Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 21:41, курсовая работа
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз үлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген, өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз. Егерде біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар"/1/.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.
Егерде біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды тандап алу мүмкіндігіміз де бар".
Қазақстан мен Ресейдің арасындағы 1991-1995 ж.ж. қарым-қатынастар осы принциптер негізінде өрбіді. Қазақстан-Ресей қатынастары ең алдымен 148 млн. ресейліктер және 17 млн. қазақстандықтар.
КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік құндылықтар өзінің маңызын жоғалта бастады. Ресей өзінің ұлттық мүддесін анықтай алмады. Елдің саяси өміріндегі өзгерістер жаңа демократиялық институттарды қалыптастыруды талап етті. Ол өз тарапынан құқықтық мемлекетті құру, саяси коррупцияга тосқауыл қою, авториторизмге жол бермеу сияқты күрделі үрдістерді қажет етті.
Ресей сарапшьшарының пікірінше, Б.Ельцин тұсындағы РФ СІМ рөлінің төмендеуінің бірнеше себептері бар. Олардың ішінде атап айтатын болсақ: біріншіден, КСРО ыдырағаннан кейін СІМ жаңа жүйеге икемделе алмауы; екіншіден, сыртқы саясатта "үстемдік" үшін әр түрлі мекемелердің өзара бақталастығы: Ресейдің А.Козырев тұсындағы біржақты, АҚШ қатынастарды сыртқы саясаттың негізгі бағыты деп қарастырылып, барлық мәселелер Ресей-АҚШ қатынастарының тұрғысынан зерттелді, төртіншіден, Б.Н.Ельциннің жеке түлға ретіндегі, оның саяси стилінің әсері /24/.
Ресей Федерациясының сыртқы саясатының жаңа кезеңі үкімет басына В.В.Путиннің келуімен байланысты. 2000 жылдың 28 маусымында В.В.Путин "РФ сыртқы саясатының концепциясын" бекітті. Бұл концепцияда РФ-ның XXІ ғасырдағы жаңа басым бағыттары анықталды. Концепция бес бөлімнен тұрады. Онда жалпы ереже, РФ және қазіргі әлем, ғаламдық мәселелерді шешудегі РФ басым бағыттары, аймақтық басымдықтар және РФ-ның сыртқы саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру туралы баптар көрсетілген.
В.В.Путиннің келуімен Ресей сарапшылары РФ-ның сыртқы саясатында концептуалды негіздердің пайда болуы, жүйелілік пен байсалдылық және ұлттық мүдделер жүзеге асырылады деп күтуде. В.Путиннің сыртқы саясатын сараптайтын болсақ, бұл үміттердің орындалуын көруге болады.
В.В.Путиннің өзіндік сыртқы саясат жүргізетіндігі ол саясаттың Ельцинизм түбірінен бөлек болатындыгы алғашқы айлардан анық көрінді.
В.Путин өзінің сыртқы саясатын азиялық азимутты айқындаудан бастады. Қытай, Солтүстік Корея, Жапонияға және Индияға сапарлары соған айқын дәлел бола алады. Қысқа уақыттың ішінде.
В.Путин "Шанхай бестігі" мәселесінде, Ирак пен АТР саяси басымдылықтарды айқындап үлгерді. Оның Куба мен Канадаға сапарлары және ЕО "тікелей сөйлесуі" әлемдік деңгейде жаңа тұлғаның пайда болғандығын айқын көрсетті.
XXІ ғасырға аяқ басқан уақытта Путин Ресей төңірегінде қалыптасқан жағдайды қайта қарауға, Ресейдің халықаралық беделінің өсуіне көп еңбек сіңіріп үлгерді деп атай аламыз.
XXІ ғасыр әлемдік саясатта жаңа күрделі үрдістерді туғызғаны белгілі. Біздің ойымызша Ресей сыртқы саясаты өтпелі кезеңде тұр. Бүгінде халықаралық қатынастардың дамуы, ғаламдық үрдістер, американдық моноцентризм бағытының күшеюі тенденцияларымен анықталуда.
"Таймс" газетінің анықтамасы /25/ бойынша, Ресей XXІ ғасырда әлемдік экономикалық 0,6% мөлшерде өтеді деп көрсетті. Ресей бюджеті АҚІП-ң кейбір штаттарының мөлшерінен төмен. Ресейді 180 миллиард доллар қарызы бар, оның 70-кеңестік қарыз.
Ресейдің жаңа сыртқы саясаты, саяси концепциясы сондай-ақ, оның геосаяси және географиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет етуде. Ресейдің 12 млн.шаршы км. бөлігі Азия құрылығында орналасқанын ұмытпаған жөн.
Ресей сияқты алпауыт мемлекетке сыртқы саяси көпжақтылық және әртектілік тән. Ресей бүгінде БҰҰ реформалауға, оның беделін көтеруге ат салыстыруда. Көптеген Ресей сарапшьшары БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейту деген пікірді айтуда.
XXІ гасырдағы Ресейдің сыртқы саясаты жаңа үрдістерді сараптай келе бүгінде оның ТМД бағыты ресми түрде басым бағыт болып отырғанын айтқымыз келеді. Ресей СІМ И.Иванов "сыртқы саяси негізгі бағыт ТМД" және "біз ТМД нығайтамыз" деп атап көрсетті.
Ресей мен Қазақстан Достастық мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету бағытын дәйекті ұстап келеді. "Бұл саясат бір екі деңгейде іске асырылады: біріншіден, екі жақты негізге сүйенген байланыстар дамыса, екіншіден, ТМД-ны оған кіретін елдердің экономикалық және басқа салалардағы ықпалдастығының дәрменсізділігін арттыру жөніндегі ауқымды міндеттерді шеше алатындай тегеурінді ұйымға айналдыру жолындағы белсенділік төмендемейді".
Ресей сыртқы саясатындағы жаңа үрдіс, оның халықаралық қауымдастықтағы орнын анықтайтын ұлттық мүдде болып отыр. 1995 жылы Е.М.Примаков СІМ болып тағайындалған кезден бастап, ол сыртқы саясаттағы басым бағыттарды анықтаудан бастады. "Кең көлемде Ресейдің мемлекеттік-ұлттық мүдделерін белсенді сыртқы саясат арқылы қорғау" болуы тиіс деп мәлімделген болатын. 1996-1998 ж.ж. Ресей сыртқы саясаты өзгерістерінің әлемдік қауымдастық үшін де маңызы болды. Себебі сыртқы саясатты болжау серіктесті қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндік берді.
Ресей зерттеушілері А.Талкин және Ю.Красин: "Ұлттық мүдде — белгілі социо-мәдениетке тән ортақ мүдделерді анықтау, оны қорғау тарихи субъекті ретінде өз орнын табу деген сөз",- деп атап көрсетті.
XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап Орта Азия халықаралық саяси экономикалық үрдістерге белсенді араласа бастады. Кеңестер Одағының бұрынғы республикалары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан өз жолын тандап, халықаралық қатынастардың субъектісіне және әлемдік саясаттың объектісіне айналды. Геосаяси үрдістер тұрғысынан Орта Азиялық мемлекеттердің аймақтық дамуын шешім қабылдау механизмінің ерекшеліктерін, функцияларын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Орта Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастыққа енуі өзіндік ерекшеліктермен сипатталды. Бұл мемлекеттерге қысқа уақыт мерзім ішінде нарықтық экономикаға бейімделіп, мемлекет аралық қатынастарды, аймақтық интеграция мәселелерін шешуге тура келді.
ТМД республикаларындағы жүзеге асырылып жатқан нарықтық экономикаға көшу жоспарлары туралы жапон профессоры Хироно өз пікірін былай деп білдірді. "Нарыққа қысқа мерзім ішінде көшуге болады деп санау да қате-бұрынғы Одақ республикалары үшін кемінде 10-15 жыл керек... Оған көшуді қиындықсыз және өз күшімен жүзеге асыруға болады деп санау қате — көшу кезінде орасан зор қиындықтар ұшырасады және оларды жеңуі үшін сырттан зор, жаппай көмек — азық-түлік, материалдық және инвестициялық көмек көрсетілуі қажет... Басқаруға келмейтін қоғам да нарыққа көшеді деп санау аңғалдық - оған көшу үшін саяси тұрақтылық қажет, жекеше сектордың мұрындық болуы және еңбек тәртібі, қоғам мен нарыққа беттеген жолдағы үйлесімділік, үкіметтің жекеше секторымен ынтымақтастығы керек.
Бірақ, бұрынғы Одақта табиғи ресурстар, ұлтжандылық, білікті жұмыс күші бар және айтарлықтай көп мерзімді нарыққа көшудің болуы ықтимал" .
Жаңа тәуелсіз мемлекеттерде экономикалық реформалаудың қиындықтары қоғам өмірінің саяси саласын түбегейлі өзгертуден де туындап жатты, ол саладағы үрдістер қарқынды, кей жағдайда мүлдем берекесіздік пен қаулы текетіреске дейін алып барды. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бьшай деп атап көрсетті: "Адамдар өмірі мен қызметі жағдайларының ұдайы жақсарып отыруын қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде дамыған экономика жасау үшін шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне көшу қажеттігіне қазір күмәнданатын адам аз". Бүкіл мәселе мынада: "Өндірістің көп құлдырауына және тұрмыс деңгейінің нақты төмендеуіңе қалай көшеміз? Экономикалық саясаттың осынау басты міндеті әзірге, біздің ойымызша, қанағаттанғысыз шешімде". Біз бастап кешіп отырған терең экономикалық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі мынадай: "Нарыққа көшудің бұрынғы КСРО-да 70-жыл ішінде қалыптасқан халық шаруашылығы мен басқару әдістері жүйесін қайта құрудың әу басында елдің ерекшеліктері мен тарихи дәстүрлерін, сондай-ақ, оның экономикасын таяу болашақта өзгертудің стратегиясын ескеретін ғылыми негізделген тұжырымдамасы дайындалған жоқ "/26/.
Орта Азия республикаларының тәуелсіздік алуы мемлекет аралық қатынастардың дамуында да жаңа стратегиялық үрдістерді анықтауды талап етті. Сондай үрдістердің бірегейлі аймақтық ынтымақтастық пен интеграция болып отыр. Бұл үрдістер әлемдік дамудың да негізгі басты тенденцияларына айналуда. Бүгінгі күні әлемде алуан түрлі ғаламдық және аймақтық экономикалық, саяси, әскери құрылымдар бар.
Олардың қатарында (ЕС, НАФТА, МЕРКОСУР, ЭСКАТО, АСЕАН/АЗСТ, ЭПТ, ОЭСР, АТЭК, СНИ т.б.).
Орталық Азияда ортақ мәселелерді келісіп шешу үрдісі бар. Орталық Азия қазақ, қырғыз, тәжік, түркмен, өзбек т.б. халықтардың тарихи отаны. Мәселен, Ферғана өңірінде атам-заманнан бері қырғыздар мен өзбектер бірлесіп шаруашылық жүргізіп келгені белгілі. Орта Азиядағы ортақ су қойнауларын пайдалану бұл өңірде отырықшы өркениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Аймақтық ортақтық-сол аймақта өмір сүретін ұлттардың мүдделерінің ортақтығының кепілділігі. Ал бұл кепілдік өзара достық қатынастардың дамуын, экономикалық байланыстардың дамуын қамтамасыз етеді. Тарихтан белгілі Орталық Азиядағы халықтар өзіне тән мәдениетті қалыптастырады. Ал Самарқант, Бұхара, Хива, Үргенші, Отырар, Тараз, Түркістан, Әулие-Ата және т.б. қалалар ертеден ірі сауда, мәдени, ғылыми орталықтар болған. Сондай-ақ, Орталық Азияның тиімді геосаяси жағдайы Шығыс пен Батыс өркениетінің өзара араласып дамуына мүмкіндік береді. "Халықтарымыздың өткенін оқып үйрену- қазіргі кезді, жақсырақ түсінуге, тіпті болашақ шымылдығын түре түсуте көмектеседі. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихына жүгінгенде, оның ежелгі дәстүрлері бар екенін атап өту керек. Бір жарым мың жылдай бүрын түркілер өзінің бірінші ұлы мемлекетін — түрік қағанатын құрды. Еуразияның көптеген мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан да оның мұрагерлеріне айналды. Орасан зор қашықтықтарға көшіп қана жүріп, Азияның көшпенділері тұтас континенттердің этностық және мемлекеттік бейнесін талай рет өзгертті. Көшпенді және жартылай көшпенді түркі тайпалары қазіргі көптеген халықтардың, ең алдымен түркі халықтарының қалыптасуын бастап берді. Олардың орналасу аймағы Якутиядан Жерорта теңізіне дейінгі орасан зор кеңістікті алып жатыр"/27/.
Орта Азия өзінің геосаяси орналасуы, ортақ шекара, көлік және коммуникация, жол байланыстары және табиғи ресурстары жағынан өнеркәсіптің дамуына, ортақ кәсіп орындар, агроөнеркәсіптің дамуына қолайлы. Орта Азия мемлекеттерінде тау кен өнеркәсібі түсті - қара металлургия, мұнай-газ өнеркәсібі, электр энергиясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған аймақ.
Дегенменде, ортақ ұқсастықтарға, ортақ тарихи, мәдени дәстүрге қарамастан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында елеулі айырмашылықтар бар. Саясаттанушы С.Пірімбетов бұндай айырмашылықтардың негізгілерін атап көрсете келіп Қазақстанға байланысты былай дейді: "Қазақстан территориясы жағынан басқа республикаларға қарағанда үлкен, бай шикізат көздері және өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы неғұрлым дамыған республика. Сонымен бірге Қазақстан халықтық этникалық құрамы жағынан әр келкілігімен ерекшеленеді.
Қырғызстан — географиялық жағдайына сәйкес салыстырмалы түрде кіші мемлекет, экономикалық бөлшектенумен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде аудандардың әлеуметтік айырмашьшығымен ерекшеленеді.
Тәжікстан — негізінен таулы мемлекет, оның 93% тау, 7% далалы аймақтар. Мемлекеттің негізгі өнеркәсіп орындары, ірі қалалар осы 7% жерде шоғырланған. Табиғаты бай өлке.
Түркіменстан - өзіндік даму жолын тандап отырған мемлекет. Мемлекеттік, саяси және экономикалық дамуда, Түркіменстан "бейтараптылық", "ашық есік" саясатын ұстанып отыр. Өзбекстан болса, этникалық біркелкі,- халық саны тығыз орналасқан ірі мемлекет. Негізгі өнеркісібі мақта өндіру. Мақта өндіруден дүние жүзінде екінші орында. Өзбекстанда бай табиғи газ, көмір, мұнай, гидроэнергетика ресурстары, алтын т.б. шикізат қорлары шоғырланған" /28/.
1993 жылдан бастап, Түркімендерде су, газ, электр энергиясын пайдалану тегін. 1995 жыдцан бастап тұзды тегін пайдаланады.
С.Пірімбетовтың пікірінше, Ортақ экономикалық кеңістікті құру үшін және Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын қамтамасыз ету үшін төмендегідей жағдайларды жүзеге асыру керек.
• Қаржы және еңбек ресурстарының кедергісіз айналымын қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру керек
• Көлік және коммуникация жүйесінде ортақ саясат жүргізу;
• Мемлекеттер арасында еркін сауда, еркін баға жүйесін еңгізу, тауар айналымына байланысты кедергілерді жою;
• Өнеркәсіп субъектілерінің арасында тікелей экономикалық байланыстарды орнату және өндірістік кооперацияны дамыту;
• Өзара инвестиция саясатында тең экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету және ел экономикасына шет ел инвестициясын алу жүйесінде өзара тиімді келісімдерге келу;
• Жеңілдетілген кедендік тәртіп орнату, сондай-ақ, кедендік заңдарды реттеу және салық жинау саясатын төмендету;
• Манеторлық одақ қалыптастыру, ұлттық валюталардың еркін айналымын қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру .
Сонымен, Орталық Азиядагы (1991 жылдан кейінгі) экономикалық интеграцияның даму эволюциясын қарастыратын болсақ, бұл үрдістің дамуы біркелкі болмағаны белгілі. Орта Азиядағы экономикалық интеграция үрдісінде 1993ж. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 1994—2000ж.ж. арналған экономикалық интеграцияны терендетуге арналған келісімді атап өтуге болады. Сондай-ақ, 1994ж. Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) үштік одаққа қол қойылды (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан): 1994 ж. Орта Азиялық ынтымақтастық пен даму банкі құрылды.
Әрине, Орта Азиядағы экономикалық, интеграциялық үрдістерді ТМД шеңберінде де қарастыру керек. Ынтымақтастық дамуын құқықтық негіздерсіз қарастыру мүмкін емес.