Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:55, дипломная работа

Краткое описание

В дипломной работе рассматривается тема ”Применение информационных сети в учебном процессе”. Работа состоит из трех частей. В основной части работы дается теоретические сведения о информационной сети, в практической части даны задания для практических работ с методическими указаниями.А в методической части дано план работы проведения урока.

Оглавление

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Практикалық бөлім
5. Қорытынды
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Файлы: 1 файл

дарикулова.doc

— 536.50 Кб (Скачать)
  • Файлдық сервер – бірлесіп өңдейтін файлдар, бірлесіп пайдаланатын программалар сақталатын және оларға пайдаланушы адамның қолы жетуін қамтамасыз етуші компьютер;
  • Деректер базасының  сервері – деректер базасы файлдарын сақтау, өңдеу, басқару және жұмыс станциясынан келіп түскен сұраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;
  • Басып шығару сервері – басып шығару құрылғысы, қолданушылардың қолы жетуге  қолайлы желілер қосылған компьютер, ол басылым сұранысына қызмет етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;
  • Почта сервері – жергілікті желілер, бойынша да, ішкі модем бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өз атына келіп түскен ақпаратын жібере алады.

 

1.3. Ауқымды  желілер

 

Егер басқа мекемеден  мәліметтер алу (беру) жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем сатып алып, компьютерлердің ауқымды желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн.

Сонымен, компьютерді ауқымды желімен  байланыстыру үшін модем сатып алып, оны кез келген бір телефонға  жалғау жеткілікті, бірақ оны қалай пайдаланамыз?

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет.  Жалпы желі топологиясы.

 

Дүние жүзінде көптеген ауқымды компьютерлік желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгілі  болып Internet, Sprint, Fidonet есептеледі. Бұлардың кейбірі тек өз елдері маңында жұмыс істесе, кейбірлері бүкіл дүние жүзін қамтиды. Бірақ барлық желілер бір-бірімен байланысқан, сол себепті, мысалы, Glasnet желісіндегі біреудің адресін білсеңіз, оған басқа желіден де хабар бере аласыз.

Ауқымды желі топологиясын қарайтын болсақ, ол күрделі граф тәрізді деуге болады, ал оның түйіндерінде компьютерлер орналасқан.  Жалпы желі құрамында почта сервері ретінде арнайы пайдаланылатын компьютерлер болуы тиіс. Мұндай компьютерлер бірден бірнеше телефон каналдарымен қосылған, сондықтан олардың құрамында да бірнеше модем болады.

Әрбір адам да өз компьютерін жалпы  желіге модем арқылы жалғайды.

 

1.4. Қайда хабарласу  керек

Ауқымды желіге қосылу үшін алдымен қажеттісін таңдап алып, сол  желіге байланыстыруды жүргізетін фирмаға  телефонмен хабарласу керек. Желіні таңдау тәсілі әртүрлі жолдармен жүргізіледі.

Ауқымды желілер ақылы және тегін пайдаланылатын тораптарға бөлінеді.

Ақылы желі почтаны жылдам жеткізіп, жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Ал тегін желі, әрине, шектеулі мүмкіндіктерімен жұмыс жасайды. Біз осы екеуінен өзімізге керектісін таңдап алуға тиіспіз. Бірақ ақылы желілер құны онша жоғары болмайды.

Ақы төлей алмайтын жағдайда Fidonet тегін желісіне қосылған жөн. Ол үшін модем арқылы кез келген хабарландыру шығатын электрондық тақтаға (BBS)  телефон соғып, сол жүйенің операторымен хабарласу керек. Желіге қосылу ережелері де ВВS электрондық тақтасында мәтіндік файл түрінде жазылып тұрады. Жүйе операторы сізді Fidonet ауқымды желісіндегі өз түйініне қосады немесе басқа бір түйінді ұсынуы мүмкін.

Көптеген компьютер мен программалық жабдықтар сататын фирмалардың жарнамалары жиі шығып тұрады. Солардың жарнамаларынан хабарландыру шығаратын электрондық тақта телефонын тауып алып, модем арқылы хабарласу керек.

 

1.5. Жергілікті  және ауқымды желілердің кірігуі

 

Жергілікті желі мен ауқымды  желілерді кіріктіретін программалық жабдықтары бар. Мұндай жергілікті желінің бір компьютері телефон бағдарлауыш (бірнеше модемі бар) арқылы ауқымды желіге қосылады. Осындай желінің кез келген компьютері телефон бағдарлауыштарында орнатылған модем арқылы бөлек телефонға жалғаудың да қажет емес екені осыдан көрініп тұр.

 

2. Желіге қосылған  компьютерлермен байланыс жасау  мүмкіндіктері

 

Windows 95/98 операциялық жүйесі электрондық почта арқылы басқа компьютерлермен байланыс жасау мүмкіндігін береді. Хабарламалар жазуға, оларды бумаларға сақтауға және  Internet желісі арқылы жөнелтуге, сондай-ақ басқа электрондық почта программалары арқылы хабарлама қабылдауға, жөнелтуге болады.

2.1 Мicrosoft Exchange программасы көмегімен электрондық почтамен жұмыс істеу

Электрондық хабарламалар құру және жөнелту

 

Мicrosoft Exchange көмегімен хабарламалар жөнелту үшін, компьютер модем немесе телефон арнасы арқылы электрондық почта қызметімен байланыстырылған болу керек. Электрондық хабарламаны құра отырып, Мicrosoft Exchange арқылы оны жөнелту тәсілін таңдау қажет. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда Мicrosoft  Mail Office Vision немесе CC.Mail программалық жасақтарының бірін қолдануға болады.

Электрондық хабарлама  жазып, оны жөнелту үшін, жіберетін адамның электрондық адресін білу қажет. Оны адрестік кітаптан тексеруге немесе табуға болады. Адресті дұрыс жазғаннан кейін ғана Мicrosoft Exchange көмегімен электрондық қызметпен байланысып, хабарламаны жөнелтуге болады.

Электрондық хабрлама құру

Электрондық почта арқылы өз адресіңізге хабарлама  құру және жөнелту үшін:

Жұмыс үстеліндегі Құрамындағылар (Входящие) белгішесіне тышқанды екі рет шертіңіз. Мicrosoft Exchange программасы іске қосылып экранда Құрамындағылар терезесі ашылады

  1. Саймандар тақтасындағы Хабарлама құру (Создать сообщение) батырмасында тышқанды шертіңіз. Жаңа хабарлама (Новое сообщение) терезесі ашылады.
  2. Жаңа хабарлама терезесінде Кімге (Кому) өрісінде өзіңіздің  желілік атауды теріп жазуға да болады.
  3. Терезенің төменгі жағында жұмыс алабына хабарлама теріңіз.

 

2.2 Хабарлама  жөнелту

Мicrosoft Exchange көмегімен құрылған хабарламаны Internet желісі немесе басқа кез келген электрондық  қызмет арқылы жөнелтуге болады. Бұл жаттығуда хабарламаны Мicrosoft Mail қызметі арқылы жөнелтесіз.

  1. Жаңа хабарлама (Новое сообщение) терезесінде саймандар тақтасындағы Жөнелту (Отправить) батырмасында тышқанды шертіңіз. Мicrosoft Exchange программасы адрестік кітаптан Қабылдап алушылар (Получатель) аттарын іздей бастайды. Егер адрес табылмаса, хабарлама Шығатындар (Исходяшие) бумасына орналасады. Келесі жолы электронды почта қызметімен байланыс жасау кезінде хабарлама жөнелтіледі. Егер қабылдап алушының адресі адрестік кітаптан табылмаса, Аттарды тексеру (Проверка имен) сұхбат терезесі ашылады. Осы терезеде дұрыс адресті табуға немесе жаңа адресті теріп жазуға болады.
  2. Қабылдап алушының адресі анықталған соң, осы терезеде Сервис-Почта жеткізу (Сервис-Доставить почту) командасын орындаңыз. Егер сіздің компьютеріңізде басқа да электрондық қызметтер орнатылған болса, осы менюдегі Мicrosoft Mail қатарын шертіңіз.

Адрестік  кітаппен жұмыс істеу

Мicrosoft Exchange програмасы электрондық почтаны тұтынушылардың адрестері мен аттарын сақтау мүмкіндігін береді. Адрестік кітапта (Адресная книга) электрондық хабарлама жіберетін адрестер тізімі тұрады. Бір хабарламаны бірнеше адреске жөнелту үшін, адрестік кітаптан олардың  адрестерін ерекшелеу жеткілікті.

Егер компьютер корпоративті немесе жергілікті желімен  байланыстырылса, бірнеше адрестік кітаппен қатынас жасауға болады. Әдетте жергілікті есептеуіш желіде оны қолданатын барлық тұтынушылардың адрестері жазылған жүйелік администратор құрылған ортақ адрестік кітап болады. Ортақ адрес кітабында жаңа адрес қосу, өшіру әрекеттерін тек желі администраторы кітабыңызды (личная адресная книга) құра аласыз, бұл кітапқа өзіңізге қажетті жаңа адресті қосу немесе өшіру, ортақ адрес кітабынан көшіру әрекетін орындай аласыз.

Адрестік  кітаптың  көмегімен  адресті  тексеру

Қабылдап алушының  атын тексеру үшін:

  1. Жаңа хабарлама- Мicrosoft Exchange (Новое сообщение- Мicrosoft Exchange) терезесіндегі Кімге (Кому) өрісінде хабарлама жібергіңіз келетін тұтынушы атынан алғашқы әріптерін теріп жазыңыз да, саймандар тақтасындағы Аттарды тексеру (Проверить имена) батырмасында тышқанды шертіңіз. Осы кезде Аттарды тексеру сұхбат терезесі ашылады. Бұл сұхбат терезесі Мicrosoft Exchange хабарламасын жөнелту кезінде қабылдап алушының аты табылмаған кезде ашылады.
  2. Көрсетілген адресті басқаға ауыстыру (Заменить указанного адреса другим) тобындағы тізімнен басқа атты ерекшелеп алып, ОК батырмасында тышқанды шертіңіз. Егер тізімде бірде бір ат жоқ болса, Басқа аттар (Другие имена) батырмасына тышқанды шертіңіз. Егер адрестік кітаптан керекті атын тапсаңыз, Аттарды тексеру  сұхбат терезесінде Жаңа адрес құру (Создать новый адрес)  опциясын іске қосып, жаңа атты және оның  адресін теріп жазыңыз.
  3. Жаңа хабарлама - Мicrosoft Exchange терезесін жабыңыз.
  4. Жұмысты аяқтау сұхбат терезесі Жоқ (Нет) батырмасына тышқанды шертіңіз.

Хабарлама қабылдау

Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, Мicrosoft Exchange  программасы келіп түскен жаңа хабарламаны үнемі тексеріп отырады. Үнсіз келісім бойынша тексеру әрбір он минут сайын жүргізіледі, бұл уақыт аралығында қалауымызша өзгертуге болады. Жаңа хабарлама келуін өз бітімінше де (вручную) тексере аламыз. Тек электрондық почта қызметі мен жұмыс істеу кезінде жұмыс осылай атқарылады.

 

Жаңа  хабарламалардың  келіп түсуін тексеру

Сервис –Почтаны жеткізу (Сервис–Доставить почту) командасын орындаңызда, ашылған менюден Мicrosoft Mail  командасын таңдаңыз. Осы команда орындалған соң, Мicrosoft Exchange клиенті келіп түскен хабарлама бар жоғын тексереді де, бар болса оны сол компьютерге көшіреді.

Электрондық хабарламаларды оқу

Жаңа хабарламалар Мicrosoft Exchange программасынын компоненті болып саналады Жеке бумалар (Личные папки) бумасына орналасады. Хабарламаны оқу үшін оны ашу керек. Бірнеше хабарламаны Түр (Вид) менюінің  Алдындағылар (Предыдущие) және  Келесілер (Следуюшие) командаларының немесе саймандар тақтасындағы дәл осылай аталатын батырмалар көмегімен оқуға болады. Мicrosoft Exchange программасы іске қосылған мезетте автоматты түрде Құрамындағылар (Входяшие) бумасы ашылады.

Хабарламаны оқу және баспаға шығару

  1. Мicrosoft Exchange терезесінде Құрамындағылар бумасының белгішесінде тышқанды екі рет шертіңіз.
  2. Оң жақ терезедегі оқығыңыз келетін хабарламалардың бірінде тышқанды екі рет шертіңіз.
  3. Егер компьютерге принтер қосылған болса, саймандар тақтасындағы Баспаға шығару (Печать) батырмасында тышқанды шерту арқылы, осы хабарламаны қағазға басып шығаруға болады. Хабарлама терезесін жабыңыз.

 

2.3 Хабарламаларды  бумаларға топтауды ұйымдастыру

Хабарламалар көп келіп  түскен кезде, олардың әрқайсысының мазмұнын есте сақтау қиындайды. Сондықтан  келешекте қажет болатын хабарламаларды тақырыптарына немесе ортақ параметрлеріне қарап топтап қойған ыңғайлы.

Хабарламаларды реттеудің  ең оңай жолы – оларды бумаларға  топтап жазу.

Өшірілмейтін хабарламаларды арнайы бір бумаға жазып отырған  тиімді. Оқылмаған хабарламалар (непрочитанные сообшения) жазылған буманың аты жартылай қарайтылған қаріппен (жирным шрифтом) ерекшеленіп тұрады.

Жаңа бумалар  құру үшін:

  1. Жеке бумалар (личные папки) белгішесінде тышқанды екі рет шертіңіз.
  2. Файл – Бума  құру (Файл –Создать папку) командасын орындаңыз.
  3. Бума құру терезесінде Жоба деп теріп жазып, Enter пернесін басыңыз.
  4. Жоба бумасын ашыңыз. Файл –Бума құру командасын орындап. Презентация деп теріп жазыңыз. Дәл осылай, Жоба бумасының ішінде Сынып  және Мен бумасын құрыңыз.

Хабарламаны өшіру

Өшірілген хабарламалар Өшірілгендер (Удаленные) бумасында орналасады. Осы Өшірілгендер бумасын тазартпайынша өзгертілген хабарламалар сақталып тұрады. Бұл бумада орналасқан хабарламалар қайтадан қалпына келтіруге де болады. Ал бұл бумадан өшірілген хабарламаларды қайтадан қалпына келтіре алмаймыз.

Мicrosoft Exchange программасының параметрлерін программадан шығу кезінде Өшірілгендер бумасы автоматты түрде тазартатындай  етіп тағайындау мүмкіндігі бар. Ол үшін:

  1. Мicrosoft Exchange терезесінде Жоба бумасының белгішесін ерекшелеп, саймандар тақтасындағы Өшіру (Удаление) батырмасында тышқанды шертіңіз. Мicrosoft Exchange терезесінде Өшірілгендер (Удаленные) бумасының белгішесінде тышқанды шертіңіз.
  2. Осы терезедегі жаңа орналастырылған хабарламаның белгішесін ерекшелеп, саймандар тақтасындағы Өшіру батырмасында тышқанды шертіңіз.

 

3. WINDOWS 98   операциялық жүйесінің желілік қоршаудағы мүмкіндіктері

Мәліметтерді  өңдеуге арналған ірі жоғары тиімді жүйелерді құру есептеу техникалық құрылғыларды біріктіруге байланысты, жеке мекемелерге және оның қарамағындағы бөлімдерге қызмет ететін әртүрлі байланыс құрылғылардың көмегімен бір есептеу жүйесіне біріктірілген бірнеше компьютерлермен жұмысты қамтамасыз етеді.

Желі (Сеть) дегеніміз ресурстарды (дисклер, файлдар, принтерлер, коммуникациялық жабдықтар) ортақ пайдалану мүмкіндігін беретін, жеке компьютерлерді біріктіру. Желі жұмыс жасауы үшін бір-бірімен сымдар арқылы байланысқан жұмыс станциялары (жеке компьютермен желілік тақша) және желілік программалық жасақ болуы қажет. Желі көмегімен оған қосылған кез келген компьютер ақпараттарды көруге болады.

Желінің екі  түрі бар: клиент-сервер және бір-рангілі  желілер, яғни дәрежелері бірдей (равноправные). Желіде дәрежелері бірдей түйінді (per-to-per) барлық жұмыс станциялары желілік ресурстарды бірдей қолдана алады, оларда ақпараттарда және ресурстарда бөлуді бақылап отыратын ортақ сервер компьютер жоқ.

Сервер-ортақ  пайдалануға арналған барлық ресурстар қосылған компьютер. Ортақ ресурсты пайдалану үшін, сервер іске қосулы және ортақ пайдаланылатын ақпарат ашық болу қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық почта), факстар және т.б. қосылады. Желіде атқарылатын жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Клиент-сервер желі бар ресурстарды максималды қолдану мүмкіндігін береді. Әдетте сервер басқа компьютерлерге қарағанда жылдам жұмыс істеумен және жадының өлшемі көп болуымен, қатты дискідегі орынның көптігімен ерекшеленеді. Мұндай желідегі барлық ресурстар – жинақтаушылар (накопители), принтерлер, модемдер, CD-ROM дискі жетегі серверге қосылады. Ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет.

Информация о работе Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану