Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінде шаңырақтың шайқалып, заңды некенің бұзылуы кең өріс алуда.
Республикада қазірде алимент төлеуді қиынсынатындардың жалпы саны соңғы мәліметтер бойынша жүз мыңға жуықтайды. Ал солардың арасында жиырма мың "қашқын" әке бар, олар өз балаларына көмектесуден мүлдем бас тартуда.

Оглавление

Кіріспе
1 Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі
Алимент төлеу туралы келісім
Сот шешімі бойынша алиментті өндіріп алу
2 Жанұя мүшелерінің алименттік міндеттемелері және әлеуметтік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.1 Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері
2.2 Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.3 Тәрбиеленушілердің өздерінің нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРЫ 60 бет.doc

— 389.50 Кб (Скачать)

 Тұрақты  акша сомасының мөлшерін сот  баланың бұрынғы қамтамасыз етілу  деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып белгілейді.

 Егер ата-аналардың  әрқайсысының қолында балалар  қалатын болса, алимент мөлшерін  аз қамтамасыз етілген ата-ананың біреуінен екіншісінің пайдасына осы баптың 2-тармағына сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот белгілейтін тұрақты ақша сомасы белгіленеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алиментті өндіріп  алу және пайдалану

1. Ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Заңның 125—127-баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді.

2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу мекемелері мен өзге де мекемелердегі балаларға ата-аналарынан өндіріп алынатын алимент сол мекемелердің шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледі.

Аталған мекемелер  бұл соманы банкілерге салуға құқылы. Келіп түскен алимент сомасының  айналысынан түскен кірістің елу  проценті аталған мекемелердегі балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналысынан түскен кірістің елу проценті уәкілетті банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады.

Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы

  1. Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті.
  2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.

Ата-аналардың  балаларды асырап-бағуға арналған қосымша шығындарға қатысуы

  1. Алимент төлеу туралы келісім болмағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған көмекке мұқтаж балалар дың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге әрбір ата-ананы қатысуға тартуы мүмкін.
  2. Ата-аналардың қосымша шығындарды көтеруге катыстырылу тәртібі мен бул шығындардың мөлшерін сот ана-аналар мен балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып аи сайын төленуге тиісті алимент төленетін кездегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында белгілейді.
  3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығындарды өтеуге де, балаларды асырап-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға міндеттеуге құқылы.

Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі  міндеттері

1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

  1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.
  2. Әрбір баладан өндіріп алынатын алимент мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынастарында белгілейді.
  3. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.
  4. Егер сот ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балалары ездерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.

Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.

Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығындарға қатысуы

  1. Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық жасамағаңда және ерекше мән-жайлар болғанда (ата-анасы ауыр науқастану, мертігу, оны бөгде адамның бағып-күткені үшін ақы төлеу, оны халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат үйіне орналастыру қажет болғанда және т.с.с.) кәмелетке толған балаларын сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге катыстыруы мүмкін.
  2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығындарды көтеру тәртібі мен осы шығындардың мөлшерін сот осы Заңның 131-бабының 3,4,5-тармақтарының ережелері сақталған жағдайда ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасы жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере отырып белгілейді.
  3. Қосымша шығындарды көтеру тәртібі мен бұл шығындардың мөлшері тараптардың келісуімен белгіленуі мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың  бір-бірін асырап-бағу жөніңдегі  міндеттері

  1. Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті.
  2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан:
  3. еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
  4. жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің;
  5. ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін;
  6. ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға I—II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.

Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент  алуға құқығы

  1. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді соттәртібімен талап етуге:
  2. жүкті қезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бүрынғы әйелінің;
  3. ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I—II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұктаж бұрынғы жұбайының;
  4. неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар.

2. Алименттің  мөлшері мен оны неке бұзылғаннан  кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін.

Ерлі-зайыптылардан  және бұрынғы ерлі-зайыптылардан  сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері

Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардын (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасы жағдайын, тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген есептік көрсеткішке еселенген қатынаста сот белгілейді.

Сот жұбайдың еңбекке  жарамсыз, көмекке мұқтаж екінші жұбайды  асырап-бағу міндетінен босатуы немесе некеде тұрған кезенде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге мынадай жағдайларда:

  1. спирт ішімдіктеріне, есірткі заттарына, психотропты заттарға салынып кетуі салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған;
  2. ерлі-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған;
  3. алимент төлеуді талап ететін жұбайдың отбасында өзін лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуі мүмкін.
  4. Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда:
  5. көмек алуға құқығы бар жұбай жақа некеге тұрғанда;
  6. осы Заңның 134-бабында көзделген мән-жайлар жойылғанда сот шешімімен тоқтатылады.

Ағалары мен  апаларының өздерінің кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз, кәмелетке толған інілері мен сіңлілерін (қарыңдастарын) асырау жөніндегі міндеттері

Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері мен сіңлілерінің (қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерінің еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық беріледі.

Немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен әжесінің міндеттері

Өздерінің ата-аналарынан көмек алуы мүмкін болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелерінің өздерінің алимент төлеугe қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Өздерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық беріледі.

Өздерінің кәмелетке  толған еңбекке жарамды балаларынан  немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажетті қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.

Тәрбиеленушілердің  өздерін нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті

1. Кәмелетке  толмаған балаларға нақты тәрбие  беруді, асырап-бағуды жүзеге асырушы,  еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж  адамдар, егер олар өздерінің  кәмелетке толған, еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен көмек беруді сот тәртібімен талап етуге құқылы.

  1. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт асырап-бағып, тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушілерді нақты тәрбиелеушілерін асырап-бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.
  2. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта болған адамдарға жүктелмейді.

Өгей ұлдар  мен өгей қыздардың өгей әкесін және өгей шешесін асырап-бағу жөніңдегі  міндеітері

1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенің, егер өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап-бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.

2. Егер өгей  әке мен өгей шеше өгей балалары  мен өгей қыздарын бес жылдан  аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса,  сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу  және асырау міндеттерін тиісті  түрде атқармаса, сот өгей ұлдар  мен өгей қыздарды өгей әкесі  мен өгей шешесін асырап-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.

Отбасынын басқа  мүшелерінен сот тәртібімен өңдірін  алынатын алименттің мөлшері

Осы Заңның 139—141-баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері  мен оны төлеу тәртібі тараптардың  келісімімен белгіленуі мүмкін.

Тараптардың келісімі болмаған жағдайда сот тәртібімен өндіріп  алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір  жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материадцық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген 
есептік көрсеткішке еселенген қатынаста белгілейді.

Егер отбасының  алимент талап етуші мүшесін  бір мезгілде бірнеше адам асырап-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық  және отбасы жағдайына қарай әрқайсысының алимент төлеу міндеттерін орындауға қатысу мөлшерін белгілейді. Алимент мөлшерін белгілеу кезінде сот, алимент төлеуге міндетті барлық адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.

1. Кәмелетке  толмаған балаларды асырап-бағуға  алимент ұстау осы тiзбенiң  2-тармағында көрсетiлген адамдардың  кiрiстерiн қоспағанда, ата-анасы  алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдiк валютада) жалақының (ақшалай  сыйақы, нәпақа) және өзге де кiрiстiң барлық түрiнен жүргiзiледi, соның iшiнде:

1) еңбеккерлерге нақты  жұмыс iстеген уақыты үшiн немесе  орындалған жұмыс үшiн еңбекке  ақы төлеу жүйесiнде көзделген  белгiленген лауазымдық жалақыларды  (ставкаларды) негiзге ала отырып  есептелген жалақыдан; 

2) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген қосымшаақылар мен үстемеақылардың барлық түрiнен, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу қоры шегінде қаражатты немесе тиiстi мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылардан;

3) еңбекке ақы төлеу  жүйесiнде көзделген тұрақты сипаттағы сыйлықтардан (сыйақылардан), сондай-ақ материалдық көтермелеудiң өзге де нысандарынан;

4) "Атқарушылық iс жүргiзу  және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының  1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 62-бабында көзделген өтемақыларды қоспағанда, ақшалай өтемақылардан;

Информация о работе Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі