Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:55, дипломная работа

Краткое описание

В дипломной работе рассматривается тема ”Применение информационных сети в учебном процессе”. Работа состоит из трех частей. В основной части работы дается теоретические сведения о информационной сети, в практической части даны задания для практических работ с методическими указаниями.А в методической части дано план работы проведения урока.

Оглавление

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Практикалық бөлім
5. Қорытынды
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Файлы: 1 файл

дарикулова.doc

— 536.50 Кб (Скачать)

Егер компьютеріңіздегі  бір бумаға толық, ал қалғандарына оқу үшін рұқсат еткіңіз келетін болса, онда бір толық, екіншісі оқу үшін екі пароль бекітуге тура келеді. Дұрыс парольді білмеген адам сіздің файлыңызды оқи да алмайды.

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет. Желі сұқбат терезесінің Рұқсатты басқару астарлы беті

 

 

3.7. Бумаға рұқсат құқығын анықтау

(Определение  права доступа к папке)

 

Енді сіздің компьютердегі бумалардың толық және оқуға рұқсат беруді анықтайтын пароль бекітіп көрейік:

  1. Менің компьютерім (Мой компьютер) немесе Сілтеуіш (Проводник) терезесін ашыңыз. Рұқсат құқығын өзгерткіңіз келетін буманы белгілейміз (мысалы Практика бумасын).
  2. Тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз де, жанама менюден Рұқсат (Доступ) командасын орындаймыз. Менің компьютерім терезесінде Файл- Рұқсат (Файл-Доступ) командасын орындауға болады. Ашылған Қасиеттер (Свойства) сұқбат терезесінің Рұқсат (Доступ) астарлы бетіне көшеміз (7 а-сурет).

 

 

 

а)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         б)

 


 

 

 

 

 

 

7-сурет. Буманың қасиеттері (Свойства  папки) сұқбат  терезесінің Рұқсат (Доступ) астарлы беті.

а) парольді енгізу;  б) парольді бекіту.

  1. Ортақ ресурс (Общий ресурс) опциясын таңдаңыз.
  2. Желілік атау (Сетовое имя) өрісінде буманың аты автоматты түрде шықпаса. Практика деп теріп жазыңыз.
  3. Ескертпелер (Заметки) өрісінде буманың мазмұнына байланысты кез келген мәтіндік комментарий жазуға болады.
  4. Парольмен анықталады (Определяется паролем) опциясын таңдаңыз. Бұл опция қосылғаннан кейін, мынадай екі енгізу өрісі екпінді болады (7 а-сурет):

   а. Оқу үшін (Для чтения) өрісінде, Альма парольн енгізіңіз;

   в. Толық  рұқсат үшін (Для полного доступа) өрісінде Сен     

           паролін енгізіңіз.

  1. ОК батырмасын шертіңіз. Пернелерді қайталап енгізіп бекіту мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады (7 б-сурет):

   а) Оқу үшін өрісінде қайтадан Альма деп:

   в) Толық рұқсат үшін өрісінде Сен  деп теріңіз де, ОК   

           батырмасын шертіңіз.

Парольдерді білетін кез келген адам сол бумамен жұмыс жасай алады.

Альма паролін білетін адам Практика бумасының мазмұнын оқи алады, ал Сен поролін енгізіп, сол бумадағы файлдарды өңдей алады.

Рұқсат типі анықталған соң, Менің компьютерім және Сілтеуіш терезесіндегі буманың  шарт белгісі өзгереді:

 

3.8 .Пайдаланушы адамдар деңгейіндегі рұқсатты басқару

(Уаправление доступ  на уровне пользователей)

 

Егер компьютерлер Microsoft Windows немесе NetWare серверлерімен байланысқан болса, онда рұқсат құқықтарын пайдаланушы адамдар деңгейінде басқару мүмкіндігі бар. Windows 98 операциялық жүйесіндегі көп желілер пайдаланушы адамдар деңгейіндегі рұқсатты басқаруға мүмкіндік береді. Бірдей дәрежелі түйінді желілерде пайдаланушыларды тіркеп отыратын сервер жоқ болғандықтан, мұндай рұқсат берілмейді.

Егер компьютер сервермен  байланыстырылса, онда серверде бумалар  мен дискілерге рұқсат құқығының  тоғыз деңгейін анықтауға болады:

Әрбір рұқсат құқығын  бір-біріне тәуелсіз түрде беріледі. Файлдарды өшіру (Удалять файлы) рұқсатты файлдарды оқу және өзгертуге мүмкіндік береді.

Толық рұқсат берілуі  бумамен барлық амалдарды орындауға  мүмкіндік береді. Ал, оқу рұқсаты (чтения-бумадағы файлдардың тізімін  қарау және оқу құқығымен бірдей болады. Мысалы, Windows ИТ базасындағы серверге қосылғаннан кейін, сіз желідегі басқа компьютерде отырған адамға өз компьютеріңіздегі біраз файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік жасағыңыз келді дейік. Ол үшін алдымен осы файлдарға пайдаланушы адамдар деңгейіндегі рұқсатты басқару параметрін тағайындау қажет. Осыдан кейін ғана тек оқу немесе толық рұқсат беру параметрлерін тағайындай аламыз.

Егер сіз Netware серверімен жұмыс жасаңыз, Желі (Сеть) сұқбат терезесінің Конфигурация астарлы бетінде Netware желісіндегі файлдар мен принтерлерге рұқсат беру қызметі (Служба доступа к файлам и принтерам сетей Netware, File and Printer Sharing For NetWare Network) қатарын белгілеу керек.

Келесі жаттығуларда сіздің компьютеріңіз ресурстарына пайдаланушы адамдар деңгейіндегі рұқсатты басқару параметрін тағайындайсыз:

  1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесінде Басқару тақталары (Панель управления) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз  немесе бас менюдегі Баптау (Настроика) командасын орындап, баптау тақталары (Панель управления)  шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз.
  2. Желі (Сеть) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз.
  3. Рұқсатты басқару (Управление доступом) астарлы бетінде пайдаланушы адамдар деңгейінде (На уровне пользователей) опциясын таңдаңыз.
  4. Пайдаланушылар және серверден топтар тізімін алу (Взять список пользователей и групп с сервера) өрісінде пайдаланушылар тізімі енгізілген рұқсат құқығын бергіңіз келетін сервердің атын теріп жазыңыз. Бұл Netware немесе Windows NT базасындағы сервер болуы мүмкін.
  5. ОК батырмасында тышқанды шерткен соң, осы терезе жабылады да, Желі (Сеть) терезесі ашылады.
  6. Желі сұқбат терезесінде Ия (Да) батырмасында тышқанды шертіңіз де, компьютерді қайта жүктеп, өзіңіз берген пайдаланушы аты бойынша Windows операциялық жүйесін іске қосыңыз.

Сіз өзіңіздің компьютердегі  ресурстарға пайдаланушылар деңгейіндегі рұқсатты басқару параметрін тағайындадыңыз. Енді ортақ бумадағы файлдарға рұқсат ету құқығын көрсету қажет. Келесі жаттығуда сіз Ғалияға ортақ бумаға толық рұқсат, ал Майраға тек оқу үшін ғана рұқсат ету параметрін тағайындайсыз. Сондай ақ желімен жұмыс істеп отырған барлық адамдарға файлдарды оқу және жазу құқығын бересіз.

 

3.9 .Пайдаланушылардың рұқсат құқығын анықтау

(Определение  права доступа пользователей).

 

Microsoft  және NetWare желілері үшін, рұқсат деңгейлері бірдей тағайындалады:

  1. Рұқсат деңгейін тағайындағыңыз келетін буманың шарт белгісінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама менюден Рұқсат (Доступ) командасын орындаңыз (Буманың аты Тексты болсын).

Қасиеттер: Тексты (Свойства: Тексты) сұқбат терезесі ашылады.

  1. Рұқсат (Доступ) астарлы бетінде Ортақ ресурс (Общий ресурс) опциясын таңдаңыз.
  2. Желілік атау (Свойства имя) өрісінде Тексты деп теріңіз.
  3. Ескертпелер (Заметки, Comments) өрісінде кез келген мәтінді енгізуге болады.
  4. Қосу (Добавит, Add) батырмасына тышқанды шертіңіз. Add Users терезесі ашылады.
  5. Пайдаланушылар тізмін қараңызда, Асқаров шарт белгісінде (немесе кез келген басқа пайдаланушы атында), одан кейін толық рұқсат (Full Access) батырмасында тышқанды шертіңіз .
  6. Пайдаланушылар тізімін тағы оқып қараңызда Берікова (немесе кез келген пайдаланушы атында) одан кейін, Тек оқу үшін (Read Only) батырмасында тышқанды шертіңіз.
  7. Кез келген жұмыс тобының (мысалы, Marketing шарт белгісінде, одан кейін (Custom) батырмасында тышқанды шертіңіз.
  8. ОК батырмасында тышқанды шертіңіз. Рұқсат құқығын өзгерту (Изменение права доступ, Change Access Rights) терезесі ашылады.
  9. Арнайы рұқсат құқықтары (Специальныие права доступа, Custom Access Rights) тобында Файлдарды оқу (Чтение файлов, Read Files) және Файлға жазу (Запись в файлы, Write to Files) қанат белгілерін көрсетіп, ОК батырмасын шертіңіз.

Енді маркетинг тобындағы  адамдар бұрынан бар файлдарды  оқып және өңдей алған мен жаңа файлдар құру және файлдарды өшіру  әрекеттерін орындай алмайды. Қасиеттері: Ағымдағы (Своиства: Текущие) терезесінде пайдаланушылардың үш категорияларына арналған рұқсат параметрлері тағайындалған.

 

3.10  Тұтас дискіні ортақ пайдалану

(Совместное  использование целого диска)

 

Дискіні ортақ пайдалану  үшін мынандай әрекеттерді орындау  қажет:

  1. Менің  компьютерім (Мой компьютьер) терезесін ашыңыз. Ортақ тағайындау параметрін тағайындағыңыз келетін дискіні белгілеңіз.
  2. Файл-Рұқсат (Файл-Доступ) командасын орындаңыз. Дискінің қасиеттері (Своиства диск) терезесінің Рұқсат (Доступ) астарлы беті ашылады (7 а-сурет).
  3. Дискіні ортақ пайдалану үшін Ортақ ресурс (Общий ресурс, Shared As) ауыстырғышын қосыңыз. Осыдан кейін, Ортақ ресурс   тобындағы параметрлерді тағайындауға болады.
  4. Ортақ ресурс тобындағы қажетті параметрлерді 1-кестеге сүйене отырып, тағайындаңыз.
  5. Қолдану (Переменить), одан кейін ОК батырмасын шертіңіз.

 

3.11 .Бумаларды ортақ пайдалану

(Совместное  использование папок)

 

Бумаларды ортақ пайдалану  параметрін тағайындау үшін:

  1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашыңыз.
  2. Қажет буманың шарт белгісін белгілеңіз.
  3. Тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама менюден Рұқсат (Доступ) командасын орындаңыз.
  4. Ашылған сұқбат терезесінің Рұқсат астарлы бетінде  Ортақ ресурс (Обши ресурс) ауыстырғышын қосыңыз (7а-сурет).
  5. Ортақ ресурс тобынан қажетті параметрді тағайындаңыз. Ортақ буманың шарт белгісі, бұл ресурстың ортақ пайдаланылатындығын білдіретін қолдың суреті бар шарт белгіге айналады.

 

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Тапсырмалар:

  1. Желілер не үшін қажет және оның қандай типтері бар?
  2. Жұмыс үстеліндегі өзіңіздің компьютеріңіздегі желілік қоршау терезесін ашып, қандай компьютердің желіге қосылғанын анықтаңыз.
  3. Желілік қоршау (Сетевое окружение) терезесіндегі компьютерлер тізімін ірі шарт белгілер түрінде көріңіз. Желідегі өз компьютеріңіздің қасиеттерін оқыңыз да, қосымша мәліметтер енгізіңіз.
  4. Осы желіге қосылған кез келген компьютердегі немесе сервердегі дискілердің ішкі құрылымын көріңіз. Осы компьютердегі жұмыс дискісінің бумаларының құрылымдық схемасын көріңіз және кез келген файлды оқыңыз.
  5. Кез келген құжаттық файлды  өз компьютеріңіздегі Менің құжаттарым (Мой документы) бумасына көшіріңіз. Көшіруді сәтті орындағаныңызға көз жеткізіңіз.
  6. Коммутация және мәлімет алмасу тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
  7. Outlook жүйесінде e-maіl-¬а кіріңіз;
  8. ¤зіңіздің электрондық почта адресіңіздің бірнеше үлгісін көрсетіңіз;
  9. Хабар алуды дыбыстық сигнал режимінде жүзеге асыру операциясын іске қосыңыз;
  10. Берілген root@gymnasіum1.novsu.ru, nvrad@jklіne.scі.kz, Omarov@aesі.scі.kz электрондық почта адрестерінің иелеріне сәлемдеме хаттарын жіберіңіз.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Желі (Сеть) деген не?
  2. Желінің қандай типтері бар?
  3. Windows 98 желілік архитектурасы қандай компоненттерден тұрады?
  4. Желілік жұмыс істеу үшін қалай кіруге болады?
  5. Қандай ресурстарды ортақ пайдалануға болады?
  6. Желі ресурстарын қалай анықтауға болады?
  7. Ресурстарды ортақ пайдалану үшін қандай әрекет орындау қажет?
  8. Ресурсты пайдалануға берілген рұқсатты басқарудың қандай тәсілдері бар?
  9. Ресурстар деңгейі мен пайдаланушылар деңгейі рұқсаттарының қандай айырмашылықтары бар?
  10. Электрондық почта адресін жазу ережелесі қандай?

  КОМУ және КОПИЯ өрімдерінде электрондық почта адрестері қандай таңбалармен ажыратылады?

12.    а) maіl-e; б) e\maіl; в) e-maіl; г) e+maіl. Белгілеулерді қайсысы дұрыс?

13.   Domaіn дегеніміз не?

Практикалық бөлім

Тапсырма  №1. Ресурстарды ортақ пайдалану жағдайын жасау

Жұмыстың  орындалу тәртібі:

Қатты дискімен немесе лазерлі принтермен басқа компьютерде отырып жұмыс  жасауға мүмкіндік алу үшін:

  1. Бас менюдегі Баптау – Басқару тақталары (Настройка – Панель управления) командасын орындаймыз.
  2. Желі (Сеть) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Желі сұқбат терезесі ашылады, Конфигурация астарлы бетіне көшіңіз.

а) Орнатылған компонентердің тізімінде Microsoft желісіндегі файлдар және принтерлермен жұмыс істеу қызметі (Служба доступа к файлам и принтерам сетей Microsoft) қатары жоқ болса, Қосу (Добавить) батырмасына тышқанды шертіңіз. Қызмет (Служба) қатарына тышқанды екі рет шертіңізде, Microsoft желісіндегі файлдар және принтермен жұмыс істеу қызметі (Служба доступа к файлам и принтерам сетей Microsoft) қатарын белгілеп, Ок батырмасын шертіңіз. Компьютер өзі сұраған кезде, инсталляциялық дискетті немесе Windows 98 компакт дискісін салыңыз да ОК батырмасын шертіңіз.

ә) Ия (Да) батырмасында тышқанды шертіңіз. Сіз желідегі конфигурацияны өзгертіңіз, жаңа конфигурациямен жұмыс жасау үшін компьютерлерді өшіріп, қайтадан іске қосу қажет.

б) Басқару тақталары (Панель управление)  терезесінде Желі (Сеть) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз.

в) Ашылған терезеде Файлдар және принтерлермен жұмыс істеу мүмкіндігі (Доступ к файлам и принтерам) батырмасында тышқанды шертіңіз. Файлдар және принтерлермен жұмыс істеу мүмкіндігін ұйымдастыру  (Организация доступа к файлам и принтепрам) сұқбат терезесі пайда болады.

 

Компьютердегі файлдарды ортақ жасауға болады (Файл этого компьютера можно сделать общими) қатарындағы қанат белгісін көрсетіп қойыңыз. Ал принтерді ортақ пайдалану үшін, «Бұл компьютерге қосылған принтерді ортақ жасауға болады» (Принтеры этого компьютера можно сделать общими) қанат белгісін көрсетіңіз.

  1. ОК батырмасын шерткен соң, сұқбат терезесі жабылады да, Желі (Сеть) сұқбат терезесіне ораламыз.
  2. Желі (Сеть) сұқбат терезесінде қажет болса, басқа параметрлерді өзгертуге болады. Одан кейін ОК батырмасын шертіңізде, компьютерді қайта жүктеңіз (перезагрузить).

 

Тапсырма №2. Ортақ пайдаланатын файлдар мен принтерлер мен жұмыс істеуді басқару

Информация о работе Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану