, талант танығыштығы, екіншіден, тоқырау жылдарында баспасөздегі сын мәселесіне қатты мән беріп, қолдау көрсетіп отырған батыл басшылығы, үшіншіден, шығармашылығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің бір-бірімен үйлесіп жатуы. Бұл қырынан келгенде жазушы-журналист Шерхан Мұртаза редактор Шерхан Мұртазаның қадір-қасиетін толықтырады. 
 
 
 
 
 
 

         

          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          2    ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

         2.1 Публицистикасының поэтикасы 

         Шерхан Мұртаза – жұртшылықтың, халықтың қаламгері. Оның шығармашылығы – ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан жазушы. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Шерхан Мұртаза – сезім лепіртер серпіннің емес, ой марқайтар парасаттың жазушысы. Сондықтан болар оның қаламынан туған кез-келген туындыны оқырман ыждаһатпен қабылдайды. Өйткені ол қай жанрда, мейлі ол публицистік, мейлі ол әдеби болсын барлығын дерлік өзіндік қалыптасқан дара стильмен, көркем шұрайлы тілмен жазады. Сондықтан оның  публицистік мұраларының  поэтикасына тоқталу бітіру жұмысының басты мақсатын ашады.

       Әдебиеттану ғылымында поэтика мәселесі маңызды  проблемалардың бірі болып келе жатыр. Поэтика - әдеби шығармалардың құрылымы мен онда пайдаланылатын эстетикалық құралдардың жүйесін қарастыратын әдебиет теориясының бір бөлігі. Поэтика - кез-келген шығарманың көркемдік бітім-болмысының  жиынтығы. Ал, шығарма бітімі жанр, сюжет, мотив, композиция сияқты сан алуан ұғымдардан тұрады. Бұл ұғымның ауқымының кең екендігі жөнінде: «Поэтика сөздік-көркемдік шығарма құрылысының пішіні, түрі, құралы және әдісі туралы ғылым бола отырып, тек поэтикалық сөзді ғана емес, әдеби туынды мен ауыз әдебиеті құрылысының әртүрлі қырын қарастырады», - дейді В.В.Виноградов [10.16б]. Демек көріп отырғанымыздай поэтика өнердің басқа салаларымен де сабақтасады екен. Сол секілді В.В.Виноградовтың бұл сөзіне жақын пікірді, яғни «поэтиканың қамтитын ауқымы мен аясы өте кең» дегенді В.М.Жирмунский де қоштайды. Осы ретте поэтика проблемаларын публицистика табиғаты тұрғысынан да қарастырып, оның алар орнын, бітім болмысын, амал-тәсілдерін негіздеп алып, Шерхан Мұртаза  публицистикасы арқылы сабақтап, яғни шығарма поэтикасын негізге ала отырып, Шерханның ой толғамдарының жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне,  көркемдігіне, даралығына талдау жасаймыз. Шерхан Мұртаза публицистикасы поэтикасының бейнелеуші-көркемдеуші құралдары мен түрлеріне, жанрлық табиғатына, сюжеттік құрылысына, көркем-публицистикалық детальдарына, авторлық баяндау мен формаларына талдау жасап, көп қырлы компоненттерін қарастырмақпыз.

       Шерхан  Мұртазаның көркемдік деңгейін белгілейтін әдеби мұраларынан басқа публицистік шығармаларының өзі бір төбе. Өз кезеңінің үні, жаңаның жаршысы, өткен шақтың  көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан туындаған жанр «очерк» болса, сол жанрды Ш.Мұртаза айналып өтпеген.

       «Очерк  дегеніміз – заманындағы құбылыстар логикалық, рационалдық және эмоционалдық-бейнелеу тәсілдерінің біртұтас жолымен адам немесе қоғамдық өмір концепциясының белгілі бір негізінде шешілетін көркем  публицистикалық жанр»деген тұжырымға сүйенсек Шерхан Мұртазаның публицистикалық очерктері заман келбетінің қоғамдық-әлеуметтік сипатын айқындап, дәл бере алғандығын атап өтуге тиіспіз [11.58б].

       Тұтас бір халықтың, ұлттың атынан сөз  айта алатын дәрежеге көтерілген ірі  тұлғалардың, қаламы қарымды қаламгерлердің, публицистердің жол сапар очерктері сияқты кез-келген жанрда қалам тербеген Шерхан Мұртаза да бұл аталмыш жанрда қалам сілтей білген. Оның 1992 жылы «Егемен Қазақстан»газетінде жарияланған, кейіннен «Ақындар мен әкімдер» публицистік жинаққа енген. «Феруза Иран» атты публицистік мұрасы осыған дәлел. Бұл шығарма жанрлық табиғаты, көлемі жағынан әңгімеден үлкен очерк. Очерк болғанда да қоғамдық-саяси жолсапар очеркі. Автор бұл шығармасын нақты деректерге сүйене отырып жазған. Соған қарап тарихи очерк деуге болғандай. Бірақ терең сезімнің, үлкен ойшылдықтың, қоғамды, саясат пен әлеуметті қозғағандықтын қоғамдық-саяси деуіміз орынды.

       Автор очерк тақырыбын таңдауын былай  деп түсіндіреді: «...Феруза деген  қасиетті асыл тас шығатын ел.  Иранда шамасы келген адам-ері болсын, әйелі болсын – ферузалы күміс сақина салып жүреді. Тіл-көзден, қырсықтан, кесірден сақтайды дейді. Орыстың ұлы ақыны Есенин: «Фирдаусидің көгілдір отаны» деп текке жырламаса керек. Нәсілі татар, тілі қазақ Сабыр Шарипов деген жазушы ертеректе «Рузи Иран» деген хикая-повесть жазып еді. Онысы «Бүгінгі Иран» дегені ғой. Мен де соларға еліктеп, бұл сапардағы очерктің атын «Феруза Иран» деп қойдым» [12.292б].

       Очерк «Достықтың кілті – кітап», «Әулиелер  мен ақындар», «Ирандағы қазақтар» атты үш тараудан тұрады.  Мәдениет қайраткері бастағн бір  топ ақын-жазушылардың Иран елінде өткен халықаралық кітап көрмесіне аттанысын баяндайтын жолсапар очеркі тек Шерхан Мұртазаға ғана тән көркем тілмен, шұрайлы оймен жазылған. Онда аты аңызға айналған Иран өлкесінің өткені, бүгіні, келешегі жайында да сыр шертіледі. Очерктің өн бойынан публицистің өзге елге деген құрметі, нәсілі «қазақ» деген ұлтқа деген сүйіспеншілігі, осы ұлы сезімдерді қалай түсінетіндігі очеркте өте әдемі  толғаныс үстінде сезіледі. Шеберлігінің, көркемдік көкжиегінің кеңдігін, лексикалық қорының бай екендігін шығарманың өн бойында көрсете білген. Сонымен қатар бұл шығарма автордың таза көңіл күйі мен сезім әсерімен суарылған.

       «... Тегеран емес, Теһран. Бұл жөнінде орыс Ираннан артық біле қоймас. Ал Иран Теһран дейді. Орыстар осы жерде дау соғуы мүмкін: өзің неге Москваны Мәскеу дейсің деп. Оныкі жөн болады. Атау мәселесі – халықтың қабылдауына байланысты. Халық (қазақ) қаласа, Теһран десін, қаламаса Тегеран десін. Ықтияр өзінде.

       Сонымен, Мәскеудің Шеремет әуежайынан шыққан ұшақ небары үш жарым сағатта Теһранға барып қонды. Жолда Кавказ тауын, әйгілі Эльбрус пен Казбек шыңдарының арасынан кесіп өттік.  Мазасыз Кавказ астымызда жатты. Шама бойынша, Әзірбайжан мен Арменияны да басып өткен шығармыз. Қараңғылық түсіп кеткен кез еді...» – деп шегініс монологпен басталатын жолсапар очеркінде көптеген көркемдеуші құралдарды шебер пайдалана білген [12.293б].

       Әдебиетте баяндау бар, суреттеу бар. Баяндау шындықты әншейін хабарлап, ауызекі айтып қана тынса, суреттеу құбылысты көзге елестетеді, жай сөйлемдемейді, сөзден өрнек төгеді [13.239б].

       Шерхан  Мұртаза болса бір ғана эпитет, яғни «Мазасыз Кавказ» арқылы ұшақ астында қалып жатқан асқар таулардың  сұсты бейнесін әкеледі. Біздің құлағымызда  мүлгіген тыныштықты бұзған асқар шыңдардың елесі, ондағы таңғажайып табиғат қимылы елестейді.

       «Артымызда – ұзын Орал таулары.

       Алдымызда – Ақ Еділ.

       Арасында  - Уфа-Офе шаһары

       Ақ  Еділге құлама жартас басында –  Салауат.

       Салауатқа сәлемдесіп біз тұрмыз: қазақ ғалымы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, башқұрт жазушысы Рәшит Низамов және мен.

       Ақ  Еділдің арғы жағы, бергі жағы сыңсыған орман. Арғы беттен, сол орман арасында бүктеліп Дем өзені келіп Ақ Еділге құйып жатыр. Ақ Еділ барып Ұлы Еділге құяды.  Ұлы Еділ Каспиге барып қосылады.

       Дүние жалғасып жатыр [12.308б]. «Задында, суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытпақ; бір сөзбен бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болды» [13.38б]. Бұл орайда суреткер Салауат ескерткіші алдында тұрып туындаған ойларын айшықтау (фигура (латынша figure) арқылы оқырманға әсерлілігін күшейткен. Фигураның ерекше түрі параллельизмді қолдана отырып дүниенің жалғастығын, кеше мен бүгіннің арасын жымдастырған. Рухани байлықты, табиғатты ешбір шекара сызығы бөле алмайды, оны жаратқан ие арқылы бөлуші де,  жақындастырушы да ұлы өзендер екендегі айтпақ ойын психологиялық паралеллизммен шебер көркемдеген.

Информация о работе Шерхан Мұртаза публицистикасы