Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінде шаңырақтың шайқалып, заңды некенің бұзылуы кең өріс алуда.
Республикада қазірде алимент төлеуді қиынсынатындардың жалпы саны соңғы мәліметтер бойынша жүз мыңға жуықтайды. Ал солардың арасында жиырма мың "қашқын" әке бар, олар өз балаларына көмектесуден мүлдем бас тартуда.

Оглавление

Кіріспе
1 Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі
Алимент төлеу туралы келісім
Сот шешімі бойынша алиментті өндіріп алу
2 Жанұя мүшелерінің алименттік міндеттемелері және әлеуметтік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.1 Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері
2.2 Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.3 Тәрбиеленушілердің өздерінің нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРЫ 60 бет.doc

— 389.50 Кб (Скачать)

5) демалыс уақытында сақталатын  жалақыдан, сондай-ақ тек бiрнеше  жылғы демалыстарды қосқан жағдайда  ғана пайдаланылмаған демалысқа  төленетiн ақшалай өтемақыдан;

6) комиссиялық сыйақыдан  (штаттағы сақтандыру агенттерiне, штаттағы делдалдарға және басқаларға);

7) азаматтық  заңнамаға сәйкес жасалатын және  бiр жолғы сипаттағы емес шарттар  бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған  қызметтер үшiн алынған сомадан; 

8) авторлық сыйақы  сомасынан; 

ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1307 қаулысымен 9) тармақша өзгертілді

9) зейнетақы  төлемдерiнiң барлық түрiнен, Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 62-бабында көзделген жәрдемақыны қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтiк көмек сомасынан;

10) бiлiм беру  ұйымдарында оқитындарға төленетiн  стипендиялардан; 

11) заңды тұлға  құрмай кәсiпкерлiк қызметпен  айналысудан түскен табыстардан; 

12) мүлiктi жалға  беруден түскен табыстардан;

13) бағалы қағаздар  бойынша түскен табыстардан және  заңды тұлғаның мүлкiн басқаруға  қатысудан түскен табыстардан; 

14) Семей ядролық  полигонындағы ядролық сынақтар  әсерiне ұшыраған аумақтарда және  Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық кесiмдермен белгiленген еңбекке қосымшаақы төлемiнен.

ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. N 662 қаулысымен; 2008.18.11. № 1068 қаулысымен  2-тармақ өзгертілді

2. Әскери қызметшiлерден, iшкi iстер органдары, прокуратура органдары, қаржы полициясы органдары,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қызметкерлерiнен, кеден органдарының лауазымды адамдарынан алимент ұстау қызметтiк мiндеттердi орындауға байланысты олар алатын төлемдердiң мынадай түрлерiнен жүргiзiледi:

1) лауазымдық  жалақыдан, әскери (арнайы) атақ бойынша  берiлетiн жалақыдан (үстемеақыдан), сыныптық шенге қосымша төлемнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыдан;

2) Семей ядролық  полигонындағы ядролық сынақтар  әсерiне ұшыраған аумақтарда және  Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық кесiмдермен белгiленген еңбекке қосымшаақы төлемiнен;

3) дүлей апатқа, өртке, мүлiк ұрлануына, мертiгуге, сондай-ақ бала тууға, жақын  туыстары қайтыс болуына байланысты  көрсетiлген материалдық көмектен басқа, тұрақты сипаттағы материалдық көмек сомасынан;

4) еңбекке ақы  төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты  сипаттағы және тиiстi мекеменi  ұстауға көзделген қаражатты  үнемдеу есебiнен алынатын сыйлықтардан (сыйақылардан);

5) тиiстi органды  ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылар мен қосымшаақылар сомасынан;

6) олар мертiккен  жағдайда төленетiн бiр жолғы  өтемақыдан, зиянды немесе қысылтаяң  жағдайлардағы жұмыс үшiн өтемақы  төлемдерiнен, сондай-ақ табиғи  және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою кезiнде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай сомадан және бір жолғы сипаттағы басқа сомалардан өзге, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен;

7) әскери-оқу  орындары, арнайы оқу орындары  курсанттарының (тыңдаушыларының) лауазымдық жалақысынан (стипендиясынан).

 

2.2 Алименттік  міндеттемелердің тоқтатылуы 

Соттың бұрын  белгіленген алимент мөлшерін өзгерту  және алимент төлеуден босату

1. Егер алимент  төлеу туралы келісім болмаған  жағдайда алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез-келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны  төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған жағдайда сот тараптардың назар аударарлық мүддесін де ескеруге құқылы.

2. Егер кәмелетке  толған әрекетке қабілетті адам  алиментті төлеуге міндетті адамға  қатысты қасақана қылмыс жасағаны  немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайы анықталса, сот оған алимент ендіріп беруден бас тартуға құқылы.

Алименттік міндеттемелерді тоқтату

  1. Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік міндеттемелер осы келісімнің күшінде болу мерзімі біткенде немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.
  2. Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:
  3. бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін алған жағдайларда;
  4. асырап-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;
  5. сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;
  6. еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып қелген алимент алушы жақа некеге тұрғанда;
  7. алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

Ата-ана құқықтарынан айыру

I. Егер ата-аналар (олардың біреуі):

  1. ата-ана міңцеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
  2. өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;
  3. өздерінің ата-ана кұқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
  4. балаларға қатігездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;
  5. заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

2. Өз балаларының  не жұбайының өміріне немесе  денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құкығынан айырылуы мүмкін.

1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі, Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.

  1. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
  2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құкығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
  3. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі карау кезінде ата-аналардың (олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.
  4. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.

Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне  негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу (осы Заңның 131-бабы), сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеітік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.

Ата-ана құқығынан  айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.

Бала мен  ата-ана құқықтарынан айырылған  ата-ананың одан әрі бірге тұруы  туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.

Ата-анасы (олардың  біреуі) ата-ана құқықтарынаи айырылған бала ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады.

 Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.

Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының (олардың  біреуінің) өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.

Ата-анасы (олардың  біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға aтa-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.

Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ата құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін.

Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.

Егер ата-ана  құқықтарын қалпына келтіру баланың  мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың (олардың біреуінің) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

Он жасқа  толған бала жөніндегі ата-ана құқықтарын қалпына қелтіру баланың келісімімен ғана жасалуы мүмкін.

Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күші жойылмаса (осы Заңның 96-бабы), ата-ана кұқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.

Ата-ана құқықтарын шектеу

  1. Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.
  2. Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:
  3. ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және с. с. салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;
  4. олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және камқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.
  5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (осы Заңның 68-бабының 1-тармағы), мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады.
  6. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
  7. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.

Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары

1. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, ал 71-баптың 2-тармағының 2) тармақшасыңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығынан да айырылады.

  1. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды.
  2. Өзіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады.
  3. Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі.
  4. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата-аналардың баламен қатысуына қорғаншы немесе камқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме өкімшілігінің келісімімен жол беріледі.

Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою 

1. Егер ата-аналардың  (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары  шектелген негіздер жойылса, сот  ата-аналардың (олардың біреуінің) талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың біреуіне) қайтарын беру туралы және осы Заңның 72-бабында көзделген шектеулердің күшін жою туралы шешім шығара алады.

2. Егер ата-анасына  (олардың біреуіне) баланы қайтарып  беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланың пікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құкылы.

Баланың өміріне  немесе оның денсаулығына тікелей қатер  төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың  біреуінен) немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.

Баланы дереу  айырып алуды жергілікті атқарушы органның тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді.

Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы жергілікті атқарушы органның актісі шыққаннан кейін жеті күн ішіңде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.

Информация о работе Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі