Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:55, дипломная работа

Краткое описание

В дипломной работе рассматривается тема ”Применение информационных сети в учебном процессе”. Работа состоит из трех частей. В основной части работы дается теоретические сведения о информационной сети, в практической части даны задания для практических работ с методическими указаниями.А в методической части дано план работы проведения урока.

Оглавление

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Практикалық бөлім
5. Қорытынды
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Файлы: 1 файл

дарикулова.doc

— 536.50 Кб (Скачать)

Дәрежелері  бірдей түйінді желілерде басқару үшін жеке компьютер белгіленбейді, мұнда әрбір жұмыс станциялары басқалары үшін сервердің қызметін атқара береді. Мысалы, бір компьютерге принтер, басқасына компакт-дискіге арналған дискжетек қосылуы мүмкін. Егер мүндай желі Windows 98 операциялық жүйесінде жұмыс жасаса және перийфериялық жасақ ортақ ресурс ретінде анықталса, онда желідегі әрбір пайдаланушы адам осы ресурстардың барлығын пайдалана алады. Бірақ егер принтер қосылған компьютер іске қосылмай тұрса, желі арқылы баспаға шығара аламыз. Бірдей дәрежелі түйінді желіні құру өте жеңіл және байланысқан компьютерлер мәселелерін тиімді шешеді.

Желінің бұл  түрінің де өзіндік қасиеттері бар және бір-бірімен байланысты қолдануға болады.

Windows 98 құрамында жергілікті (локальный) және кең ауқымды (глобальный) желімен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін компоненттер бар.

 

3.1. Windows операциялық жүйесінің желілік компоненттері

 

Windows 98 операциялық жүйесінің желілік жұмыстары мынандай компоненттерден тұрады:

  1. Адаптер - желілік архитектураның ең төменгі деңгейі.  Ол желілік сым мен Windows операциялық жүйесінің  байланысын қамтамасыз етеді.
  2. Клиент – компьютердің ортақ ресурстарға (принтерге, бумаларға) қосылуын қамтамасыз етеді және анық бір желілік операциялық жүйемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер желіге Windows 98 операциялық жүйесімен жұмыс жасайтын компьютерлер қосылған 

болса, онда Client For Microsoft Nerworks (MSN) орнату керек. Егер желіде Novell NetWare сервері болса, Clientfor NetWare Networks программасын қолдану қажет.  Ал Windows тобындағы жұмыстар қолданылатын болса және Novell сервері қосылса онда программалық жабдықтың екеуінде орнату керек.

  1. Желілік тақша (Сетевая плата) – компьютерлерді желіге қосуға арналған арнайы құрылғы (устройства, обеспечивающее физическое подключение компьютера к сети).
  2. Хаттама (Протокол) – желідегі компьютермен қатынас жасауға арналған арнайы тіл. Желідегі компьютерді іздеу тәсілдерін және мәліметтерді беру тәртібін анықтайды. Өте кең таралған IPX/SPX, TCP/IP және  Net BLOS хаттамалары болып табылады. Windows 98 осы хаттамалардың барлығын пайдалана алады (имеет внутреннюю поддержку для всех этих протоколов).
  3. Опрерациялық жүйе қызметі (Служба ОС) –компьютерлердің барлық ресурстармен жұмыс жасауын ұйымдастырады және компьютерге орнатылған қатты дисклер мен принтерлерді желідегі басқа түйіндермен бірге пайдалануды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, ол желілік администраторға жұмыс станциясындағы       программалық және ақпараттық хаттаманы басқару мүмкіндігін береді.

Желіге қосу кезінде компьютер жөнінде компьютер  толық мағлұмат алу үшін, Желі (Сеть) сұқбат терезесінде оның параметрлерін енгізу қажет:

  1. Желі (Сеть) сұхбат терезесінде ”Конфигурация” астарлы бетінде компьютердің конфигурациясын енгізу керек.
  2. Компьютер астарлы бетіндегі енгізу қатарына желіге қосылу кезінде компьютерге берілетін атауды, жұмыс тобының атын және сол компьютерге қысқа сыйпаттама беру қажет.

