Еңбек келісім шартының бұзылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 23:28, реферат

Краткое описание

Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында, жұмысшының белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге, уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын төлеуге міндетті.

Оглавление

Еңбек шартын жарамсыз тануы
Уақытша еңбекке жарамсыз
Жеке еңбек шартының тоқталыуы
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Жоспар.doc

— 68.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

                 

                            Жоспар

 

 

  1. Еңбек шартын жарамсыз тануы
  2. Уақытша еңбекке жарамсыз
  3. Жеке еңбек шартының тоқталыуы
  4. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында, жұмысшының белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге, уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын төлеуге міндетті

 

 Еңбек шартының жарамсыздық таныған кездері

 

1) алдау, күш  көрсету, қауiп төндiру арқылы ықпал етiп;

2) нақты немесе заңды салдар туғызу ниетiнсiз (жалған еңбек шарты);

3) әрекетке қабiлетсiз деп танылған адаммен;

4) осы Кодекстiң  30-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында  көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адаммен;

5) ата-анасының  бiреуiнiң, қамқоршысының, асырап  алушысының келiсiмiнсiз, он алты  жасқа толмаған адаммен жасалған  жағдайларда, сот оны жарамсыз  деп таниды. 

 

 Еңбек шартының  жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жарамсыз  деп танылуы бұрынғы қызметкердiң еңбегiне ақы алу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемiн, өзге де төлемдер мен жеңiлдiктер алу құқығынан айрылуына әкеп соқпайды. 

 

 Еңбек шартының  жұмыс берушiнiң немесе қызметкердiң  кiнәсiнен жарамсыз деп танылуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына әкеп соғады. 

 

 Еңбек шартының  жекелеген талаптарының жарамсыз  деп танылуы еңбек шартының  тұтастай жарамсыздығына әкеп  соқпайды.

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiн, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi кодексiн iске асыру мақсатында

  1. Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесiн бекiту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1372/1 тiркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 бұйрығының  
    2) Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

 

 

 

  1. туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2979 тiркелген, 2005 жылғы 23 тамыздағы N 154 (888) Юридическая газета" газетiнде жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 513 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.  

Осы Ережеде мынадай  ұғымдар пайдаланылады:  
1) уақытша еңбекке жарамсыздық – уақыт бойы қарапайым өндiрiстiк жағдайларда кәсiби жұмысты орындау мүмкiн болмайтын функцияның бұзылуы бар аурулармен немесе жарақаттармен түсiндiрiлетiн адам организмiнiң жағдайы және емдеудiң әсерiнен қайтымды, өтпелi сипатта болады;  
2) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы – негiзгi мақсаты жеке тұлғаны еңбекке жарамсыз деп ресми тану және оны сырқаттану кезеңiнде еңбек мiндеттерiн орындаудан уақытша босату болып табылатын медициналық сараптаманың түрi;  
3) медициналық-әлеуметтiк сараптама (бұдан әрi – МӘС) – организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындайтын тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде оңалтуды қоса алғанда, әлеуметтiк қорғау шараларында куәландыратын азаматтардың қажеттiлiгiн анықтау;  
4) медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмi (бұдан әрi – МӘС бөлiмi) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органы;  
5) дәрiгерлiк-консультациялық комиссия (бұдан әрi – ДКК) – медициналық ұйымдар ұйымдастыратын комиссия;  
6) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы – осы ереже қосымшасындағы нысанға сәйкес азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын және оларды жұмыстан уақытша босатуды және уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуды растайтын құжат;  
7) уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы – еңбекке жарамсыздықты куәландыратын, жұмыстан (оқудан) босату үшiн негiз болып табылатын және азаматтардың жәрдем ақы алмай жұмыстан босату құқығын беретiн құжат. 

 

 

Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы қай кезде береді:  
1) аурулар кезiнде;  
2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттар мен уланулар;  
3) жүктiлiктi жасанды үзу кезiнде;  
4) сырқат балаға, мүгедек баланы бағу кезiнде;  
5) жүктiлiк пен босану бойынша демалыс кезеңiнде;  
6) жаңа туған нәрестенi асырап алу кезiнде;  
7) санаторийлiк-курорттық ұйымдарда толық емделу кезеңiнде;  
8) карантин кезеңiнде берiледi. 

 

 

 

    

 

     Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы кімге береді:  
1) жiтi немесе созылмалы аурулары асқынғанда, жарақаттар алу кезiнде немесе өзге де жағдайларда бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға;  
2) алкогольдiк немесе есiрткiге мас болу жағдайда, сондай-ақ жiтi алкогольдiк немесе есiрткiлiк уыттану кезiндегi жарақаттар;  
3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмдi, нашақорлықты емдеу кезiнде;  
4) сырқат балаға, мүгедек баланы бағу кезiнде;  
5) азаматтарға консультациялық-диагностикалық ұйымдарда тексеру жүргiзу кезiнде инвазивтiк тексеру әдiстерiн жүргiзу және тек осы күндерi ғана жұмыстан босату кезiнде;  
6) Қазақстан Республикасына уақытша (демалыс, iссапар) келген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға берiледi. 

 

 

       Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етiп жүрген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ мынадай адамдарға (бұдан әрi – азаматтар):  
1) мемлекеттiк қызметкерлерге;  
2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiндерге;  
3) өндiрiстiк практика өткенде ақы төленетiн орынға оларды тiркелген кезiнде бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға берiледi. 

 

 

       Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруге құқығы бар: 
      1) мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық  ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектілері) өздерінде еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда береді; 
      2) ауылдық жерде дәрігер болмаған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын фельдшердің беруіне рұқсат беріледі.

 

 

    ҚР Еңбек кодексіндегі анықтамаға сәйкес, еңбекке жарамсыздық парағы – еңбекке жарамсыздық фактiсiн куәландыратын құжат, жұмыстан босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүктiлiгi мен босануы бойынша, әлеуметтiк жәрдем ақы, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) әлеуметтiк жәрдемақы алу үшiн негiз болып табылады. Осы орайда, уақытша жарамсыздық парағы бола тұра, қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз болып табылады. Сонымен қатар еңбек заңнамасы бойынша қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздық парағында болу онымен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға, тәртіптік шара қолдануға тыйым салынады (Кодекстің 73-бабының 5-т. 1 тармақшасы).

  

Еңбекке уақытша жарамсыздық  парағы жүктілікті және босануды, сондай-ақ «Екі айдан астам еңбекке уақытша  жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен айқындалған жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

 

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бергеннен немесе мерзімін ұзартқаннан кейін адам қабылдауға келмесе, ал кезекті қабылдауда еңбекке жарамды деп танылса, еңбекке жарамсыздық парағының «Жұмысқа кірісу» деген жолында: «Жұмысқа жарамды» (келген күні көрсетіле отырып), «Қай күннен бастап» және «Қай күнді қоса алғанда» деген бағандардағы бос жолдар «Z» белгісімен сызылады.

 

Еңбекке уақытша жарамсыздық  парағы мен анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның  бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы  ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі.  
      Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.

 

Жұқпалы аурумен ауырған  сырқаттармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген азаматтарға  уақытша еңбекке жарамсыздық  парағы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының эпидемиолог дәрігерінің ұсынысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері береді. 
      Жұқпалы ауру және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттетудің ұзақтығы адамдарды оқшаулаудың бекітілген мерзімімен анықталады.

 

 Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жоғалтқан жағдайда, жұмыс орнынан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жоғалту салдарынан төлем жүргізілмегендігі туралы анықтаманы бергеннен кейін уақытша еңбекке жарамсыздық парағын берген денсаулық сақтау субъектісі көшірмесін береді. Көшірмесінің алдыңғы бетінің жоғарғы жағында "Телнұсқа" екендігі жөнінде белгі қойылады.

 

 Жеке еңбек келісім-шарты мына жағдайларда тоқтауы мүмкін:

1. екі жақтың келісімімен  еңбек келісім-шартын бұзған кезде;

2. еңбек келісім-шартының мерзімі аяқталса;

3. жұмыс берушінің  ықыласы бойынша келісім-шартты  бұзған кезде;

4. жұмысшының ықыласымен  еңбек келісім-шартын бұзған кезде;

5. екі жақтың еркінен  тыс жағдайлар бойынша;

6. жұмысшының еңбек  қатынасын жалғастырудан бас тартқан кезінде;

7. Қазақстан Республикасының  заңдарында қарастырылған жағдайлардан  басқа, еңбек қатынастарын жалғастыру  мүмкіндігін шектейтін қызметке  тағайындау немесе жұмысшыны  таңдау жұмысына ауыстырған кезде;

8. Еңбек келісім-шартын  бекіту шарттарының бұзылуы кезінде

9. Жұмыс берушінің  атқарушы органы басшысымен бекітілген, еңбек келісім-шартында қарастырылған  негіздемелер бойынша.

 

 

Еңбек келісім-шартын тоқтату  жұмыс беруші – жеке тұлғаның қайтыс болған жағдайындағы (сотпен өлген  деп танылса немесе хабарсыз жоғалған деп танылса) және үй жұмысшыларымен еңбек келісім-шартын тоқтатуды санамағанда, жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) рәсімделеді.

Еңбек келісім-шартын тоқтату  күні Еңбек кодексінде қарастырылған  жағдайлардан тыс, соңғы жұмыс күні болып табылады.

 

 

Жеке еңбек келісім-шарты мына жағдайда бұзылады:

1. Екі жақтың келісімімен.  Еңбек келісім шартының жағы  хабарламаны екінші жаққа жібереді. Хабарлама алған жақ үш жұмыс  күні ішінде қабылданған шешім  туралы екінші жаққа жазбаша  хабарлауы тиіс. 

 

2. Жұмыс берушінің  ықыласы бойынша. Жұмыс беруші, еңбек келісім-шартында ұзақ мерзім  қарастырылмаса, келісім-шартты бұзу  туралы жұмысшыға бір ай бұрын  хабарлауы тиіс.

 

3. Жұмысшы ықыласымен. Жұмысшы, Еңбек кодексінің 57 бабының  4 тармағында қарастырылған жағдайлардан тыс, бір ай бұрын еңбек келісім-шартын бұзатыны туралы хабарлай отырып, өз ықыласымен бұза алады.

 

4. Жұмысшының таңдау  жұмысына ауысуына байланысты. Мұның  негізі жұмыс берушінің жұмысшыға  хабарлауы және таңдау актісі  немесе жұмысшыны қызметке тағайындау болып табылады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиетер:

 

Еңбек құқығы

Еңбек кодексі ,   2009

Еңбек туралы нормативтiк  актi». Алматы, 2004 жыл.

Қазақстан Республикасының  Кодексi «Салық және бюджетке төленетiн  мiндеттi төлемдер туралы». 2007 жыл.

 


Информация о работе Еңбек келісім шартының бұзылуы