ҚР-ның Ұлттық қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 00:27, курсовая работа

Краткое описание

Тіпті үлкен экономикадан хабары жоқ ортаңғы деңгейдегі қазақстандықтың өзі еліміздегі Ұлттық қордың барын біледі. Алайда ол не үшін құрылды, кім және қалай басқарылатынын аздаған адамдар ғана біледі.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................3-4
1. бөлім ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТАСТЫРУДЫҢ ҚАЙНАРКӨЗІ........................................................................................................................5
1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні..............5-7
1.2. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау
және бекіту..........................................................................................................8-12
1.3. Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары......................13-16
2.бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ................17
2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару......17-19
2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу.................................................................................................................20-22
2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу ...............................................................................................................23-27
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................29

Файлы: 1 файл

Курсовой Ұлттық қор.docx

— 182.75 Кб (Скачать)

     Қазақстан Республикасының өкіметі мен  Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен  қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті. 

1.2.Ұлттық  қорды қалыптастыру  мен пайдалану  жөніндегі есепті  құру, қарау және  бекіту. 

     Ұлттық  қорды қалыптастыру мен пайдалану  механизмі мемлекеттің және шетелдердің  жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық  тұрақтылық пен фиксалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік  пен ішкі тауар, сонымен қатар  қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның құралдары  негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген жіне нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады.

     Ұлттық  қорды қалыптастыру мен пайдалану  есепті құру ҚР Үкіметінің құзіретіне кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық банкпен бірге аудит нәтижелерінің  негізінде қордың іс-ірекеті жөнінде  жылдық есепті құрады. Бұл есепте Ұлттық қор құралдарының түсуі мен пайдалануы жөнінде жылдық мәліметтері көрсетіледі, қорды басқару бойынша Ұлттық банктің әс-әрекеті сипатталады, сондай-ақ қорды басқару жөніндегі  басқа да мәліметтер келтіріледі.

     Белгіленген формамен және бекітілген тіртіппен  жасалған Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есеп ҚР Президенті бекіткеннен кейін  ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынылады. Ұлттық қордың іс-әрекеті мен оны басқару  жөніндегі жылдық есеп пен жүргізілген  аудит нәтижесі бойынша ақпарат  бұқаралық ақпарат құралдарына  жарияланады.

     Қордың  қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды кіріктіруі тиіс:

  1. Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
  3. Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.

     Ұлттық  қорды басқаруға байланысты қызметтің  транспаренттілігін қамтамасыз ету  мақстаында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы  мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы  есеп туралы ақпарат. 

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі № 630 Жарлығымен Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы  мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы  есеп бекітілді.

     2007 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорының қаражаты 1853398392 мың  теңгені (1851941116 мың теңге –  аудиттелген қаржылық есептілікке  сәйкес есепке алу тәсілімен)  құрады, 2007 жылғы  31 желтоқсанға 2733351338 мың теңгені (2730887908 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады.

     Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне  өзгерістер енгізуге байланысты («Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы           29 маусымдағы № 269 Заңы), оларға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алуға жатады, 2007 жылғы   1 шілдеден бастап мұнай секторы кәсіпорындарының саны артты    (55 кәсіпорыннан 157 кәсіпорынға дейін).

     2007 жылы Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына 1139270342 мың теңге  түсті, оның ішінде мұнай секторы  кәсіпорындарынан тікелей салықтардың  түсімі есебінен (жергілікті бюджеттерге  есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1037094009 мың теңге, оның 346150165 мың теңгесі (2833577 мың АҚШ долларына  барабар) кезекті айырбастау/қайта  айырбастау операциясын дәл сол  күні жүргізу жолымен Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының  тиісті шотына теңгемен есепке  алынған шетел валютасындағы  түсімдер, мұнай секторы кәсіпорындары  жүзеге асыратын операциялардан  түсетін басқа да түсімдер (жергілікті  бюджеттердің есебіне жатқызылатын  түсімдерді қоспағанда) – 848186 мың  теңге, республикалық меншiктегі  және тау-кен өндiру мен өңдеу  салаларына жататын мемлекеттік  мүлiктi жекешелендiруден түскен  түсiмдер – 90 мың теңге, ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жер  учаскелерін сатудан түскен түсімдер  – 5407073 мың теңге, Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорын  басқарудан түскен инвестициялық  кiрiстер – 95920984 мың теңге.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай  секторы кәсіпорындарынан түсетін  түсімдерде негізгі бөлікті (66,77%) заңды  тұлғалардан алынатын корпоративтік  табыс салығы, одан соң үлесі түсімдер-дің  жалпы сомасының 16,5%-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын  салық түсімдердің жалпы сомасының 11,25%-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі  Қазақстан Республикасының үлесі  түсімдердің жалпы сомасының 4,29%-ін құрады.

     «Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорынан 2007 – 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде 258000000 мың теңге  аударылды.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға  байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде  жалпы сомасы 1 317 396 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың қорытындылары  бойынша 2007 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 95 920 984 мың теңгені құрады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға  байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн  қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылға  ауди-торлық тексеру жүргізілді. Қазақстан  Республикасының Ұлттық қоры аудитінің  нәтижелері бойынша қаржылық есептілік  шынайы деп танылды және Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржы-лық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп .   

     Баптардыңатауы      2007 жылы      2006 жылы
     1      2      3
     Кірістер              
Сыйақытүріндегікірістер      73 553 658      41 106 540
Дивидендтертүріндегікірістер      12 152 166      6 512 527
Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тардықоспағанда, пайданемесешығынарқылыәділқұнбойыншаескерілетінқаржықұралдарынантүсетінкіріс      28 886 584      17 738 988
Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тардантүсетін таза кірістер (шығындар)      1 417 922       (12 910 636)
Шетелдіквалюталардықайтабағалау-дан түсетін таза кірістер (шығындар)      89 990 488      61 619 693
Кірістердіңжиыны      206 000 818      114 067 112
Шығыстар            
Активтердібасқарғаныүшін комиссия      2 097 832      1 083 937
Кастодиандыққызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар      193 757      170 354
Аудиторлыққызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар      14 820      13 000
Кәсібиқызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар      999      -
Бағдарламалықөнімдердіжәнеақпараттықдерекқордыпайдаланғаныүшінақытөлеужөніндегішығыстар      16 142      20 136
Шығыстардыңжиыны      2 323 550        1 287 427
Таза  кіріс (шығын)      203 677 268      112 779 685
 

1.3.Ұлттық  қордың кіріс көздері  мен пайдалану  бағыттары. 

     2001 жылдың ішінде Ұлттық қор жұмысын  қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-шаралар толық тиянақталды. Атап айтсақ, ел Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесі”, сондай-ақ Үкімет қабылдаған бірнеше қаулыларға сәйкес, жоспардан тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдері Ұлттық қорға есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілді.

     Ұлттық  қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.

     Ұлттық  қор Президент жанындағы консультациялық-кеңесу органы саналатын – Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес арқылы басқарылады. Оның негізгі міндеті Ұлттық қорды пайдалану жөнінде Елбасыға тиісті ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Сонымен бірге Президентке және аталған Кеңеске, Үкімет пен Ұлттық Банкке Ұлттық қорды басқару жөніндегі қызметке бақылауды жүзеге асыру, өзге өкілеттіктер беру сияқты артықшылықтар ұсынылған. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы басқарушылармен шарттар жасасты. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.

       Ұлттық қорды пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың түрлі бағыттары бар екендігін атап өту қажет. Ол мынадай тәсілмен өріледі. Айталық, тұрақтандыру трансферттері үшін республикалық бюджетке аудару, сыртқы борыштарды өтеу, инвестициялық кірістің бір бөлігін халықтың арасында бөлу, экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру және басқа да шешімдер негізінде жүзеге асырылады.

     Қазақстанда балама ретінде мұнайдан түсетін қаражатты халық арасында бөлу мүмкіндіктері қарастырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл тетік қазіргі уақытта қолайлы емес. Біріншіден, елге мұнай долларының шамадан тыс ағыны ақша массасының артуына, инфляцияның өршуіне, ұлттық валютаны нығайтуға әкеп соқтырады. Бұл отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және арзан шетелдік өнімге деген сұранысты ұлғайтады. Екіншіден, мұнай бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша қаражатының тапшылығын тартады және әлеуметтік төлемдер бойынша тиісті деңгейде төлем жасау қабілеті әлсірейді. Ұлттық қордың құрылуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына ықпал етеді және Қорда қаражатты жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықтарды біртекті бөлу қағидатына сай келеді.

     Әлемдегі  нарықтық қатынастардың жаңа сапаға көшуі және ел экономикасының өркендеуі нәтижесінде бір-екі жыл бұрын Қор қызметін одан әрі жетілдіру шаралары қолға алынған болатын.

     Экономикадағы өзгерістерді қаперге ала отырып, Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Президенттің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған Ұлттық қорды қалыптастыру және қаражатын пайдалану тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада жиынтықталған бюджет әдісіне көшу ұсынылды, онда мұнай секторынан түсетін кірістердің Ұлттық қорға бағытталуы қарастырылған. Бұл мемлекет келешекте мұнайдан алынатын кірістерсіз әрекет етуі тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде ұлттық экономика үшін өңдеуші саланың рөлі мен мәні артып отыр. Өйткені онсыз мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуі ұлғаймақ емес. Жиынтықталған бюджет әдісі бюджет шығыстарының тұрақты деңгейін қамтамасыз етеді. Мұнай кірістері Ұлттық қорға аударылатындықтан, ал Ұлттық қордан бюджетке кепілдік берілген трансферт жіберілетіндіктен, бюджет шығыстары қысқа мерзімді және орта мерзімді кезең ішінде мұнайға және мұнай бағасының өсуі мен төмендеуіне тәуелді емес.

     2005жылдың  1 шілдесінен бастап Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордың жиналымдарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды, ол шоғырландырылған бюджеттің бір бөлігі болды.

       Қазіргі уақытта Ұлттық қорға  бекітілген тізбе бойынша 55 мұнай секторы кәсіпорнынан түсетін тікелей салықтың, республикалық меншіктегі және тау-кен әрі өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер аударылады. Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге және Ұлттық қорды басқаруға және аудитке байланысты шығыстарды жабуға жұмсалуы тиіс. Бұл ретте Ұлттық қордан мұнайға жатпайтын сектордан түсетін түсімдердің азаюы салдарынан ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру үшін қосымша қаражат алынбауы тиіс. Ал ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың өсіп отырған шығыстары тиісті шектеулерге сәйкес қажетті қаражат қарыз алу есебінен ғана жабылуы мүмкін. Сондай-ақ, Ұлттық қордың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге пайдаланылмайтын-дығын атап өту керек.

Информация о работе ҚР-ның Ұлттық қоры