Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:55, дипломная работа

Краткое описание

В дипломной работе рассматривается тема ”Применение информационных сети в учебном процессе”. Работа состоит из трех частей. В основной части работы дается теоретические сведения о информационной сети, в практической части даны задания для практических работ с методическими указаниями.А в методической части дано план работы проведения урока.

Оглавление

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Практикалық бөлім
5. Қорытынды
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Файлы: 1 файл

дарикулова.doc

— 536.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

Файл

Правка

Вид

Вставка

Формат

Сервис

Сообшение

 

Отправить

 

КОМУ

КОПИЯ

ТЕМА

   
 
 
           
   

 

 

  1. КОМУ және/немесе КОПИЯ өрістеріне үтірлермен немесе нүктелі-үтірлермен ажыратылған барлық алушылардың электрондық почта адрестерін енгізу керек.
  2. ТЕМА өрісінде хабарлама тақырыбын қысқаша көрсетіңіз.
  3. “Құжат” өрісінде хабарлама/хат мәтініннін теріңіз.
  4. Электрондық почта жұмысы барысында хаттың тақырыбына қоса оның жіберілген мерзімі, уақыты және т.с.с. керекті мәліметтер тіркеліп қалады.
  5. Адресатқа хат ОТПРАВИТЬ батырмасын басқаннан кейін жөнелтіледі.

Тапсырма №14.

Тақырыбы : Хатқа суреттер, графиктер және

 басқаларын енгізу.  Хатты алу.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

 

  1. Вставка+Файл (қажетті обúектілер бар файлды табу)+ОK.
  2. Хатты алу. Алынған корреспонденциялар тізімін қарап шығу үшін Outlook-та немесе жұмысшы столда “Входящие” қапшығында сырт еткізу керек.
  3. Адреске түскен барлық корреспонденциялар тізімі және олардың жіберілген уақыты мен өлшемі шығады. Қажетті хабар бойынша екі рет сырт еткізіп, оны оқып шығуға болады.
  4. Егер Сервис+Параметры+Общие+Выдать звуковой сигнал режимі орындалса, онда жұмыс істеу барысында хат келсе, дыбыстық сигнал шығады.

 

Әдістемелік бөлім

Енді  осы алған мағлұматтар бойынша  «Компьютерлік желілер» және «Ауқымды компьютерлік желі», «Интернет» тақырыптарына сабақ өткізу жоспарын құрамыз.

 

 

Сабақ №______                    Сыныбы _____                                        Күні_______

 

Сабақтың  тақырыбы: Компьютерлік желілер.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:         Компьютерлік желілерді меңгерту және үйрету.

Дамутышылық: Компьютерлік желілер туралы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, дамыту.

Тәрбиелік: Компьютерлік желілер тақырыбын өте отырып оқушыларды  

 ұқыптылыққа,  тазалыққа, тәрбиелікке баулу.

 

Сабақтың  түрі:   Аукцион сабақ.

Сабақтың  әдісі:    Көрнекілікпен жұмыс істеу, түсіндіру, сұрақ–жауап.

Сабақтың  көрнекілігі: Аукционға қойылатын бұйымдар, кубиктер,    плакат.

Оқушының  біліміне және біліктілігіне қойылатын  талаптар:

 Компьютерлік  желілерді оқушылар үйренуі және  білуі қажет.

Оқушының  икемділігіне қойылатын талаптар:

 Компьютерлік желілерде жұмыс істей алуы  ағылшын, физика.

Сабақтың  барысы:

I. Ұйымдастыру.

   а) Сәлемдесу,  оқушыларды түгелдеу.

   б) Оқушылардың  назарын аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Үй  тапсырмасын бекіту.

IV. Жаңа  сабақ

1. Желілер түрлерінің  көрнекі үлгісі – мектептің  информатика кабинетінің компьютерлік  желісі. Мұндай көлемі бойынша кішігірім, бір үй, кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін желілер жергілікті деп аталады.

Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда кооперативтік деп аталады.

Үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған  желілер ауқымды деп аталады. Компьютерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіреді.

Компьютердің  ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді. Ақпаратты сақтау құралдары:CD–ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады.

Ортақ ресурстар  орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады.

Есептеу желілері желілік операциялық жүйелер  басқарумен жұмыс істейді. Негізгі  жүйелік ОЖ-ге: Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кіреді.

Компьютерлік  желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

    • Ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
    • Желінің бір ДК - сында сақталу есебінен бір қосарлау ақпаратты  мүмкіндігінің жойылуы;
    • Ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
    • Ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
    • Ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

2. Компьютерді  жергілікті желіге біріктіру  түрлі типті кабельдер көмегімен желілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.

  Компьютерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. Әр қосылу – деректер үшін жаңа маршрут.

Желі  топологиясы – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Топологияның үш негізгі типі ( «жұлдызша», «сақина», «шина») бар.

    1. «Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьтерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен мконцентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні істен шығарады.
    2. «Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған, деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.

    1. «Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады.

«Шина» топологиясы  бар желіде деректер екі бағытта  бірдей жылжиды. Кабель – шинаның  екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Шина» желісіндегі  деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.

«Toking Ring» «жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBM арнайы құрылғысымен (Multi – Station Access Unit, MAU) орталық хабар ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі кабельі бар, біреуі бойынша деректерді жібереді, басқасы бойынша – қабылдайды.

Жергілікті  есептеу желілері бірыңғай және иерархиялық болып бөлінеді.  

Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10 - 15 тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте компьютерден алына береиін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланылады.

ОЖ Windows 95 те компьтерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар:

    • MS Exchange программасы – пошталық алмасу программасы, ал хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді;
    • Shedule+ программасы әркімнің өз жұмысының кестесін жобалау және қажет болған жағдайда ол жөніне желідегі жұмыс тобының басқа пайдаланушыларымен бір пікірге келу, келісу құралы.

Иерархиялық желілер. Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады. Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық қамтамасыз ету екі бөліктен тұрады:

    1. Серверде орнатылатын желілек ОЖ.
    2. Жұмыс станциясындағы программалық қамтамасыз ету.

Серверді иерархиялық  желілерде пайдалану жолдарына  байланысты серверлердің мынадай типтерін бөліп айтуға болады: 

    1. Файлдық сервер – бірлесіп өндейтін файлдар, бірлесіп пайдаланылатын программалар сақталатын және оларға пайдаланушы адамның қолы жетуін қаматамасыз етуші компьютер;
    2. Деректер базаларының сервері –деректер базасы файлдарын сақтау, өңдеу, басқару және жұмыс станциясынан келіп түскен сұраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;
    3. Басып шығару сервері – басып шығару құрылғысы, қолданушылардың қолы жетуге қолайлы желілер қосылған компьютер, ол басылым сұранысына қызмет етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;
    4. Пошта сервері – жергілікті желілер, бойынша да, ішкі модем бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта өз атына келіп түскен ақпаратын жібере алады.

 

 

 

V. Аукцион тәртібімен таныстыру.

Балар бүгін  аукционға тізбедегі бұйымдар сатылатындығын білесіңдер. Затты сатып алу үшін, сол затты біз оқып үйренген жаңа информациялық технологиялармен байланыстыра отырып сипаттау керек.

Кім бірінші  қолың көтереді, сол оқушының жауабын  тыңдаймыз. Жауап кезекпен тыңдалады.

 

VI. Аукцион.

  1. Сатылатын зат – ИІЛГІШ ДИСКЕТ.

Дискеттің негізгі  параметрлерін айтыңдар: диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер ушін екі ғана стандарт бар – олар 3,5 және 5,25 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 және 133 мм болады.

  1. Сатылатын зат – ТЫШҚАН (Мышь).

Тышқанның көмегімен  біз не істей аламыз: тышқанның  көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.

  1. Сатылатын зат – ПЕРНЕТАҚТА.

Пернетақтаның құрылғысын айтыңдар: стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше  функционаладық топтарға бөлінген: алфавиттік – цифрлық пернелер тобы, функционалдық пернелер тобы, қызметтік пернелер тобы.

  1. а) «Кубик – рубик» ойыны. Екі оқушы тақтаға шығып, кубикті айналдырады. Бетіне түскен сұрақтың нөмірін айтады да, сол сұраққа жауап береді.
  1. Компьютерлік ресурстар қанша турге бөлінеді және оларды атап шық.

Жауап: Ақпараттық ресурстарға – программалар, деректер.

   Техникалықтарға  – принтерлер, модемдер, сканерлер,  график салғыштар.

II. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер қалай аталады?

Жауап: Сервер.

III. Топологияның негізгі уш типін атаңыз.

Жауап: «Жұлдызша», «Сақина», «Шина».

IV. Жергілікті есептеу желілерін атаңыз.

Жауап: Бірыңғай және иерархиялық.

V. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі?

Жауап: Оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз  жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.

VI. ОЖ Windows 95 те компьтерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар, осы екі программаны атаңыз.

Жауап: MS Exchange программасы және Shedule+ программасы.

ә) Осы «Кубик – рубик» ойыны арқылы, берілген сандары бойынша бір оқушы тақтаға шығып, кубикті лақтырады. Шыққан санға (1-6 ға дейін) байланысты суретті ашады, егер суреттің біреуін ғана ашып, қалған суреттің бөлігі ашылмай жатып тапса, ол оқушы «өте жақсы» деген баға алады. Егер отырған оқушылардың біреуі тапса, сол оқушы ұтады да, бағасын алады.

 

VII. Қорытындылау

Сонымен, оқушылар желілер түрлерінің көрнекі үлгісі ол мектептің информатика кабинетінің  компьютерлік желісі. Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді. Ақпаратты сақтау құралдары: CD–ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Компьютерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. Әр қосылу – деректер үшін жаңа маршрут.

Информация о работе Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану