Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 11:31, реферат
Инвестицияның мәні инвестициялық қызметінің екі жағын білдіреді: ресурс шығындары мен табатын нәтиже (пайда). Инвестициялар нәтиже табу мақсатында екі жақты қарастырылады: саналық (пайда) және сапалық (білім беру саласында – мектеп салу және білімді мамандар саның көбейту, кәсіпкерлікте - өнім шығару мақсатында кәсіпорындардын саның көбейту. Инвестициялық қызметінің объектілері:
- мүліктік құқық;
,
мұнда П – бір акцияға келетін пайда мөлшері;
Р – бір акцияның нарықтық бағасы.
Мемлекеттік кәсіпорындарға жоғарыда аталып кеткен модельдердін ішінде көбінде бір акцияға келетін пайда моделі келеді, яғни егер мемлекеттік кәсіпорын өзін өзі қаржыландыру жағдайында қызмет етсе. Бұл жағдайда капитал құны болып кәсіпорынның жыл сайынғы пайдасының оның осы жылдағы жиналған меншіктік қаражаты сомасына қатынасы болып табылады.
,
мұнда П – кәсіпорынның қарамағында қалған жылдық пайдасы;
S – кәсіпорынның баланс бойынша жыл аяғындағы меншіктік қаражатының сомасы.
Қайтадан тартылған капитал құны. Жаңадан тартылған меншіктік капиталына керекті кіріс көбінде меншігінде бұрыннан бар капиталына келетін қажетті кірістен жоғары болмақ. Компания қосымша акцияларды шығару кезінде бұрыннан шығарылған акциялардын нарықтық құнынан төмен баға алады. Бұл жаңадан акцияларды шығаруға қосымша шығындарымен байланысты, сондай – ақ жаңа акцияларын тез арада сатылуын қамтамасыз ету талабымен байланысты (жаңа акцияларды нарықтық бағадан төмен бағамен сатады).
Жаңадан тартылған капитал құнын есептеуде дивидендтердің өсу моделінің ішінде келесі формуланы қолданған жөн:
,
мұнда F – шығаруға ктекен шығындар өлшемі.
Артықшылығы бар акциялардын құның анықтау моделі.
Бұл модель өте қарапайым болмақ, өйткені артықшылығы бар акцияларына келетін кіріс қарапайым әдісімен бекітіледі: артықшылығы бар акцияларға нақты бекітілген дивиденд төленеді, пайда көлеміне байланысты емес және одан арытқ төленбейді. Сондықтан, артықшылығы бар акциялары бойынша табыстылық (артықшылығы бар акциялардың құны) келесі формуламен есептелмек:
,
мұнда D – акцияға келетін жыл сайынғы дивиденд мөлшері;
Р – бір акцияның нарықтық бағасы.
Қарыз капиталының құнын анықтау модельдері.
Кәсіпорын өзінің қызметі процессінде қарыз капиталын қолданады. Оларды келесі көздерден алмақ:
коммерциялық банкпен басқа да кәсіпорындардан ұзақ мерзімді несиелер;
өтеу мерзімі белгіленген және номиналдық пайыздық қойылымы бар облигацияларды шығару.
Бірінші жағдайда қарыз капиталының ұны несиенін пайыздық қойылымына тең және кредитормен қарыз алушының арасындағы келісіммен бекітіледі.
Екінші жағдайда капиталдын құны облигация бойынша төленетін купонымен немесе оның номиналыдқ құнына пайызбен өлшенген облигацияның номиналыдқ пайыздық қойылымымен көрсетілген. Номиналдық құн – дегеніміз оны өтеу күні облигациянын иесіне компания -эмитент төлейтін баға. Әрине, облигацияның өтелу мерзімі, оны шығарғанда аталады.
Шығару кезінде көзінде облигациялар номиналдық құнымен сатылдаы. Сондықтан, қарыз капиталының құны Сd облигацияның номиналдық пайыздық қойылымымен iн бекітіледі. .
Бағалы қағаздар бойынша пайыздық қойылымы өзгеру жағдайында, инфляцияның салдарына және басқа да себептерге байланысты, облигациялар номиналдық құнына сәйкес келмейтін бағамен сатылмақ. Кәсіпорын - облигациялардын эмитенті олар бойынша кірісті, олардын номиналыдқ құнына және номиналдық пайыздық қойылымына байланысты төлейді, сондықтан, облигацияның нақты табыстылығы өзгереді: өседі, егер облигацияның нарық бағасы номиналдық бағасына қарағанда төмендесе, керсініше төмендейді.
Облигацияның нақты табыстылығын бағалау үшін (қарыз капиталы құнын) облигацияның бүгінгі құны моделін қолданамыз
,
мұнда INT – облигация бойынша жылдық пайыздық төлемдер;
М – облигацияның номиналыдқ құны;
VB – облигацияның бүгінгі (кәзіргі) құны;
N – облигацияны өтеуге дейінгі мерзім саңы (жылдар);
rВ – облигация бойынша пайыздық қойылым.
Қарыз капиталының тиімділік құны. Қарыз капиталының құны туралы айтсақ, келесі манызды жағдайды еске алған жөн. Акциеонерлерге төленетін кірістерге қарағанда, қарыз капиталы бойынша төленетін пайыздар өнімді өндіруге кеткен шығындарға енгізіледі. Сондықтан, салық төлегеннен кейін қарыз капиталының құны оның табыстылығынан (немесе салық төлегенге дейінгі құнынан) төмен болады.
Осы қаржы феноменін көрсету үшін, қарыз капиталының эффектік құнын егізеді, ол келесі түрде көрсетілмек:
,
мұнда Т – салық қойылымы.
Капиталдың орташа өлшем құны. Жалпы капиталдын құның бағалауға компанияның ақырғы шагы, әр түрлі көздерден алынған қаражаттар құнын комбинациялау. Бұл жалпы құнды капиталдың орташа өлшем құны деп атайды. Орташа өлшем құны дегеніміз – капиталдың жалпы құрамындағы әр біреуінің үлесімімен өлшенген бөлек компоненттерінің орташа құны.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыруын ұйымдастыру
Инвестициялық қызметін іске асыру көздері. Фирмалар үшін инвестициялық қызметін іске асыру көздері:
- меншіктік қарыз ресурстары және инвестордың шаруашылық ішіндегі резервтері. Оларға: фирманы алғашқы рет құру кезіндегі құрылтайшылардын бастапқы төлемдері, пайда, амортизациялық аударымдар, сақтандыру компанияларымен төленетін зияндарды жабуға, орнын толтыруға арналған төлемдері және т.б. қаражаттар жатады.
- инвестордың қарыз ресурстары, олар банктік несиелер, инвестициялық салық несиелері, бюджеттік несиелер және басқа да ресурстар;
- инвестордың тартылған қаржы ресурстары, олар акцияны сатудан түскен қаражаттар, заңды тұлғалардын және фирма жұмыскерлерінің пай және басқада төлемдері;
-орталықтандырылған инвестициялық қорларынан, концерндерден, ассоциация мен басқа да бірлестік пен кәсіпорындардан қайта бөлу тәртібімен түскен ақша қаражаттары;
-мемлекеттік және жергілікті бюджеттерінен және арнайы бюджеттен тыс қорларынан түскен инвестициялық ассигнованиялары. Бұл қаражаттарды негізінде мемлекеттік, аумақтық немесе салалық мақсатты бағдарламаларын қаржыландыруға бөледі. Осы қаражаттардан қайтарымсыз қаржыландыру оларды меншіктік қаражаты қылдырады.
-шетел инвесторлардың қаражаттары. Олар, еншілес кәсіпорындардың жарғылық капиталына қаржы және басқа да салымдары, халықаралық мекемелер мен қыржы институттарына, мемлекетке ақша формасында салымдар. Шетел инвестицияларын тарту халық аралық экономикалық байланыстын дамуын және алдағы ғылыми – техникалық жетістіктерді ендіруді қамтамасыз етеді.
Инвестицияларды қаржыландыру формалары. Фирма өзінің инвестициялық қызметін қаржыландыру көздері ішінде қандай қаражаттарды тартуына байланысты инвестицияларды қаржыландырудын негізгі үш формаларын бөледі:
* Өзін өзі қаржыландыру – инвестициялық қызметін толық өзінің ішкі көздеріне пайда болатын меншіктік қаражаттары арқылы қаржыландыру. Қаржыландырудың бұл формасы қысқа мерзімді ретабелділігі төмен инвестициялық жобаларын іске асыру мақсатында қолданылады.
* Несиелік қаржыландыру ереже бойынша қысқа мерзімді рентабелділік нормасы жоғары инвестициялық жобаларын іске асыруда қолданылады. Қарыз капиталының ерекшелігі, оны белгілі бір уақыттан кейін қайтару керек және кредитор инвестицияны сатудан түскен кіріске қатыса алмайды.
*Үлестік немесе аралас қаржыландыру дегеніміз қаржыландырудың бірнеше көздерінінің комбинациясы. Бұл инвестициялық қызметінің кең тараған қаржыландыру формасы және әр түрлі инвестициялық жобаларын іске асыруда қолданылады.
Инвестициялық қызметін қаржыландыру көздерін тандау кезінде фирмалар бірнеше факторларын есепке алуы тиіс: тартылғын капиталының құны, оның тиімділігі, фирманың қаржылық тәуелсіз деңгейін анықтаушы меншікті және қарыз капиталының қатынасы, инвестордын экономикалық қызығушылығын.
Нақты инвестициялар формалары, капиталдық салымдар.
Фирманың кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктері болады. Негізгі ерекшеліктерді қарау керек. Біріншіден, фирманың инвестициялық қызметі оның кәсіпкерлік дамуының жалпы экономикалық стратегиясының бір бөлігі болады. Фирманың экономикалық даумыуның негізгі тапсырмалары оның активтерінін құрамын жаңарту немесе көлемін кенейтуді талап етеді. Осының барлығы инвестициялық қызметі процессінде байқалады.
Инвестициялық қызметінің ерекшелігі фирманың инвестициялық қызметінің көлемі оның экономикалық дамудың өсу қарқының бағалауға мүмкіндік береді. Фирманың инвестициялық қызметінің көлемі екі көрсеткіштерімен белгіленеді: жалпы инвестициялар сомасы және таза инвестициялар сомасы.
Таза инвестициялар сомасының динамикасы кәсіпкерлік фирманың экономикалық дамуын білдіреді және оның пайдасының потенциалын көрсетеді. Егер таза инвестициялар сомасы оң болса, яғни жалпы инвестициялар сомасы амортизациялық аударымдардан жоғары болған жағдай, онда кәсікерлік фирмада айналымна тыс активтердің ұдайы өндіріс кенеюі және ондай фирма өсуші деп аталмақ.
Егер таза иныестицялар сомасы нөлге тең болса, онда кәсікерлік фирмада экономикалық өсуі жоқ және өндіріс потенциалы өзгеріссіз. Ондай фирманы «бір орында тұратын» деп айтамыз. Егер таза инвестициялар теріс санды көрсетсе, онда фирманың өндіріс потенциалы төмендеп, фирма өзінің капиталын өзі «жеп» қояды деп айтуға болады.
Фирманың инвестициялық қызметінің ерекшелігі оның бірнеше фаторларымен белгіленетін циклы:
. бастпақы инвестициялық ресурстарын қалыртастыру және жинау;
. инвестициялық қызметіне оң немесе теріс әсер ететін сыртқы кәсіпкерлік сала;
. инвестицяилау процессіне фирманың ішінде жағдай жасау.
Кәсіпкерлік фирманың инвестициялық қызметі процессінде шығындар ұзақ мерзімді болмақ, яғни инвестициялық салымдарын жасау мен пайда табу аралығында ұзақ уақыт өтедеі. Бұл мерзімнің мөлшері фирманың инвестициялық процессін іске асыру мерзіміне байланысты. Жоғарыда аталған көз қарасты келесі матрица көмегімен көрсетуге болады, яғни ол инвестициялық процесстін екі жағына да табыстылқ пен тәуекелді білдірмек.
2.7. Өзіндік бақылаудың тестік сұрақтары.
1 Негізгі қорларға инвестициялар дегеніміз:
А) қаржы инвестициялары;
Б) капиталдық салымдар;
В) портфельдік инвестициялар;
Г) айналым құралдары;
Д) негізгі құралдар.
2 Инвестициялар – дегеніміз…
А) айналым және негізгі капиталының ұдайы өнлірісіне кеткен шығындар түріндегі барлық жалпы капиталдық салымдар;
Б) объектіні эксплуатациялау процессінде қойылғын тапсырмаларға жетуді бақылауды қарастыру шаралары;
В) инвестициялық шешімдердін тиімділігін бағалау жүргізілетін негізгі құжат;
Г) кіріс табу немесе әлеуметтік эффектіге жету мақсатында капитал салымдарының барлық формалары;
Д) әлеуметтік эффектіге жету мақсатында мүліктік құндылықтарға капитал салымы.
3 Нақты активтер, олар ұзақ мерзімді салымдар:
А) материалдық өндірісіне;
Б) қызметтің материалдық – заттылық түрлеріне;
В) негізгі құралдарға;
Г) айналым құралдарына;
Д) дұрыс жауап А және Б.
4 Негізгі капиталына нақты активтер (капиталдық салымдар), келесі құрылымдарымен сипатталады:
А) салалық;
Б) қаржылық;
В) ұдайы өндірістік және техникалық;
Г) кәсіби;
Д) дұрыс жауап А және В.
5 Өндірістін интернационализациялауының күшюінде кеңейеді:
А) капитал импорты;
Б) ішкі инвестициялардың көлемі;
В) капитал экспорты;
Г) сыртқы инвестициялар көлемі;
Д) дұрыс жауап В және Г.
6 Болашақта пайданы құру және табу мақсатымен экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімге салу дегеніміз?
А) несиелендіру;
Б) қаржыландыру;
В) инвестициялау;
Г) акционерлеу;
Д) қайта құру.
7 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері:
А) өтелу мерзімі;
Б) табыстылық есебі;
В) таза ағымдық құны;
Г) ішкі табыстылық, рентабелділік индексі;
Д) барлық жауаптар дұрыс.
8 «Инвестициялық жоба» дегеніміз:
А) объектіні эксплуатациялау процессінде қойылғын тапсырмаларға жетуді бақылауды қарастыру шаралары;
Б) инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты қаржы көрсеткіштері және сипаттамасын білдіретін негізгі құжат;
В) инвестициялық шешімдердін тиімділігін бағалайтын негізгі құжат;
Г) табысты алу және оның өсуін қамтамасыз ету мақсатында капитал салымдарының барлық формалары;
Д) қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге арналған іс – қызметтер жұмыс кешенің іске асыратын шаралар.
9 Жобаның тиімділігін алдын ала бағалу келесі этаптарда жүргізіледі:
А) жобалық құжаттарын дайындау;
Б) техникалық – экономикалық негіздеме;