Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:59, курсовая работа
Бүгінде шаңырақтың шайқалып, заңды некенің бұзылуы кең өріс алуда.
Республикада қазірде алимент төлеуді қиынсынатындардың жалпы саны соңғы мәліметтер бойынша жүз мыңға жуықтайды. Ал солардың арасында жиырма мың "қашқын" әке бар, олар өз балаларына көмектесуден мүлдем бас тартуда.
Кіріспе
1 Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі
Алимент төлеу туралы келісім
Сот шешімі бойынша алиментті өндіріп алу
2 Жанұя мүшелерінің алименттік міндеттемелері және әлеуметтік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.1 Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері
2.2 Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.3 Тәрбиеленушілердің өздерінің нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Сот шешімі бойынша тұрақты ақша сомасымен өндіріп алынатын алименттің индекстелуін алиментті ұстайтын орын бойынша ұйымның әкімшілігі занда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өсуіне бара-бар жүргізеді.
Алимент төлеуге міндетті адам шет мемлекетке тұрақты тұруға кеткен жағдайда ол заң бойынша қаражат беруге міндетті отбасы мүшелерімен осы Заңның 143,144, 147 және 148-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы Келісім жасасуға құқылы.
Келісімге қол жетпеген жағдайда мүдделі адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу туралы немесе алиментті бір жолғы төлеу туралы не алимент есебіне белгілі бір мүлікті беру туралы немесе алиментті өзге бір жолмен төлеу туралы талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.
Борышкердің жалаңысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 57-бабымен белгіленген.
Мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде, Қазаңстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзге де табыс түрлерінен өндіріліп алынады.
Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алынған кезде сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу туралы заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берілген сома толық өндіріп алынғанға дейін ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиіс екендігі көрсетіледі және оны орындау үшін борышкер еңбек қатынастарында тұрған немесе сыйақы алатын жұмыс берушіге жібереді.
Сот орындаушысы борышкердің жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндіріп алушыға уақытында жіберілуіне ұдайы бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға міндетті.
Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында тұрған жұмыс беруші бұл жөнінде сот орындаушысына хабарлама жіберіп, атқару құжатын қоса жолдауға міндетті. Тұрғылықты жері өзгерген жағдайда борышкер сот орындаушысына өзінің жақа мекен-жайын хабарлауға міндетті.
Борышкердің жалақысынан және табысының өзге де түрлерінен ұстап қалу мөлшері - борышкердің алуына тиесілі жалақы (табыс) сомасынан есептеледі (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 58-бабы).
Бір немесе бірнеше атқару құжаттары бойынша борышкердің жалақысынан немесе табысының өзге де түрлерінен өндіріліп алынған жағдайда борышкер жалақысының немесе өзге де табысының кемінде елу пайызы сақталуға тиіс.
Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдардан атқару құжаттары бойынша өндіріп алу соттың үкімі немесе қаулысы бойынша жүргізілген ұстап қалу сомасы есепке алынбай, жалақының толық сомасынан жүргізілуге тиіс.
Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдардан, сондай-ақ денсаулық сақтайтын емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардан өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Сотталушы негізгі жаза түрінде тағайындалған айыппұл төлеуден қасақана жалтарса, сот орындаушысы үкім шығарған сотқа Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес төленбеген айыппұл сомасын басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныс жіберуге құқылы (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 60-бабы).
ҚР атқарушылың іс жүргізу туралы заңның 61-бабымен әлеуметтік сақтандыру жөніндегі жәрдемақыдан өндіріп алу мәселесі көзделген.
Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде төленетін әлеуметтік сақтандыру жөніндегі жәрдемақыдан, баланы күтуіне байланысты ішінара ақы төленетін демалыс кезеңінде әйелге берілетін жәрдемақыдан, сондай-ақ оқушылардың стипендиялары мен жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыдан өндіріп алу соттың, алимент төлету туралы және мертіктірумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы шешімі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.
Заңмен өндіріліп алуға болмайтын ақша сомасы мыналардан:
10)арнайы мемлекеттік жәрдемақылардан өндіріп алуға болмайды (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 62-бабы).
Борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе ол табыс алатын азаматтар және ұйымдардың лауазымды адамдары сот орындаушысы тағайындаған мерзімде борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары, атқару құжатына сәйкес ұстап қалу жүргізілгендігі және өндіріп алған соманың өндіріп алушыға жіберілгендігі туралы, борышкердің ақша сомалары мен мүлкінен өндіріп алу жөнінде, сондай-ақ борышкердің жұмыстан босатылғаны туралы, егер өздеріне белгілі болса, оның жақа жұмыс орны немесе тұратын жері туралы дұрыс мәліметтер беруге міндетті. Сот орындаушысының бұл талаптарын орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 64-бабы).
ҚР ӘҚБК-нің 525-бабына сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтардың сот орындаушылары белгілеген мерзімде дәлелді себептерсіз оларға борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары, соттың және басқа органдардың қаулысына сәйкес табысынан ұстап қалу ісін жүргізу және өндіріп алынған соманы өндіріп алушыға салып жіберу туралы, борышкердің өзге жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасын және мүлкін өндіріп алу жөніндегі сот орындаушыларының талаптарын орындамауы, не борышкердің жұмыстан босатылғандығы, оның жақа жұмыс орны немесе тұрғылықты жері туралы мәліметтерді, егер оған бұлар туралы белгілі болса, хабарламауы - азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сот орындаушысына борышкердің табыстары мен мүліктік жағдайы туралы көрінеу теріс мәліметтер беру - азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Айлық есептік көрсеткіш жылдық республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.
ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 66-бабына сәйкес жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын бақылауды сот орындаушысы жүргізеді. Сот орындаушысы борышкердің жалақысы мен басқа табыстарынан ұстап қалу мен үсталған сомаларды өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін ұдайы бақылап отыруды жүзеге асырады.
Борышкерден алимент өндіріп алу тәртібі ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 63, 65, 67-бабымен реттелген.
Барлық алимент төлеу жөніндегі берешек алимент төлеушінің жалаңысынан, басқа да табыстарынан өндіріліп алынады.
Алимент төлемдерін жалаңыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы қатарынан өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда борышкердің мүлкінен өндіріп алынады, бұған атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 39-бабына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлік кірмейді.
Мүліктен өндіріп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
Сот орындаушысының берешекті анықтау туралы қаулысына заңда белгіленген тәртіппен тараптармен шағым берілуі немесе прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
Берешектің мөлшерін сот орындаушысы шешімнің (қаулының) орындалған жері бойынша, заңдарда көзделген тәртіппен белгілейді.
Алименттер жөніндегі берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алушының қалауы бойынша борышкердің өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде алған не оның берешекті аныңтау кезіне қарай алған нақты жалақысын (табысын) негізге ала отырып шешім орындалатын жерде белгілейді.
Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемесе немесе оның табысын және өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаса, алимент бойынша берешек берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшеріне сүйеніп айқындалады.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдар үшін, егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемесе, алимент бойынша берешек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айңындалады.
Борышкердің алимент төлеуден жалтару салдарынан ол бойынша берешегі құралған жағдайда берешек сомасына ҚР АК-нің (Жалпы бөлімі) 353-бабына сәйкес айыппұл есептеледі.
Сот қаулысы негізінде берілген атқару құжаты бойынша балаларды, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, жұбайын асырауға алимент ұстап қалу ісін жүргізетін ұйымның лауазымды адамының дәлелсіз себептер бойынша бір ай мерзім ішінде сот орындаушысына, алимент алушы адамға алимент төлейтін адамның жұмыстан босатылғандығы туралы, сондай-ақ оның жақа жұмыс орны мен тұрғылықты жері туралы, егер бұл оған белгілі болса, хабарламауы - он айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБК-нің 526-бабы).
Борышкер шетелге тұрақты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметті өтеуге кеткен жағдайда алимент алу тәртібі заңдармен белгіленеді (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 67-бабы).
Алимент төлеу жөніндегі келісім негізінде немесе атқару парағының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару парағы немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгеннен бұрынғы үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.
Атқару парағы
негізінде немесе нотариат куәландырған
келісім негізінде алимент
Берешек мөлшерін сот шешімінде немесе алимент толеу туралы келісімде белгіленген алимент мөлшерін негізге ала отырып, сот орындаушысы анықтайды.
Осы Занның 125-бабына
сәйкес көмелетке толмаған балаларға
төленетін алимент бойынша
Сот орындаушысының
алимент бойынша берешекті
Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы іздестіру кезеңінде төленген, балаға зандарда белгіленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың он процентін бюджет кірісіне есептеу аркылы өндіріп алынады.
Алимент бойынша берешекті төлеуден босату немесе тараптардың келісімі бойынша алимент төлеген кезде осы берешек, көмелетке толмаған балаларға алимент төлейтін жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келісуі бойынша азайтылуы мүмкін.
Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент оның сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша төленбегенін, оның материалдық және отбасы жағдайы алимент бойынша пайда болған берешекті өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент (юйынша берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.
Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кшәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам сол келісімде көзделген тәртіппен жауапты болады.
Сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әр күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір проценті мөлшеріңде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Алимент алушы алимент төлеуге міндетті, алименттің уақтылы төленбегеніне кінәлі адамнан алименттік міндеттемелерді орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы.
Информация о работе Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі