Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 12:17, курсовая работа
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды. Курстық жұмыстың мақсаты – инвестицияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инвестицияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инвестициялық жағдайын талдау;
- инвестиция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
І бөлім. Инвестиция ұғымының экономикалық мәні
1.1. Инвестицияның қызмет түсінігі..................................................................5-9
1.2. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар..............................................................................................................9-11
1.3. Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.........11-13
ІІ бөлім. Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
2.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.......................................................................14-15
2.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалау.........15-18
2.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары.............................................................................................................18-21
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары
3.1. Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары.............................................................................................................22-24
3.2. Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары...............................................................................................24-28
Қорытынды.......................................................................................................29-30
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................31
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі (90 пайызы) нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды , білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.
Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында, қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.
Дефольттардың алдын - алу үшін жалпы макроэкономикалық жағдаймен (инфляция деңгейі, ТМД елдерімен өзара есеп айырысу мәселесін шешу, өндірісті тұрақтандыру) қамтамасыз ету қажет, құқықтық базаның тұрақтылығы, қарыз алушы кәсіпорындардың жабылу немесе қайтақұрылу жағдайында, Қазақстан Республикасы кепілдемесі аясында тартылған шетелдік несиелер бойынша міндеттемелерді беру механизмін құру керек. Мемлекеттік тізімге енген басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрақты түрде несиелерді игеру мен қарызды мерзімді өтеу мониторингін жүргізуді талап етеді.
Қазақстан
экономикасына әлемдік
Шетел
инвесторларының маңызды
Шетел инвестицияларын сақтандырудың мүмкіндіктерін рационалды қолдану үшін халықаралық сақтандыру компаниясы немесе “ОПИК жеке инвестициялар” типтес шетел корпорациясы бойынша “American International Group” (AIG) корпорацияларының қатысуымен, саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша бірлескен қорларды мақсатты түрде құру қажет. Бұл корпорация АҚШ - тың ірі саудалық және өнеркәсіптік тәуекелдерді сақтандырушы және ірі әлемдік диверсификациялық сақтандыру тобы.
Жекешелендіру
процесі шеңберінде әрекет етуші
шетел капиталын тартуды
Шетел
капиталын тарту саясаты
3.2. Қазақстан
Республикасы инвестициялық
Бірлескен кәсіпорындардың кемшілігіне қазақстандық кәсіпкерлер - қатысушыларының кәсіпорынды басқару деңгейінен айрылуын жатқызуға болады. Табыстың маңызды бөлігі шетелдік инвестор меншігіне айналып, ол жарғылық қордағы үлесіне сәйкес пропорционалды түрде төленеді. Осымен байланысты бірлескен кәсіпорындар құруға жаңа жолдарды іздестіру, олардың қызмет түрін тұтас өзгерту мәселесі туындап отыр.
Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық мәнге ие емес салаларда (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету) шетел капиталына жататын шағын және орта кәсіпорындарды құруға бет - бұрыс берілуі керек.
Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен анықталады. Шетел капиталын тарту саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін маңызды көлемде көтеруге қол ұшын беру қажеттілігінен туындайды.
Қазіргі таңда республикада негізінен, шетел капиталын тарту үшін қажетті құқықтық орта мен кепілдеме жүйесі қалыптасқан. 2003 жылы Қазақстан Республикасында “Шетел инвестициялары туралы” Заң қабылданған. “Шетел инвестицияларын тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тізімін бекіту туралы” және “Инвесторлармен келісім жасауда жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі және оны беру тәртібі туралы Ереже” сияқты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қосымша жарлықтары, Инвестициялар жөніндегі Комитетпен 2009 жылға дейін шетел инвестицияларын тарту үшін маңызды секторлардың тізімі бекітілген. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты - маңызды өндіріс пен қызмет саласын селективті қолдауды қамтамасыз ету, экономика құрылымының шикізат бағыттылығын жеңу, инвестициялық белсенділікті көтеру мәселесін шешу, ел экономикасына тікелей инвестициялар ағымына қолайлы жағдай жасау.
Шетел
инвестициялары ағымын ынталандыру
бойынша жүргізіліп отырған іс -
шаралар арқасында капитал
Фактор атауы | Балл саны | Фактор категориясы |
Саяси
тұрақтылық
Экономикалық тұрақтылық Заңнамалық тұрақтылық Табиғи ресурстар байлығы Перспективті нарықтық потенциал Салықтық жеңілдіктер Еңбек ресурстарының төмен құны Еңбек ресурстарының қажетті білім деңгейі |
31
14 6 31 27 3 19 14 |
1
4 5 1 2 6 3 4 |
Кесте-1. Әсер етуші позитивті факторлар.
Кесте-1 қарасақ, Қазақстан Республикасының
инвесторлары үшін басты тартымдылық
- оның саяси тұрақтылығы, табиғи және
шикізат ресурстарының төмен құны, экономикалық
тұрақтылық және жоғары сапалы еңбек ресурстарының
болуы. Қазақстан бұл салада көп іс атқарғанымен,
респонденттерді елдің заңнамалары мен
салық жүйесіндегі жеңілдіктер қызықтырады.
Әсер
етуші негативті факторларды
бағалау бойынша сұраунаманың нәтижесін
кесте-2 қарастырайық. Барлық факторлар
үш категорияға бөлінген: тежеуші күшті
факторлар, орташа факторлар, әлсіз факторлар.
Фактор атауы | Балл саны | Фактор категориясы |
Дамымаған
өндірістік инфрақұрылым
Дамымаған құқықтық инфрақұрылым Дамымаған әлеуметтік инфрақұрылым Салықтық режим Тұрақты заңнамалық базаның жоқтығы Бюрократизм Нарық мамандарының жетіспеушілігі Мемлекеттің геосаяси жағдайы Ақпараттың жоқтығы Саяси тұрақсыздық Мәдени және тілдік тосқауылдар |
18
26 11 33 30 32 13 3 3 2 1 |
2
1 2 1 1 1 2 3 3 3 3 |
Кесте-2. Әсер етуші негативті факторларды бағалау
Сөйтіп, респонденттердің пікірінше, инвестициялық процесті салық режимінің, бюрократизмнің әлсіздігі, тұрақты заңнамалық базаның жоқтығы, дамымаған құқықтық инфрақұрылымның болуы тежейді.
Шетел инвесторы үшін басты тәуекелдердің бірі – құқықтық тәртіпсіздік. Бұл тұрақты заңнамалық режимнің қажеттілігін айқын көрсетеді. Соңғы кезде меншікке, инвестициялық қызметке, салық салуға, пайдалы қазбаны қолдануға қатысты әр түрлі аспектілерді реттейтін бірқатар жарлықтар қабылданған. Бірақ реформалық жарлықтардың өзі, шетел инвесторымен кең ауқымды қызметті қамтамасыз ету үшін жеткілікті құқықтық акт ретінде қабылданбайды. Шетел инвесторы үшін қабылдайтын мемлекетте заңның Президенттен жоғары болуы маңызды мәнге ие.
Бізде заңның девальвациясы жүргізілуде. Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициялары туралы” Заңы шетел инвесторлары үшін ұлттық режимді көздейді, яғни ұлттық және шетел инвесторларының қызмет шарттарын теңдестіреді. Біздің заңнамаларымызда отандық кәсіпкерлер үшін протекционистік шаралар қолданбаған. Бұл дамыған батыс елдерінің заңнамаларына тән емес белгі.
Бюрократизм,
жемқорлық – шетел
Тікелей
шетел инвестицияларының
Мемлекетке жаңа технологияның тартылуы әлсіз. Көбінесе инвесторлар өндірістік ақпаратты жаңартуға ынта танытпайды. “Ноу - хау” деңгейіндегі күрделі капитал салымдарының жоқтығы инвестициялардың қысқа мерзімді сипатқа ие инвесторлар мүддесін растайды.
Сөйтіп, тікелей шетел инвестицияларын тарту саласындағы жағдай статистика көрсеткіштеріне қарамастан, қолдаушылықты қажет етеді. Екінші жағынан, бұл жағдайды өзгерту үшін іс - шаралар қолдануда.
Қазіргі
таңда тікелей шетел
Информация о работе ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы