Қазақ халқының ұлттық киімдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 07:11, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыбы:Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Мәселе:Қазігі кездегі киім үлгілеріне ұлттық киім үлгілерінің элементтерін қоса отырып,әрі қарай дамыту.
Мақсаты:Ұлттық киімдердің ерекшеліктерін танып білу,жастарға насихаттау.
Міндеті:1.Ұлттық киімдердің тігілуіне,безендірілуіне көңіл бөлу.

Оглавление

1.Мазмұны-2-бет.
2.Резюме-3-бет.
3.Кіріспе-4-бет.
4.Алғысөз-5-бет.
5.Қазақ әйелдерінің ұлттық көйлектері-6-бет.
6.Қазақтың ұлттық аяқ киімдері-7-бет.
7.Қыздар көкірекшесі-8-бет.
8.Қорытынды -9-бет.
9. Пайдаланылған әдебиеттер-10-бет.

Файлы: 1 файл

Қазақ халқының ұлттық киімдері тақыбындағы жобы.docx

— 33.07 Кб (Скачать)
Қазақ халқының ұлттық киімдері тақыбындағы жобы. Әзірлеген Полухина В.А., жет. Баянбаева М.С.
«Балқаш қаласының білім, дене шышықтыру мен спорт бөлімі» ММ

М.Горький  атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті

«Қазақ  халқының ұлттық киімдері»

Теориялық-практикалық

Орындаған:

4 «А»  сынып оқушысы- Полухина Виктория

Жетекшісі:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- Баянбаева Меруерт Сайлауовна

2010 жыл

Мазмұны

1.Мазмұны-2-бет.

2.Резюме-3-бет.

3.Кіріспе-4-бет.

4.Алғысөз-5-бет.

5.Қазақ әйелдерінің  ұлттық көйлектері-6-бет.

6.Қазақтың ұлттық  аяқ киімдері-7-бет.

7.Қыздар көкірекшесі-8-бет.

8.Қорытынды -9-бет.

9. Пайдаланылған  әдебиеттер-10-бет.

Резюме

Ұсынылып отырған  жобада оқушының алдына қойған мақсаты,алған бағыты нық екені көрінеді.Ол- ұлттық киімдердің ерекшеліктерін танып білу,жастарға насихаттау.

Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп.Бұл  жобада қазіргі кездегі қыздар көкірекшесі,аяқ киімдер, қазақ әйелдерінің көйлектері туралы айтылады.Олардың тігілуіне,безендірілуіне қолданылатын материялдарға тоқталады.

Кіріспе

Тақырыбы:Қазақ  халқының ұлттық киімдері.

Мәселе:Қазігі кездегі киім үлгілеріне ұлттық киім үлгілерінің  элементтерін қоса отырып,әрі қарай дамыту.

Мақсаты:Ұлттық киімдердің ерекшеліктерін танып білу,жастарға насихаттау.

Міндеті:1.Ұлттық киімдердің тігілуіне,безендірілуіне көңіл бөлу.

2.Қазіргі заманға  сай ұлттық киім үлгілерін көбейту.

Өзектілігі:Еліміздің  өнерін,мәдениетін дамыту.

Болжам:Егер сәнгерлер жасаған киім үлгілеріне қазақтың ұлттық киімдерінің элементтерін кірістірсе,жастардың ұлттық киімге деген қызығушылығы артпақ.

Мекеме:Мектеп,кітапхана,мектеп шебпрханасы.

Күтілетін нәтиже:Сәнгерлердің жаңа үлгідегі ұлттық киім түрлерін

жасауы;

Жастардың ұлттық киімге деген қызығушылығының

артуы;

Түрі:теориялық-практикалық  жұмыс

Алғысөз

«Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі»-деген ұлы адамдар.Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де,үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат,дипломатиялық қатынастарда ескерткіш,белгі ретінде жүрген.Ат,шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.

Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән,кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.

Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп.Кең  байтақ даламыздың табиғатына, ауа райына байланысты киім түрлерінде де ерекшеліктер бар.

Қазақтың ұлттық киімдері қарапайымдылығымен және жаңашылдығымен ерекшеленеді.Ұлттық киімдерге тері,кесте,әшекей сән береді.Ұлттық киімдер суретші-сәнгерлердің,конструкторлардың үнемі назарында.Ұлттық сарында тігілген қазіргі кездегі киім үлгілері өзінше қызықтылығымен әрі қайталанбайтындығымен көзге түседі.

Менің ата-әжелерім Қазақстан жерінде туып-өскен.Менің отбасым қазақ халқының салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын сыйлайды,үйренуге тырысады.Қазақ халқының ұлттық киімдері ерекше.Мен де олардың түрлерін,қыр-сырын,ерекшеліктерін танып білгім келеді.Мені,әсіресе, кеудеше,көйлек,аяқ киімдер қызықтырады.Мен қазірден бастап ұлттық киімдердің түрлерін зерттеп,түрлі аппликациялар жасаумен шұғылданамын.Аппликация жасауға қатты қағаз,түрлі-түсті қағаз,мақпал қағаз,әр түрлі маталар,інжу,маржан (бисер),түрлі жіптер,былғарыны қолданамын.Мен көбінесе қазігі кезде шығып жатқан киім үлгілеріне көңіл бөлемін.

Қазақ әйелдерінің  ұлттық көйлектері

Қазақша көйлек – әйелдер киімі. Түсі ашық жақсы маталардан тігіледі. Ертедегі көйлектер тік жағалы, жеңді әрі ұзын болған. Етегінен жоғары бір немесе екі қатар бүрмелеп қосымша маталар тігіледі. Мұндай көйлекті желбіршек көйлек немесе қос етек көйлек дейді. Көйлек – әйел қауымының бұйрықты киімі.

Бұл көйлектер  түрлі жібек, креп-сәтен, органзы, креп-шифон маталарынан тігілген, баулармен, моншақпен, стразбен, жылтырақ түймелермен шыны моншақтармен, ызбамен және алтын қамқамен өңделген. Әшекейлері жапсырма, біз кесте, тығыз кесте, ришелье, аралас техника тәсілдерімен кестеленген.

Қазақ әйеледері  мен қыздарының ұлттық көйлектері аса  бай әшекейленеді. Үлттық көйлектер  жібек; кретг-сәте, органзы, креп- шифон маталарынан тігіледі. Көйлектер белінен бөлінеді де белі резеңкемен жиналады. Белдемшесі төрт қиықты және толық шеңбер немесе жарты шеңбер пішінді болуы мүмкін.

Әдетте белдемше етегін айналдыра бір немесе бірқатар қиықты желбірлер тігіледі. Желбір ені жшлігіне жөне санына байланысты әзгереді. Кей түрлерінде белдемше қиықтарына қосымша қиықтар қосылуы мүмкін. Осындай қосымшалар бұрыштан басталып екіге айырылады, гофре немесе плиссе техникалары арқылы орындалады. Белдемше етегі ызбамен, жиектікпен, алтын немесе күміс шашақтармен әшекейленеді, желбірлері бұрымды жиектікпен жиектеледі. Көйлектің омыраушасы шағын көлемді болып келеді. Жағалары мойын түбінен дөңгелене ойылған болуы мүмкін. Сондай-ақ қайырма жазықжағалы, тіктеме жағалы да болады. Көйлек омыраушасының түймелігі артқы бойдың орта тігісіне түсірілетін сыдырма арқыаы немесе түймелі ілгекпен бекітіледі. Мойын ойындысы желбірлермен, алтын және күміс қамқамен әшекейленіп, біз кестелеу арқылы өсімдік тектес және аралас ою-өрнек түрлерімен кестеленуі де мүмкін. Қондырма жеңінің кәлемдері әр түрлі, мысалы, жең тардан басталып желбірлі, желбіршекті қатарларымен жең аузына қарай кеңітіледі немесе қаттамаға бүрмеленіп жинақталады. Көйлектер трапеция тәрізді силуетті болып келуі де мүмкін. Ертеде осындай тгішінді көйлектерді төре тұқымының әйелдері киген.

Қазақтың  ұлттық аяқ киімдері

Етік – былғарыдан, құрымнан тігілетін ерлер мен әйелдердің аяқ киімі. Түрлері: жым етік, қисық табан етік, жәй табан етік, шоңқайма етік. Мұны қыста да, жазда да киеді. Ерлерге арналган қонышы тізеден асып қара санға дейін жететін етік жырын етік, ішіне байпақ салатын етікті байпақты етік дейді. Соңғы екі түрін еркектер ғана киген. Етікшілер мұндай етіктерді тарамыспен. Көптеп, ағаш шегемен шегелеп тігеді. Кейбір шеберлер сықырлап жүрсін деп етік ұлтанына тоз салады. Мұндай етікті сал, серілер мен бозбалар киген.

Мәсі – өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім.

Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.

Көк сауыр етік – бұл қалыңдықтың етігі. Қалыңдықтың етігі де басқа киімдермен қатар арнайы тігіледі. Етіктің өкшесі биік, табаны ағаш шегемен шегеленіп тігілген. Қонышы өңделген теріден түрлі өрнектер салынып, көкшіл бояуға боялып, әсемделеді.

Ұсынылып отырған  аяқ киімдер табиғи былғарыдан тігілген.

Әшекейлері жапсырма, біз кесте, аралас техника тәсілдері арқылы кестеленген. Қазақтың ұлттық киімдері салтанатты костюмдер қурамының бір бөлігі болытг саналған жағдайда аса бай әшекейленеді. Осындай аяқ киім тігуге шегрен былғарысы қолданылады. Аяқ киімнің ою-өрнектері бедер салу, басқа тұсті былғарыдан жапсырмалар салу, баулармен және әр түрліметалл белгілермен әшекейлеу негізінде жұзеге асырылады. Осы каталогта ұлттық мотивтенгі аяқ киімдердің жаңашаланған тұрлері беріледі. Олар қазіргі сахналық би костюмдері мен сувенирлік- сыйлықтық қазақ ұлттық ерлер және әйелдер киімдерімен бір жинақталымда ұсынылады. Аяқ киімге негізінен зооморфтық ою-өрнектер қолданылады. Аяқ киім әшекейі қолмен орындалады.

Қыздар  көкірекшесі

Көкіреше –  қыздардың жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға, мауыты, т.б. маталардан әсем безендіріліп тігілетін киім. Көкірекшені жиденің немесе көйлектің сыртынан киеді. Олар жағалы, жиекті, жеңді немесе жеңсіз тігіледі. Өңірі мен етегі өрнектеліп, кестеленеді. Өңіржиек, алқа, тұмарша, үкаяқ т.б. алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады. Қапсырмалы, түймелі болады. Жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі. Қыз балалардың көкірекшесіне теңгелер, маржан сияқты әшекей заттар қадалады.

Ұсынылып отырған  қыздардың ұлттық көкірекшесі түрлі  барқыттан, қамқадан, мақпалдан, дүриядан, алтыннан тігілген, күміс жіптермен кестеленген, алтын қамқамен, баулармен, күймешемен, моншақпен, стразбен, маржанмен өңделген.

Жапсырма, біз кесте, тығыз кесте, ришелье, аралас техника тәсілдерімен әшекейленген.

Көкірекше қынама силуетті, шағын көлемді, жеңсіз болып келеді. Алдыңғы бойы және қолтық ойындысы тұрлі техника тәсілдері арқылы алтын баумен жиектеледі, алтын немесе тұсті қамқа жапсырмалармен кестеленеді, тұсті жібек жіптермен әшекейленеді. Негізінен өсімдік тектес, зооморфтық ою-өрнек элементтері қолданылады. Көкірекше тұймелеулері ілмекпен немесе қапсырмамен тұймеленеді. Оның мойын ойындысы фигуралы да, *У* тәріздес те болуы мүмкін, Қөкірекше стрейч-атластан, стрейч-мақпалдан, барқыттан, крепсәтеннен, қамқадан, дүриядан тігіледі. Қөкірекше алтын немесе кұміс жиектермен, ызбамен, оқамен қосымша әшекейлене өңделеді. Қазіргі суретші-сәнгерлердің өңделеуі бойынша көкірекшенің көлемі шагъін, тар, онша ұлкен емес қолтық ойындысына қондырылған жеңі бар болып келуі де мүмкін.  

Қорытынды

Бүгінгі Қазақстан-мәдениеті  дамыған,алдыңғы қатарлы мемлекет. Қазақстанның болашағы-келешек ұрпақтың қолында.Келешек ұрпақ ата-бабаларымыздың өткеніне, тарихына, салт-дәстүріне, өнеріне қызығушылықпен қараса, оны танып білгісі келсе, бұл-үлкен жетістік

Жобамен жұмыс барысында оқушының қазақтың ұлттық киімдерінің қыр-сырын,ерекшеліктерін танып білуге деген құштарлығы арта түсті.Әсіресе бұл аппликация жасау кезінде көрінді.Көбінесе бұл жастағы балаларға осындай жұмыс түрлері ұнайды.Әр үлгіні жасаған сайын оқушы машықтанып,оны әрлендіре түсті.Оқушыда жаңа ойлар,идеялар туа бастады.Оқушының осы өнерге деген қызығушылығы арта түсті.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Сейіт Кенжеахметұлы  «Қазақ халқының тұрмысы мен  мәдениеті» 2006ж. Алматыкітап.

2.А.Асанова «Технология  проектирования национальной одежды»

3.А.Асанова «Қазақтың  ұлттық киімдері» каталог-оқулық.

4.А.Асанова, А.Птицина «История казахской национальной одежды и прикладного искусства» Астана 2008ж.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ 

     Тақия – Шығыс халықтарына тән бас киімнің түрі. Жеңіл, дөңгелектеп тігілетін бас киім. Ұлттық өрнегіне, тігілуіне қарай әртүрлі болады. Тақияны тіккенде бір түсті матадан (сәтен, шұға, барқыт т.б.) таңдаса, төбесі төрт сай немесе дөңгелек, үшкіл төбелі етіп тігіледі. Ерлерге арналған тақиның кестелісі де, кесетесізі де кездеседі. Жиегі қолмен немесе машинамен сырылады. Қыздарға арналған тақиялар әртүрлі жіптермен кестеленіп, моншақ, асыл тастармен безендіріледі.

     Сәукелеқызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.

     Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды.

     Тымақ – аңның немесе малдың терісінен тігілетін қыстық бас киім. Тымақты ішік сияқты тігілген терісіне байланысты: түлкі тымақ, елтірі тымақ деп аталады. Тымақ төрт сайлы, биік төбелі, суықтан қорғайтындай етіп тігіледі. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын артқы етегі болады.

     Кимешекәйелдердің бас киімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен тігіледі. Ол басты, кеудені, иық пен арқаны жауып тұрады. Кимешектің кеуде жағын, бет жаулықтарын көмкеріп кестелейді.

     Бөрікқазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік (жүн немесе мақта салып тігіледі), жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады, асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген.

     Етік – ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді.

     Былғары етік қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қыз-келіншектер қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тіктірген етік киген. Оны «сапиян етік» деп атайды. Ал мырза сал-сері жігіттер қара түсті былғарыдан, оюлатып етік киюді әдет еткен, оны «саптама етік» деп атаған.

     Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы – өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Мәсіні ерлер де, әйелдер де киеді. Мәсіні жұмсақ былғарыдан немесе құрымнан тігеді.

     Кебіс – мәсінің сыртынан киюге арналып, былғарыдан тігілген аяқ киім. Оның басын жұмсақ былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік етіп тігеді. Кебісті оюлап әшекейлеп тігеді.

     Саптама етікқазақтың ұлттық қысқы аяқ киімдерінің бірі. Оны ерлер киеді, кең қонышы тізені жауып тұрады. Саптама етікті қыста киетін болғандықтан, оны сапалы былғарыдан тігеді, ішінен киіз байпақ киеді.

Информация о работе Қазақ халқының ұлттық киімдері