Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 22:58, реферат
Соғыстың соңғы жылдары. Кең байтақ Қазақстанның солтүстік қалаларының бірі − Ақмоланың қақаған қаһарлы қысы. Үлкен базар маңындағы саман үйдің іші ығы−жығы адам. Өздері әзер сыйысып, қысылып отырған екі семьядан басқа бұл үйде апта сайын алыстан қалаға базарлап келген қонақтар − сонау қырдағы алыс ауыл Қорғалжыңдағы ағайын−жекжат, таныс−тамырлар көп болатын. Міне, солардың бірі Борқай ағай бір қап суық алып, үйге кіріп келді де, таң қала, тұрып қалды: − Балалардың бәрі далада дуылдасып ойнап жүр, мынау болса тағы үйде отыр ма, қашан таусылады мұның шимайлары? − Білмеймін, сызғылайды да жатады, әйтеуір. Аға інілерімен бір ауық ойнап келеді де, қайта кіріседі. Бүкіл қабырғаны бүлдіріп болды жазған... − деді ата − аналарының бірі.