 

Басқа адамдар  сіздің компьютерге қосылған ресурсты пайдалана алу үшін, рұқсат беру құқығын  (право доступа) орнату керек. Мысалы, өз компьютеріңіздегі кейбір бумаларды желідегі барлық компьютерде пайдалана алатындай, ал кейбір өзіңіз ғана аша алатындай етіп жасауға болады. Ақпаратты барлық адамдар көретіндей, тек өзіңіз ғана өзгерте алатындай ету мүмкіндігі бар. Бұл параметрлерді де Желі (Сеть) астарлы бетінде тағайындай аламыз.

3.2 Желіге қосылу мүмкіндіктері (Вход в сеть)

Жұмыс станциясындағы басқа компьютерлерден айыру үшін, желіде жұмыс істейтін әрбір компьютердің атауы болу қажет. Компьютердің  атауы 15 символдан тұруы мүмкін  және арасында бос орын болмауы керек.

Топтың атын оған қосылған компьютерлерге байланысатырып беруге болады. Жұмыс тобы (Рабочая группа) өрісінде бұрын берілген атты немесе жаңа ат енгізуге болады.

Желідегі өз компьютеріңіздің атауын көру үшін:

  1. Бас менюдегі Баптау, Басқару тақталары (Настройка, Панель  управления) командасын орындаймыз.
  2. Басқару тақталары (Панель управления) терезесіндегі Желі (Сеть) шарт  белгісінде тышқанды екі рет шертеміз. Желі сұқбат терезесі ашылады. Компьютер астарлы бетіне көшеміз.
  3. «Компьютердің аты» (Имя компьютера) өрісінде компьютерге берілетін атты теріп жазамыз. Кез келген атты  жазуға болады. Мысалы, Студент 1,Сектор 3, Comp 3  т.с.с.
  4. «Жұмыс тобы» (Рабочая группа) өрісінде компьютер кіретін топқа берілетін атты жазамыз, мысалы 10-класс 1-  топ, т.с.с.
  5. «Компьютерге сипаттама»  (Описание компьютьера) ешнәрсе жазбауға да болады.
  6. Желі сұқбат терезені жабу үшін ОК батырмасын  шертеміз.

 

Әдетте желімен  жұмыс жасау үшін, пароль және регистрация  нөмірі қолданылады. Жүйеге кіру тәсілі Желі (Сеть) сұқбат терезесінде анықталады.

Конфигурация  астарлы бетіне көшіп, «Желіде жұмыс істеу тәсілдері» (Способ входа сеть) тізімінде тышқанды шерту керек. Желімен жұмыс жасау  тәсілінің  тізімі ашылады:

Microsoft  желілерінде арналған клиент (Клиент для сетей Microsoft). Бұл параметрді тағайындау арқылы, бірдей дәрежелі түйінді Windows желісіне қосыла аламыз.

NetWare желілеріне арналған клиент (Клиент для сетей NetWare). Бұл параметр Novell  желісіне қосылу үшін қолданылады.

Әдеттегідей Windows- қосылу (Обычный вход в Windows). Осы параметр таңдалған кезде, желіге қосылу әрекеті орындалмаса, қате жөнінде ешқандай хабарлама шықпайды.

 

3.3 Компьютерлік желіге қосылған ресурстарды анықтау

(Просмотр  ресурсов в компьютерной сети)

Егер  компьютер желіге қосылған болса, жұмыс  үстелінде Желілік қоршау (Сетевое окружение) шарт белгісі көрініп тұрады (,3-сурет). Желілік қоршау   шарт белгісі компьютерлік желіге қосылған ресурстарды анықтау мүмкіндігін береді:

1. Желілік қоршау (Сетевое окружение) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Осы мезетте желіге қосылған компьютерлер мен серверлер шарт белгісі көрініп тұратын. Желілік қоршау терезесі ашылады (4-сурет).

2. Тұтас желі (Вся сеть) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Егер сіздің компьютер желіге қосылмаған болса, онда қате жөнінде хабарлама шығады.

