ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды. Курстық жұмыстың мақсаты – инвестицияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инвестицияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инвестициялық жағдайын талдау;
- инвестиция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Оглавление

Кіріспе...................................................................................................................3-4
І бөлім. Инвестиция ұғымының экономикалық мәні
1.1. Инвестицияның қызмет түсінігі..................................................................5-9
1.2. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар..............................................................................................................9-11
1.3. Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.........11-13

ІІ бөлім. Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
2.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.......................................................................14-15
2.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалау.........15-18
2.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары.............................................................................................................18-21
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары
3.1. Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары.............................................................................................................22-24
3.2. Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары...............................................................................................24-28
Қорытынды.......................................................................................................29-30
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................31

Файлы: 1 файл

ИНВЕСТ КАРЖ НЕСИЕ.doc

— 202.50 Кб (Скачать)

      Ағымдағы  шығындар мен нәтижелер болжамды бағада қабылданған жағдайда есеп айырысу  бағалары интегралдық көрсеткіштерді анықтау үшін қолданылады. Бұл әртүрлі инфляция деңгейінде алынған нәтижелердің салыстырмалығын қамтамасыз ету үшін қажет.

      Базистік, болжамды және есеп айырысу бағалары теңгеде немесе тұрақты шетел  валютасында (АҚШ доллары, Еуро, ЭКЮ  және т.б..) көріне алады.

      Инвестициялық жобаның тиімділігін есептеуде  сату көлемінің өзгерісі әсерінен (тауарлар мен қызметтер рыногындағы сұраныс  пен ұсыныстың қанағаттану әсері) болатын өнімдер мен тұтынатын  ресурстардың бағаларының өзгерісін  ескерген орынды.

     Таза  дисконтталған табыс (ЧДД, NPV) алғашқы адымға келтірілген, немесе интегралдық шығындардың артылуы түрінде, есептік кезеңдегі ағымдық тиімділіктердің сомасы түрінде анықталады, оның формуласы:

     

      есептің t адымындағы қол жеткен нәтижелер.

      сол адымда жүргізілген шығындар.

       есеп айырысудың уақытша кезеңі.

     Есеп  айырысудың уақытша  кезеңі жобаның жүзеге асырылу мерзімінен бастап қабылданады, оған кәсіпорынды (өндірісті) құру уақыты, оны пайдалану мен жою уақыты кіреді.

     Егер  инвестициялық жобаның таза дисконтталған  табыс шамасы (ЧДД) оң нәтижелі болса, онда ол тиімді болып саналады, яғни қабылданған дисконт нормасынан кем емес инвестициялық салым деңгейін қамтамасыз ете алады.

     Инвестиция табыстылығының ішкі нормасы (ВРД, IRR) ЕВН, түріндегі дисконт нормасын білдіреді, мұндағы келтірілген тиімділіктің шамасы келтірілген инвестициялық салым шамасына тең болады, яғни   ЕВН  мына теңсіздіктен анықталады:

     

     Осы формула бойынша есептелген табыстылық нормасының шамасы инвестордың талап ететін капитал табыстылығы шамасымен салыстырылады. Егер ішкі табыстылық нормасы (ВНД) талап етілетін табыстылық нормасына тең немесе одан артық болса, онда жоба тиімді болып есептеледі. 

     Инвестицияның өтелімділік мерзімі (Ток) Инвестициялық жобаның жүзеге асырылуынан бастап таза дисконтталған табыстың (ЧДД) теріс нәтижелі шегінен асқан шағына дейінгі ең аз уақытша кезең, яғни өтелімділік мерзімі – бұл инвестициялық жобаның жүзеге асырылуынан бастап пайда болған шығындардың өзінің орнын толтырғанға дейінгі уақыт кезеңі. 

2.3. Қазақстан Республикасындағы    инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары 

    Көптеген  елдерде  ивестициялық банктердің  қызметін басқа да  қаржылық – несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.

    Қазақстан Республикасында да мұндай банктердің функцияларын негізінен  Қазақстан  Республикасының банк жүйесінің  екінші деңгейдегі  банктері  атқарады. Бірақ Қазақстан Республикасының  коммерциялық  банктері  бірінші  типті банктердің операцияларын жүзеге  асыру өз деңгейіенде болып отырған жоқ. Коммерциялық банктің салымдық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын,  диверсифискация, табыс пен өтімділікті қамтамасыздандыру .

    Біраз уақыт бұрын отандық банктердің  атына олардың нақты экономика секторындағы  шаруашылық субъектілермен  қатынастары туралы қатаң сын  айтылған болатын. Қазақстанның экономикасына  айналым  және  салымның  қаражаттардың  тапшылығын банктердің несиелері қанағаттандырмады.

    Бұл жағдай 2000 жылдан бастап жақсара бастады. Банктер қаржы нарығының неғұрлым  активті және  капиталды қатысушылардың бірі  болды. Қазақстандағы бір банктің  орташа капиталы валюта эквивалентінде шамамен 30 млн. АҚШ долларын құрайды. 2003 жылы банк активтерінің 60 % нақты  экономика секторына жіберілді,  өндірістің дамуымен және  банктердің ресурстық базасының артуымен банктер нақты экономика секторын несиелеуге белсенді қатысуын көрсетеді.

    2002 жылы экономиканы  дамытуға  кеткен  несиелердің  көлемі 672,4 млрд. тенге,  шетел  валютасында  4,3 млрд. АҚШ долларын артық  болды. Ал 2003 жылдың  қазан айындағы  мәліметтер бойынша  банктердің экономикаға бағытталған несиелерінің жалпы көлемі 924,3 млрд. теңгені құрады, бұл 6,25 млрд АҚШ долларынан артық.

    Сонымен  экономиканы инвестициялауда банктердің  инвестициялық   қызметі өте маңызды. Қазақстанда  банктер тарапынан  экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің  қаржылық  салымдарға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керпек. Жинақтаушы зейнетақы қорларының  активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.

    Инвестициялар. Мемлекет қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.

    Әлемдік банктің Қазақстанды салым үшін ең қолайлы әлемнің 20 елінің санатына ендіруі ел экономикасының дамуына берілген жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап өтер болсак, тәуелсіздігімізді жариялағалы бергі жылдар аралығында ел экономикасына АҚШ-тың 21 млрд. долларынан астам қаржы тартылды.

    Қазақстанның  бүгінгі күнде әлемдік қауымдастықта нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалғанын атап кету қажет және еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып инвестицияның рейтингке ие болды.

    Қазақстан экономикасына келген инвестициялық  салым, мұнай-газ саласын қоса есептегенде, 2003 жылдын қаңтар қыркүйегінде 729,6 млрд теңгені құрады, ал бұл, 2002 жылдың сондай айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 10,8 %-ке артық ( 1 – Кестеде көрсетілген).

Кесте 1

Қазақстан экономикасына 2002—2003 жж.  Қыркүйек - желтоқсан айларында түскен инвестиция ағымы

Қыркүйек - желтоқсан 2003 717,0
Қыркүйек - желтоқсан 2004 ж 547,0
Қыркүйек - желтоқсан 2005 ж 615,0
Қыркүйек - желтоқсан 2006 ж 797,6
 

Қ.Р. Статистикалық. агенттік мәліметі

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен кіріс көлемі, еліміздің қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2005 жылдың соңына дейін 838,7 млрд тенгені құрады, бұл 2003 жылдық аталмыш кезеңімен салыстырғанда 26,2 % артық, ал шығындар мен несиелеу 859,7 млрд теңгені құрады (35,1% артык).  Бюджет дефициті 21 млрд теңгені құрады.

    Ел  экономикасының приоритетті салалары мұнай мен табиғи газ өндіру (негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінін 44%), көлік және байланыс (19%), козғалмайтын мүлікпен операция (9%), өндеу өнеркәсІбІ (8%) болып табылады .

    Екінші  деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік инвестиция, ұлттық банктің мәліметі бойынша 2003 жылы 924,3 млрд. теңгені құрады, және олардын тұрақты өсуі байқалуда. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттік салымдардың үлесі 62,2%, шетел валютасы салымындағы үлес 54,9% құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 759,2 млрд. теңгені құрады, бүл 2004 жылмен салыстырғанда 36,4%-ке артық, оның ішінде түрғындардың депозиттік салымы 319,8 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылымен салыстырғанда 36,7%-ке көп.

        Статистикалық  деректерге  сүйенсек, Астана  инвестиция  тарту  көрсеткіштерінде  республика  бойынша  алғашқы   бестікте  келеді. Жаңа ғасырға қарыштаған  елордамызға келіп құйылар қаржы көзінің басым бөлігі  инвестицияның үлесінде. Сондықтан да  Астана қаласы бойынша инвестициялық жобалардың мәліметтер қорын құру  жөніндегі  жұмыстар  сыртқы экономикалық  байланыстар  желілері бойынша жүргізілуде. Аталмыш  қорға  инвестициялық  жобаларды және  сенімді шетелдік  серіктестер іздеудегі  бизнес – жоспарлар мен  жобалардың  инвестициялық  сауалдамалары  дайындалып, ол таяу және  алыс  шет  мемлекеттердің елшіліктеріне, индустрия  және сауда  министрлігінің  жанындағы  «Қазинвест» ҰҚ – ға  жіберілуде.

        Инвестиция   тартуға байланысты  атқарылып жатқан  жұмыстар  да  жеміссіз емес. Қала бойынша бүгінде әлімнің 52 елінің  серіктестерінің қатысуымен құрылған 127 біріккен және 218  шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстың  нақты көрсеткіші ретінде - қала  экономикасындаға  инвестициялардың көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың  қорытындысына қарай, негізгі қорды инвестициялар 134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн. АҚШ долларына жуық қаржы.

        Астана қаласында  шетелдік  компаниялар  ұсынықты жұмыс  істеуде. «Ахсель Холдинг» компаниясының  өз қаражаты есебінен «Ахсель» бизнес орталығы мен «Рамстор» сауда үйі салынды. «Окан Холдинг» компаниясымен салынған «Окан – Интерконтиненталь - Астана» бесжұлдызды  қонақүйі келушілерге  қызмет көрсетуде. «Испат - Кармет» ашық акционерлік  қоғамы жалпы құны 2 млн. АҚШ долларын құрайтын «Аквапарк» ойын – сауық кешеннің құрылысын аяқтады. Ұлыбританияның  «Фитцпатрик Констракторс» компаниясы тарапынан 241 орынға  арналған қазіргі  заманғы   аурухана салынды

        Жапон халықаралық  ынтымақтастық банкісі заемының қаражаттарынан «Астананың  халықаралық  әуежайын  қайта  жаңғырту» жобасы қаржыландырылуда. Тұрмыстық  қалдықтарды жою жүйесін жаңғырту  жобасы  Испан үкіметінің заемы қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.

        Жапон Банкісінің  елордалық  инвестицияға  салған  қаржы көлемі 185 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде  «Астана қаласын  сумен жабдықтау  және су  шығару» жобасын  жүзеге  асыруға  бағытталған  қаржы – 165 мың. долларға  жеткен.

        Шет  мемлекеттердің  және  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  гранттары  есебінен  қалада бұған қоса 6 жоба – 3 әкімшілік  ғимарат, Ислам мәдени орталығы салынуда, дипломатиялық  қалашық, цирк ғимараты, екніші кезектегі «Думан» ойын – сауық орталығы және  тағы  да   басқа   нысандар бой көтеруде. Бұдан  тыс 35 мың  көрерменге  арналған  стадионның  құрылысы, әлеуметтік – мәдени  нысандарға  арналған  бірнеше  тұрғын үй  кешендері  мен нысандарының құрылысы жоспарлануда. Астананы  дамытудың  бас жоспарына  сәйкес  Есілдің  сол жағалауындағы  нысандары  мен инженерлік  желілердің дамуына  бағытталатын  инвестиция  238,6 млрд. теңгені құрап отыр.

         Сонымен, курстық жұмысты қорыта келе, инвестициялық шешім қабылдау мәселелері туралы мынадай тұжырымға келдім: инвестициялық шешім қабылдауда мынаны есте ұстау қажет: қолда бар ақша ағыны өзіне болашақта орын алатын өсім ағынын, яғни өсудің ағынын қосу керек. Мысалы, жаңа жабдықты сатып алу өзгермелі өндірістік шығынды кемітеді. Үнемдеудің мұндай түрі қолма-қол ақша алуға жағдай жасайды. Мынаны да айта кету керек, амортизация қолдағы ақша қозғалысының есебіне кірмейді.

    Тәжірибеде  күрделі қаржы жұмсалымының тиімділігін  бағалайтын басқа 2діс жиі қолданылады. Оның әлдеқайда қарапайым әдісіне  өтелу мерзімінің есебі жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары

3.1. Шетел инвестицияларын  тарту мәселелері және оларды  шешу жолдары 

    Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің  ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.

    Қазақстан экономикасына шетел капиталын  тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.

    Несиелік  келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.

    Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын  инвестициялық жобалар қозғалысы  механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

Информация о работе ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы