Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 07:31, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.
КІРІСПЕ 3
1 ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ 6
1.1 Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы 6
1.2 Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы 20
2 ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 32
2.1 Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы 32
2.2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
Дәл осындай шындықшыл, ұлтым, қазағым десе ішкен асын жерге қоятын Шерхан – публицист, жазушы соңғы жылдары ғана қалыптасты дей алмаймыз. Қайсібіреулер кеңес кезінде шен – шекпен кигендердің бәрін ұлт мүддесін жадыдан шығарып алды деп айыптайды. Бұл кеңестік – үстірт ойлағандық.
Тәуелсіздік туын желбіретсек те, біз әлі өткен тарихымызды сыңаржақ түсіндіріп жүреміз. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің нелер саңлақтары қалайша атылып кетті? Әдеби асыл қазынамыздың жартысынан астамы неліктен кітапхана ГУЛАГ– ы дейтінде шаң басып жатты? Демократияға бетбұрыс заманының өзінде «Қазақ ұлтшылдығы» деген сөз қайдан пайда болды? осы сауалдарға жауап іздегенде көбінесе ақталуға тырысамыз. Ал шындығында қалай еді? Ресми идеологияға назырқану, наразылық әсіресе ұлт мәселесінде жиі кезікті. Қызыл империяға «Ұлтымды сүйемін!» деген сөздің өзі шаншу болып
қадалатын. Мазмұны социалистік, түрі ұлттық жасаймыз дейтін қағида іс жүзінде ұлттық рухты тұншықтыруға, ұлттық сана - сезімді өшіруге бастайтын. Бұған қарсы әрекет әртүрлі формада бой көрсетті. Ілияс Есенберлин шовинизмге қарсы ашу-ызасын жағымсыз қаһармандарына айтқызып тарқататын («Қатерлі өткел» романы. 1967), Әбділдә Тәжібаев көп қырыс ойларын символистік өлең жолдарына сіңіріп жұмбақтайтын. Шерхан Мұртаза ма? Шерханның ұлттық сезімі жастайынын оянды, кеңестік тәртіптің көп әділетсіздіктеріне іштей қарсылығы ерте білінді, көкірегіне шер боп байланды. Журналистік қызметінің алғашқы он жылдығында ғана, 1959-1969 жылдардың аралығында жазылған жүзден аса заметка, корреспонденция, 5фелетон, 8 рецензия, 47 очерк, 50 ден астам көркем публицистикалық материалдың бәрі сол кездің жетістіктерін толғауға құрылған десек қателесеміз. әрине, өз қатарынан қалмай Шерхан да кезінде мойнына қызыл галстук тақты, пенжагының жағасына комсомол значогын қадады, партияның шындалған мүшесі ретінде «Лениншіл жас» газетінің редакторы, «Жазушы» баспасының, «Жалын» альмонагының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Сол ағынмен «Егемен Қазақстан» газеті редакциясына, Қазақ радиосы мен теледидар комитетіне төрағалық етті. Соның бәріне уақытының күнбағары да, сыншысы да бола білді.
Жүрегіндегі елім, жерім дейтін ішкі қапа, асан қайғысы бірте – бірте көркем – кестелі сөзге ауыса бастады. Журналистік және жазушылық екі түрлі мамандық, екіұдай қызмет болса да, иесі бір көзқарастан: Ұлттық идея, ұлттық санадан ешқашан айнымаған. Ілкі кесек туындысы, халқы мен қоғамын мойындатып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атандырған жұп – жұмыр «Қара маржан» (1976) романындағы Ақан қарт бейнесіне көз жүгіртіңіз. Өндірістік роман жанрынан сыналап орын тауып, осы бейне арқылы туған табиғатты аялау, ел мал – жанын көбейту мәселесін жып – жинақы етіп қоя біліп, оқырман жұртшылықты елең еткізеді. «Жұртым – ау, саған атамекеніңнің қай тұсы да бөтен емес» деп шыжалақтайтын Ақан қарт бейнесінің қазақы тақырыбы журналист, публицист әрі жазушы Шерханға ғана тән.
Шерхан Мұртазаның соңғы жылдарда жазған «Не жетпейді?» (1990), «Елім, саған айтам, елбасы, сен де тыңда!» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002) атты мақалалар, эсселер мен публицистикалық толғамдарының да қазақ баспасөзі мен публицистикасында алар орны бар.
