Мемлекетаралық келісім шарттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз үлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген, өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз. Егерде біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар"/1/.

Файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

Бес мемлекеттің бірігуінің дамуындағы тағы бір қадам сол жылдың желтоқсанында Бишкекте "Шанхай бестігінің" қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында ынтымақтастық салаларына мынадай өзекті мәселелер енгізілді: халықаралық терроризммен, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм, қару жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз миграциямен бірігіп күресу. Мемлекет қатысушылардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары арасында ынтымақтастық пен өзара әрекет ету туралы Бишкек меморандумына қол қойылды және оның негізінде "Бишкек тобы" құрылды /38/. "Шанхай бестігі" шеңберіндегі кездесулер эксперттер кездесулерімен аяқталған жоқ.

2000 жыл ішінде-ақ қорғаныс министрлері мен сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесулер болып өтті. Бүндай кездесулер нәтижесінде, ынтымақтастық  дамып,  келісімдердің жүзеге асырылуына бақылау жасалып "Шанхай бестігінің" тиімді қызмет ету механизмі қарастырылды.

2000 жыл 5 шілде "Шанхай бестігінің" бесінші сатысы Душанбе қаласында өтеді. Қол қойылған Душанбе декларациясында "Шанхай бестігін" көпжақты ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытып, аймақтың ұйымына айналдыру тараптардың мақсаты ретінде белгіленеді. Бұл тек қана қызмет ету ортасының кеңеюімен ғана емес, өткен келісімдердің шеңберінде тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қажет болды. Сонымен қатар, кездесуге Өзбекістан бақылаушы ретінде қатысады .

Душанбе саммитінде халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресу саласында ынтымақтастықты нығайтуға нақты қадамдар ұсынылды. Қырғызстан Бишкекте Антитеррористік орталық құруды ұсынған болатын. Бұл орталық антитеррористік операцияларды жүргізу және жоспарлау үшін әскери штаб болу керек болатын. Ресей Тәжікстанда 201- ші дивизия негізінде Әскери база құруды үсынды. Барлық инициативалар саммитте ресми қолдау тапты.

Душанбе декларациясынан басқа Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктелері туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Келісімге қол қоюмен бірге бес қатысушы- мемлекет арасындағы шекараны занды белгілеу үрдісі аяқталды .

2001 жыл барысында "Шанхай бестігі" шеңберінде әскери штаб басшылары мен үлттық координаторының кездесулері болып өтті. Ресей мен Қытай БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің түрақты мүшелері болып табылады. Осы жағдай да қауіпсіздікке әсер етеді.

Көпжақты ынтымақтастықты дамыту ШЫҰ мүшелеріне әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етеді. Соңғы өткен кездесуде Қазақстан тарабы ұсынған 2001-2010 жж.. белгіленген мемлекет - қатысушылар арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың Жоспарының жобасы талқыланды.

"ШЫҰ- әскери-саяси блок болып табылмайды",-деп жариялады Қытай. Осыған байланысты Қытай себептері мынандай: Қытай үкіметі қандай-да бір әскери - саяси институционарланған блоктарға қатыспайды деген сыртқы саяси бағыт ұстануда. Душанбе саммитінде Цзян Цзэминь былай айтқан болатын:"Шанхай бестігі"- одақтастық емес, және конфронтациялық та емес қатынастарға сүйенеді /39/.

Сөйтіп, шанхай бірлестігі өзінің 5 жылдық даму эволюциясында тиімділігін көрсете білді. Шанхай және Мәскеу келісімдерінің шеңберінде ынтымақтастықты дамыту механизмі қабылданды. Ынтымақтастықтың салаларына экономикалық серіктестік, экстремизм, терроризм, нашақорлық және қару-жарақты бүқпа сатумен бірігіп күресу мәселелері еңгізіледі. Қатысушылардың мүдделерінің үқсастығы - қауымдастықтың болашақ перспективасы болып табыладьі.

ШЫҰ перспективасы туралы ұйымға басқа мемлекеттердің қатысу еріктерінен көруге болады. Мысалы, Пәкістан, Иран және Монғолия сияқты мемлекеттер мүшелікке байланысты Ұйымға өтініш берген болатын. Қазақстан үшін, бұл Ұйымның мүшесі болуы халықаралық қатынастарда позицияларын күшейту және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуі және күшейтуі орта мерзімді перспективадағы мақсаттардың бірі болып табылады.

Қорытындылай келе, Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери саяси ынтымақтастық екі мемлекет қатынастарындағы жаңа да өзекті сала болып табылатынын айтып кету керек. Он жыл ішінде бұл қатынастар достық, өзара түсіністік, тату тәтті көршілік, тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты құрметтеу негізінде жүзеге асты деуге болады.


ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі кезде Орталық Азия елдеріне деген ұлы державалардың назары ауып, басымдыққа жету үшін тайталасқа түсетіндігін атап өткенжөн. Сондықтан, Орталық Азия мемлекеттерінің мүддесі үшін осынау ғаламдық геоэкономикалық құбылыс жөнінде дұрыс бағдар ұсынудың  маңызы бар.

Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы қақтығыстарды болдырмайтын шаралардың жиынтығын біз қазірдің өзінде жасауымыз керек. Мемлекеттер арасындағы жасалған мәңгілік достық туралы шарт бұл үшін игілікті негіз бола алады.  Орталық Азиялық интеграция үшін ортақ ұқсастықтарды негізге алу керек. Бұл ұйымға Біріккен Еуропа мемлекеттерінде Орталық Азия мемлекеттері сияқты ұқсастықтардың мөлшері өте аз болды. Интеграцияға қажетті Орталық Азия елдеріндегі алғышарттар Еуропалық Одақ сәулетшілері үшін тек арман ғана болатын.

Сонымен автор Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуын сараптай келе Орталық Азия елдерінің арасындағы қайшылықтарды жоюда интеграцияны жүзеге асыруға бет бұруы керек деген тұжырымға келеді.

Тікелей Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ұлғаю тенденциясына тоқталатын болсақ, әрине, бұл фактор ұйымның әлемдік маңызын арттырады дейміз. Бірақ, әрбір мүшелікке енген жаңа мемлекет өз мүдделерін қамтамасыз ету үшін жаңа өзгерістер енгізуді қалайды. Іс жүзінде, мұндай процесс қазіргі өтпелі екзеідегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы тәрізді жаңа құрылымдарға ұйым жұмысын біраз тиімсіз етуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

I.                  Деректер

Дипломатиялық құжаттар

1.                 Соглашение об укреплении мер доверия в военной области в районе границы от 26 апрель 1996 г. В Шанхае (Шанхайское соглашение) // Государственная граница. Сборник нормативно-правовых актов и международно-правовых документов. – Алматы, 2000.

2.                 Приложение к Соглашению об укреплении доверия в военной области в районе границы от 26 апрель 1996 г. // Государственная граница. Сборник нормативно-правовых актов и международно-правовых документов. – Алматы, 2000.

3.                 Соглашение о взаимном сокращении вооруженныхсил в районе границы от 24 апрель 1997 г. В Москве (Московское соглашение). // Государственная граница. Сборник нормативно-правовых актов и международно-правовых документов. – Алматы, 2000.

 

ІІ. Монографиялар. Мақалалар. Ғылыми жұмыстар

4.                 .Акимбеков С.М. Афганский конфликт и проблемы безопасности Центральной Азии. –Алматы, 1999.

5.                 Бхеженский З. Великая шахматная доска. – М., 1999.

6.                 Карин Е.Т. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері. – Алматы, 1999.

7.                 Касенов У.Т. Безопасность Центральной Азии. – Алматы, 1998

8.                 Кушкумбаев С.К. Геополитические факторы интеграционных процессов в постсоветской Центральной Азии. Автореферат. –Алматы, 1999.

9.                 Лаумулин М. Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика политология. - Алматы, 2000.

10.             Майлыбаев Б.А. Современный политический процесс в  Казахстане и России: сравнительный анализ. М., 1998.

11.             Мансуров Т.А. Казахстан и Россия: суверенизация, интеграция, опыт стратегического партнерства. – М., 1997.

12.             Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. – Алматы, 1998.

13.             Нарысов С.Ж. Тату көршілік. – Алматы,-Пекин, 2001.

14.             Огнева В.В. Казахстан и Россия: потенциал взаимодействия. – Алматы, 1997.

 

ІІІ. Баспасөз

15.             Аманжолова Ж.М. Территориальные и пограничные взаимоотношения Казахстана и других республик бывшего СССР с Китаем // Вестник КазГУ. Сери “МО и МП”. - № 1(3)

16.             Ашимбаев  М.С. Шанхайская пятерка, как фактор безопасности в регионе // Analіtіc. - 2000. - № 1

17.             Асанова А. Становление межгосударственных киргизско-китайских отношений // Проблемы Дальнего Востока. – 2001. – № 3.

18.             Асанбаев М.Б: Узбекистан: некоторые аспекты регионального лидерства // Центральная Азия: политика и экономика. – 5.

19.             Аханова Г.А:, Ердавлетова С.Р. Современные геополитическое и геоэкономическое положение РК // Вестник КазГНУ. – 1998. - № 7.

20.             Ахметжанов Р. Расширение Шанхайской пятерки: интересы участников. – Время по. – 2001. – 19 июня.

 

ІV. Оқулықтар және сөздіктер

86. Дипломатический словарь в 3-х томах / Под ред. А.А. Громыко, А.Г. Ковалева идр.- М., 1984, 1985, 1986.

 

6

 



Информация о работе Мемлекетаралық келісім шарттар