Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 23:30, курсовая работа
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------------3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау,талдау теориясы----4
1.1 Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы -----------------------4
1.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты -----------------8
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері--------------------------------------------11
2 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ----16
2.1 Кәсіпорынның бизнес – жоспарын құру этаптары ---------------------------16
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер----------19
2.3 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық жағдайын талдау-----------22
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары---32
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------------35
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д / Т
Мұнда: Т - ағымдағы активтер.
Д - таза табыс.
Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / З
Мұнда: Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы;
Д - Таза табыс;
З - Өндірістік қорлар.
Өндірістік қорлардың
табыстылық деңгейі жыл
Жоғарыда жүргізілген
есептеулерден көріп
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары
Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы кәсіпорын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.
Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын же-тілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық дең-гейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр бо-лады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағым-дағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтама-сыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытта-луы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық
Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақ-сатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акция-ларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сон-дықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.
Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол – акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бі-рақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауық-тыру бағдарламасының нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.
Кәсіпорынның материалдық техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жол-дарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Ли-зингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құрал-дарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді жобаларды іске асыру мақсатымен кредиттер тарту да кәсіпорынды сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады.
Меншікті капиталдың жетіспеушілігін
азайтудың бір жолы ол – оның айна-лымдылық
жылдамдығын арттыру болып табылады.
Меншікті қаржы ресурстарынының көлемін арттыру жолдары:
-тұрақты шығындар сомасын
-айнымалы шығындар сомасын
-жедел амортизацияны пайдалану
-пайдаланылмайтын мүліктерді
-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өнді-ріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады.
Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш про-блема кездеседі:
-Төлемқабілеттіліктің төмен
-Меншік иелерінің мүдделерін
толық қанағаттандырмау. Бұған меншік
иелері алатын табыстарының
-Қаржылық тәуелсіздігінің
Кәсіпорынның төменгі төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезін-де ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жа-ғынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұ-рақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді мін-деттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға кө-мектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқ-талып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қа-ражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзін-дік құнды төмендету негізінді арттырса.
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолда-рын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет.
Негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.
Капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүм-кіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспар-лардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн.
Қорытынды
Бұл қурстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорын-
да қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қыз-метінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, бас-қарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жаб-
дықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.
Нарықтық қатынастары
жағдайында кәсіпорыннын
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-
ды:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
«Хималайя Драг.» компаниясының қаржылық жағдайына талдау жүргізілді. Яғни кәсіпорынның мүліктік жағдайына, төлем қабілеттілігімен өтімділігіне, қаржылық тұрақтылығына және табыстығына мен іскерлік белсенділігіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде келесідей кемшіліктер анықталды:
Кәсіпорынның мүліктік жағдайы тұрақсыз, яғни ол жыл соңына 3%-ға төмендеді. Негізгі құралдардың активтердің жалпы сомасындағы үлесі 18%-ға төмендесе, айналымнан тыс активтердің үлесі 11%-ға төмендеді.
Кәсіпорынның негізгі проблемаларының бірі - төменгі төлем қабілеттілік пен өтімділік болып табылады. Кәсіпорынның баланс құрылымы нашар болып келеді және ақша қаражаттарының өте тез өзгеруіне душар.
Қаржылық тұрақтығы жағынан кәсіпорын сыртқы қарыз көздерінен тәуелсіз. Оған ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқ болуы дәлел бола алады.
Кәсіпорынның тағы бір негізгі проблемаларының бірі – оның рентабельсіз -
дігі. Ағымдағы жылы сатудан түскен түсім артқанына қарамастан кәсіпорын шығын шегуде. Жалпы табыстың азаюы өндіріс рентабельділігінің төмендеге -ні мен және соған қатысты шығындардың өсуімен түсіндіріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.
2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995.
3.Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 1996.
4. . Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». -
Москва, Финансы и статистика, 2006.
5 Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа». - Москва, Инфра-М, 2006
6.Финансовый менеджмент./ Под. ред. Стояновой Е.С. - М.: Перспектива, 2006.
7 Трохина С.Д., Ильина В.А., Морозова Т.Ф. «Управление финансовым
состоянием предприятия».//Финансовый менеджмент. - 2004. - №1.
8. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие). — «Бизнес-школа», Интел-Синтез, 1994.
9. Сүндеұлы Ж., Көмекбаева Ж. «Әлеуметтік – экономикалық дамуды болжау және жоспарлау» Алматы 2002.
10. Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. - 2005. - №4.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары