Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 11:31, реферат
Инвестицияның мәні инвестициялық қызметінің екі жағын білдіреді: ресурс шығындары мен табатын нәтиже (пайда). Инвестициялар нәтиже табу мақсатында екі жақты қарастырылады: саналық (пайда) және сапалық (білім беру саласында – мектеп салу және білімді мамандар саның көбейту, кәсіпкерлікте - өнім шығару мақсатында кәсіпорындардын саның көбейту. Инвестициялық қызметінің объектілері:
- мүліктік құқық;
Инвестициялық процессінің спецификалық ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелік ақша қаражатының қозғалысымен байланысты. Инвестициялық жобалаудын ен қиын тарауы ақша ағымын және нақты ақшалар сальдосын есептеу болады. Олар әр дайым он берілгенді көрсету тиіс.
Инвестициялық жобалау процессінде қаржылық талдау жобанын мақсаты мен жағдайына қарай техникалық экономикалық незіздемесімен (ТЭН) толтырылуы мүмкін. ТЭН орындауда нақты ақша ағымының есебі бірнеше итерациядан тұрады. Қарыз қаражатының көлемі және тарту уақыты нақты ақшаның пайда болу дефицитімен және мөлшерімен белгіленеді. Қарызды қайтару де жиналған нақты ақша сальдосына байланысты. Қаражатты тарту және қайтару мерзімі мен тәртібі инвестициялардын жалпы көлеміне және шығындар мөлшеріне әсерін тигізеді, өйткені, зайымдар бойынша пайыздар қаржыы шығындары болып есептеледі.
Инфляциялық факторын есепке ала отырып инвестициялық жобаны бағалау
Жобаны тандау да инфляция мен белгіссіздік.
Инфляция – экономикада бағаның жаллы деңгейінің жоғарлау процессі және ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Ашық инфляцияда баға деңгейінің өсуі ұзаққа созылмақ, жабық инфляцияда тауар дефицитінің күшейюі. Біріншісі нарықты экономикада орын алады, екіншісі – орталықтандырылған жоспарлы экономикасында. Баяу инфляцияның позитивтік потенциалы инвестициялық процессін ынталандыруда байқалады. Инфляция темпі – берілген уақыт мерзімінде бағаның өсу қарқыны.
Инфляцияның жобаның тиімділік көрсеткіштеріне әсерін екі аспектіде байқауға болады:
жоба көрсеткіштерінің натуралдық өлшем бірліктеріне әсері, яғни инфляция кезінде тек қана қаржы көрсеткіштері өзгермей, сонымен қатар сату жоспары де өзгеріп отырады;
жоба көрсеткіштерінің ақша көлеміне әсері
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалауда халықаралық тәжірибеде есептеудің келесі тәсілдері қолданылмақ:
ақша ағымын бағалар өзгерісіне қарай және есептер теңгемен шетел валютасымен жүргізгенге байланысты инфляциялық корректірлеу;
пайыз қойылымында инфляция премиясы есепке алынады;
инфляцияның жоғары деңгейі жағдайныда сезімталдық талдауы.
Инфляция, ереже бойынша, қолма қол ақша ағымына әсер етеді. Жалпы, бұл әсер келесіде көрсетілген:
түсімнің өсуі;
шығынның жоғарлауы;
пайыздардын және ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоғарлау мүмкіндігі.
Инфляцияның жоғарлау кезінде кредиторлар қарыз қайтарылымын жоғары талап етеді. Пайыздық қойылымдар екі компоненттен тұрады: нақты пайыздық қойылым және инфляцияға өзгеріс.
Нақты пайыздық қойылым келесі формуламен есептеледі:
,
мұнда R нақты – нақты пайыздық қойылым, Rноминал- номиналдық пайыздық қойылым, ал I – инфляция пайызы.
Динамикада қарастырылатын шешім нұсқаларының тиімділігін бағалауда инфляциянын әсерін дұрыс есептеуде, талдау уақыт мерзімінде болатын инфляция қарқынын дұрыс болжау білу керек.
Есептеуде болатын қателіктерді екі жолмен шешуге болады.
Бірінші – өндірістін барлық шығындары мен нәтижелерін бос конвертациялы валютасымен есептеу керек.
Өндірістін барлық шығындары мен нәтижелерін салмастыру және экономиканың инфляциялық режимінде қызмет етуі проблемаларын шешудің екінші жолы болып, барлық шығындар мен нәтижені болжау мерзіміңін ұзақтылығанда есептеу ұлттық валютанын тұрақты бағасымен жасау. Мұндаә есептерде инфляцияны естен шығармау керек. Шығындармен нәтижені корректірлеу инфляция коэффитциентің қолданумен жасалады. Балансытқ пайданы есептеу келесі формула арқылы жасалады:
П=J*(В-С),
мұнда П- кәсіпорынмен өндіріс қуатын құру мен игеруден кейін бірінші уақыт интервалында алатын баланстық пайдасы;
В – кәсіпорынның осы мерзіміндегі түсімі;
С – осы мерзіміндегі өнімді өндіруге кеткен шығындыр;
J – осы мерзімдегі инфляциялық коэффициент.
Инфляциялық коэффициент J келесі формуламен есептеледі:
J=,
мұнда Фц – кәсіпорынмен өндіріс қуатын құру мен игеруден кейін бірінші уақыт интервалында шығарылатын өнім бағасының өсуін есепке алатын инфляция коэффициенті;
Фц=(1+Ц1)*(1+ Ц2)*(1+ Ц3)*….(1+Цn)=,
мұнда Ц1, Ц2, Ц3 и т.д. Цп – өнім бағасының өсімшесі (бірлік бөлігі);
Фр – өндірісте осы уақыт мерзімінде қолданылатын әр түрлі ресурстар (шикізат, материалдар, энергия, еңбек қүші және т.б.) бағасының өсуін есепке алатын инфляция коэффициенті;
Фр= (1+Р1)*(1+Р2)*(1+Р3)…..(1+Рn)=
мұнда Р1, Р2, Р3 и т.д. Рn – уақыт интервалында қолданылатын ресурстардын бағасының орташа өлшем өсімшесі (бірлік бөлігі);
Фв – осы мерзімдегі ұлттық валютасының инфляция коэффициенті
Фв=(1+И1)*(1+И2)*(1+И3)….(1+
мұнда И1, И2, И3 и т.д. Иn – уақыт интервалында ұлттық валютаның инфляция қарқыны (бірлік бөлігі).
J= формуласын келесі түрге өзгертейік:
J=
мұнда Р – осы уақыт интервалында рентабелділік коэффициенті Р=В/С.
Белгіссіздік жағдайларында инвестициялық жобаны бағалау
Операциялық леверидж және тәуекел.
Тәуекел дегеніміз– капиталды жоғалту ықтималдығы. Әр түрлі инвестициялық жобалар тәуекелдің әр түрлі дәрежесіне ие. Жоғары табыстылық болып көрінген инвестициялық жоба тәуекел болуы мүмкін және фирманың тәуекеліне әкеледі. Ал соңғысы фирманың құнының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Қаржылық немесе нақты инвестицияларына тәуекелд дегеніміз инвестормен пайда таппау ықтималдығы.
Белгіссіздік – инвестициялық жобаны іске асыру жағдайында, оның ішінде - онымен байланысты шығындар мен нәтиже туралы мәліметтін толық болмауы немесе нақтылықсызыдығы. Жобаны жағысмыз жағдай мен салдарында іске асыру жолындағы, пайда болу ықтималдығымен байланысты білгіссіздік, тәуекел деген ұғымды білдіреді.
Жобаның тәуекелі – тиімділік жобаны тиімсіздікке айналдыруға әкелетін жобаның манызды параметрлерінің өзгерісі. Тәуекел мен белгіссіздік факторлары инвестициялық жобаның тиімділігін есептеуде есепке алынады.
Инвестициялық тәуекелдердің түрлері:
- экономикалық заңдылықтары және ағымды экономикалық жағдайының тұрақсыздығымен, инвестициялау жағдайы мен кірістерді пайдалануымен байланысты тәуекел;
- сыртқы экономикалық тәуекел;
- техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы туралы мәліметтердің, жаңа техникасы мен технологиясы параметрлерінің толықсыздығы немесе дұрыс болмау;
- нарық курсы, баға, нарық конъюктурасының өзгерісі;
- табиғи – климаттық жағдайының белгіссіздігі және апат істерінің ықтималдығы;
- өндірістік – технологиялық тәуекел.
Фирманың кәсіпкерлік тәуекелі операциялық левериджімен байланысты. Операциялық леверидж – дегеніміз пайдадағы өзгерістердің өсуіне әкелетін негізгі құралдарды қолдану, яғни фирмамен тұрақты шығындарға әкелетін активтерді пайдалану.
Тұрақты шығындар – дегеніміз өндіріс көлемінің өзгерісімен байланысты өзгермейтін шығындар. Оларға: ғимартапен құрылыстырдын амортизациялық аударымдары, сақтандыру, мүлік салығы, кейбір коммерциялық қызмет төлемдері, басқарушылық шығындарынығ бір бөлігі жатады.
Ауыспалы шығындар – шығару көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Олар өндіріс жұмыскерлерінің еңбек ақысы, шикізат құны, коммуналдық төлемдерінің бір бөлігі, бағалы қағаздарды сатуға комиссия, әкімшілік және жалпы шығындарының кейбір бөлігі.
Тұрақты шығындарды қарастырсақ өндіріс көлемі өзгерісіне байланысты пайданың қатысты өзеруі, өндіріс көлемінің қатысты өзнеруіне қарағанда жоғары болады. Бұл феномен операциялық леверидж деп аталады.
Белгіссіздік және тәуекел жағдайларында инвестициялық жобаның тұрақтылығын бағалау әдістері.
Белгіссіздік және тәуекел факторларының есебінде жобаның тиімділігін бағалауда оның іске асырылуы туралы барлық мәліметтер белгілі болуы тиіс. Тиімділігін бағалау үш әдәстерімен жүргізіледі:
- тұрақтылығын тексеру;
жобаның параметрлерін және экономикалық нормативтерің корректрлеу;
белгіссіздікке формалдығ анықтама беру.
Тұрақтылықты тексеру әдісі ең ықтималдық немесе ең қауыпты жағдайларда жобаны іске асыру сценарийлерің әзірлеудә қарастырады. Әр бір сценарий бойынша белгілі бір жағдайға байланысты жобаның іске асыру экономикалық – ұйымдастырушылық механизмі қалай жұмыс істейтінің, мұндағы кірістер мен шығындар және жеке қатысушылардың, мемлекеттін, қоғамның тиімділік көрсеткіштері қандай болатындағын көрсетеді. Тәуекел факторларының дисконт нормасына әсері мұнда есепке алынбайды.
Жоба, барлық қарастырылған жағдайларда қатысушылардың қызығушылықтары еске алынып, ал мүмкін болатын жағымсыз салдар қорлар мен запастар немесе сақтандыру төлемдері көмегімен жойылса, тиімді және тұрақты деп саналады.
Жобаның сату жағдайларының мүмкін болуы өзгерістеріне қарағанда тұрақты дәрежесі, өндіріс көлемінің шектелген көрсеткіштерімен, шығарылған өнім бағасымен және басқа да факторларымен анықталмақ.
Белгілі бір i-жылында жобының параметрінің шектеулі белгісі, осы i- жылында қатысушының таза кірісі нөлге теңестңрңлгенде анықталады. Осы типтін манызды көрсеткіштерінің буру зиянсыздық нүктесі болады. Зиянсыздық нүктесі өнімді сатудан түскен түсім өніріс шығындарына теңестіретін сату көлемін көрсетеді.
Осы көрсеткішті есептеу кезінде өнімді өндіруге кеткен шығындар өндіріс көлемінің өзгерісіне байланысты тұрақты Зс және ауыспалы Зх болып екі түрге бөлінеді.
Зиянсыздық нүктесі (Тб) келесі формуламен есептеледі:
Тб= ,
Мұнда Ц – өнім бірлігінің бағасы.
Жобаланатын өндірістің жұмыс қабілеті бар деп айтуға (берілген шагында) зиянсыздық нүктесінің белгісі номиналдық өндіріс және сату көлемінен төмен болуы тиіс (осы шагында). Өндіріс және сату көлемінен зиянсыздық нүктесінің белгісі (пайыздық қатынасымен) неғұрлым алысырақ болса, солғұрылым жоба тұрақты болмақ.
Егер өндіріс көлемінің өзгеруіне немесе қолданылатын өндіріс қуатының деңгейінің өзгеруіне қарағанда шығындар мөлшері линейлік болып өзгермесе есептеу әдәсә қиын болмақ.
Зиянсыздық мөлшерін есептеу кезінде келесі жағдайлар мен рұқсаттар сақталуы тиіс:
- өндіріс шығындары мен маркетинг;
- өндіріс көлемі сату көлеміне тең;
- тұрақты эксплуатациялық шығындар кез келген өндірісс көлеміне бірдей;
- ауыспалы шығындар өндіріс көлеміне байланысты өзреіп отырады, сондықтан, толық өндіріс шығындары да оның көлеміне қайрай өзгермек;
- өнімнің сату бағасы немесе сатылатын барлық тауар комплексіне уақытқа байланысты өзгермейді. Сондықтан, жалпы сату құны сату бағасы мен сатылған өнім саңына байланысты линейлік функциясы болады.
- өнім бірлігінің сату бағасының деңгейі, ауыспалы және эксплуатациялық тұрақты шығындар тұрақты болып қалады, ал шығарылатын өнім мен ресурстарына арналған баға бойынша сұраныстын нөлге тең;
- зияңсыздық мөлшері тек қана бір өнімге есептеледі; оның құрылым номенклатурасы әр түрлі болса, олардын өндіру саңы тұрақты болуы тиіс.
Жобаның параметрлерін және есепте алынатын экономикалық нормативтерін корректрлеу, жобалық белгілерін күткен белгілеріне ауыстыру жобаның белгіссіздігіне әкелмек.
Таза кірісті басқару және тәуекелді минимизациялау.
Тәуекелді басқару – дегеніміз білгіссіздіктін жағымсыз салдарын алдын алу және төмендету. Тәуекелді белсенді басқару процессі – дегеніміз шешімді қабылдау этабында тәуекелдін алдын алу, - қызметті жоспарлаудан басталады, яғни маркетингтік зерртеу жұмыстарынан тұрады. Мұнда сұраныстын төмендеуі және өнім мен ресурстардын бағалары өзгеруі (кәсіпкерлік тәуекел) жоспарланады. Өндіріс процессін жоспарлау мен ұйымдастыруда ресурстардын тиімді пайдалану деңгейін белгілілеп, яғни ағымды шығындар мен таза кірістерді, ретнабелділікті тәуекелін төмендету жұмыстары жүргізілмек. Инвестициялар мен қаржыландыру туралы шешімін қабылдау кезінде қаржылық тұрақтылығын және өтімділікті жоғалту тәуекелі есепке алынады. Қызмет етуші кәсіпорында тәуекелдердін аталған түрлерін минимизациялау леверидждің пәні болмақ – таза кірісті жоғарлату мақсатында активтер мен пассивтерді басқару. Таза кіріс дегеніміз – түсім мен шығындардын айырмасы және өндірістік және қаржылық кірістері мен шығындарының айырмасы, олардын көлемі мен құрылымы басқарушылық шешімдерге байланысты. Басқару нәтижелерін оптимизациялау үшін өндірістік (операциялық) және қаржылық тұтқасын немесе тиімділікке әсерін тигізетін тұтқалары қолданылады.