Әріден бастасақ – кешегі кеңестік жүйеде, өмерде, қоғамда небір сорақылықтар мен келеңсіздіктер, әлеуметтік әділетсіздіктер орын алғаны шындық еді. Оны көбі көрді, білді, тіпті араласып бел ортасында жүрді. Бірақ, «Неге бұлай?» демеді. Біреу қорықты, біреудің батылдығы жетпеді, ал енді біреулер көрсе де көрмеген болды.
Кейбір өресі төмендер «Қоғам мүддесін көздегенсіп, көбінесе өзінің жеке басының, қу құлқынның, жұмсақ креслосының аз күндік лауазымының қамын көбірек ойлады» [3.65б.]. Соның жолында ғана әрекет етті. Шерхан Мұртаза мұндайларға төзбей, жаны күйзеле, ашына «айқай» салды. «Күнбе – күн тіршілігімізде кездесетін кейбір келеңсіз көріністердің ең сорақысы сол – біреу барлық қоғам ісіне, өзіне сеніп тапсырған жұмысқа жанын салып, пәруана беріліп, күш – жігерін, білімін аямады. Ал енді біреу бар: Жабыға зерлі жабу жапқандай, бірақ қанша жабуласада топастығы мен тоғышарлығы сойдиып көрініп тұрады. Жұмысқа деген қабілеттілігімен емес, адал іскерлігімен емес, жағымпаздығымен амалдап жүрген адамдарды қолдап, жылы – жібейтін кейбір басшылар екі есе кінәлі. Адамды адам еңбегіне, қабілетіне қарай бағалайтын әділ принцип сәл бұзылған жерден ырың – жырың берекесіздік басталады», - деп сол қоғамдағы жағымсыз көріністер мен әрекеттердің қайдан туындап жатқанын әшкерлеп береді [3.66 б].
«Сол қорқау қайырымсыздықтың тақсіретін әсіресе Қазақстан көп көрді. Сталин қатыгездігінің бір шоқпары – Голощекин Қазақстанға тап болды. қатыгезді қатыгез қалай тапқан?» дейді Шер-ағаң [3.69 б].
Адамға деген мейірім, ізгі ниет өмірде елеусіз ғана ұсақ – түйектен құралып, ірі – ірі істерге дейін араласады. «Әрдайымда, әр заманда ізгілік салтанат құрып, зұлымдық аласталса, біз Сәкен, Бейімбет, Ілияс сынды арыстарымыздан айырылып қалар ма едік?!» дейді тағы да [3.70б]. «...Халқымыздың бетке ұстар дарынды ұлдарын халық жауы», «жапонның шпионы» деп қаралағанда, олардың «жапон шпионымен» үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын біле тұра, күйе жақты. Неге? Қызғаныш. Көре алмаушылық, күншілдік» дейміз бе! Күншілдік пен қызғанышты қояйық па!» дегенді көсемсөз құдіретімен жеткізіп тұрған жоқ па [3.70б].
Аңдысып күнін өткізетін, қызғаныштан, көре алмаушылықтан қатыгездікке барып, «тірідей көңіл қалдыратындар» осы күні де арамызда бар екенін ашына айтады Шерхан Мұртаза.
Бар
бәле сол адамгершіліктің
Осылай дей келіп: «Әттең сол қайырымдылықты бүкіл қауым, күллі адамзат баласы қолынан түсіріп алмай, бірінен – бірі қағып алып, ұрпақтан – ұрпаққа ұзатып, қайырымдылық қасиетінің өмірін мәңгі ұзартып, бүкіл әлемдік Әділет жалауына айналдырып, сол жалаудың астында жадыра – жайсаң, жәнатты – жарқын ғұмыр кешсе ғой...» деп армандайды [3.72б]. Армандап қана қоймайды, осы өмірдегі бар жамандық атаулыны түк қоймай ұшырып әкететін – сұрқайды нұрландырар, өмірді ажарландырып, шырайландырар «Алтын күрек» желді аңсайды.
Өзінің жан айқайымен көтерген мәселесін Шерхан еш уақытта аяқсыз қалдырған емес. Олардың қоғамға, халыққа тиімді жағынан түбегейлі шешілуі үшін тынымсыз күресе береді.
Кешегі коммунистік идеяның құрсауы шырмап ұстаған тұста да осындай күрестен Шерхан еш бас тартқан жоқ. Біздің жоғарыда үзінділер келтіріп отырған - «Не жетпейді?» деген публицистикалық кітабындағы дүниелер сол өткен ғасырдың 70-80 жылдары жазылған. Күрескер азаматты ашындырған қаншама зілмауыр проблемалар, толғақты мәселелер көтерілген десеңізші! Кітаптағы эсселер мен публицистикалық толғаныстардың қай – қайсысынан да «елім, халқым» деп соққан жүрек лүпілін сезініп, жан дауысын естуге болады.
Шерхан Мұртаза айтайын деген ойын, көтерген мәселесін «осылай да осылай», «бүйту керек, сүйту керек» деп құрғақ сөзбен жалаң ұрандатпайды. Орайын келтіріп, ыңғайын тауып, қалай да оқырманның» қалың қауымның жүрегіне жететін, жанын баурайтын, сезімін серпитін, сөйтіп, өзімен қоса ашындырып, өзімен бірге толғанатындай етіп, журналистік, жазушылық тәсілдерді шебер пайдалана біледі. Неғұрлым көтерілген мәселенің әсерлігін арттырып, нысанаға дөп тиюіне күш салады. Мұнық өзі парасат – пайымның тереңдігінен, сезім – түйсіктің ұшқырлығынан болса керек. Аталған кітаптағы осындай жүк көтерген, адамның, қоғамның, заманның алдына атандай ауыр сауал тастап, сұрақ қойған материалдың бірі – «Нұх пайғамбардың кемесі» деп аталады.
«Нұх пайғамбардың кемесінен тараған жаңа адамзаттың қазіргі бейбақ ұрпағы біз болсақ керек. Неге бейбақ? – деп кінә таққыштар табыла кетерін де білемін. Байыбына барайық» автор:
«Басында Қазығұрттың кеме қалған,
болмаса кереметі неге қалған?..» -
деген ән тудырған белгілі аңызды айта келіп:
«Табиғат біздің туған анамыз...Ал енді сол туған Анамызды біз қалай құрметтеп жүрміз?» деп сауал тастайды да, адам қолымен жасалған небір сорақылықтарды айтады автор [3.85б].Адамдар өздерінің тойымсыздығынан, қанағатсыздығынан ар-ұятынан аттап Анасының көйлегін паршалап жыртып жатқан жоқ па деген ой тастайды. Адамдардың ойланбай істеген оспадар әрекеттерінен табиғаттың орасан зардап шегетінін, оның салдары адам баласына орны толмас өкініш әкелетінін нақты да дәлелді мысалдармен жан –дүниесі күйзеле отырып әңгімелейді.
«Тыңды бағындырамыз!» деген даңғаза ұранның жағымсыз үні құлақта әлі ызыңдап тұрғандай..» [3.87б].
«Тыңды игерейік!» емес, «Тыңды бағындырайық!... Тың дегеніміз – жер. Жер дегеніміз – Ана. Ал анасын бағындыратын адам бола ма екен?!» [3.87б].
Тың бағынды. Бетегелі белдер, көделі жерлер, мың – миллион малдың шүйгін жайылымы бір көктемде қаңырап, қап – қара топыраққа айналды.
«Хрущев құдіреті осындай. Елге астық керек... Бірақ 1954 жылы елімізде аштан өліп жатқан ешкім жоқ еді... бір жылда бүкіл Қазақстанның ішек – қарнын ақтарып, үстін астына түсіріп тастау неге қажет болды?..
Бұл енді коллективизацияны лезде ұйпа – тұйпасын шығарып ұйымдастырған Сталиннің мінезі еді» дейді автор [3.88б].
Ал Кеңес одағының бас хатшысы Л.И. Брежнев тың туралы кітап жазып, « дүниені дүр сілкіндіргендей» болып еді. Иә, тың «эпопеясы» туралы өзіміздің қаламгерлер де көп жазды. Романдар мен поэмалар, тіпті опералар мен одалдар дүниеге келді.
«Ал сол «тың эпопеясы» тұсында жүздеген қазақ мектептері жабылғаны туралы, жергілікті халықтың мың жылдық тұрмыс - тіршілігі, әдет – ғұрпы, салт – санасы, халықтың, ұлттың қасиеті топырақпен бірге қаңырып бара жатқаны туралы поэмалар жазылған жоқ. Қайта кейбір ақындар: Тың дала! Сен бұрын қу медиен, құлазыған дала едің. Сен енді мына тың батырларына қайтсең де бағын! Бораныңды тоқтат! – деп кіжінді.
Мектеп жабылған соң – Тіл кетті. Ал ана тілінен айырылған халық – о да опат болған халық. Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп – тамырынан айырылған ұлт деуге де келмейді. Тілінен айырылған халық - ата-бабасының, туған әкесі мен туған анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды» [3.89б].
Мінеки, өткенді айтпағанда, бүгінгі тәуелсіз мемлекет болып отырған тұста да күн тәртібінен түспей, «халқым, ұлтым, елім, жерім» дейтін әрбір саналы азаматтың жүрегін ауыртып, жанын жегідей жеп келе жатқан күрмеуі шиеленіп, шешілуі қиындап тұрған зарыл мәелелердің түп – тамыры қайда жатыр! Осыны ойлағанда Шерхан Мұртазаның жанын шүберекке түйіп отырып жазған, айтқан, шырылдаған шындықтары мен батыл ойларын рухани қайсарлық, азаматтық, ерлік десем жарады.
Автор тіпті тереңдей түсіп, халқының тағдырын ойлай отырып, одан арғы тарихты да шолып өтеді.
Қазақтың ұлан – байтақ өлкесіне көз аларту сонау патшалы Ресейдің кезінде басталғаны, ішкі Ресей халқын қазақ жеріне аударып, жергілікті халықты тауға, тастаққа, құмға қуып тастап, ең шұрайлы, сулы, нулы жерлерді сол «переселендерге» бергенін айтады. Қазақтарды ұлттығынан айырып, тілін ұмыттырып, тез орыстандыру үшін, олардың арасына мақсатты түрде орыс мектептерін ашқанын ашына жазады.
«Хрущевтың алдында осындай да «үлгі» болған» дейді.
Сол идеяның – қазақ деген халық не болса, ол болсын, ең бастысы, асты да, үсті де тұнған байлық жерін сүліктей сору мақсатының әлі созылып келе жатқанын айтады. «Қазақстан көмірді, темірді, глиноземді, газды, мұнайды шикізат ретінде мемлекетке сутегін береді де, соншама ағыл-тегіл байлықтан республика үлесіне түкте тимейді десе де болады. Ал алтын, күміс, қорғасын, мыс, мырыш, молибден, кобальт сияқты аса құнды асыл да сирек қазынаға республика өзі ие емес – ау, сірә.
Сонда қалай? Қазақстан шексіз қазыналы зор сандықтың үстінде кем бағал халде отыра береді де, сандықтың кілті Орталықтың қолында, ол байлықты қалағанынша ала береді ғой. Осындай да әділеттік бола ма?» дейді [3.91б].
Аталмыш мақалада көтерілген өте күрделі мәселенің бірі - қазақтардың өз жерінде, өз елінде азшылық болып қалуы. /соның зардабын күні бүгінде тартып отырмыз
«Халықтарды Қазақстанға көшіріп қоныстандыру жөнінде Хрущевтің алдын орап кеткен тағы бір адам бар. Ол – Сталиннің өзі» дейді автор [3.93б].
Иә, айтса, айтқандай-ақ, Ұлы Отан соғысына дейін, соғыс басталғаннан кейін де Ресейдің түкпір- түкпірінен көптеген халықты қойдай тоғытып, топырлатып Қазақстанға айдап әкелгені белгілі. Сөйтіп, қазақ жерін «халықтар түрмесіне» айналдырған. «Сонда қазақтар: кейін – кейін Республикада халықты процентке шағып, жоғары оқуға студенттерді халықтың санына қарай беру керек дейтін саясатшылар шығатынын ойлап та жатпады. Қойыны ашық, қолтығы кең, қайран қазекең! Күндердің күнінде : Республикада қазақтар қырық – ақ процент, сондықтан қазақ тілі жеке – дара мемлекеттік тіл болуға правасы жоқ, деп сайрайтын «Сандуғаштар» шығатынын қайдан білсін. Олардың көбі өзімізден, өзіміздің ұлттық нигилистерден шығатыны қайдан білсін». Міне, өкініштің үлкені. Траедияның зоры.