Шерхан Мұртаза публицистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ 6
1.1 Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы 6
1.2 Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы 20
2 ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 32
2.1 Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы 32
2.2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

Файлы: 1 файл

Шерхан Муртаза.doc

— 358.00 Кб (Скачать)

Қазақстан республикасының  білім және ғылым  министрлігі

Республикалық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорыны

С.Аманжолов  атындағы шығыс қазақстан  мемлекеттік

Университеті

Филология және журналистика факультеті 
 

                                                                      Қазақ тілі мен әдебиеті   кафедрасы                                              
 
 

БІТІРУ  ЖҰМЫСЫ 
 
 

Тақырыбы: ШЕРХАН МҰРТАЗА  ПУБЛИЦИСТИКАСЫ 
 

Ғылыми  жетекшісі

қазақ тілі мен әдебиеті

кафедрасының

оқытушысы                                                                                   Ж.Қ.Қайырбаева

«___»_______________2007 ж. 
 
 

Қазақ тілі мен әдебиеті

кафедрасының  меңгерушісі,                                                        Қ.С. Дүсіпбаева

ф.ғ.к., доцент

«___»_______________2007 ж. 
 

Орындаған  4 «Ж» тобының                                                        Ж.С. Мейірбаева

студенті 

Нормабақылаушы                                                                        Ж.Қ.Қайырбаева

«___»_______________2007 ж. 
 

Өскемен,  2009 
 
 
 

       МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ                                                                                                                   3

1    ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ  ПУБЛИЦИСТ                                  6            

               1.1  Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы                                    6

1.2  Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы                                                  20

2    ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ            32

2.1  Шерхан  Мұртаза публицистикасының поэтикасы                                      32

2.2  Эпистолярлық  жанрға жан бітірген кемел қайраткер                                 46

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                       59

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ                                                                                           62 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

       Тақырыптың  өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен.  Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.

       Бүгінгі ақпараттар ағымының үздіксіз өсуі, өмірдің  алуан ырғағы,адамның жоғары парасаттылық деңгейі пулицистерден де, журналистерден де әлеуметтік ақиқат пен ақыл-ой құбылысын  терең зерделеуді, оған мән беріп, жан-жақты жазуды талап етеді.

       Сондықтан, біріншіден, кеше де, бүгін де шындықты бетке ұстаған суреткер Ш.Мұртазаның журналистік, публицистік рухани мұраларын  саралап-салмақтау кейінгіге үлгі-өнеге, берері мол дәріс.

       Сондай-ақ журналистика теориясы мен тәжірибесі зерттелуінің негізгі құрамдас бөлігі – публицистік шеберлік тәсілін, оқырманға ойын жеткізудегі пайдаланылатын әдістерін, тілі мен стилін, жанрлық ерекшеліктерін оқып-білу – публицистиканың теориялық-методологиялық деңгейін көтеруге пайдасын тигізері сөзсіз.

       Екіншіден, Шерхан Мұртазаның публицистер шоғырын  даярлаудағы редакторлығы өз алдына бір мектеп. Оның редакторлық қырының  ерекшеліктеріне тоқталу арқылы публицистің қайраткерлік,  қоғамдық-саяси  тұлғасын айқындай түсеміз.

       Міне, осы жәйттерден тақырыптың өзектілігі айқын аңғарылады. Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Шерхан Мұртаза шығармашылық лабораториясының ерекшеліктері мен даму жолдарын айқындау үшін ізденуші алдына мынадай міндеттер қойды:

       Ш. Мұртаза публицистикасының қоғамдық-саяси  маңызын ашып, тақырыптың идеясына назар аудару.

       Ш. Мұртаза публицистикасының тілдік байлығын, стильдік ерекшеліктерін ашып көрсету.

       Эпистолярлық  жанрдағы туындыларының әлеуметтік-саяси  мәнін зерттеу.

       Қазақ публицистикасының дамуына редакторлық  қырының қосқан үлесін көрсетіп, ерекшеліктерін айқындау.

       Бітіру  жұмысының мақсаты – қазақ  баспасөзі тарихындағы Ш. Мұртаза  публицистикасының алатын орны мен  рөлін көрсету.

       Зерттеу нысаны. Ш. Мұртазаның публицистік шығармашылығы. Ш.Мұртазаның журналистік, публицистік, редакторлық қызметін сөз еткенде көсемсөзшінің әр жанрдағы материалдары тілімізге тиек етіледі, мысалға алынады.

       Негізгі қайнар көзі ретінде публицистің  әр жылдарда жарық көрген, «Не жетпейді?», «Елім, саған айтам, ел басы сен де тыңда!», «Ақындар мен әкімдер» деп  аталатын публицистикалық шығармаларынан тұратын жинақтары мен өзі еңбек еткен газет-журнал тігінділерін қарастырдық.

       Зерттеудің  дерек көздері. Журналистика тарихы, теориясы мен тәжірибесі мәселелерін зерттеуші ғалымдар Т.С. Амандосов, Н.Ф. Погодин, М.С. Черепахов,  Қ. Бекхожин, С.М. Гуревич және тағы басқаларының еңбектері. Сондай-ақ Т. Мамесейіттің «Шерхан Мұртаза» атты еңбегі мен үзеңгілес қайраткерлердің естелік-эсселері негізгі дерек көздер болып табылады.

       Жұмыстың  ғылыми жаңашылдығы. Қазақ баспасөзі мен әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан қарымды қаламгер Ш.Мұртаза қазақ халқының бір ғасырлық жанды картинасын жасауға белсенді қатысты. Оның публицистикасын баспасөзіміздің дамуына ғана емес қоғамдық ой-сананың өрлеуіне қосқан үлесі ретінде де бағалау жұмыстың жаңашылдығы болып табылады.  Ш.Мұртзаның ұлттық тарихымыздағы, әдебиет пен өнеріміздегі ақтаңдақтардың бетін батыл ашуда сіңірген еңбегі мен оның редакторлығының публицистика дамуындағы жетістігі ретінде қарастыру еңбектің жаңаша бір қыры.

       Зерттеудің  әдістері. Белгілі бір ғылыми проблеманы зерттеуде танымдық әдістердің маңызы өте зор. Ол - құбылыстың мәнін ашуға көмектеседі. «Шерхан Мұртаза – публицист» деген тақырыпта жұмыс істей отырып зерттеудің талдау әдісіне көбірек жүгіндік.

       Жұмыстың  теориялық және практикалық  маңызы. Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтың жеткен жерінен бастайды: жақсысынан үйренеді, жаманынан жиренеді. Олай болса, Ш.Мұртаза сынды публицистің тәжірибесінен жас журналистердің алары мол. Бұл орайда зерттеудің нәтижелерін «Журналистік шеберлік», «Мерзімді баспасөздің тілі мен стилі» пәндерінен лекция даярлау кезінде, «Редакторлық қызмет», «Эпистолярлық жанр» атты тақырыптардағы семинарларда пайдалануға болады.

       Бітіру  жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, «Шерхан Мұртаза – шебер тілді публицист», «Шерхан Мұртаза публицистикасының ерекшелігі» атты екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. 
 
 
 

     1  Ш. МҰРТАЗА – ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ

    1. Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы
 

       «Әрбір  кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы  ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды: жақсысынан үйренеді, жаманынан жиренеді. Өзінің алдына қойылған міндеттерге сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қарекетін мансұқ етеді, қайсыбір қарекетін қасиеттеп дамытады. Өйткені, суреткер - өз заманының перзенті» [1.35б].

       Халқымыздың өткен ғасыр басындағы ойы озық, көкірегі ояу зерделі өкілдері өздерінің ағартушылық, жазушылық, публицистік т.б. қызметтерін туған халқының бостандығы мен тәуелсіздігіне тәрк етіп, ұлттық сезім мен ұлттық сананы оятуға бағыттаса, бүгінгі көсемсөз шеберлері де еліміздің сан ғасыр арман еткен тәуелсіздігімізді, ішкі – сыртқы саясатымызды, нарықтық экономика мен мәдениетімізді рухани әлемнің жаңа сатыларына көтерілуіне мұрындық болып жүргендері шындық. Өз ұлтының кешегісін саралап, ертеңін бағамдай білетін зиялы топтардың бел ортасында білек сыбанып телегей – теңіз біліммен, алыс – жақын болашақты болжайтын көрегендігімен өзіндік үнін, қолтаңбасын, дара азаматтық пафосын, таным стилін ала келгендердің ішінде Шерхан Мұртаза есімі оқ бойы озық тұр десек қателеспеспіз. «Не жетпейді?», «Елім саған айтам, елбасы сен де тыңда!», «Ақындар мен әкімдер» атты еңбектері дағдарыстан дал болған, шарасыздықтан тауы шағылған халқының еңсесін көтеруге көмектесті. Рухын көтерді. Онда не жазса да, не толғаса да халқының қамын ойлады. Шындықты шырқырата, жымын жымындастыра шымырлатып айтты. Кезінде белгілі сыншы П.А.Вяземскийдің «Шындыққа халықтың арасында әбден болу үшін, жайма шуақ кезіңде кемінде отыз жыл уақыт керек. Осы аралықта ол санада жаңғырып, селқостар мен енжарларды ұйқыдан оятады, бойкүйездерді сілкілейді. Қалай болғанда да екі пікірдің қатар тұруы, бәрібір ақиқатқа жақын пікірді алып шығады» – деген пікірі әлі де өз мәнісін жоғалта қоймаған сияқты. Десек те, Шерхан Мұртаза өте көркем тілмен, публицистикалық стильмен жеріне жеткізе жазды. «Шерхан Мұртаза қаламын туған дүниелер – осы заманғы публицистиканың жоғары үлгісіндегі ерекше өтімді, дәлелді, өмір шындығын дөп басатын, алдына қойылған проблемаларды үлкен жауапкершілікпен, терең талдау жолымен көтере білетін, көп кеселді кінараттарға кінәлілерді бетің бар, жүзің бар демей осып сөгетін, ойға бай, сөзге шешен саралы көсемсөз» [2].

       Оның  ұланғайыр шығармашылық бет пердесі  көсемсөзден басталады. Публицистикасының ұлт қамын жеген, ел болашағына алаңдаған терең ойларының ұшқындарын тәуелсіздік алардағы материалдардан білеміз. Сол материалдарда жарқ еткен жаңа байламдар, жүректің қылын шертер ақ сезімге суарылған тебіреністі толғамдары өзгеріске толы кезеңде қоғамды гуманистік, демократиялық тұрғыдан жаңартудың саяси – рухани мәселелері жайында сөйлеген сөздері; мақалалары халқымыздың тарихына, рухани мұрасына құрмет сезімін қалыптастыратын терең әдеби және публицистік шығармаларының құндылығы халқымыз үшін қашанда жоғары.

       Осы жылдары ол қазақ әдебиетінің  рухани қорын «Құрылысшы Дәку» (1958), «Табылған теңіз» (1964), «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1968), «Мылтықсыз майдан» (1966), «41-ші жылғы келіншек» (1972), «Ахметжанның анты» (1973), «Интернат наны» (1974), «Қызыл жебе» (1978,1980), «Тұтқын бала» (1983), «Қара маржан» (1986), «Жүрекке әжім түспейді» (1987), «Жұлдыз көпір» (1984,1991), «Не жетпейді?» (1990), «Тамұқ» (1994), «Ай мен Айша» (1997), «Елім, саған айтам, ел басы сен де тыңда!» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002) атты кітаптарымен байытты. Оның туындылары одақтың және шетел халықтарының тілдеріне аударылды.

       Осымен  қатар ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботакөз», «Қош бол, Гүлсары», «Боранды бекет», «Жан пида» шығармаларын, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрсимнің «Маркчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалап, қазақ тілінде бастырды. Жазушы «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Қазақ КСР – не еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы.

       «Публицистика – ақиқат өмірдің сырлы суреті, оның арқауы шындық» [1.16б]. Ол   - дәуір үні, замандас келбеті, журналистің өмірге әлеуметтік көзқарасы, өзі өмір сүріп отырған кезеңнің бет бейнесі. Оның шығармалары халқының тағдырымен тығыз байланысты әрі өзінің өмірбаяны сияқты.

       Алғашқы қадамын публицистикадан бастаған Шерхан Мұртаза ел өмірнін очерктер мен әңгімелерді өндіре жазды. Оның «Құрылысшы Дәку» (1958) атты тұңғыш очеркі – «Лениншіл жас» газетінің Қарағандыдағы тілшісі болған жылдардағы тынымсыз еңбегінің жемісі: Мұнда қазақ елінің Ұлы Отан соғысы, шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы еңбек адамының тағдыры сөз болады. Тыңдағы отан үшін төгілген ащы тер Дәку ақсақалдың бейнесінде суреттеледі. Автор құрылысшы Дәку отбасының атадан балаға, баладан немереге беріліп отырған тәрбиесін өз заманының жастарына үлгі етеді. Жазушы оны Дәку баласы Нұрмұқанбет, алты жасар немересі Тамара арасындағы бір сәттік эпизодпен бейнелеген. «Арыдым, қалжырадым, тоқырадым, жан тыныштық керек болды» дегенді білмейтін еңбекқор қарияның өмірі «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбек ер атандырар» деген халық даналығын қайта жаңартудың белгісі ретінде сипатталған.

Информация о работе Шерхан Мұртаза публицистикасы