Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:12, курсовая работа
Қазіргі заманды тиімді басқарусыз елестету мүмкін емес. Басты категория болып кез келген кәсіпорын жұмысының тиімділігі көбінесе осыған байланысты ақпаратты өңдеу жүйелері табылады. Мұндай жүйе:
- жұмыс қорытындысы бойынша жалпы немесе детальданған есеп алуды қамтамасыз ету;
- басты көрсеткіштердің өзгеру тенденцияларын жеңіл анықтауға мүмкіндік беру;
- еш кедергісіз, уақыт бойынша критикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ету;
- мәліметтердің нақты және толық анализін орындау керек.
1 Деректер қорын басқару жүйесі..................................................................3
1.1 Деректер қоры...........................................................................................5
1.2 Реляциялық деректер қоры......................................................................7
2 Деректер қорын жасау................................................................................10
2.1 MS Access деректер қорын құру.............................................................10
2.2 MS Access деректер қорында «Бухгалтерия» мәліметтер
базасын құру үлгісі........................................................................................15
Delphi программалау ортасына MS Access деректер
қорын шығару................................................................................................16
Қорытынды......................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі......
Реляциялық модель келесі қасиеттерден тұрады:
Иерархиялық модель қасиеттері:
Жүйелік модель. МҚ- дағы жүйелік модель иерархиялық модельге ұқсас. Бір артықшылығы, бұл модельде әртүрлі элементтер арасында еркін байланыс орнатылған. Бұл қорларда кез келген объект басты да, бағынышты да бола алады.
Пәндік аймақ (облыс) – бұл шындық өмірдің бөлігі. Бұл жерде мәліметтер қорынан мәліметтерді көретін орта. Мысалы, пәндік аймақ ретінде бухгалтерияны таңдау керек, кадрлар бөлімі, банк, дүкен және т.б. Пәндік аймақ шексіз және мәлімет сияқты негізгі түсінік болып табылады.
Пәндік аймақтың моделі – пәндік аймақ туралы жинақталған білім. Білім ол жинақталған қалыпты түрде сақталауы мүмкін құралдың мысалы ретінде пәндік аймақтың мәтіндік сипатталуы мүмкін, істі дұрыс жүргізу ережесі, қызмет орнындағы жиындар және т.б. Бірақ тәжірибе көрсеткендей мәтіндік тәсіл пәндік аймақтың моделі ретінде тиімді емес. Оған қарағанда пәндік аймақты сипаттаудың ақпараттық және графикалық натацияның орындалуы арқылы іске асады. Қазіргі уақытта пәндік аймақтан сипаттаудың бірнеше тәсілі бар. Осы тәсілдердің ең ірісі ретінде SADD құрылымдық қолдауын қолдануға болады. Сонымен қатар ОБ UML анализін қолдануға болады.
Мәліметтердің логикалық моделі пәндік аймақтың төменгі деңгейінде орналасады. Логикалық моделі ол пәндік аймақты сипаттай отырып, олардың арасындағы өзара байланысты орнатады және мәліметтердің шектелуін басқарады.
Логикалық моделі ақпараттық бірлік терминінде құрылады. Бірақ нақтылы мәліметтер қорын басқару жүйесіне байланысы жоқ. Мәліметтердің логикалық моделін өңдеудің негізгі құралы болып қазіргі уақытта ER- диаграммаларының әртүрі жатады. Бір ER модельді реляциялық мәліметтер моделіне түрлендіруге болады. Мәліметтердің логикалық моделін өңдеу кезінде бірнеше сұрақтар тұрады.
2 Деректер қорын жасау
2.1 MS Access. Деркетер қорын құру
Access – ті іске қосу
үшін Windows жұмыс үстелі арқылы
Іске қосу→ Программалар→
Қор терезесінде ДҚ құрамындағы алты объектімен жұмысты бастауға арналған жеті қондырма бет бар: Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Есептер, Беттер, Макростар, Модульдер. Олардың алғашқы төртеуі негізгі объектілер.
Кесте – бұл деркетерді сақтауға арналған объект. әрбір кесте нақты өмірдің қандай да бір объектісі жөнінде ақпараттан тұрады, мысалы университет студенттері туралы ақпарат. Кесте тақырып жолынан және кесте денесінен тұрады. Тақырып объект атрибуттарының атынан (бағандардан) және олардың қасиеттерінен құралады, мысалы студенттің тегінен, курсынан және мамандықтың кодынан тұруы мүмкін. Кесте денесі кортреждерден (жолдардан) құралады, әрбір жол бағандардың бірнеше мәндерін береді, онда объектінің нақты экземпляры туралы деректер сақталынады.
Әрбір кесте үшін бастапқы
кілтті анықтауға болады, ол әрбір
жолдың, жазбалардың реттелуін
Сұраныс – бұл қолданушыға қажетті деректерді бір немесе бірнеше базалық кестелерден және басқа сұраныстардан алуға мүмкіндік беретін объект. Сұраныста деректер қанағаттандыратындай белгілі бір шарттарды көрсетуге болады. Соның нәтижесінде сұраныс ДҚ – да сақталған үлкен ақпарат ағынынан тек қажеттілерін ғана алуға мүмкіндік береді. Сұранысты құру үшін үлгі бойынша сұранысты (QBE) немесе SQL инструкцияларын қолданады. Деректерді жаңартуға, таңдауға, жоюға және қосуға арналған сұраныстарды құруға болады. ДҚ – да бар кестелерге және олардағы мәліметтерге сүйене отырып сұраныс көмегімен басқа да жаңа кестелер құруға болады.
Форма – негізінен деректерді енгізуге, оларды экранда бейнелеуге немесе қосымша басқаруға арналған объект. Формалар тапсырушының қажетті деректерді кестелерден және сұраныстардын беру талаптарын жүзеге асыруда қолданылады. Формаларды баспаға шығаруға болады. Форманың көмегімен қандай да бір іс – қимылға жауап ретінде деректердің нақты өңдеуін орындайтын макрос немесе процедураны қосуға болады.
Есеп – бұл басқа бір құжаттың қосымшасына қосылатын немесе баспаға шығарылатын құжатты құруға арналған объект. Есепті баспаға шығармас бұрын оны алдын ала қарап алу керек.
Макростар – макрокомандалар (бірнеше командаларды біріктіріп орындайтын команда). Мысалы, Quit (шығу) – Access – тен шығу, Delete (жою) – макрокомандалар. «Макрос» қондырмасын пайдаланып ашылған терезеге макросты енгізуге болады.
Модульдар – Visual Basic программалау
тілінде жазылған ішкі программалар
(процедуралар). «Модульдер» қондырмасы
осы программалармен жұмыс
Деркетер қоры терезесінің жоғарғы жағында үш командалық батырма орналасқан: Ашу, Конструктор,Құру.
Ашу батырмасы қондырмадан
таңдалған объектіні ашады. Егер
объект кесте болса, оны көріп
шығуға, жаңа жазу қосуға және кесте
берілгендерін өзгертуге
Конструктор батырмасы қондырмадан таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету, бапқа келтіру үшін пайдаланылады. Егер объект кесте болса, оған жаңа өрістер не бар өрістерінің қасиеттерін (типін, өріс ұзындығын, т.б.) өзгертуге не жаңа кесте құруға да болады.
Құру батырмасының іс әрекеті : жаңа объект құру үшін пайдаланылатын сұхбаттық терезені ашу.
Деректер қорын ашу және жабу
Деректер қорын жабу үшін оның терезесінің «Жабу» батырмасын шерту не Файл – Жабу командасын беру жеткілікті.
ДҚ – ны ашу үшін Access – ті іске қосқан кезде көрінетін терезеден Файлы жолын шертсе болғаны. «Деректер қоры файлын ашу» сұхбаттық терезесі көрінеді. (терезені ашу үшін Файл – Деректер қорын ашу командасын беру не Ctrl+0 пернелерін басуда мүмкін).
Терезеде орындалуы мүмкін іс - әрекеттер:
- «файлдар типі» өрісінен ДҚ типін («Базы данных») таңдау;
- «Бума» өрісінен ДҚ файлы енгізілген диск/буманы таңдау;
- терезеде көрінген файл атауын іске қосу.
Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер арасында байланыс орнату.
Кестені қолдан құру. Кестені сақтау
Кесте – деректер қорының негізгі объектісі. Кесте құру үшін ДҚ терезесін ашып, Кестелер – Құру командасын беру керек (кестелер қондырмасын, одан әрі Құру батырмасын шерту). Жаңа кесте сұхбаттық терезесі көрінеді (1 - сурет). Онда кесте құрудың үш режимі бар:
1 – сурет. Жаңа кесте терезесі
Кестені қолдан құру технологиясы:
2 – сурет. Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы
4. Терезенің жабу батырмасын шертіп, терезені жабу. Access кесте құрылымын сақтау сұралатын сұхбаттық терезе шығарады. Оның Иә батырмасын шерту.
5. Кесте атауы сұралатын
6. Кілттік өріс құру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді (3 сурет). Егер Иә батырмасын шертсеңіз, Access автоматты түрде кестеге Код атаулы есептегіш өрісті қосып қояды. Бұл өріс келешекте қажет болмаса, Жоқ ба тырмасын шерту (өрісті қолдан кілттік ету тәсілі төменде көрсетілген).
3 - сурет. Кілттік өріс құру сұралатын терезе
Құрылған кесте ДҚ – ның Кестелер бөліміне жазылып қойылады.
Дайындалған кесте мазмұнын көріп шығу үшін ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын, одан әрі Ашу батырмасын шертсе болғаны.
Access кесте өрістері
типтерін оларға енгізілген
Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері.
Кесте конструкторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады:
- өріс атауын өзгерту; өріс типін өзгерту;
- өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;
- жаңа өріс қосу; өрісті кілттік ету;
- жаңа кесте құру; өрісті индекстік ету және т.б. конструктор терезесін ашу үшін ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасыннан кесте атауын таңдап, Конструктор батырмасын шерту керек.
Куесте өріс типін өзгерту үшін осы терезенің «Деректер типі» бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек. Оның оң жағында тілсызық батырмасы пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен (4 сурет) қажетті типтер таңдамасы болғаны.
4 - сурет. Өріс типтері тізімі
Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауынаң үстіне әкеліп, тышқанның оң батырмасыншерту керек. Көрінген жанама мәзірден Кілттік өріс қатарын шерту жеткілікті. Кілттік етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанаға) кілт белгісі орнатылып қойылады.
Өріс қасиеттері
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өістің негізгі қасиеттерінің – оның типі мен өлшемі.
Access құрылған кестенің
өріс қасиеттерін автоматты
Мәтіндік типті өріс үшін басқа қасиеттерді орнату міндетті емес. Мұнда ескеретін жайт – қасиеттер құрамында «Қолтаңба (подпись)» жолы да бар. Ол – формамен жұмыс істеу кезінде Access автоматты түрде меншіктейтін өрістің екінші атауы.
Кестелер арасында байланыс орнату. Деректер схемасы.
Бастапқы және сыртқы кілттік өрістер. Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кілттік етілген кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру – Access – тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негіздік кестені басқалармен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын бірегей кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс. Ол ұзын сандық типті кілттік өріс болуы міндетті. Егер кестеде мұндай өріс болмаса, оны құрып алуға болады.
Информация о работе Delphi ортасында «Бухгалтерия» ақпараттық жүйені құру