Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:12, курсовая работа
Қазіргі заманды тиімді басқарусыз елестету мүмкін емес. Басты категория болып кез келген кәсіпорын жұмысының тиімділігі көбінесе осыған байланысты ақпаратты өңдеу жүйелері табылады. Мұндай жүйе:
- жұмыс қорытындысы бойынша жалпы немесе детальданған есеп алуды қамтамасыз ету;
- басты көрсеткіштердің өзгеру тенденцияларын жеңіл анықтауға мүмкіндік беру;
- еш кедергісіз, уақыт бойынша критикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ету;
- мәліметтердің нақты және толық анализін орындау керек.
1 Деректер қорын басқару жүйесі..................................................................3
1.1 Деректер қоры...........................................................................................5
1.2 Реляциялық деректер қоры......................................................................7
2 Деректер қорын жасау................................................................................10
2.1 MS Access деректер қорын құру.............................................................10
2.2 MS Access деректер қорында «Бухгалтерия» мәліметтер
базасын құру үлгісі........................................................................................15
Delphi программалау ортасына MS Access деректер
қорын шығару................................................................................................16
Қорытынды......................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі......
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды Мемлекетік Университетінің колледжі
Тақырыбы: Delphi ортасында «Бухгалтерия» ақпараттық жүйені құру
Мамандығы: 3707002 «Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)»
Альжанов Р.
Тексерген: ғылыми жетекші:
Жұмағулова С.К.
Қарағанды 2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Деректер қорын басқару жүйесі........................
1.1 Деректер қоры..........................
1.2 Реляциялық деректер қоры..........................
2 Деректер қорын жасау..........
2.1 MS Access деректер қорын құру..........................
2.2 MS Access деректер қорында «Бухгалтерия» мәліметтер
базасын құру үлгісі........................
қорын шығару........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Қосымша
КІРІСПЕ
Қазіргі заманды тиімді басқарусыз елестету мүмкін емес. Басты категория болып кез келген кәсіпорын жұмысының тиімділігі көбінесе осыған байланысты ақпаратты өңдеу жүйелері табылады. Мұндай жүйе:
- жұмыс қорытындысы бойынша жалпы немесе детальданған есеп алуды қамтамасыз ету;
- басты көрсеткіштердің өзгеру тенденцияларын жеңіл анықтауға мүмкіндік беру;
- еш кедергісіз, уақыт бойынша критикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ету;
- мәліметтердің нақты және толық анализін орындау керек.
Қазіргі заманғы МҚБЖ негізінен Windows қосымшалары болып табылады, себебі, берілген орта дербес ЭЕМ мүмкіндіктерін DOS ортасына қарағанда толық қолдануға мүмкіндік береді. Жоғаргы өнімді ДК бағасының төмендеуі бағдарламалық қамтамасыз етуді құрушы ресурстарды тарату туралы аз ойлайтын Windows ортасына көшуге себеп бола отырып, сонымен қатар ДК бағдарламалық қамтамасыз етуін жалпы МҚБЖ ЭАМ аппаратты ресурстарына аз критикалы етті.
Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің өкілдерінің арасынан: Lotus Approach, Місrоsoft Ассеss, Вогland dВаsе, Вогland Рагаdoх, Місrоsoft Visual FoxPro, Місrоsoft Visual Ваsіс, сонымен қатар «клиент-сервер» технологиясымен құрылған қосымшаларда қолданылатын Місrоsoft SQL Server жэне Огасle мәліметтер қорын атап айтуға болады. Жалпы қабылданған болып сонымен қатар басқа қосымшалар мүмкіндіктерін, мысалы, мәтіндік процестердің, графиктерді құру пакеттерін және т.б. және жоғары деңгейлі тілдердің орнатылған версияларын (көбінесе - SQL және/немесе VВА диалектерін) және құрылатын қосымшалардың визуалды бағдарламалау интерфейсінің қүралдарын қолдануға мүмкіндік беретін технологиялар болып табылады. Сондықтан, нақты қосымша қай тілде, қай пакеттің негізінде және онда мәліметтердің қандай форматтары қолданылатыны аса мәнді емес. Сонымен қоса, «де-факто» стандарты болып «ашық эдіс» әдебиетінде ең декларацияланатын, «қосымшаларды тез қүру» немесе RAD) яғни, мәліметтерді өңдеудің одан да ыңғайлы және қуатты жүйелерін құру үшін әртүрлі қолданбалы бағдарламалар мен технологияларды қолданудың мүмкіндігі мен қажеттілігі болды. Сондықтан, «классикалық» МҚБЖ-мен бір қатарда қосымшалардың қажетті компоненттерін тез құруға мүмкіндік беретін, «классикалық» МҚБЖ құралдарымен құруға қиын, кейде мүмкін емес болатын жұмыс жылдамдығы бойынша критикалық болып табылатын Visual Ваsіс 4.0 және Visual С++ бағдарламалау тілдері көп кездеседі. Мәліметтер қорын басқарудың қазіргі заманғы әдісі «клиент-сервер» технологиясын кең қолдануды талап етеді.
Осылайша, қазіргі таңда бағдарламалаушы нақты бір пакеттің рамкаларымен байланысты емес, ал қойылған тапсырмаға байланысты ол әртүрлі қосымшаларды қолданылуы мүмкін.
Delphi бағдарламасы қазіргі кезде ең көп тараған бағдарлама құру жүйесіне жатады. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – ол арқылы құрылған бағдарламалар Windows басқаруында жұмыс істеп қана қоймай, оның өзі бағдарламаларды жылдам құратын аспаптық құрал (Rapid Application Development, RAD) тобына жататындығында.
Кіріспеде компьютерге Delphi бағдарламасының орнатылуы айтылады. Қарапайым мысалдар арқылы бағдарлама құрудың алғашқы қадамы жасалынады, бағдарламаның негізі мен Delphi тілінің терминдері оқытылады. Пішін, құралас, сипаттар мен оқиға, тілдеу терезелерінің қалай құрылатының және әр терминнің мән-маңызын түсіну арқылы Delphi бағдарламалау ортасымен танысасыз.
Delphi 7 Studio пакеті компьютерге Windows 98, Windows 2000, Windows XP амалдық жүйелерге орнатылады. Егер Сіздің жасаған бағдарламаларынызға қазақша жазу керек болса, SanaSoft компаниясының амалдық жүйелерді қазақшалайтын Wintranslate пакетін қолдануға болады.
Delphi бағдарламасының
барлық нұсқаларында құрылатын
бағдарламаларда қазақ
Менің курстық жұмысымның мақсаты бухгалтердың жұмысын аутаматтандыру болды. Мәліметтер қорыны мен MS Access-те жасап, интерфейсті Delphi-да орындадым.
1 Деректер қорын басқару жүйесі
Ақпарат бұл адамдардың бір – біріне ауызша, жазбаша немесе тағы басқа тәсілдермен берілетін мәліметтер.
Компьютер соңғы жылдарда құжаттарды өңдеу жүйелерін құруда жиі қолданылады. Құжаттарды ақпаратқа байланысты жүйелеуді әдетте ақпараттық жүйе деп атайды. Ақпараттық жүйе ақпаратты жинау және сақтау үшін оларды әр түрлі мақсаттарда пайдалану тиімді болу үшін қолданылады. Ақпараттық жүйені пайдалану барысының келесі ерекшеліктері бар:
Басқаша сипаттағанда ақпараттық жүйе ЭЕМ жадысында динамикалық түрде жаңартылып отыратын бір қойманы пайдаланатын сыртқы әлем моделін, яғни мәліметтер базасын құруды талап етеді.
Деректер (мәліметтер) қоры бұл кейбір пән облысы объектілері туралы ақпараттың үлкен массивтерін жинау және ұйымдастыру құралы.
Пән облысы басқаруды ұйымдастыру мақсатында, яғни автоматизациялау үшін зерттеуге арналған нақты әлемнің бөлігі. Пән облысы фрагменттер жиыны арқылы көрсетіледі. Мысалы, цехтары, дирекциясы, бухгалтериясы бар өнеркәсіптер.
Деректер қоры пән облысы туралы ағымдардағы берілгендерді көрсету, жинақтау, сақтау керек және де әр түрлі категориялы қолданушыларына берілгендеріне жылдам қатынау мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Бұл үшін мәліметтер қорында берілгендер қандай да бір модельге сәйкес құрылым бойынша сақталуы тиіс.
Берілгендер моделі пән облысына негізгі объектілердің қасиеттерін және олардың арасындағы байланыстарды сипаттайды.
Деркетер қорының тарихи даму процесінде мәліметтердің келесі моделі қолданылады:
- иерархиялық;
- желілік;
- реляциялық;
- объектті – бағытталған.
Айырмашылы олардың құрылымында: иерархиялық – ағаш түрінде, желілік – кез – келген граф түрінде, реляциялық – кесте түрінде, объектті – бағытталған – объект түрінде болады.
Деректер қоры деректер қоры жүйесі деп аталатынкүрделі жүйенің бөлімі болып табылады. Бұл жүйе құрамында деректер қоры және программаның техникалық, тілдік, ұйымдастырғыш - әдістемелік құралдары бар. Деректер қоры жүйесінің компоненттерінің бірі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ).
Деректер қорын құру үшін және олармен жұмыс істеу үшін программалық және тілдік құралдар қолданылады.
Қолдану түрі бойынша ДҚБЖ персональдық және көпқолданушылық ДҚБЖ – ға бөлінеді. Персональдық ДҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін жергілікті (локальды) деректер қорын құруға мүмкіндік береді.
Персональдық ДҚБЖ – лар: Paradox, dbase, FoxPro, Access және т.б.
Көпқолданушылық ДҚБЖ – лар «клиент - сервер» архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Кең таралған көпқолданушылық ДҚБЖ – лар: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server, InterBase.
Деректер қорын құру және пайдалану барысында оған келесідей талаптар қойылады:
Мәліметтер құру және пайдалану, жұмысын қамтамасыз ету үшін жауап беретін тұлға мәліметтер администраторы деп аталады.
Администратордың қызметтері:
Реляциялық деркетер қоры – деректер қорында сақталған барлық ақпараттан тұратын қатыгастар жиыны болып табылады. Объектілер және олардың қасиеттері арасындағы кез – келген байланыс қатынас деп аталады.
Объектілер арасындағы бір объектінің қасиеті мен әртүрлі объектінің қасиеті мен объектінің қасиеттері арасындағы байланыстар қарастырылады.
Қатынас өз атауымен және атрибуттар тізімімен анықталады. Қатынас атауы қатынастың арасындағы байланыс мағынасын ашатындай беріледі.
Объектінің кейбір қасиеттерін немесе байланыстарын сипаттау үшін қарапайым, бөлінбейтін атрибут деп аталатын элемент қолданылады.
Атрибут атауымен, типімен, мәнімен және басқа қасиеттерімен сипатталады. Қатынасттардың атрибуттар атауы, тізімі және олардың сипаттамалары – қатынас схемасы деп аталады. Атрибуттар сипаттамалары қатынастардың әрбір аргументі үшін мүмкін болатын мәндер облысын анықтайды. Қатынастардың нақты экземпляры кортеж деп аталады. Нақты кортежді бір мәнді анықтау үшін қолданылатын атрибуттар немесе атрибуттар жиыны қатынастың алғашқы кілті немесе кілт деп аталады.
Реляциялық берілгендердің бүтіндігі.
Берілгендерге қойылатын логикалық шектеулер бүтіндік шектеулері деп аталады. Шектеулер берілгендер моделінде жүйе жұмыс істеу барысында берілгендердің бүтіндігін сақтау үшін қолданылады.
Шектеулердің негізгі екі түрі бар: ішкі шектеулер және айқын шектеулер.
Ішкі шектеулер берілгендер моделіне тән шектеулер. Олар қатынастың құрылымына, байланыстарға берілгендер жиынының мүмкін болатын мәндеріне қойылады.
Айқын шектеулер программалық жабдықтың семантикасы қоятын шектеулер. Олар атрибуттардың мүмкін болатын мәндер облысын, атрибуттар арасындағы қатынастарды, олардың өзгеру динамикасын сипаттайды.
Келесідей байланыс түрлері бар:
- бірі – біріне
- бірі – көбіне
- көбісі – біріне
- көбісі – көбіне
Транзакция – операциялар тізбегін орындау. Транзакция ДҚ бір бүтіндік күйден екінші бүтінідік күйге ауыстырады.
Қатынастарға қолданылатын операциялар
Берілгендердің реляциялық моделінде қатынастарға қолданылатын негізгі операциялар келесілер:
Информация о работе Delphi ортасында «Бухгалтерия» ақпараттық жүйені құру