Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 19:02, реферат
Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын өйткені, Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды.
Кіріспе.
1.Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мелекеттік университеті
Реферат:
17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым
Орындаған: «Педагогика және психология»
мамандығының 1 курс магистранты Нурманова А.К.
Тексерген: Сулейменова Г.Б.
Орал, 2012ж.
17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым
Жоспар.
І.Кіріспе.
1.Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.
ІІ.Негізгі бөлім:
ІІІ.Қорытынды.
Жаңа дәуір философиясы
белгілі бір әлеуметтік-
Философияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс нарық тудырған, бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым және оның жаңа әдісі туралы болды. Философия сонымен қатар жаңа дүниетаным жаңа көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты.
Жаңа көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде тануға, дүниенің барлық салаларын жан-жақты қамтуға әрекет етті. Табиғатты толық тануға ұмтылған бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан шыққаннан кейінгі еркіндік аңсаған армандарының орындалуы еді. Дүние кең байтақ, ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың нәрестесі (құдайдың жаратқан құлы емес) — адам. Ол бүкіл дүниені тануға және игеруге ұмтылды.
Адам орта ғасырлық, қаратүнек қараңғылықтан,
шырмаудан босанып шығысымен ендігі жерде
тек өзіне ғана сенді. Ол өзінің еркіндігін
және күшін танып, өз ісін қызметінен әділеттілік
пен зерделілікті көрді.
Жаңа дәуір өндіргіш күштердің ерекше
қарқынмен дамуына кеңінен жол ашты. Өндіргіш
күшке айнала бастаған ғылым мен техниканың
өркендеуі бірте-бірте жаңа философиялық
және ғылыми танымды қажет етті. Сондықтан
да жаңа дәуір ойшылдары таным процесіне,
табиғатты тануға ерекше назар аударып,
ғылыми танымның негізін қалыптастыруға
кірісті. Ең алдымен танымның жалпы әдісі,
сонымен бірге жекелеген ғылымдардың
саласындағы әдістер пайда бола бастады.
Жаратылыстану саласының дамуы
қоғам алдына қойылған мақсатқа сәйкес
келді. Өйткені, бұл көзқарас философияны
жаратылыстану ғылымының
Дегенмен, даму процесі диалектикалық жолмен жүреді. Жаңа дәуірдегі ғылымның, яғни жаратылыстану ғылымының дамуы сол кездегі философияның өркендеуіне ішкі мазмұны жағынан өзара сәйкес келді.
Оларды біріктірген жалпыға бірдей әдіс — метафизикалық, механикалық әдіс болды. Бұл әдіс, ең алдымен, сол кездегі ғылымның дамуына байланысты шықты.
Ғылым бұрынғы шашылған ұсақ-түйек ілімдерден бір арнаға жинақталған жүйеге айналуды қажет етті. Сондықтан ғылым білімдер жүйесіне айналды. Сонымен қатар ғылымдардың жекелеген таным тәсілдері философияға да тән әрі ортақ болып шықты.
Таным теориясында бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт пайда болды. Олар сырт қарағанда ойлау процесіндегі ой-пікір, пайым мен зердеден келіп шықты. Олардың бірі эмпирикалық (эмпирия - латын тілінде тәжірибе), ал екінші рационалистік (рацио - латын тілінде ақыл, зерде) болып бөлінді. Бұлар кейін келе-келе бір-бірімен қарама-қарсы бағытқа айналды. Таным теориясындағы бел екі бағыт философия тарихындағы, таным процесіндегі көптеген қайшылықтардың бетін ашты. Ал метафизикалық, механикалық әдіс таным теориясындағы осы екі ағымның диалектикалық байланысын анықтаудың орнына, оларды бір-бірінен алшақтатып жіберді. Бұл әдіс ақыл мен зердені табиғаттың, тіпті, құдайдың тудырған жемісі ретінде қарастырды.
Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады.
Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін
бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен
де айналысты, парламент мүшесі, танымал
адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде
де танылды. Негізгі еңбектері: «Жаңа Органон»,
«Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік
және саяси қағидалар»,«Жаңа Атлантида»,т.б.
Бэкон философия ғылымының практикалық
функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның
ойынша. философия ғылыми білімдердің
көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге
көмектесуі қажет. Әйгілі «Білім – күщ»
(Знание – сила) деген қағиданың авторы
Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға
пайдалылығына байланысты классификациялайды..
Оның пікірінше, табиғаттың сырын, заңдылықтарын
білген адам оларды өз қажетіне жарата
алады, ал табиғатты материяны қарастыру
арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері
көп, солардың ішіндегі негізгісі - қозғалыс.
Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын
ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап
білуге болатын денелер ғана, ал жан, рух
т.б.ғылыми тұрғыдан танып-білуге болмайтын
болғандықтан - нақты шындыққа жатпайды.
Табиғатты нақты танып-білу негізінде
мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту
адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі.
Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп - табынушылық
, жалған эксперимент екендерін түсінулері
керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі
- индукция. Бэконның түсінігінше зерттелетін
заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді
және олар бір- бірімен байланыста болмайды.
Дін мен ғылым бір-біріне кедергі
жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа
жетулеріне болады философияның негізгі
зерттеу объектілері – құдай. табиғат
және адам. Бэкон философияны табиғи философия
деп түсінеді, оның өзін теориялық және
практикалық деп бөледі. Біріншісі табиғат
құбылыстарының себептерін түсіндірсе,
екіншісі теориялық жаңалықтарды пайдалана
отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады.
Табиғи философияны Бэкон физика және
метафизика деп жіктейді, оның негізінде
– Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер
материалдық және іс жүзіндегі, формальдік
және мақсаттық болып белінеді. Алғашқы
екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді,
себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің
жақын себептері, оларды зерттеу физиканың
міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік
себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын
– метафизика.
Философияның соңғы бөлімі – адам туралы
ілім. Адам индивид ретінде антропологияның,
қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның
немесе саясаттың пәні.Адам табиғатты
өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы
қажет. Бұл істе оған көмектесетін практикалық
философия, объективтік акиқаттарды танып-білу
тәсілі, бұл тәсіл.»Жаңа Органонда» баяндалады.
Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына
жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды
іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде
көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша
рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды.
Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына
қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын
тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға
тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді
идоядар, елестер, ескіліктің қалдықтары
деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар
адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам
танымының тарихи даму процесінде, ал
енді біреулері адамның жеке дамуының
кезендерін де пайда болады. Бұл елестер
адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд.
алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың
нақты бейнесін көмескілеп, адамға табиғаттың
тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар:
1) Адамның табиғатына, тегіне, ақыл-ойына
да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның
ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері
көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не
ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді.
Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап
болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды
жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге
көбірек сенеді. Бэкон теорияны эксперимент
тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға
себеп деп көрсетеді, ақылдың қанатына
таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге
жақындай болады дейді.
2) Үңгір идолдары – адамның физиологиясы
мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері,
жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды
объективті түрде қабылдауға кедергі
жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе.
3) Алаң идолдары – адамдардың тіл арқылы
араласуынан туындайтын идолдар. Жаман
сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау
логикасын бұзады. Адамдардың көпшілігі
оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл
жерде қарапайым сананы сынайды. Сөздерді
қолдана отырып, олардың артында нақты
заттар тұрғанын, нағыз объективтілік
тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн
дейді (номинализм бағытын жалғастырады).
4) Театр идолы – жалпы қабылданған, көнеден
келе жатқан философиялық доктриналарға,
мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне
деген соқыр сенім «философиялықтеатрларды»
туындатады. Мысалы, дінге деген шектен
тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон «екі
ақиқат» теори-ясын ұсынады. Философия
ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда
теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды.
Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы
қажет. «Ақиқат беделдің емес, уақыттың
туындысы».
Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын
көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп
жалпы ережелерге көшуді дедуктивті-силлогистік
пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің
ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына
сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру
емес, жиналған фактілерді қорыта білу
(бал арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға
қол жеткізу. Ал ол бақылау (наблюдение)
процесінде емес, эксперимент процесінде
ғана мүмкін.
Рене Декарт (1596-1650) – француз дворянының отбасында туып,
иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика,
математика, арифметика, механика, музыканы
тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде
танылған Декарт осы ғылымның көмегімен
бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта
өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне
қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра,
аналитикалық геометрия, механика мәселелерін
зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын
ашты, қанның айналуын зерттеді психология
мен космогонияны, және, әрине, философияны
талдады. Белгілі еңбектері: «Бірінші
философия туралы пайымдаулар». «Фи-лософияның
алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар».
-философия ағаш секілді, оның тамыры –
метафизика, діңгегі – физика, діңгектен
тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымның,
медицина, механика және этиканың төңірегінде
топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан
бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның
пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге
байланысты» деп. Декарт барлық ғылымдардың
бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді.
Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын
қоғамның тандаулы топтарына ғана емес,
қарапайым адамдарына да түсінікті тілде
жазуға тырысты, оларға демократиялық
сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің
ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік
реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық
тәртіпті өзгертуге қарсы болды.
Ерекшеліктері:
Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді,
Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт
жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі
математикалық ойлау тәсілінен жақсы
көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің
негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл
ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және
өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес,
болжамды көбірек қолданады, сондықтан
басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше
дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті,
сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа
философиялық жүйе жасау ісінде қолдану
керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені
ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға
орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты
тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық
рационализмнің бұл принципін интуиция
ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті
табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік
сәуле деп түсінеді.
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше
қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ,
қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге
келу жеңілдейді.
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден
туындайды: таным процесі қарапайымнан
күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай
шолу жасап отыру қажет – энумерация.
Декарттың рационализмінің негізі – күмән.
Күмәнданған адам күмән туғызған объект
туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді,
тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір
сүремін» (Я мыслю. следовательно я существую.
Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз
анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат,
бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи
қабылданады.
Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда
еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі
сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек
философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде
алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері
көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық
доктрина қалыптастыру, адам мәселесін
терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды.
Негізгі еңбегі – «Этика».
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі
екеніне сенімді. Табиғатта механикалық
заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде
оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік
принциптерінің табиғи сипатын ерекше
атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында
құдай – табиғаттың өзі. Ол субстанция,
құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ,
адамдардың құдай деп жүргендері өздері
түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік
ережелердің құдайдан туындайтындығын
теріске шығарғанымен, оның философиясынан
жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.
Ең бастысы – Спиноза адамның еркіндігін,
оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді.
Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында
еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту,
үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан)
арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін
емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам
өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп
түсінді, осы бақытқа жету жолында оның
ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады.
Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып,
адамгершілікті ақыл-оймен байланысты
қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші
танымның дамуы процесінде өсе түседі.
Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа
адамдармен тамаша қарым-қатынас орната
алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа
бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет
туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің
мақсаты – адамның еркіндігін қамтамасыз
ету деп тұжырымдайды.
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында
да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен
де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе
жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы
мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні
қайғырып, мұңға бату – құлдықтың бір
түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына
салыстырмалы түрде қарауға шақырады
(біз «философиялық» деп атап жүрген көзқарас).
Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік
– себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде
ол болмашы ғана
нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен,
Спинозаның бүл философиясы өмір туралы
ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге
біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін,
ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір
сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың,
адам өміріндегі проблемалардың бәрі
де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді.
Өмірден жиі түнілетін қазіргі заман адамына
Спиноза философиясы аса пайдалы.
Томас Гоббс (1588-1679) – кәрнекті ағылшын философы, Оксфорд
университетінде Аристотельдің логикасы
мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін,
оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді.
Еңбектері: -Левиафан немесе Материя, шіркеулік
және азаматтық мемлекеттің формасы мен
билігі», » Азамат туралы», » Дене туралы»,
«Адам туралы».
Гоббс философия мен теологияны беліп
қарастырады, Бэконның «екі ақиқат » теориясын
тереңдете түсіп философияны жогары қояды,
«философия – танушы ақыл-ойдың рациональдік
іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан,
белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға
қарай, екінші жағынан, құбылыстардан
оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді.
Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия».
– дейді
Теологияны жоққа шығармағанымен, оны
философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды.
Гоббс үшін теология рациональдік анализді
қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде
тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің
негізгі себебі – оның философиясының
басты мәселесі адам мәселесі болғандығында.
Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің
бірі және табиғат адамдарды қай жағынан
болсын тең етіп жаратады. Бірақ Гоббс
әрбір адамға тән табиғи қасиет эгоизмді
шектен тыс әсірелейді. Ол адамды өзін
ғана ойлайтын, езінің сезімдеріне әлі
келмейтін мақұлық ретінде сипаттайды.
Гоббстың пікірінше, «адам адамга қасқыр
«, адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен,
әркім өзін басқалардан күштірекпін деп
ойлайды, теңдіктен өзара сенімсіздік
туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін
туғызады да, екі адам бір мақсатқа бірдей
ұмтылып, мақсатқа жету жолында бірі басқасын
құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады,
сол себепті адамдар бір-бірімен үнемі
соғыс жағдайында болады.
Гоббстың ойынша, адам физикалық қана
емес, моральдық, рухани дене, жасанды
көптеген денелерді жасаушы, мәдениет
өркениетін қалыптастыру-шы. Осы жасанды
денелердің арасындағы маңыздысы және
күрделісі – мемлекет. Ол туралы ілімді
Гоббс өзінің маңызды доктринасы деп түсінді
және моральдық немесе азаматтық философия
деп атады. Оның түсінігінше, мемлекет
эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында
ұстайтын, қогамдық келісімге негізделген
билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы
өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше,
күйзеліс сезіміне толы болады дей отырып,
Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші
мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған
кезде бастарынан кешетіндігін айтады.
Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін
күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыс
қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу
қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары
мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа
шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп
отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа
адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа
жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік
ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе
керісінше іс істеген адамға ізгіліктік
көрсету – Гоббстың пікірінше, ақылға
сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге
үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім
жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің
көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға
болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты
күш үстемдік етеді, одан заң туындайды.
Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды,
бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның
үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана
бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат
күштінің қолында және мемлекеттік билік
шексіз болуы тиіс.
Информация о работе 17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым