Қазақ халқының ұлттық киімдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 07:11, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыбы:Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Мәселе:Қазігі кездегі киім үлгілеріне ұлттық киім үлгілерінің элементтерін қоса отырып,әрі қарай дамыту.
Мақсаты:Ұлттық киімдердің ерекшеліктерін танып білу,жастарға насихаттау.
Міндеті:1.Ұлттық киімдердің тігілуіне,безендірілуіне көңіл бөлу.

Оглавление

1.Мазмұны-2-бет.
2.Резюме-3-бет.
3.Кіріспе-4-бет.
4.Алғысөз-5-бет.
5.Қазақ әйелдерінің ұлттық көйлектері-6-бет.
6.Қазақтың ұлттық аяқ киімдері-7-бет.
7.Қыздар көкірекшесі-8-бет.
8.Қорытынды -9-бет.
9. Пайдаланылған әдебиеттер-10-бет.

Файлы: 1 файл

Қазақ халқының ұлттық киімдері тақыбындағы жобы.docx

— 33.07 Кб (Скачать)

     Байпақ – жылы аяқ киім. Киізден жасалады, саптама етіктің ішінен киіледі. Байпақтың қонышы етіктің қонышынан ұзын болады, тізені жауып тұруы керек. Тізе басары былғарыдан, барқытпен, басқа да матамен көмкеріледі.

     Шапан қазақ үшін өте сыйлы киім. Оны қалың матадан қазақтың ою-өрнегін салып, астарлап сырып тігеді. Шапандар әртүрлі тігіледі: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз-келіншектерге арналған қималы шапан. Шапанды ерлер де, әйелдер де, балалар да киеді. Қазақ халқында сыйлы қонаққа шапан жабу дәстүрі әлі жалғасып келеді.

     Ішік – аң терісінен немесе мал терісінен матамен қапталып тігілетін қыстық сырт киім. Ішік тон сияқты ұзын тігіліп, сәнді мол жаға салынады.Тігілген терісіне байланысты ішіктің әртүрлі атауы болады: бұлғын ішік, құндыз ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік.

     Тон қойдың терісінен жүн жағы ішіне қаратылып тігіледі, әрі жылы, әрі жұмысқа өте ыңғайлы киімнің түрі. Тон тігіп кию ежелгі қазақ салты болған. Тонға мол жаға салынып, екі өңірі, жеңінің ұшы, етегі түсті матамен немесе елтірімен көмкерілген.

     Шекпенқазақтың ұлттық сырт киімінің бір түрі. Ол қойдың немесе түйенің жүнінен тоқылып, көбінесе, шапанға ұқсас үлгімен тігіледі. Шекпеннің арасына жүн немесе мақта салып тігілген түрі жеңіл пальто немесе қаптал шапан орнына киіледі.

     Қамзол – жеңсіз жеңіл киім. Жас ерекшелігіне қарай: бір түсті едәуір қалың матадан, жібектен, мақпалдан, атластан тігіледі. Қыздарға арналған қамзолдың өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады. Қамзолдың етегі кең болып келеді. Қазақ халқына кең тараған ұлттық киім.

     Көйлек, жейдеәйелдердің киімі. Қос етек көйлекке екі, үш етекті қоса тігеді. Кең етекті көйлекке ештеңе қоспай тігеді. Тік етек пен кең етек көйлекті әжелер, бүрмелі көйлекті жас қыздар мен жас келіншектер киеді. Етегінің қатпарына сай, жеңіне де қатпар түсіріледі.

     Белбеу – киім сыртынан бел бууға арналған, бір ұшы айылбасты былғары (1,5-2 м), қайыс немесе (2-3 м) шүберек. Шүберекте айылбас болмайды. «Бел» және «Бау» сөздерінен қосылып, фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Былғары сыртына кейде алтын, күміс әшекей орнатылады.

     Биялай қолға киетін киім. Иленген қой терісінен, былғарыдан тігіледі немесе жүннен тоқылады. Бармақтан басқа төрт саусағы біріктіріліп, кейде қажетіне қарай сұқ саусағын даралап та жасайды. Биялайды кей жерлерде қолғап деп те атайды. Ол бес саусақты болады.

        
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақ халқының ұлттық киімдері