Шерхан Мұртаза публицистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ 6
1.1 Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы 6
1.2 Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы 20
2 ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 32
2.1 Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы 32
2.2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

Файлы: 1 файл

Шерхан Муртаза.doc

— 358.00 Кб (Скачать)

       «Қамал  дос!.. Сұмдық қой. Алматыдағы 11 телеарнамен  тәулігіне  120 сағаттай хабар беріледі,  12 – 14 сағаты ғана қазақша. Елдегі  240 телеарнаның 3-еуі ғана таза қазақша» деп жазыпсың [18.48б].

       Ал  енді осы сойқан саясат арқылы жас  мемлекетіміздің жан-дүниесін рухани аурумен улап жатқаны адамға да, Аллаға да аян. Мейлі, тәуелсіз, коммерциялық арналар өмір сүре берсін, өркендей берсін. Бірақ республика халқын, әсіресе жас буынды иман, адамгершілік, парасат жолынан тайдыратын, адамдарды қатігездікке, қайырымсыздыққа, жауыздыққа, сайқалдыққа баулитын жымысқы әрекеттер жасамау керек қой. Мысалы, АҚШ – тың өзінде әлдеқашан тиым салынған неше түрлі құбыжық, имансыз, арсыз фильмдер біздің әлгі тәуелсіз арналардан ағыл – тегіл көрсетіліп жатады. Цензура  керек емес. Бірақ иман таразысы қажет қой. Рух тәрбиесін бетімен жіберіп, бала – шағамыз бәдікпен ауызданып өскен соң болашақтан не күтеміз?» дейді Шерхан Мұртаза [18.49б]. «Кім қорқынышты?» деген хатында. Иә, айтса айтқандай, көкірегінде сәл сәулесі бар адамның жүрегін сыздатып, жанын ауыртатын жағдай бұл. Бала – шағаны, болашақты ойласаң зәрең ұшады, өзіңнен өзің қорқасын. Не істеу керек екенін білмейсің...

       Осындай жағдайда қазақтың тілі туралы айтудың  өзі бос әңгіме сияқты. Оларда (телеарналарда) «қазақ тілінде байсалды, парасатты  әңгіме атымен жоқ. Көз алдау қылып  қазақша бір елтең – селтең би, татымсыз ән сымақтар беріп қояды. Баланы алдағандай. Халықты қалай алдарсың?»  деп күйінеді [18.56б]. Ал  осыдан төрт жылға таяу уақыт өткеннен кейін бұл жағдай қалай болғанын қараңыз:

       «Үкіметтің  саясатын біршама жөнге келтіру  ниетімен «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға өзгерту мен толықтыру еңгізбек болып Парламентке жоба ұсынды. Сол – сол екен, жер – жердегі тәуелсіз, «коммерциялық» дейтін телеканалдар өркендеп, өре түрегелді. Бұл жобаға өлердей қарсы. Неге десеңіз, онда шетелдік хабарларды барлық өнімнің жиырма пайызына дейін шектеу туралы айтылған. Ал, қазір қалай? Жекеше, тәуелсіз каналдар күні – түні хабар көрсетеді. Өз журналистері тер төгіп, жүгіріп жүріп дайындаған бірде бір материал жоқ. Тек шетелдің алуан түрлі бұзық идеологиялы материалдарын үйіп – төгіп көрсете береді. Қалған уақыты тек жарнама. Мақсат – тегін ақша табу. Тегін ақша үшін Отан мүддесін, Қазақстанның тәуелсіздігін сатып жатқандар. Мұның атын: қара ниетті идеология интервенциясы, шабуылы дейді. Бұл шабуыл біздің азаттығымызды, егемендігімізді бір оқ шығармай –ақ құлатады.

       Осы жобаны талқылау Парламентте ұзаққа созылып кетті. Өйткені осындай  өрескел, зиянды «сөз бостандығына»  бүйрегі бұратын депутуттар Парламентте  де отыр. «Мұның қалай?» десең: «Демократия», «Сөз бостандығы» дейді. Ұлтына, Отанына, тәуелсіздікке енді қолы жеткен мемлекетіне қарсы әрекет жасайтын «демократияңа» да, «сөз бостандығыңа» да, лағнет!»  дейді  Шерхан Мұртаза ашына. Қалай ашынбасын! «Баяғы жартас – бір жартастың» кері болып, еш нәрсе мізбақпаған күйінше баяғы «әуеніне» басып тұрса.

       Хаттар  әңгімесіне қайта оралайық. Жоғарыда айтылғандардан кейін тіл мәселесі өзінен өзі тілге оралады екен. Біз бұл жұмысымызда Шерханның 1989 жылы жазылған «Нұх пайғамбардың кемесі»  деген мақаласын талдап, онда сөз  болған көп проблемалардың бірі – тіл мәселесі екенін айтқамыз. Міне, одан бұрынғы қоя тұрғанда, сол 1989 жылдан бері күні бүгінге дейін қазақ тілінің жағдайын бір сәт те назарынан шығармай, жалықпай айтып келе жатқан осы Шерхан Мұртаза. Енді мына хаттарында да тіл мәселесін қайта – қайта сөз етіп көтереді.

       «Шыр  айналған дүние...» аталған хатында  тіпті қатты айтады:

       «...Егемен ел болғанымыз осы ма? Өз алдына дербес мемлекет болған Қазақстанда қазақ  тілі бәленбай жылдан бері додаға түсіп, көкпардағы тулақтай таланып, «мемлекеттік тіл» дәрежесіне жету жолында талапайға түсіп, сан алуан кедергіге кезіксе; тіпті тіл туралы Парламент қабылдаған Заңды Конституциялық Кеңес деген мекеме жоққа шығарса, сонда неменеме Парламент?!

       Мен оқыған Конституцияда қазақ тілі – мемлекеттік тіл» дейді [18.67б]. Рахмет.

       Бірақ мемлекет басшыларынан бастап, жергілікті - әкімтайға дейін қазақша сөйлемесе, бұл тілде ресми құжаттар жүргізілмесе – оның несі мемлекеттік тіл?! Басқа  – басқа Конституцияның өтірік айтқаны - өлгені ғой. Не болмаса, Конституция қағидасын орындамай отырғандар оңбаған. Екінің бірі.

       Міне, бұл әділетсіздікке негізделген  қоғамның нышаны» [18.68б].

       Бұдан артық қалай айтуға болады енді! Біз де не айтарымызды білмейміз. Дағдарамыз. Шаршаймыз. Ол сөзден кейінде  төрт – бес жыл өте шықты. Әлі еш нәрсе оңып тұрған жоқ. Беті бері қараған ештеңе көрінбейді...

       Егер  содан бері «дүние» оңалып кеткенде «Жас Алаш» газетінің сұрақтарына (20 ақпан, 2001ж) қиналмай, қуана жауап берген болар еді Шерхан Мұртаза.

       Газет мынадай сұрақ қояды:

       Сұрақ:

       - «Парламентте Сізден басқа үнемі  қазақша сөйлейтін депутаттардың  атын атап бере аласыз ба? Біз  тіл мәселесін қашанғы қозғай  береміз? «Аурудың» түп – тамыры  қайда жатыр?

       Жауап:  

