Инвестициялық жобаларды қаржыландыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 11:31, реферат

Краткое описание

Инвестицияның мәні инвестициялық қызметінің екі жағын білдіреді: ресурс шығындары мен табатын нәтиже (пайда). Инвестициялар нәтиже табу мақсатында екі жақты қарастырылады: саналық (пайда) және сапалық (білім беру саласында – мектеп салу және білімді мамандар саның көбейту, кәсіпкерлікте - өнім шығару мақсатында кәсіпорындардын саның көбейту. Инвестициялық қызметінің объектілері:
- мүліктік құқық;

Файлы: 1 файл

9 lekcia.doc

— 251.50 Кб (Скачать)

Жұмыскерлердің еңбек жағдайымен қанағаттаңдырылығын бағалау үшін социолгиялық сұраныс берілгендері қолданылуы мүмкін. 

Жобаны іске асыру кезінде жұмыскрелердін тұрғын және мәдениеттік - тұрмыстық жағдайларын жақсартумен байланысты қосымша шығындар пайда болуы мүмкін. Мысалы, оларға төлемсіз негізінде немесе женілдікпен тұрғын үйлер беру, әлеуметтік – тұрмыстық манызы бар объектілер салу. Осы объектілерді салуға кеткен, сатып алуға жұмсалған шығындар жоба бойынша шығындар көлеміне жатады және тиімділікті есептеуде қолданылады

Осы объектілерден түскен кірістер  (тұрмыстық қызметтен түскен кіріс, жалға беруден түскен кіріс және т.б.) жобаның нәтижесінде есептеледі. Сонымен қатар тұрғын үйлер нарығындағы бағалар өзгерістері де есепке алынуы тиіс. 

Өнідіріс саласына тиімді инвестицияларын анықтау әдістері.

Болашақ шығындар мен нәтижені бағалау инвестициялық жобалардын тиімділігің бағалауда есептеу мерзімімен шектеледі, оның ұзақтылығы (есептеу горизонты) есепке келесі жағдайларға сәйкес алынады:

- объектіні құру, эксплуатациялау және керек болса жою ұзақталығы;

- негізгі құралдардын орташа өлшемді нормативтік мерзімі;

- көздеген пайда мөлшері (кіріс нормасы, пайда массасы және т.б);

- инвестордын талабы.

Есептеу горизонты есептеу шагының санымен анықталады. Есептеу шагы ай, тоқсан және жыл болады.

Шығында екі түрге бөлінеді  алғашқы немесе бастапы және ағымдағы .

Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері

Дәрістін қысқаша мазмұны

Инвестициялық жобалардын әр түрлі нұсқаларын салыстыру және олардын ішінде ең жақсысын таңдау әр түрлі көрсеткіштерді қолданумен ұсынылады, оларға келесі түрлері жатады:

- Өтелу мерзімі

- Кірістік нормасы

- Таза ағымды құн

- Нірістік ішкі нормасы

- Рентабелділік индексі.

Қосымша:

- Ақшалар ағымын бағалау

- Инвестициялық тәуекелді бағалау

Оптималдық инвестициялық бюджетін қалыптастыру жүргізіледі. 

Жобанын таза ағымды құны (тақа дисконттық кіріс) (NPV)– жобаны іске асырудан компаниянын алатын пайдасы, яғни сомаланған дисконттық оң ақшалар ағымынын сомаланған дисконттық кері ақшалар ағымына айырмасы. Таза ағымды құн = Таза ақшалар ағымынын бүгінгі құны – бастапқы инвестициялар

NPV= немесе NPV=

мұнда СFn – n мерзімінің аяғындағы ақшалар ағымы;

k – капитал құны немесе қаржыландыру ставкасы;

I0 – бастапқы инвестициялар;

- CFn – n мерзімінің аяғындағы кері ақшалар ағымы;

+ CFn – n мерзімінің яағындағы оң ақшалар ағымы.

Егер NPV>0, жобаны қабылдау керек;

Егер NPV<0, жобаны қабылдамау керек;

Егер NPV=0, компанияға жобаны қабылдауға да қабылдамауға да болады. 

Пайданын ішкі нормасы (IRR) – жобадан түскен болашақта таза ақшалар ағымынын бүгінгі құны бастапқы инвестицияларға теңестіретін дисконттық ставкасы, яғни   NPV  нөлге тең болатын дисконттық ставкасы.

немесе ,

Егер IRR>k, жобаны қабылдау керек,

Егер IRR<k, жобаны қабылдамау керек,

Егер IRR=k, компанияға жобаны қабылдауға да қабылдамауға да болады. 

Басқа сөзбен айтсақ, IRR – дисконтталған кері ақшалар ағымының сомасы дисконтталған оң ақшалар ағымының сомасымен толтырылатын шектеулі пайыздық ставкасы. 

IRR есептеу үшін  EXCEL электрондық кестесінің калькуляциялау программасының қаржылық функциясын қолдануға болады немесе қаржылық калькуляторын.  Оларды қолдануға мүмкіндік болмаса оның деңгейін итерация әдісімен табуға болады, NPV деңгейін есептеу үшін дисконттық ставкасынын (r)  әр түрлі деңгейін қолданау керек, яғни NPV кері белгіні көрсеткенше.  Содан кейін, IRR – ні келесі формуламен есептейді:

IRR=

Мұнда келесі теңсіздік болуы тиі:

ra<IRR<rb, a NPVa>0>NPVb.

мұнда - ra – төмен дисконттау ставкасы,  – rb жоғары дисконттау ставкасы, NPVa – (ra) төмен ставкадағы таза ақша ағымы және жоғары (rb) дисконттау ставкадағы таза ақша ағымы. 

Жобанын рентабелділік индексі (PI) ақшанын бір теңгесіне келетін пайданын өсуін көрсетеді.

PI =

мұнда СF – n мерзімінің аяғындағы тақа ақша ағымы,

к – дисконттық ставкасы,

I0  - бастапқы инвестициялар.

Егер РI > 1, жобаны қабылдау керек,

Егер РI < 1, жобаны қабылдамау керек,
Егер РI = 1, компанияға жобаны қабылдауға да қабылдамауға да болады.

Жобаға инвестициялау туралы шешім аталып кеткен барлық критерийлердің белгілеріне қарай және инвестициялық жобаға қатысушылардын қызығушылықтарына қарай есепке алынуы тиіс. Сонымен қатар маңызды ролін капиталдын құрамы және уақытта бөліну тәсілі, басқада факторлар атқарады

Ақша ағымының мерзімін бағалау 

Дәрістін қысқаша мазмұны

Ақша ағымының құнына әсерін тигізуші факторлар.  Ақша қаражаттары кез келген тауар сияқты өзінің құнына уақыт сайын өзгеріп отыратын ие болады. Ақша құны арнайы нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныс балансымен беріледі және онымен таба алатын пайызға байланысты болады. Пайыздық қойылым белгілі бір уақыт мерзімінің сонында төленетін пайыз төлемдерінің сол мерзімнің басында кепілге берілген неемесе қарызға берілген қаражаттарына қатынасын білдіреді.  Пайыздар не үшін керек екенін түсіну үшін, несие берушінің позициясына тұру керек:

- тәуекел, несие беруші, қарыз алушының қарызды қайтару қабілетінің жоқтығына дұшар болуы мүмкін;

- инфляция, болашақта қайтарылатын ақша өзінің құнын жоғалтады;

- келісімдерді өткізу құны,  - келісім шартты бекітумен байланысты, төлемдерді тіркеу, қарыздарды жинау, әкімшілік тапсырмаларды шешуге жұмсалатын шығындар; 

- шанстың бағасы, бір қарыз алушыға несиені ұсына отырып, несие беруші оданда пайдалы мүмкіндігің жоғалтады  (яғни, несие беруші басқа альтернативті инвестиция түрінен жоғары пайда алуы мүмкін).

Пайыздық терминологиясы. Қарапайым пайыздар – номиналдық пайыздық қойылым (жылдық ағымды пайыздық қойылым). Күрделі пайыздар – бұл пайыздарға есептелетін пайыздар.

Егер күрделі пайыздар бір шылға есептелсе, онда номиналдық r және нақты i пайыздар қойылымдарының айырмашылығы болмайды. Егер пайыздар күрделі схема бойынша бір жылдан артық мерзімге есептелсе, онда нақты жылдық қойылым номиналдықтан әрдайым жоғары болмақ. Нақты пайыздық қойылым  i келесі теңсіздіктен есептеледі:

Р(1+ni) = P (1+r)n.

Пайыздық формулалар. Ақшаны уақытта бағалауға алты негізгі формулалар қолданылады. Осы формулалар бес ауыспалы белгілерінен тұрады:

F – ақшанын болашақ құны;

P – ақшанын бүгінге (келтірілген) құны;

A – жылдық ақша ағымы;

n – пайыздар есептелетін мерзім саны;

i – есептеу мерзімінде нақты пайыздық қойылым.

1 Ақшанын болашық құны келесі формуламен есептеледі:

F=P(1+i)n.

2 Ақшанын бүгінгі (келтірілген) құны келесі формуламен есептеледі:

P=

3 Жыл сайынғы ақша ағымының болашақ құны келесі формуламен есептеледі:

F=

4 Ақша ағымының n мерзімі ішінде i пайыздық қойылымымен жыл сайынғы мөлшері (А) келесі формуламен есептеледі:

А=

5 Ақша ағымының n мерзімі ішінде i пайыздық қойылымымен болашақта жыл сайынғы ақша ағымының А бүгінгі (келтірілген) құны келесі формуламен есептеледі:

Р=

Мұндай тапсырма инвестицияларды бағалы қағаздарға салуды анықтау кезінде, бүгінгі уақытта салынған шығындар болашақта жыл сайын дивиденттерді әкелуін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

6 Жыл сайынғы ақша ағымының А құны, егер олардын бүгінгі (келтірілген) құны Р, мерзімі n және пайыздық қойылымы i белгілі болса.  Мұндай тапсырма бастапқы капиталды бірінғай төлемдермен өтеу кезінде қолданылады, формуласы келесі: 

А=

 

Жобаның ақша төлемдерінің таза ағымын бағалау және инвестициялық жобаның шегін анықтау 

Ақша ағымыны экономикалық табиғаты және жіктелуі.

Ақша ағымы (ағылш. аударғанда «қолма қол ақша ағымы») – кәсіпорынның белгілі бір уақыт мерзіміндегі ақша қозғалысын білдіретін нәтиже.

Ақша ағымына нақты баға беру үшін кәсіпорынның қаржы ресурстары туралы және олардын уақыт мерзімінлегі қозғалысы туралы, яғни ақша ағымы бойынша ақпарат қажет.

Инвестициялық жобаларды құндылық бағалауда ақша ағымы келесі формуламен анықталады:

Ақша ағымы (АА) = Таза кіріс + Амортизациялық аударымдар – инвестициялық шығындар +/- таза айналым капиталының өзгерісі.

Таза айналым капиталы = Қысқа мерзімді активтер – қысқа мрзімді міндеттемелер

Егер АА>0 инвестициялық жоба инвесторға пайдалы.

Егер АА <0  инвестор шығынданады, яғни проектіге қарсы болу керек.

Егер АА =0  инвесторға бәрі бір.

Ақша ағымын оң ақша ағымына және кері ақша ағымына бөлу керек.              Оң ақша ағымы кәсіпорынның шотында жиналатын кірістер, амортизациялық аударымдар және басқа да түсімдер.  

Теріс ақша ағымы – бұл инвестициялар, салықтар, дивиеденттер, ағымды шығындар, басқа да шығындар. 

Оң ақша ағымы мен кері ақша ағымының айырмасы таза ақша ағымы деп аталады. 

Ақша ағымының пайда болуына келесі факторлар әсерін тигізеді:

- инфляция темпі. Инфляция темпі өзгеріп отырғандықтан, табатын кірістерде өзгереді. Егер инфляция темпі ағымдағы шығындарға, табатын кірістен жоғары болса, онда таза ақша ағымы төмен болып, және кәсіпорынның қаржылық жағдайы төмендей бастайды. Кәсіпорынға кері ақша ағымын еңбек өнімділігің өсіру, жаңа технология мен техниканы өндіру көмегімен азайту керек.

- қарыз капиталын қолдану.

Кері ақша ағымын төмендету сомасы = (несие бойынша төлем %) * (корпоративтік табыс салығы, %).

- салықтар саны, салық салу базасы.

Таза ақша ағымы. Төлемдердің таза ағымы барлық түсімдермен төлемдердің айырмасы болып табылады. 

Тәжірибиеде шаруашылық операцияларының үш түрін бөлуге болады, яғни ағымды (операциялық), инвестициялық және қаржылық қызметі.

1) Ағымды қызмет өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру мен сатуға байланысты. Ақша қозғалысы мұнда бухгалтерлік пайда мен таза кірістің қалыптасуына байланысты операциялардан тұрады.  Бұл қызмет таза кіріс көзінің негізі болғандықтан, ақша қаражатының негізгі ағымын білдіру тиіс.  Он ақша қаражаттар ағымында (тоқсаңнан тоқсаңға дейін) ағымды қызметінен түскен түсімдер қарапайым және ұдайы өндіріске жеткілікті болуы тиіс.   Кәсіпорынға міндеттемелерді өтеу және мүлікті сатып алу, негізінде ағымды қызметінен түскен он ақша қаржы ағымынан жасалғаны дұрыс.   Сондықтан, қаржыландырудын осы стратегиясын өмірге келтіре алатын кәсіпорын жоғары несие рейтингіне ие және қаржылық тұрақты деп айталамыз.  Ағымды қызметінен түскен кері ақша ағымы бар кәсіпорындар өндіріс көлемін бір деңгейде сақтау үшін кредиторлық қарыздарын жоғарлатуға ықтиярсыз, немесе мүлігін сатуға және инвестициялық бағдарламаларды жойып, өнірісін төмендетеді.    Егер осындай жағдай болашақта сқталып қалса, онда ол төлеқабілетсіздеп болып банкротыққа ұшырайды. 

2) Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді нақты және портфелдік инвестициялар операцияларымен байланысты. Инвестициялық қызметі үшін ақша қаражатының көздері реттелмеген кіріс пен амортизациялық аударымдар, мүлікті сатудан түскен кіріс, акцияны эмиссиялаудан түсімдер, ұзақ мерзімді несие мен зайымдар.

3) Қаржы қызметі корпорацияның қысқа мерзімді қаржыландыру бойынша операцияларымен байланысты: несие мен зайымдар, акцияны сату және сатып алу, облигациялық зайымдар және оларды өтеу, валюталық операциялар, вексель мүндеттемелерің өтеу. 

Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Инвестиция объектісін қаржылық талдауинвестициялық процесстін оның барлық стадиясында үзіліссіз бөлігі болады.   Инвестор қаржылық жағдайы белгіссіз кәсіпорынмен ешқандай жұмыс істей алмайды.  

Қаржылық талдау инвестициялық жобалардын әр түрлі альтернативті нұсқаларында жүргізіледі, яғни маркетингтік стратегиясынан, қолданылатын қаржылық, материалдық – техникалық және еңбек ресурстарынан, жобаланатын кәсіпорынның мекенжайының нұсқаларынан, инвестициялық жобанын өндірістік қуаты мен іске асыру технологиясы және ұйымдастырылу негіздерінен тұрады.  Инвестициялық жобаны қаржылық бағалау инвестициялық жобанын берілгендерін техникалық бағалаудан кейін жүргізіледі. Мұнда инвестициялық, өндірістік, маркетингтік шығындармен кірістеріне мән беріледі.  Сонымен қатар, қаржылық бағалау инвестициялық жобаға негіздеме бере отырып, болашақта қателерге жол бермеуге арналған. 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауды жүргізгенде:

кәсіпорынның қарыз алушы ретінде репутациясына;

кіріс алу қабілетіне;

активтерінің формалары мен көлеміне;

экономикалық конъюктура жағдайына көз салынады. 

Инвестициялық жобалардын қаржылық жағдайы келесі көрсеткіштермен есептеледі:

өтімділікті бағалау (төлемқабілеті);

рентабелділікті бағалау;

капитал айналысын бағалау;

капитал құрылымын бағалау.

Қарастырылған коэффициенттер іске қосылған объектілерімен қатар жаңадан енгізілген объектілерге де қолданылады.

ЮНИДО ұсынысына сәйкес, инвестициялық жобаны дайындау процессінде қаржылық талдауды жасауға келесі базалық формалары қажет: жобалық баланстық ведомістер, кірістер мен шығындар туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп.

Бухгалтерлік балансының берілгенімен айналым активтер өтімділігі, қарыз капталын тарту капитал айналысы, табыстылық коэффициенттер есептеледі. 

Информация о работе Инвестициялық жобаларды қаржыландыру