Шерхан Мұртаза публицистикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1 ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ 6
1.1 Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы 6
1.2 Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы 20
2 ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 32
2.1 Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы 32
2.2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

Файлы: 1 файл

Шерхан Муртаза.doc

— 358.00 Кб (Скачать)

       Олай  болса қоғамдық пікірді қалыптастыруға публицистиканың да, сынның да ықпалы зор.

       Ш. Мұртаза сын мақалалары мен рецензияларында  әдеби шығармаларға талдау жасай  отырып, өз дәуірінің жаңаша бет-бейнесін де танытады. Публицист өзінің «Ақындар мен әкімдер» жинағында бір топ ақын – жазушылар шығармашылығына  лебіз білдірген. Солардың бірқатарына тоқталсақ.  «Айға шағылған найза», тақырыбының өз айқайлап тұрған аталмыш сын мақала Тахауи Ахтанов творчествосына арналған. Мұнда ол жазушының «Қаһарлы күндер», «Боран», «Сәуле», «Ант» сынды шығармаларына талдау жасай отырып, қаламгер шеберлігіне әділ бағасын береді.

       «Әдебиет  халықтың рухани байлығы болса, сол  байлықты азаптанып дүниеге келтірер таланттар халықтың маңдайына біткен ырыс, жарық жұлдыздары. Тахауи Ахтанов – халқымыз бен әдебиетіміздің осындай ырысына айналған санаулы суреткеріміздің бірі және бірегейі.

       ... Т.Ахтановтың кәміл суреткерлілігі  кез-келген шығармасынан тайға таңба басқандай айқын көрінеді. Себебі оның шығармалары тек шындықты, өмір шындығын арқау етеді. Бұл орайда Ахтанов  тақырып актуальдығына әсте малданып көрген емес, оңай олжаға барған емес», - дейді Шерхан Мұртаза. Бас-аяғы жып- жинақы мақаланың өн бойынан публицистің қай жанрда болмасын төселген шеберлігі байқалады.

       Осы тектес  тағы бір мақаласы «Шыңғыс  және Шындық» деп аталады. Ш.Айтматов шығармашылығын арқау еткен мақала қазақ-қырғыз бауырластығына ұласқан. Лирикалық шегініспен басталатын мақала көркем тілмен жазылған.

       «Заңғар-заңғар шыңдардан асып, бұл өлкеде бағзы заманда Манас өткен екен. Осы өңірде сол Манастың күмбезі әлі күнге дейін тұр», - деп бастайды публицист әдепкідегі шежірешілігімен.

       «...Сонда  осы қазақтар төбеден төнген қатар-қатар шыңдарға қарап тұрып, найзағайдай шаншылғанын танып:

    • Иә, мынау Манас шыңы, - десті.
    • Сол Манаспен иықтасып тұрған ана шыңның аты не екен?

         Ешкім біле қоймады. Қырғыздардын сұрап едік:

    • Аты жоқ, - деді.
    • Ендеше Шыңғыс болсын! – деп шу ете қалдық.
    • Айтқандарыңыз келсін! – деп қырғыздар қауқылдасты.

       Сөйтіп  тілек қабыл болсып, географиялық картаға түсер-түспес, ол Шыңғыс даңқы әлемнің қай түкпірінен болса да көрініп, естіліп тұратын дәрежеге жетті» - деп сабақтай келе автор Ш. Айтматов шығармашылығына ойысады [12.154б].

       Мақаланың негізгі идеясы – Шыңғыс Айтматов және Қазақстан аясында өрбиді. Публицист Айтматов шығармаларындағы қазақ кейіпкерлері арқылы жазушының біздің елге деген көзқарасын, жалпы адамзаттық феномендігін дәлелдейді. Бұл орайда атор Айтматов шығармаларынан цитаталар келтіріп тұщымды материал шығарады. Публицистің әдеби өмірді, әлемдік әдеби заңдылықтарды жете меңгергені анық байқалады. Мақала тілі әрі қарапайым, әрі көркем. Сын жанры таластарынан бірде-бір ауытқуды да байқамайсыз. Тек Шерхан Мұртазаға ғана тән алмас қылыштай кесіп айтатын, көкейіңе қондырып жазатын стиль еседі.

       Жанры жағынан рецензияға жақын туындыларына келсек. Жалпы, рецензия деген не? Осыған тоқталып өткен де жөн.

       Рецензия  – сын жанрларының ішінде ең көп  қолданылатын, өрісі кең жанр.  Сынның басты мұраты жаңа шығармаға  пікір білдіру болса, ол рецензия жанрында толық көрінеді.

       Ш.Мұртазаның «Шындықтың шымылдығы түрілгендей» тақырыбындағы рецензиясына келер болсақ.

       «Аллажар». Кинофильм.

       «Барыс» киностудиясы. Режиссер – Қалдыбай Әбенов.

       Бұл фильм соңғы сегіз жыл бойы түсіріліпті. Неге сонша ұзаққа созылған? Себебі көп.

       Сексен  алтыншы жылғы Желтоқсан көтерілісі мен қантөгісі туралы шындықты айту қиын болды. Желтоқсан құжаттары құпияланып, қолға түсе бермеді.

       Көп жағдайда Желтоқсан жендеттері көпке  дейін іс басында отырып, шындықтың  жарыққа шығып кетуіне жанталаса кедергі жасап келді.

       Фильм үкімет тарапынан қаржыландырылмады. Қазына көк тиын да бермеді» - деп бастайды Шерхан Мұртаза [12.152б].  Осыдан-ақ, оның қашан да шындықты бетке ұстайтын қайсарлығы байқалады. Публицистикасына тән өткір тілділігі аңғарылады. Шығарма барысында автор Желтоқсанның ызғарын естіреді. Фильмнен үзінділер келтіре отырып, өз ойын сабақтастыра отырып шындықтың шымылдығын түреді. Қамшының өріміндей бір-бірімен жымдасып, кейде қайсысы құжат бойынша, қайсысы публицистік әдіс бойынша жасалғанын байқамай қаласың.

       «Фильм  шындықтың шымылдығының бір шетін  ғана түргендей. Ал, түгел шындық әлі  қалың  шымылдықтың ар жағында жатыр. Бұл фильмнен аңғарғанымыз: мұхиттағы мұз таудың төбесі ғана көрінеді, денесі теңіз тереңінде...» - деп ақталады [12.155б]. Әрі астарлы, әрі айқайлап тұрған көркем шешім. Дәл табылған теңеулер. Адамды ойлантпай, толғантпай қоймайтын шебер тілмен жазылған мәселелер.

       Жалпы, Шерхан Мұртаза публицистикасы поэтикасын қарастыру барысында төмендегідей жәйіттерді аңғардық:

       -Жанр әр алуандылығы.

       -Сюжет пен композицияның беріктігі.

       -Публицистика стилінің очерк жанрында кейіпкер тілінің негізгі ерекшелігінің сақталуы. Яғни, кейіпкер сөзі жергілікті тұрмыс жағдайына қарай түзелген.

       -Автордың тіл тазалығы, кірме сөздерді, фактілерді орнымен пайдалануы.

       -Публицистік туындыларын цитаталар және дәйектемелермен әрлендіруі.

       Тіл көркемдігін арттыратын құбылту  мен айшықтауларды, тұрақты тіркес пен мәтелдерді шебер қолдануы.

       Кез-келген  қаламгер өз атынан еш нәрсе құрастырмайды, жұрттың ойында жүрген жайттарды қағаз бетінде бедерлейді. Көкірегі ояу, көзі қарақты оқырман көл-көсір қазынадан өзіне қажеттісін таңдап алады да, рухани азық етеді. Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы әдебиеттану ғылымындағы алар орны мен мән-маңызын айқындап қана қоймай, адамзат баласына тарихпен қоса сөз өнерінің де күш-қуатын, танымдық сипатын аңғартып, халқымыздың өткен өміріне бір уақ көз тастап, тәуба дерлік жауапкершілік сезімімізді қалыптастыруға жол ашады.  

     2.2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 

       Эпистола -  латын сөзі, ауыз екі тілде  хат жолдау деген мағынаны береді. Бұл жанрдың ежелден тарихы мен  этимологиясы бар. Хат жазысу жазу –  сызудың пайда болуымен тікелей  байланысты. Тіпті ауыз – екі  сөздер де хат формасында болады. Баспасөз бетінде кездесетін хаттарға қойылатын талаптар:

  1. Хаттардың әлуметтік маңызы болу керек. Қоғамдағы көкейтесті мәселелерді қозғайтын болған жөн.
  2. Хат жазушы адам қоғамға белгілі адам болуы керек.
  3. Хат жазылғаннан кейін оған жауап хат жазылуы тиіс.

      Газет жанры ретіндегі хат публицистикалық  немесе оқырманның қалың көпшілікке пікірін білдіруі керек. Г.Пельк: «Хаттар  қысқа, кеңейтілген, проблемалық болуы  мүмкін. Демек хаттардың өздерінің  көтеретін міндеті мен ауыр жүгі бар. Публицистер, жазушылар, мемлекет қайраткерлері де баспасөз бетінде хат алмаса алады. Сол арқылы көпшілікке үн қатып, пікір білдіреді», - дейді.

      Г. Пельк хат формасын былай жіктейді:

  1. Үндеу хаттар.

         а) Ашық хат.

         ә) Адрессіз хат.

  1. Хат пікір.
  2. Ұсыныс хат.

      Ашық хат кімге екендігі белгілі, мемлекеттің халыққа, белгілі бір адамдарға болуы мүмкін. Адресіз хат жалпылама жазылады. Хат – пікір қоғамдағы оқиғаға тиянақты ой – пікір айту. Проблеманы шешу мақсатында ұсыныс айту.

       Мичурин былай деп бөледі:

        1) Жолдау хат.

        2) Ұсыныс хат.

        3) Үн қосу хат.

       Хат – үлкен күш, үлкен пәрмен. Хаттарда пікір таласу, полемикалық сарын  көп болуы керек. Қолдау, жағымпаздық  сарындағы хаттар абырой әкелмейді. Хаттар белгілі бір мәселелер  туралы әлеуметтік пікір қалыптастыру керек.

       Осы тұрғыда – тәуелсіздік жолына түскен еліміздің бүгінгі және ертеңгі тағдыр – талайын әр қырынан сөз еткен, өмір тіршілігіміздегі өзекті мәселелерді қалың қауымға бар шындығымен жеткізе білген, өзінің өткірлігімен, батылдылығымен жұртшылықты елеңдеткен елеулі оқиға – Шерхан Мұртаза мен Камал Смайловтың «Егемен Қазақстан» газеті бетінде жазысқан публицистикалық әңгіме – хаттары болды. Қалам қайраткерлерінің халық тағдыры мен ұрпақ болашағына жандары күйзеле отырып айтқан ащы ақиқаттары жоғарғы билік басындағы өкімет басшыларынан бастап, ауыл әкімдеріне, тіпті қарапайым оқырмандарға дейін үлкен әсер етіп, қозғау салғаны анық. Өйткен мұнда ел тағдыры, заман келбеті сөз болып еді...

       «Тәуелсіздік  біреу. Ол біз сияқты, қазақ сияқты халыққа жүздеген жылдардан кейін  ғана келіп жатқан Алланың нұры. Оған адал ниетті адамдар бәріміз тіреу болсақ қана заман түзелер.

       Тәуелсіздік – жаңа шығып келе жатқан күн. Елдің  емес, жас мемлекеттің емес, өз қарақан  басының қамын ойлаған жемқорлар, парақорлар, Қазақстан байлығын талан  – таражға салған сатқындар! Жаңа шығып келе жатқан Күнді көлегейлеп, бұлтпен бүркемелеп, тұмшаламаңдар!» дейді Шерхан, «Тәуелсіздік біреу. Бәріміз соған тіреу болуға жараймыз ба ?» деген хатында [18,12-б].

       Сөйтіп, тәуелсіздікке қауіп төндіретін қандай да бір жағымсыз әрекеттер мен келеңсіз құбылыстарға қарсы белін бекем буып күреске шығатынын айтып, басқаларды да соған, тәуелсіздікке тіреу болуға шақырады. Сонда ғана мына қиын заман да түзелетінін ескертеді.

       Міне, есімдері елге белгілі үлкен қаламгерлердің сұрақ – жауап, әңгіме – диолог түрінде жазылған жария хаттарының мақсаты, мәнісі осындай еді. Ойлағандары – тәуелсіздіктің баянды болуы, халықтың қамы. « ...Бұл еріккеннің ермегі емес қой, - дейді Шерхан Мұртаза Қамал Смайловқа, - Сенің әрбір хатыңа жауап жазып, уақыт кетіріп, қиналғанша, бір көркем әңгіме жазсам, әрине, өз басына тиімдірек болар еді. Ал, бірақ мына хаттар дәл бүгін халыққа қажет екеніне көзім жете бастады» [18.18б]. (Өз қарабасының қамынан халық мүддесін жоғары қою деген осы емес па!!)

       Халыққа қажет болса, халықтың көңілінен шықса – еңбектің жанғаны ғой онда. Демек,  халық қолдайды, қуаттайды, бұл айтылғандарды растайды деген сөз. Баспасөздің, журналистің мақсатының өзі – осындай қоғамдық маңызы бар мәселелерді қозғау, көтеру, ел назарын соған аудару емес пе?! Ал осындай мәселелердің дәл бүгін көбейіп тұрғаны тағы шындық.

       «Азаттық  алдық. Зорлықтан, қорлықтан, құлдықтан  азат болдық. Тәуелсізбіз. Егеменбіз.

       Сөйтсек, зорлық – зомбылық, жемқорлық, ұрлық  – қарлық, парақорлық та, заңсыздық  та азаттық алған сияқты. Сияқты емес, дәл солай!» дейді Шерхан «Адам құны» аталған хатында [18.28б]. Шындығында да дәл солай дейміз біз де. Өйткені, осы айтылған келеңсіз құблыстардың соңғы кезде тым көбейіп, асқындап кеткені шындық болатын. Тіпті қайсыбірін айтарыңды білмейсің кейде. Бір қайғыны сөйлесең, мың қайғыны қозғайды дегеннің нағыз өзі. Хат жазысқан қаламгерлер де бұл «сұмдықтардың» бірінен кейін бірін айтып тауыса алмай, ашынады, күйінеді.

       «Адам санасы, құлқын, пейілін түзетуде біздің үкімет шөп басын сындырған жоқ. Ал, оның есесін теңіздің ар жағынан келгендер артығымен толтырып жатыр. Теледидар солардың қолшоқпарына айналды. Адамның адамгершілігін, пиғылын бұзатын аса қатерлі қару сол. Ұрлық пен қорлықты да, жауыздық пен жалмауыздықты да, арсыз, имансыз жәлептікті адам өлтірудің нешеме түрлерін бесікте жатқан баладан бастап, бәрімізге үйретіп, санамызды улап жатыр, улап жатыр» дейді Шерхан Мұртаза жаны күйзеле [18.34б]. Расында жұрттың әбден жүйкесін тоздырып, титықтап біткен нәрсе осы теледидар мәселесі. Маған кейде дүниенің бәрін бүлдіріп жатқан осы теледидар сияқты көрінеді. Өйткені, одан мынау тәуелсіз қазақ елінің өзіне тән ерекшелігін білдіретін еш нәрсе көре алмайсың.

       Хат иелерінің екеуі де кезінде республиканың  телерадио компаниясын басқарған, ол саланың ыстық – суығын көрген адамдар. Сондықтан осы өздерінің таныс жағдайларын бүгінгі берекесіз тірлігіне жандары ауырады. Қайта – қайта айналып соғып, қадап айтады.

Информация о работе Шерхан Мұртаза публицистикасы