       - Жекен Қалиұлы, Фариза Оңғарсынова,  Шәмша Беркімбаева, Жандар Кәрібаев, Ерғали Сарманов...Басқалары, көбісі қазақшаны жақсы білетұра: «Бәріне түсінікті болу үшін...» деп шүлдірлеп кетеді. Осы сөйлем мені қатты қорлайды. Өйткені қазақ тілін қорлағанын сол «шешен» өзі де сезбей қалады. Сонда қазақ тілі «бәріне түсініксіз» тіл болғаны ғой. Лездеме аударма бар. Түсініксіз еш нәрсе жоқ. Тіл мәселесі – қандауырмен бір сәтте сылып тастайтын жара емес. Мәңгүртке бір табан жақын қалған ауруды емдеу оңай болмас.  Тілдің дерті қиын. Ана тілінен айыруға қызмет етті. Сол Ана тілінен өгей қалғандар «жаңа идея», «жаңа теория» ашып, оны халықтың санасына сіңірмек болып, әрекет жасап жатыр. Ана бір Төлемтаев  деген оқымысты «Қазақстан ұлты» деген ұғым тудырмақ. «Қазақ ұлты» емес, Қазақстанда қанша ұлттар бар бәрін бір ұлт жасамақшы. Демек, оның тілі де біреу-ақ болмақ. Әрине, қазақ тілі емес. Осы уақытқа дейін біздің тіл мамандар, ғалымдар, жазушылар бұл сандырақтау идеяға қарсы бірауыз үн қатқан жоқ. Самарқаулықтан, енжарлықтан, асқан жау жоқ» [19].

       Әңгіме-хаттарда көтерілген енді бір үлкен мәселенің бірі-бүгінгі ауылдың хал –жағдайы еді. Шындығында «кіндігімнің жас қаны тамған жері ауылым» дегендей, қайран ауыл не болды қазір?! Бәріміз сол ауылдан шыққан едік қой. Кіндігіміз сол ауылға байлаулы еді ғой. Соншалық тоз-тозын шығарып, тонап алатындай не жазығы бар еді ауылдың?! Қайран, қарапайым халықтың маңдай терімен келген байлық-ай, десеңші! Жекешелендіру дегенді ойлап тапты да, қолында билігі бар, әлі жеткен ту-талапайға салды дейсің, обал-сауапты ойламай, ойына келгенің істеп, төгіп-шашты. Әлсіз халық құралақан қала берді. Жаңа қағамның реформасы осы ма сонда?! « Жекешелендір.Мейлі.Бірақ әділеттілік қайда? Неге әркімнің еңбегіне, қоғамға қосқан үлесіне қарай бөлмейсің? Қолы жеткен алды-кетті деген бола ма екен. Әділетті, құқықтық мемлекет орнатамыз деп жүріп, қадам басқан сайын әділетсіздікке жол берсек құқықтық мемлекет құра алмаймыз ғой?» деп шырылдайды Шерхан Мұртаза тағы да.

       Иә,ә. Қазіргі ауылдың бейнесі балаларының  бәрі қарамай, жалғыз тастап кеткен кейуананың мүшкіл халіндей. Қолында не малы жоқ. Әйтеуір, өлмегеннен кейін отыр қалт-құлт етіп. Ал сол кейуана  қарғаса қайтесің?! Ана қарғысы қиын дүниеде... Әй, оны да ойлап жүрген ешкім жоқ-ау!...

       «Қазақтың мәйегі ауылда еді. Сол мәйек қазір  іри бастады,-дейді Шерхан. ... Ал, сонау бозала таңды заманнан бері қазақты асыраған мал емес пе еді, Камал? Қазақ малдан ажырады ғой. Қолдан ажыратты... Менің ақылым жетпеді, Камал. Осының бәрі не үшін?!!

       Иә, не үшін? Шерхан Мұртаза ғана емес бәріміз  дағдарып қаламыз. Кейде тура үкіметтің  өгей баласы сияқты ауыл деген. Өгей шешеге жәутең-жәутең етеді. Бірақ оның жүрегі жылымайды. Үкімет те оларға солай қарап отыр. «Қарыз, кредит, несие беріп жатырмыз деп қояды ауыл шаруашылығының қамқоршылары. Ал, енді барсаң, бұйырмасын, ойбай, көктиын көрген  жоқпыз дейді. Сонда кім кімді алдап жүр?» [18.79б].

       Міне, бүгінгі ауылдың жағдайы.

       «Оның ар жағында, жаппай қалаға көшудің ар жағында не жатқанын аңғару қиын емес. Қазақ деген халықтың түп қазығы суырылды. Түп қазық кеткен соң, кіндік үзілген соң ұлттық тұқым (генофонд) кетеді. Қазіргі қазақтың демографиялық өсімі осы ауылдың арқасы болатын» [18.79б]. Ал ауылдың халі әлгіндей. Арман, үміт дегендерден түңілген. Тіпті қазақтың мінез, психологиясы өзгере бастады ғой. Соның салдарынан халықтың өсімі құлдырап кетті. Енді не істеу керек!

       «Шынымен  ел боламын, іргелі мемлекет боламын  деген республика осы істі жаны ашымас, безбүйректеу уәзірлерге  тапсырмай, шын пәруана, адал, іскер азаматтарға  жүктегені абзал болар еді» дейді  Шерхан [18.86б]. «Кім қорқынышты?» деген хатында. «Айта, айта «Алтайды», әнші апай қартайды», дегендей әлі де айта береміз – (көші–қон мәселесін айтып отыр) деп, Шерханның айта беруінің  арқасында бұл мәселе қазір бұрынғыға қарағанда жолға қойылғандай сыңайлы. Мемлекеттік дәрежеде жеке Агенттік құрылған.

       Осының  бәрі елдің тағдырын, халықтың болашағын ойлағаннан туып отырған әңгімелер. Ал, болашақ деген халықтың көбеюіне, өсіміне байланысты. Өсім деген бала. Бүгінде «бала проблемасы – мемлекеттік тұрғыдан алғанда, әсіресе біз үшін өте өзекті мәселе. Соңғы жылдары қала тұрмақ, ауылда да бала өсімі азайып кетті...

       ...Шілдехана  тойы азайды. Сәбилердің жиі шетінеуі  қатерлі. Сонда 2030-жылы халқымыздың саны қанша болады?» [18.88б].

       Міне, сұрақтың үлкені.  Бүкіл ел болып  ойланатын мәселе бұл. Екінші мәселе – сол балардың бүгінгі тәрбиесі қалай? Бүгінгі бала - 2030-жылдың белді азаматы деген сөз.

       ««Баланы – жастан» дейді, халқымыз. Баланы ерлікке, батылдыққа, отансүйерлікке баулитын тәрбие бар ма қазір?» Бұл орайда халқымыздың үлгі боларлық, өнеге берерлік өнері мен әдебиеті, фольклоры бар ғой. Бірақ, оны бала тәрбиесіне пайдаланып жатқан ешкім жоқ. Ауылдық жерде балабақша, кітапхана, клуб дегендер жабылған. Мәдениетті қолдау (2000) жылында бәрі қалпына келтірілгендей айтылып, жазылады. Ақиқатына келсек, жабылып қалған он кітапхананың ашылса, бір – екеуі ашылған болды. Ашылмаса, ол да жоқ. Ал балабақша дегендер ауылдық жерде тек түске кіретін шығар ендігі.  Клуб біткен ашылмаған күйінше тозып біткені не заман.

       «Мектеп – біле білгенге, - бәріміздің ұлы  Анамыз емес пе. Косманавт та, президент те, министрлер де, академиктер де, бизнесмендер де, банкирлер де – бәрі-бәрі сол мектептен шыққан. Ал, енді сол есейіп, кейбір есіріп, жетіліп, жетісіп жүрген жайсаңдар өздерінің ұшқан ұясын ұмытып, Анасын жамаулы көне көйлекпен, қайыршы халінде қалдырғаны несі? Мұндай тауфиксыздық қай елде, қай қоғамда бар?

       Ал, осы мектептегі қазіргі бірінші  сыныптың баласы - 2030-шы жылдың  қайраткері. Қазір ол ұяда не көреді, келесі ғасырдың отызыншы жылы соны алады» дейді Шерхан Мұртаза «Бай, Орташа, Кедей» деген хатында [18.95б].

       Бұл да жанды ауыртып жүрген күрделі  мәселелердің бірі.

       Бүгінгі мектеп оқушылары тәуелсіздіктің, егемендіктің мән-маңызын қаншалықты ұғынып, бағалайды? Оларға ондай ұғым – түсінікті  мектептен бойларына сіңіру керек  қой. Отансүйгіштік – патриоттық сезімнің негізі сол мектепте қаланады. Ал бізде бұл жағдай қалай? Мектеп бітірген балалар әскерге жарамайды. Жарағандары әскерден қашады. Хат жазысқан қаламгерлер бұл мәселелер жөнінде де жеріне жеткізіп-ақ айтқан.

       «Қоғамдағы  әділетсіздік көзге ұрып тұр» дейді, Шерхан бір хатында. Ол – рас. Оның бәрін жұрт көріп, халық байқап отыр. Бірақ, кімге айтарын білмейді. «Іш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқтың» кері [18.98б].

       «Егемен болдық. Рынок экономикасына бет  алдық. Әркім кәсіпкер болсын, өндіріс ашсын, өнім шығарсын!» деген ұран шыққанда Терещенколар несие ісін теріс жолға салып жіберді. Мемлекеттің жанды-жанды буынында отырғандар қолы жетіп, өз жақындарын алдымен жарылқады. Оларға банктердің есігі айқара ашық болды. Нәтижесінде, лезде «Нуворшитер», яғни кенет байлар қаулап шыға келді. Бота тірсек боз балалар үлкен-үлкен көкелерінің, апаларының арқасында тез арада ұлттық «ақсүйектерге» айналды. Осылайша «жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпарлар» табыла кетті.

       Жалпы халық жадау қалпында қала берді. Оның үстіне коррупция, жемқорлық жоғарыдан, тау басынан домалайтын тас сияқты етекке дейін еңдеп кетті» дейді «Шыр айналған дүние...» деген хатында [18.112б]. Шерхан Мұртаза қоғамымыздағы үлкен дерттің бетін ашып «экономикалық реформа түзу болу үшін алдымен адамның санасы, құлқыны, нысабы түзу болу» керек. Иә, қанағатсыздық жайлаған жерді жемқорлар билейді. Ал жемқорлардың жемсауы оңайлықпен толмайды. Сондықтан да: «Мемлекетімізге, зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған орасан қауіп – жемқорлық, парақорлық, ұрлық-қорлық!» деп «айқай салды» тағыда Шерхан Мұртаза.

       Шындығында  да бәленің бәрі осыдан басталады  ғой. Әйтпесе, Қазақстанның бай қазынасы халықтың мұқтажын өтемей, қайда кетіп  жатыр? Ізерлей қарасаңыз мұның  ұшығы осы жемқорлық пен қамқорлықта, ұрлық-қорлықта екенін аңғару қиын емес. Ал шетелдіктерге сатылған өндіріс орындарының шын бағасын кім біледі?

       «Жемқорлық  пен парақорлықтың батпан құйрығы  – шет елдерден алынып жатқан несие. Және үкіметтен несиені миллиондап алып, бір теңге қайтармай отырған алпауыттар. Екеуіне де өкіметтің тікелей қатысы бар. Үкімет әлгі алпауыттарға несиені оңды-солды аямай бергенде – Атымтай жомарт. Ал, қарызды қайтар деуге келгенде дәрменсіз. Неге?» [18.124б].

       Міне, Шерхан осылай дейді. Көп сұраққа  жауап таба алмайды. Қиналады. Ашынады. Бірақ оның жауабын таппай тыным көрмейді. Мәселенің байыбына барып, сырына үңіледі. Жемқорлық, парақорлық, ұрлық-қорлық жайлаған елдің болашағы бұлынғыр екенін айтады. Осы бір зұлымдыққа қарсы күресті Президентен бастап, әрбір адам ниетті азамат аяусыз жүргізуі керек екенін ескертеді. Солай дей келіп Шерхан: «Өз жерінде бір түйір темірі жоқ Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур сияқтылар неге «Азия жолбарыстары» атанып отыр? – біріншіден, көреген басшылық. Екіншіден, жемқорлық, парақорлық, ұрлық-қорлықтан адалдық. Үшіншіден, ұлттық мүддедегі ауыз бірлік. Бәрінен де артығы – жанкешті еңбекқорлық.

Информация о работе Шерхан Мұртаза публицистикасы