  1. Өзіңіз байланыс жасағыңыз келетін компьютердің, мысалы Alma  шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз.
  2. Келесі ашылған терезеден өзіңіз жұмыс жасай алатын осы компьютерде сақтаулы тұрған ақпаратар тізімін көре аласыз.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Желілік сұқбат  терезесінің  Конфигурация астарлы беті.

5. Оқығыңыз келетін буманың шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Келесі ашылған терезеде буманың мазмұны көрінеді.

6. Осы әрекеттерді қайталай отырып, желіге қосулы тұрған әрбір компьютердегі ақпараттарды оқи аламыз. Ашылған терезедегі құжаттың немесе буманың шарт белгісін өзіңіздің жұмыс үстеліне  тышқанды ұстаулы күйінде жылжытып көріңіз. Осы кезде бұл ақпарат таңдап алынған компьютерден сіздің компьютеріңізге көшіріледі. Егер бұл ресурспен жұмыс жасауға рұқсат жоқ болса, экранға ол жөнінде хабарлама шығады.

7.Барлық ашулы тұрған терезелерді жабыңыз.

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет.  Желілік сұқбат терезесінің  Компьютер  астарлы беті.


 

 

 

 

3-сурет. Жұмыс  үстеліндегі Желілік қоршау шарт  белгісі.

 Желідегі компьютерге сақталған ақпараттармен жұмыс істеу үшін, сол компьютердің шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту қажет. Осыдан кейін. Менің компьютерім (Мой компьютер) немесе Сілтеуіш (Проводник) терезесінде сол компьютердегі дискілердің тізімі шығады, қажетіне қарай кез келген ақпаратты компьютеріңізге көшіруге немесе оқуға болады.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

4-сурет. Желілік   қоршау сұқбат  терезесі.

 

3.4  Ресурстарды ортақ пайдалану жағдайын жасау

(Предоставление  в совместное использование ресурсов)

 

Бірдей  дәрежелі Windows 98 желісіне қосылған компьютерлерде дискілдерді, жеке бумаларды (каталогтарды), принтерлерді ортақ пайдалану жағдайын жасауға болады. Сіздің компьютердегі қатты дискімен немесе лазерлі принтермен басқа компьютерде отырып жұмыс жасауға мүмкіндік алу үшін:

  1. Бас менюдегі Баптау – Басқару тақталары (Настройка – Панель управления) командасын орындаймыз.
  2. Желі (Сеть) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Желі сұқбат терезесі ашылады, Конфигурация астарлы бетіне көшіңіз (1-сурет).

а) Орнатылған компонентердің тізімінде Microsoft желісіндегі файлдар және принтерлермен жұмыс істеу қызметі (Служба доступа к файлам и принтерам сетей Microsoft) қатары жоқ болса, Қосу (Добавить) батырмасына тышқанды шертіңіз. Қызмет (Служба) қатарына тышқанды екі рет шертіңізде, Microsoft желісіндегі файлдар және принтермен жұмыс істеу қызметі (Служба доступа к файлам и принтерам сетей Microsoft) қатарын белгілеп, Ок батырмасын шертіңіз. Компьютер өзі сұраған кезде, инсталляциялық дискетті немесе Windows 98 компакт дискісін салыңыз да ОК батырмасын шертіңіз.

ә) Ия (Да) батырмасында тышқанды шертіңіз. Сіз желідегі конфигурацияны өзгертіңіз, жаңа конфигурациямен жұмыс жасау үшін компьютерлерді өшіріп, қайтадан іске қосу қажет.

б) Басқару тақталары (Панель управление)  терезесінде Желі (Сеть) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз.

в) Ашылған терезеде Файлдар және принтерлермен жұмыс істеу мүмкіндігі (Доступ к файлам и принтерам) батырмасында тышқанды шертіңіз. Файлдар және принтерлермен жұмыс істеу мүмкіндігін ұйымдастыру (Организация доступа к файлам и принтерам) сұқбат терезесі пайда болады 5-сурет).

 

Егер  сіздің компьютердегі файлдармен желіге қосылған басқа компьютерлерде отырған  адам жұмыс жасай алатындай жағдай жасағыңыз келсе, «Бұл компьютердегі файлдарды ортақ жасауға болады» (Файл этого компьютера можно сделать общими) қатарындағы қанат белгісін көрсетіп қойыңыз. Ал принтерді ортақ пайдалану үшін, «Бұл компьютерге қосылған принтерді ортақ жасауға болады» (Принтеры этого компьютера можно сделать общими) қанат белгісін көрсетіңіз.

  1. ОК батырмасын шерткен соң, сұқбат терезесі жабылады да, Желі (Сеть) сұқбат терезесіне ораламыз.
  2. Желі (Сеть) сұқбат терезесінде қажет болса, басқа параметрлерді өзгертуге болады. Одан кейін ОК батырмасын шертіңізде, компьютерді қайта жүктеңіз (перезагрузить).

 

 

 

 


 

 

 

 

 

5-сурет. Файлдар мен   принтерлерді ортақ пайдалану мүмкіндігін ұйымдастыру терезесі

 

3.5 . Ортақ пайдаланатын файлдар мен принтерлермен жұмыс істеуді басқару (Управление доступом к совместно используемым файлам и принтерам)

 

Сіздің компьютердегі  файлдар және принтер мен басқа  компьютерлерде жұмыс істеу рұқсат берілгеннен кейін, оның қандай балатынын анықтау керек. Яғни, осы рұқсатты басқарудың екі түрлі мүмкіндігі бар.

Бірінші тәсіл  – ресурстар деңгейінде (на уровне ресурсов), парольді білетін барлық адамдарға жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бумалар және файлдар оқуға рұқсат ете отырып, оны өзгерту үшін, пароль сұрайтындай параметр тағайындауға болады.

  Екінші тәсіл – рұқсатты пайдаланушы адамдар деңгейінде басқару  (управление доступом на уровне пользователей). Бірдей деңгейлі түйінді желіде бұл тәсілді қолдана аламыз. Сервер белгіленген желілерде ғана қолданылады. Бұл кезде сіздің компьютеріңіздегі ортақ ресурстарға рұқсат етілген компьютерлер анықталады да, оларға әртүрлі рұқсат ету құқықтары беріледі. Анықталған ресурспен жұмыс жасауға мүмкіндік берілетін топтың немесе жеке компьютерлер тізімі алдын-ала анықталып бекітіледі және оның серверді техникалық жағынан қамтамасыз етуге міндетті желі админстраторы  ғана өзгерте алады.

 

3.6 .Ресурстар деңгейінде берілген рұқсатты басқару

(Управление  доступом на уровне ресурсов)

 

Ресурстар деңгейінде берілетін рұқсаттың үш деңгейі  бар: тек оқуға берілетін рұқсат (доступ только для чтения), толық рұқсат (полной доступ), рұқсатқа тыйым салу (запрещение доступа). Тек оқуға берілетін рұқсат, сіздің компьютердегі файлдар сәйкес пароль арқылы оқуға мүмкіндік береді. Мұндай рұқсатты тағайындау үшін:

  1. Басқару тақталары (Панель управления) терезесінде Желі (Сеть)  сұқбат терезесін ашамыз.
  2. Рұқсатты басқару (Управление доступом) бетіне көшеміз (6-сурет).
  3. “Ресурстар деңгейінде” (На уровне ресурсов) ауыстырғышын қосамыз, осы кезде әрбір бумамен, принтермен жұмыс жасауға рұқсат беру, пароль тағайындау арқылы басқарылады (тогда доступ будет контролироваться поролями, для каждой папки и для принтера можно задать отдельный пароль).
  4. ОК батырмасына тышқанды шертіңіз. Жаңа параметрлер күшіне ену үшін, компьютерді қайта жүктеу қажет. Қайта жүктеу жөнінде сұрау шыққан кезде Ия (Да) деп жауап беру қажет.
  5. Басқару тақталары (Панель управления) терезесін жабыңыз.

Информация о работе Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану