Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 21:41, курсовая работа
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз үлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген, өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз. Егерде біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар"/1/.
Тақырыптың өзектілігі. XX г. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы заманга тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттер — Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең құқықты әріптестік қатынастарының дүниеге келіп, дамуы қазақ-орыс өзара қатынастарының көп ғасырлық бүкіл барысының өзіндік бір синтезіне айналды .
Екі жақты Қазақстан-Ресей 1991 жылдан бергі эволюциясын негізгі екі кезеңге бөліп қарауға болады, ол 1991 жылдың желтоқсанынан (КСРО-ның ыдырауын біржолата айқындап берген ТМД жариялануы) 1995 жылдың аяғына дейінгі кезең. Екінші кезең 1995—2007 жылдары Ресей Федерациясының Орталық Азия мен Қазақстан Республикасына "қайта оралу" кезеңі.
Қазақстанның жаңа мемлекеттілігі туралы, оның басым мақсаттарды дұрыс айқындауда ел басының Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген:
"Өзіміздің басым саясаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға талдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты селделестерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз... Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттомен, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда — Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірге дүниеге келді.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз үлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген, өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз. Егерде біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар"/1/.
КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік құндылықтар өзінің маңызын жоғалта бастады. Ресей өзінің ұлттық ерекшелігін анықтай алмады. Елдің саяси өміріндегі өзгерістер жаңа демократиялық институттарды қалыптастыруды талап етті. Ол өз тарапынан құқықтық мемлекетті құру саяси коррупцияға тосқауыл қою, авториторизмге жол бермеу сияқты күрделі үрдістерді қажет етті.
Ресей мемлекеті үшін әлемдік қауымдастықтан өз орнын алу және жаңа сыртқы саяси бағытты ұстану күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болды.
В.В.Путиннің келуімен Ресей сарапшьшары РФ-ның сыртқы саясатында концептуалды негіздердің пайда болуы, жүйелілік пен байсалдылық және ұлттык мүдделер жүзеге асырылады деп күтуде.
В.Путиннің сыртқы саясатын сараптайтын болсақ, бұл үміттердің орындалуын көруге болады.
Орта Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы аймақтағы геосаяси жағдайды өзгертті. Күн тәртібінде Орталық Азияға Қытай тарапынан келетін қауіп, түрік сепаратизмі, Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен, Қытаймен байланысы, Қытай мен Орталық Азия арасындағы демографиялық, экономикалық факторлар т.б. өзекті болып отыр.
ҚХР мен Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы орналатын дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени қатынастардың дамуына, тарихтан қалған кейбір күрделі мәселелердің шешілуіне қарамастан, бүгінде жалпы Орталық Азиядағы жағдайды өзгерте алатын мәселелер бар. Бұл ғаламдық және "ішкі" даму мәселелері.
Бұл мәселелерді анықтау тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Курстық жұмыстың деректемелік негіздері. Аталмыш курстық жұмыстың деректемелік негізі ретінде Қазақстан-Ресей-Қытай мемлекеттері арасындағы дипломатиялық келісім-шарттар, меморандумдар, мемлекет басшыларының пікірлері құрайды. Автор деректемелік құжаттарды мынадай түрге бөледі:
1. Мемлекетаралық келісім шарттар.
2. Мемлекеттік емес үйымдардың құжаттары.
3. Мемуарлар.
Мемлекетаралық келісім-шарт: ҚХР мен ҚР арасындағы шекаралық мәселедерді шешуге байланысты коммюнике (1999 жыл 23 қазан)
Мемлекеттік емес келісім-шарт-ШОС меморандумы.
Мемуарлар-Назарбаевтің Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастарына байланысты еңбектері пайдаланған: Казахстан: взгляд на мировой порядок, развитие и демократию; Общественное согласие-основа демократического развития Казахстана.
Курстық жұмыс зерттелу, тарихнамасы. Аталмыш тақырып бойынша тарихнаманы отандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттер құрайды.
Қазақстан зертеуілерінің ішінде Қазақстан-Қытай-Ресей қатынастары туралы негізгі мәселелерді қарастыратын авторлар: Абдығалиев Б./2/, Акимов А.В. , Лаумулин М. Т., Мансұров Т. және т.б.
Сонымен бірге, Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Ресей қатынастарының өзекті проблемаларын ресейлік зерттеушілердің ішінде қатынастарды көлемді еңбектерінде қарастырган авторлар: Бжезинский 3., Брутенц К.,т.б.
Осы мәселені зерттеуші Трофимов: «Ресей Қытайдың Ортаазиялық мемлекеттерде экономикалық жолмен, ядролық қаруды иемденуімен және этникалық инфильтрация арқьшы позицияларының күшеюіне мүддем селсоқ қарай алмайды. Себебі, ресейліктердің пікірі бойынша, демографиялық фактор - ең қауіпті болып саналады», - деп жазған/3/.
Орта Азия туралы, Орта Азияның геосаяси, геоэкономиканың мәселелерін арнайы зерттеген шетелдік авторлар: Монд, Гуань Гуйхай, Цитто, Олкотг М.Б., Штут Р/4/., Шаумян Т.Л., т.б.
Браун Б. "Первый год неожиданной независимости" (1993 ж.) еңбегінде Ортаазиялық мемлекеттердің ішінде өз тәуелсіздігі жөнінде еріксіз жариялаған Қазақстан бірнеше аптаның ішінде-ақ территориясында орналасқан стратегиялық атомдық ракеталарға байланысты дүние жүзінің халықаралық қызығушылық элементіне айналды. АҚШ президенті Джордж Бушпен кездесуінде Н.Ә.Назарбаев ядролық ракеталарды Ресейге өткізуге келісті.
Қазақстан халқының көп ұлттылығына байланысты экономикалық тепе-тендікте болуы - республикадағы түрақтылықты сақтау өте маңызды болып есептеледі", - деп көрсетілген /5/.
З.Бжезинский Қытайға сипат бере, оны әліде әлемдік емес, бірақ та, аймақтық державаға жетті, - деп атап көрсетті. Тарихи тағылымға бір қарап өтсек, Қытайдың басты төрт қарсыласы, яғни, Ұлыбритания, Ресей, Жапония және АҚШ екенін айта өтеді.
Бжезинскийдің ойынша, ҚХР-да екі басты мақсат бар, олар - біріншіден, АҚШ гегемониясына, яғни, АҚШ мүдделеріне қарсы тұру; екіншіден, Қытай көршілес мемлекеттерімен түсініспеушіліктерді үлкен конфликтілерге жеткізбеу/6/.
Курстық жұмыстың мақсаты-ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
• Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;
• Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;
• Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай мүдделері.
Курстық жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздерін жалпы-ғылыми әдістер-синтез және анализ құрайды. Сонымен бірге, жұмыста жүйелік әдіс салыстырмалы-тарихи және логикалық әдістер кең пайдаланған. Бұл әдістер Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастарының ғаламдану үрдісі кезіндегі негізгі бағыттарын анықтауға көмектеседі.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы алдына қойған мақсаттарға байланысты кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың жалпы көлемі бет.
Қазақстан — Ресей мен Қытайдай әлемдік державалар арасында шаңырақ көтерген ел. Тәуелсіздікті сақтау үшін Қазақстан осы екі елмен ерекше саясат жүргізу керек. Тарих Абылай ханнан кейін араға үш жүз жыл салып қазаққа қайтадан тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігін берді.
1996 жылы сәуірде Шанхайда ҚХР; РФ, ҚР, Қырғызстан Республикасы және Тәжікстан арасында КСРО-ның бұрынғы республикалары мен Қытайдың арасындагы көпжылдық өзара түсініспеушілік пен сенімсіздіктің негізіне нүкте қойылды. Шанхай кездесуі, сол кездегі, КСРО-дан қалған өзара сенімсіздік, территориялық және шекаралық мәселелер бойынша мәселелерді шешуге қажет болды.
Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, Қытайдың Қазақстандағы Орталық Азиядағы саясатына өткен дәуірдің әсері көп. Сол жағдайды ҚХР қазіргі қалыптасқан жаңа геосаяси жағдайда пайдаланып отыр/7/.
Қазақстан мен Қытай қатынастарын зерттеуде қырғи-қабақ соғыс кезіндегі қалыптасқан тарихнамаға шолу жасай келе М.Лаумулин былай деп атап көрсетеді: "Шығыс Түркістандагы Қытай саясаты туралы алғашқы ірі ғылыми еңбекті жазған Р.Проис пен Г.Лиас. Олардың еңбектерінде Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты талқандаушы және қазақ ауылдарының Үндістан мен Пәкістанға көшуі баяндалған. Сол сияқты Дж.Дрейер және С.Э.Уимбуш еңбектерінде Шыңжаңдағы мұсылмандардың ассимиляция және бейімделуі үрдістері баяндалған. Бұл авторлар Қытай үкіметінің мәдени саясатына және аз ұлттарға репрессия, Шыңжаңның Кеңес-Қытай қатынастарына әсерін зерттеген /8/.,
XX ғасырдың 70-80 жж. еңбектерінде негізінен КСРО-Қытай қатынастарындағы Шынжаң факторы қарастырылады.
И.Сванберг және И.Бенсон еңбектерінде 1930-1950 жылдардағы Шығыс Түркістандағы, 1944-1949 жылдардағы Іле аймағындағы Осман батыр бастаған қазақтардың көтерілісі және оның жасақтарының Оңтүстік Азия мен Түркияға шегінуі баяндалған. Жалпы Батыс зерттеушілерінің бұл жылдардағы еңбектеріндегі негізгі идея бойынша Қытай коммунисттерінің Шыңжанда жүргізген модернизация үрдістері КСРО-ның Орта Азиядағы саясатына қарағанда тиімсіз болған жоқ. Шыңжанда дәстүрлі исламды насихаттау, хандық Қытайдың ассимиляция үрдісіне қарсы күрес тамырын терең жайып дәстүрлі қоғам өз сипатын сақтап қалды. Ал КСРО-ның саясатының нәтижесінде Орта Азиядағы орыстандыру (кеңестендіру) үрдісінің қаншалықты болғандығын тарихтан біз жақсы білеміз.
КСРО ыдырағанға дейін Қытайдың ресми саясатына түркі-мұсылмандық халықтардың қарсылығын болжап, баға беруге арналған еңбектер саны аз..
Орта Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы аймақтағы геосаяси жағдайды өзгертті. Күн тәртібінде Орталық Азияға Қытай тарапынан келетін қауіп, түрік сепаратизмі, Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен, Қытаймен байланысы, Қытай мен Орталық Азия арасындағы демографиялық, экономикалық факторлар т.б. өзекті болып отыр.
Американдық зерттеуші Т.Фуллердің пікірінше өзгерген геосаяси жағдайда ҚХР үшін ҚР қатынастары маңыздылығы артады. Қытай Қазақстанға байланысты ұстамды саясат жүргізіп отыр. Оның басты себебі Шыңжыңдағы мұсылман сепаратизмі. Қытай өзінің сыртқы саясатында этникалық мәселеге көп көңіл бөліп, бұл факторды Қытай-Ресей, Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі факторы ретінде қарастырады деп есептейді. Оның пікірінше егер ҚХР-РФ қатынастары жақсарса ҚР-нан ұстамды этникалық саясат жүргізуді талап етеді.
Қазақстан мен Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орнына екі мемлекет арасындағы шекара мәселесі де үлкен әсер етуде. КСРО негізінде шекара мәселесі халықаралық қатынастардың дамуына байланысты өзгеріп отыр. КСРО мен ҚХР-ның ара қатынастарының шиеленісуіне байланысты бұл мәселеде бірінші орынға шығып отырды. "Талас территориялар" мәселесі 1969 жылы пайда болды.
Талас территориялар КСРО жағынан емес, ҚХР жағынан қойылып отырғанын атап өту керек.
КСРО ыдырағаннан кейін шекара мәселесі Ресей-ҚХР және Қазақстан-ҚХР арасында жаңа қарқынға ие болды.
Ресей 1992 жылы Амур мен Уссури аймағындағы 600-ге жуық кіші-гірім аралдарды және 10 шаршы км жерді Қытайға беру туралы келісім-шартқа қол қойды. 1995 жылы Приморьедегі шекараны анықтауда Ресей 1,5 га жерінен айырылып қалды/9/.
Қазақстан-Қытай арасындағы шекараны анықтау мәселесі 1992 жылы басталып, 1998 жылы аяқталды. Бұл мәселе 1992 жылы ҚР премьер-министрі С.Терещенконың Қытайға сапары кезінде, 1994 жылы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Ли Пэнның Орта Азия мемлекеттеріне сапары барысында, 1996 жылы Цзян Цзяминнің, 1997 жылы Ли Пэннің Алматыға сапары кезінде, сол сияқты Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылы ақпандағы және М.Балғымбаевтың 1997 жылы мамырдағы Қытайға сапарында, сондай-ақ Цзян Цзяминнің 1997 жылы қыркүйектегі Алматы сапарларында талқыланды. Осы кездесулердің нәтижесінде 1997 жылы 29 қыркүйекте "Қазақстан-Қытай арасындағы шекара мәселесіне байланысты қосымша келісімге қол қойылды /10/.
Қосымша келісім бойынша, Чогон-оба және Баймұрза аймағында ҚР сауыр қыратының оңтүстік бөлігі Чоган-оба өтпеліне дейін, Жүрек және Чогон-оба, Керегенты өзендерінің бір бөлігі (жалпы ұзындағы 442 шаршы км.) Қытай-Адырбай және Талдыойрық өзендерінің жоғарғы ағысы, Баймырза өтпелінің Тарбағатай қыратының оңтүстік бөлігі (ұзындағы 187 шаршы км.), Сарышөлді аймағында Қазақстанға 95 шаршы км. жер Сарышөлді өзенінің сол жақ бөлігі, Шопақ өтпеліне дейінгі жер. Ал Қытайға — Сарышөлді өзенінің оң жақ бөлігі берілді. Жалпы ұзындығы 220 шаршы км. Сонымен талас бөліктердегі 944 шаршы км. жердің Қазақстан 537 шаршы км. (56,9 %), Қытай 407 шаршы км. (43,1 %) екі жақ зандастырды.
Бүгінгі танда Қытай мен Қазақстан арасындағы дау туғызып отырған жаңа мәселе "Қара Ертіс" өзенінің мәселесі. Бұл мәселе әлі де өз шешімін күтуде.
Қазақстан мен Қытайдың арасындағы сондай-ақ, экономикалық мәселе де маңызды орын алуда. Экономикалық мәселенің дұрыс шешілуі екі мемлекеттің Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайын анықтаудағы шешуші фактор болмақ.
Біздің ойымызша Қытайдың Орталық Азиядағы және Қазақстандағы сауда-экономикалық қатынастарының қарқынды дамуы екі жақ үшін де тиімді болады.