Инвестициялық жобалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 12:18, реферат

Краткое описание

1.Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері
2. Инвестициялық жобаның өмірлік циклі және кезеңдері

Файлы: 1 файл

реферат инвестиция.docx

— 26.18 Кб (Скачать)
 
 

Мазмұны

1.Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері 

2. Инвестициялық жобаның өмірлік циклі және кезеңдері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері

  Кез келген  инвестициялық қызметтің түрі,оған  капитал жұмсау немесе инвестициялау  барысында арнайы инвестициялық  жобаның болуына талап етеді.

     Жоба-бұл мүліктік объектілерді және техникалық үдерістерді жүзеге  асыруға қажетті материалдық-қаржылай еңбекпен және  инвестициялық мақсаттарға жету бойынша жұмыс жүргізу үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық құжаттардың пакетін, сондай-ақ олардың орындалуымен байланысты басқару шешімдерін және шараларын қамтитын, көздеген  мақсатқа немсе нәтижеге жетуге  бағытталған жүйе болып табылады.

  Инвестициялық жоба- қаржылық нәтижесі пайда алу, материалдық-мүліктік нәтижесі жаңа өндірісті құру немесе стратегиялық мақсаттарға жету мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңарту, қалпына келтіру,өндірісті кеңейту қаражат салу, қаржы құралдары мен материалдық емес активтерді сатып алу және пайдалануға бағытталған жүйелі түрдегі шаралар жиынтығын білдіреді.

   Инвестициялық  жобаларға тұрғын үй, құрылыс,үй  объектілерін салу жобасы, инвестициялық  портфельді қалыптастыру, ғылыми-зерттеу  жұмыстарын зерттеу жобалары, жаңа техника мен озық технологияларды игеру жобасы,кәсіпорындарды қайта құру және кеңейту жобалары,кинофильмдерді шығару жобалары, аймақты қамту және т.б. жатады.

    Инвестициялық жобаның мақсаты-белгілі бір уақыт аралығында қалған нәтижеге қол жеткізу болып табылады.

     Кез  келген жобаны қаржыландыру мен  несиелеуге инвесттиция жұмсау  жекелеген тәуекел түрлерімен  анықталады.Сондықтан инвестицияны  жұмсамас бұрын жоба жүргізу  қажет.Жобалық жұмыс маңызды болып  табылады,себебі инвестицияны тиімді  пайдалану оған тікелей байланысты.

   Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.

      1) Жобаның қалыптасуы. (кей уақытта "идентификациялау" термині қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорынның жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына анализ жасап, кәсіпорынның арықарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Анализдің нәтижесі бизнес идеясы түрінде толтырылып, кәсіпорынға неғұрлым маңызды есепттерін шешуге бағытталған. Бұл кезеңде идеяның жүзеге асуындағы неғұрлым көбірек көндіретін аргументациялар бар болу керек. Кәсіпорынның арықарай дамуында бірнеше идеялар пайда болу мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалылығымен және іске асатындығымен ұсынылса, онда өңдеудің соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін осымен қатар бірнеше инвестициялық жобалар өңделеді.

      2) Жобаны өңдеу (дайындау). Жобаның бизнес идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген -тиянақты Шешім қабылдауға болады дегенше оны(яғни бизнес-идеяны) арықарай дамыту керек. Бұл кезеңде жобаның жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және т.б. бірте-бірте нақтылануы мен жетілуі талап етіледі.   Бұл кезеңде жобаның кейбір есептерін шешу үшін шығатын ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып келеді. Жобаның сәтті іске асуы  жобалық анализдеу процессінде пайда боллатын мәліметтерді дұрыс өңдей алуына және шығатын ақпараттардың шынайығының дәрежесіне тәуелді екенін түсіну керек.

      3) Жобаның экспертизасы. Жобаның іске асуының алдында оның квалификацияланған экспертизасы - жобаның өмір-сүру циклының керекті кезеңі. Егер жобаның қаржыландырылуы негізінде стратегиялық инвестордың қаржысымен(несиелік немесе тікелей) іске асса, онда инвестордың өзі экпертизаны жүргізеді, мысалы болашақта жобаны іске асыру процессінде ақшасының көп бөлігін жоғалтуынан гөрі бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмасына кететін ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалау мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өзінің құралдарының басымдылығымен іске асыруын жоспарласа, онда жобаның экспертизасы жобаның негізгі жэағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де  керекті.

      4) Жобаны іске асыру.  Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап  жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Бұл жерге іскерліктің барлық түрінің орындалуына көз салынады және  мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдарының мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты шығатын инвестицияны жабу үшін жобамен өндірілетін  ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салынған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

      5) Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында және жобаны орындау процессі кезінде жүргізіледі. Бұл іскерлік түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялары мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысын алу болып келеді. Ұқсас салыстырулардың нәтижесінде жобаны құрастырушылардың құнсыз тәжірибесі қалыптасады және оны құрастыру кезінде мен басқа жобаларды іске асырғанда қолдануға мүмкіндік береді.

   Барлық  инвестициялық жобаларды төрт  түрге бөлуге болады:

  • тәуелсіз
  • өзара шектеуші
  • өзара толықтырушы
  • өзара ықпал етуші.

    Инвестициялық жобалар басқалардың жүзеге асуы әсер етпеген жағдай да ол тәуелсіз болып табылады.

      Өзара шектеуші-бұл жоба кезінде басқа бір жоба әсерінен басқалардың жүзеге асырылу мүмкіншілігі болмайтын жобалар.

       Инвестициялық  жобалар бір уақытта қабылданса, немесе кері қайтарылса-олар  өзара толықтырушы болып табылады.

       Өзара ықпал етуші-бұл жоспарланған жобаның жүзеге асырылу әсерінен қосымша тиімділік әкелетін жобалар.

      Инвестициялық  жобаның объектілері жаңа құрылған  өндіріс, сонымен бірге қалпына  келтіру,кеңею өндірісі болып  табылады.

      Инвестициялық  жобаның ерекшеліктеріне байланысты  келесідей типтерге бөлуге болады:

    • шағын жобалар
    • ірі жобалар
    • мультижобалар
    • халықаралық жобалар

      Шағын жобалар-бұл өзінің ерекшелігіне байланысты өте аз шығынды қажет ететін, мақсаты-пайда табу болып табылатын шағын кәсіпкерелікті  жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін сипаттайды.Шағын жобаларды іске асыру мерзімі-қысқа және орта мерзімді болады.

   Ірі жобалар-бұл белгілі бір ортақ мақсатқа арналған көптегн жобалардан тұратын мақсатты бағдарламаны білдіреді.Бұл бағдарламалар халықаралық,мемлекеттік,ұлттық,аймақтық, салааралық және аралас болып келеді.Бұл инвестициялық жоба құндылығымен немесе капитал сыйымдылығы 1 млрд доллардан асатын қаражатты қажет ететін, іске асырылу мерзімінің ұзақтығымен , сондай-ақ инфрақұрылымдарға кететін шығындарымен және әлеуметтік-экономикалық ортаға негізделген ықпалымен байланысты басқа юобалардың өзара ерекшеленеді.Жобаларды іске асыру мерзімі ұзақ мерзімді болып келеді.

   Мультижобалар-бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру,жаңғырту және жаңадан құру мақсатындағы бағдарламаларды білдіреді.Бұл жобаларды іске асыру-қысқа және орта мерзімді сипатта болады.

    Халықаралық жобалар-экономикада біршама күрделі және құндылығымен,сонымен қатар атқаратын рөліне байланысты басқалардан ерекше.Бұл жобаның басты ерекшелігі-оны іске асыру барысында нарықтан қажетті құрылыстық жобалар м ен материалдар алынып пайдаланылады.Сондай-ақ,ортақ мақсатты бар және бірлескен түрде қаржыландыруды қажет ететін бағдарламаны сиаттайды.Халықаралық инвестициялық жоба оған қатысушы мемлекеттер немесе қаржылық ұйымдар арасында алдын ала жасалынған келісімшарттар негізінде жүргізіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Инвестициялық жобаның өмірлік  циклі және кезеңдері

  Кез келген  инвестициялық жоба оның жүзеге  асырылуымен және табыс алу  мақсатымен байланысты қарастырылады.Сондықтан  алға қойылған мақсаттардың жүзеге  асырылу кезеңі инвестициялық  жобаның өмірлік циклі деп  аталады.Инвестициялық жобаның өмірлік  циклі-жобаны жүзеге асырудан  бастап аяқталуға дейінгі уақыт  аралығы.Сонымен қатар, кез келген  инвестициялық жоба оны дайындау,іске  асыру барысында үш кезеңді  басынан өткізеді:

  • инвестициялау алдындағы
  • инвестициялау
  • жаңадан құрылған объектілерді игеру және пайдалану.

  1-кезең.Инвестициялау алдындағы кезеңде жобалау объектісінде кәсіпорынның болашақ мүмкіндіктері зерттеледі.Инвестициялар туралы шешімдер алдын ала қабылданады.

    Мемлекеттік-кешендік  сараптама бойынша республикалық  бюджет қаражаттары есебінен  жүзеге асырылатын, заңға сәйкес  мемлекеттің қолдауын талап ететін, үкімет кепілдігіне шетелдік  несие арқылы жүзеге асырылатын,заңға  сәйкес мемлекеттің қолдауын  талап ететін,үкімет кепілдігіне  шетелдік несие арқылы  жүзеге  асырылатын инвестициялық жобалар  жатады.Құжаттарды тексеру нәтижесінде  экспорттық қорытынды шығарылады, яғни инвестициялық жобаға экономикалық,теникалық,қаржылық  және әлеуметтік баға беріледі.Бұл  кезеңде жобаны жүзеге асыру  мүмкіндіктері талданады.

   Инвестициялау алдындағы кезеңнің өзі үш сатыдан тұрады:

  • инвестицияға қажетті ресурстарды іздестіру;
  • жобаны алдын ала дайындау,яғни оның жобалық сметасының құжаттарын дайындау;
  • жобаны жасауды аяқтау және оның техникалық,экономикалық,қаржылық тиімділігін қабылдау.

    Сондай-ақ,бұл  кезеңде келесідей шаралар  жүзеге асырылады:

    • инвестициялық санаға жобалық идеялардың ауысу мақсатымен инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау
    • жобаның жағымды және жағымсыз жақтарын көру мақсатында техника-экономикалық дайындық жүргізу
    • жобаның нақты артықшылықтарын анықтау мақсатында бизнес-жобаның бөлімдерін құру
    • жобаның сараптамасын жасау.
 

    2-кезең.Инвестициялау кезеңі.Бұл жобаны таңдап алуды,объектінің модельдері мен сызбаларын дайындауды,құнды толық,дәл есептеуді қамтиды.Бұл сатыда қаржылық,заңнамалық ұйымдастыру негізі,құрылтай құжаттары дайындалады.Басқарудың ұйымдастырылу құрылымы,техника мен технология таңдалады және маркетингтік зерттеу жүргізіледі.

      Инвестициялау  кезеңі де үшш сатыдан тұрады:

    • келісім жасау,тендер жұмыстарын ұйымдастыру
    • құрылыстық,монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру
    • жоба бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау.

        Шаралары:

  • инвесторлармен,жабдықтаушылармен,мердігерлермен жүргізілетін мәмілелердің,келісімшарттардың қорытындыларын жасау
  • тартылған инвестицияның көлемін анықтау
  • құрал-жабдықты монтаждау
  • жер учаскесін алу
  • өндірістің бас жоспарын дайындау
  • мамандарды қабылдау және оқыту
  • маркетинг жүргізу

      3-кезең.Үшінші кезеңде құрал-жабдықтарды  дайындау, орналастыру, іске қосу  және инновациялық жұмыстар жүргізіледі.Сонымен  қатар,құрылыс материалдарын,мүліктерді  сатып алу, қызметкерлерді жалдау  мен құрылыстық-монтаждық реттеу  жұмыстары,сондай-ақ дайын объектілерді  пайдалануға беру жүзеге асырылады.

   Жаңадан  құрылған объектілерді игеру және пайдалану кезеңі де үш сатыдан тұрады:

  • монтаждау
  • өндірісті іске қосу
  • жобаны аяқтау және пайдалануға беру

    Шаралары:

  • өндіріс мониторингі,яғни нақты мәліметтерді жоспарланған мәліметтермен салыстыру
  • теріс жақтарды табу және олардың себептері.

   Жоғарыда  аталып өткен кезеңдердің жүргізілуінің  өзіндік тәртібі болады:

  1. Инвестициялау ресурстарын іздестіруде қайта өңдеуге және өндірістік мақсатқа пайдалануға арналған пайдалы қазбабайлық немесе табиғи ресурстардың болуы негізгі шарт болып табылады.Сондай-ақ,бұл сатыда сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін демографиялық,әлеуметтік және экономикалық факторлар да есепке алынады.Жобаны инвестициялау мүмкіндігін іздестіру импортқа орын ауыстыратын өнімдер көлемі,сондай-ақ экспорттық маңызы бар тауарлар мен қызметтер көлемі талданады.
  2. Кез келген инвестициялық жоба алдын ала дайындалып,жоба жасауды аяқтағаннан кейін қаржыландыруды талап етеді.Жобаны қаржыланндыру барысында жобаға қажетті әр түрлі ресурстар бойынша жобаға қатысушылар оларға өзара келісімшартпен келісімдер жасайды.Инвестициялық жобаны іске асырудың бұл кезеңінде маркетингтік зерттеулер жасау,сонымен қатар кадрлардың немесе мамандардың біліктілігін арттырумен байланысты маңызды мәселелер қарастырылады.
  3. Инвестициялық жобаны жасаудың үшінші кезеңі бұл іске асырылған жобаның нәтижесінде пайда болады. Жаңа  объектіні, оның тапсырушысына кілтін беруден бастай отырып, оны қабылдау және қосу шаралары және тағы сол сияқты жұмыстар атқарылады.

Информация о работе Инвестициялық жобалау