Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:59, курсовая работа
Бүгінде шаңырақтың шайқалып, заңды некенің бұзылуы кең өріс алуда.
Республикада қазірде алимент төлеуді қиынсынатындардың жалпы саны соңғы мәліметтер бойынша жүз мыңға жуықтайды. Ал солардың арасында жиырма мың "қашқын" әке бар, олар өз балаларына көмектесуден мүлдем бас тартуда.
Кіріспе
1 Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі
Алимент төлеу туралы келісім
Сот шешімі бойынша алиментті өндіріп алу
2 Жанұя мүшелерінің алименттік міндеттемелері және әлеуметтік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.1 Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері
2.2 Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.3 Тәрбиеленушілердің өздерінің нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
а) киіліп жүрген киім, аяқкиім, ішкиім, қолданылатын көрпе-төсек, ас үй және асхана заттары. Мех және басқа қымбат киім-кешек, асхана сервизі, қымбат металдардан жасалған, сондай-аң көркемдік жағынан құнды нәрселер тәркіленуі мүмкін;
б) сотталушы мен оның отбасы мүшелері үшін қажеті шамалы жиһаз;
в) балалардың барлық керек-жарақтары.
10 - Сотталушы марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де сыйлықтар.
ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 46-бабы мүлікке тыйым салу тәртібін бекітеді. Мүліктен өндіріп алу кезінде сот орындаушысы оның борышкерге тиесілі екендігін, шынайы құнын және ондағы ауыртпалықты анықтайды.
Мүліктің борышкерге тиесілі екенін анықтап, сот орындаушысы оны хаттауға енгізеді, өндіріп алу мөлшеріне қарай бүкіл мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салады және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеудің, жылжымалы мүлік кепілінің тиісті органдары мен нотариусқа тыйым салуды тіркеу туралы үсыныс жі-береді.
Сот орындаушысы кепілге берілген мүлікке тыйым салынғандығы туралы кепіл үстаушыға дереу хабарлайды.
ҚР атқаруніылың іс жүргізу туралы заңның 43-бабына сәйкес тыйым салынган борышкер мүлкін сот орындаушысы бағалайды. Бұл орайда өндіріп алушы мен борышкер арасында бағалау туралы қол жеткізілген келісім ескерілуі мүмкін. Егер жекелеген заттарды бағалау қиын болса не борышкер немесе өндіріп алушы сот орындаушысы жасаған бағалауға қарсы болса, сот орындаушысы мүлік құқын анықтау үшін маман тағайындайды. Валюта ңүндылыңтары, бағалы металдар мен асыл тас-тардан жасалған зергерлік және басқа да түрмыстың заттар, антиквариат, кескіндеме және мүсін өнері туын-дылары мамандардың міндетті түрде қатысуымен баға-ланады.
Борышкер мцлкініц тізімдемесі ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 41-бабымен қөзделген. Сот орындаушысы өндіріп алушыға берілетін соманы және орындау жөніндегі шығындарды өтеуге қажетті мөлшерде борышкердің мүлкін тізімдейді. Сот орындаушысы тізімдеуге түскен заттарға сүргі салуы мүмкін.
Мүлікті тізімдеу борышкердің және куәгерлердің қатысуымен жүргізілуге тиіс. Атқарушылық іс-әрекет жасалатындығы туралы алдын ала хабарланған борышкер болып табылатын жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі болмаған жағдайда, тізімдеу куәгерлердің қатысуымен жасалады.
Мүліктер тізімдемесіне эр заттың атауы, оның ерекше белгілері (салмағы, метражы, тозу дәрежесі, бүйымның таңбасы және өзге де көрсеткіштері), эр заттың жеке-жеке бағасы және барлың мүліктің ңүны енгізіледі.
Тізімдемеге оны жасау кезінде қатыскдн адамдар қол қояды.
ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 40-бабы борышкердіц мүлкіне тыйым салуды бекітеді. Борышкердің мүлкіне тыйым салу мүлікті хаттаудан және осы мүлікке билік етуге тыйым салудан, сондай-ақ банк және өзге де несие мекемелеріндегі борышкердің ақша со-маларын пайдалануға және оларға билік етуге тыйым салынғанын хабарлаудан тұрады, бұл жөнінде борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.
Борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулының нысаны мен мазмүны заңмен анықталады. ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 42-бабына сәйкес мц-лікке тыйым салу туралы каулыда мыналар көрсетілуге тиіс:
Мүлікке тыйым салу туралы қаулыға сот орындаушысы қол қояды, қаулыға мүліктің тізімдемесі қоса тіркеледі.
Борышкерге меншік, шаруаіпылық жүргізу және оралымды басқару ңүқығында тиесілі мүлікке, оның қайда және іс жүзінде кімнің пайдалануында екендігіне қарамастан (азаматтық заңдарда белгіленген шектеулер ескеріле отырып) тыйым салынуы мүмкін.
Борышкердің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардағы ақшасына және басқа да мүлкіне сот орындаушысы прокурордың санкциясымен ғана тыйым салады.
Егер борышкер мүлкінің басқа адамдарда болуы олардың арасында жасалған шартқа байланысты болса, басқа адамдардың шарттан туындайтын қүңықтарын сақтау мүмкіндігі туралы және мүлікті алып қою туралы мәсе-лені ңуынымдың іс жүргізу тәртібімен сот шешеді.
Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікке би-лік етуге немесе оны пайдалануға салған тыйымын бүзу заңдарда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 44-бабына сәйкес сот орындаушысы сақтаушыдан сақтауға қолхат алу арцылы сақтау шорты негізінде тыйым салынған мүлікті сақтауға беруді жүзеге асырады.
Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары Азаматтың кодекспен және басқа да нормативтік-құқықтың актілермен белгіленеді.
Егер мүлікті пайдалану оның қасиеттері бойынпіа мүліктің жойылуына немесе оның бағасының кемуіне әкеп соңпаса, сақтаушы бұл мүлікті сот орындаушысының рүңсатымен пайдалана алады.
Егер борышкер немесе оның отбасының мүшесі сақтаушы болмаса, сақтаушы сақтағаны үшін сыйаңы алады.
Мүлікті пайдаланудан
іс жүзінде алынған пайда
Мүлікті сақтауға байланысты жасалған шығыстар атқару құжаттарын жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
Тыйым салынып сақтауға берілген мүлік талан-тараж етілген, иеліктен алынған немесе жасырылған жағдайда сақтаушы заңдарға сәйкес жауапты болады.
Борышкерден алынған құнды заттарды сацтау ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 47-бабымен белгіленген. Борышкерден алынған құнды қағаздарды, валюта құндылыңтарын, бағалы металдардан, асыл тас-тардан және інжуден жасалған зергерлік және басқа да бүйымдарды, сондай-аң мүндай бүйымдардың сынаңта-рын сот орындаушысы банк мекемелеріне саңтауға өткі-зеді, бұл шарт негізінде жүзеге асырылады.
Өндіріп алушыға үйғарылған сомаларды және атқару жөніндегі шығыстарды өтеу үшін қажетті, борышкерден алынған ақша сомаларын сот орындаушысы аумақтың органның немесе аумаңтың бөлімнің ағымдағы піотына енгізеді. Ағымдағы шоттағы ақша сомасын есепке алу, сақтау және оны беру тәртібі нормативтік-қүқыңтың актілермен белгіленеді.
Борышкердің мүлкін сату кезектілігі атқарушылың іс жүргізу туралы заңның 48-бабымен реттелген. Борыпі-кердің мүлкінен өндіріп алу кезінде бұл мүлікті сату мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
• төртінші кезекте - жалға беру (мүлікті жалдау), заем, прокат шарты немесе өзге де шарттар бойынша бас-қа адамдарға берілген мүлік.
Тыйым салынған муліктпі сатпу нысандары ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 49-бабымен қарастырылған. Тыйым салынған мүлікті сатуды заң бойынша айналымнан алып тасталған мүлікті (есірткі заттар, әс-кери қарулар және т.б.) қоспағанда, тыйым салу негіздері мен мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы сауда және өзге де мамандандырылған ұйымдар арқылы сауда-саттықта және аукциондарда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүргізеді.
Мүлікті сату нысанын таңдауды сот орындаушысы мүлік түрін және өндіріп алушы мен борышкердің пікір-лерін ескере отырып белгілейді.
Егер мүлік екі аи ішінде сатылмаса, өндіріп алушыға бұл мүлікті бағаланған сомасында өзінде қалдыру қүқы-ғы беріледі. Өндіріп алушы мүліктен бас тартқан жағ-дайда ол борышкерге қайтарылады, ал атқару құжаты, егер борышкердің өндіріп алуға болатын басқа мүлкі немесе кірістері болмаса, өндіріп алушыға қайтарылады.
Борышкер мүлкінен өндіріп алу кезінде, егер өндіріп алынатын мүлікті сату туралы шешім қабылданған кезде борышкердің дәрменсіздігі (банкроттығы) туралы іс бойынша іс қозғалса, борышкердің дәрменсіздігі (банкроттығы) туралы мәселе мәні бойынша қаралғанға дейін мүлікті сату тоңтатыла түрады.
Атқарушылың іс жүргізу туралы заңның 50-бабы мемлекетке берілетін мүлікті сату ерекшеліктерін белгілейді. Мүлікті тәркілеу бөлігіндегі ңылмыстың іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлік заңдарда белгіленген тәртіппен сатылады.
Заң арнайы ңүндылықтарды сату мәселесін атап отыр. Борышкерден алынған және банк мекемелеріне сақтауға берілген бағалы қағаздар, валюта ңүндылыңтары, бағалы металдардан, асыл тастар мен інжуден жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтары мен антиквариат Республиканың үкіметі белгілейтін ережелерге сәйкес сатылады (ҚР атқарушылың іс жүргізу туралы заңның 51-бабы).
2 Жанұя
мүшелерінің алименттік
2.1 Ата-аналар
мен балалардың алименттік
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тартібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.
Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға — ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің — төрттен бірін; екі балаға — үштен бірін; үш және одан да көп балаға—тең жартысын өндіріп алады.
Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен алатын және осы Заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталып қалатын табысының және (немесе) өзге де кірісінің түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша сомасы түрінде алимент өндіріп алу. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған жағдайда және aтa-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бірге үлесте (осы Заңның 125-бабына сәйкес) және тұрақты акша сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін белгілеуге құқылы.
Мұндай жағдайларға үнемі алынбайтын, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірістері бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге де кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-анадан алимент өндіріп алу жатады.
Информация о работе Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі