Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 23:30, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.

Оглавление

Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------------3

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау,талдау теориясы----4

1.1 Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы -----------------------4

1.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты -----------------8

1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері--------------------------------------------11

2 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ----16

2.1 Кәсіпорынның бизнес – жоспарын құру этаптары ---------------------------16

2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер----------19

2.3 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық жағдайын талдау-----------22

3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары---32

Қорытынды-------------------------------------------------------------------------------35

Файлы: 1 файл

kurs_2238.doc

— 319.50 Кб (Скачать)

   В.А.Андреев және В.В. Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.                                                                

    Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзі-нің ықыласына байланысты. Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылы-тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық жағдайдағы экономикалық талдау

 

2.1 Кәсіпорынның бизнес  – жоспарын құру этаптары

    Бизнес жоспарды дайындауда  бірінші кезеңде кәсіпорынның  атауы қызметі, оның бастапқы  мақсаты, қандай бағытта жұмыс  атқаратыны, әлеуметтік жағдайларды  шешуде тигізетін ролін, қысқаша  жазылып көрсетіледі.

    Кәсіпорын бұл орайда  мына мағыналарды береді:

    • Нақты қамтамасыз ету үшін тауарды шығару;
    • Әлеуметтік мекеме, мұндағы жұмыскерлер өз қабілеттіліктерін көрсетіп, мұхтаждықтарын қанағаттай алады;
    • Басқа сол бір тауар шығарушыларға бәсекелестік;
    • Қоғамның мұхтаждықтарын өтей алатын әлеуметтік бірлік;
    • Көпбағыттағы нарық экономиканығ бір бөлігі;

    Бизнес жоспардың екінші  кезеңі жоспарлаудың мақсатын  табу.

    Мақсат – бұл кәсіпорынның  алдығы кезеңде қол жеткізетін  жетістіктерді көздейтін, жұмыскерлердің атқаратын қызметінің тиімділігін жоспарлайды. АҚШ – та 98 пайыз құрылған кәсіпорындардың құлдырауы бизнес жоспардың мақсаттары дұрыс құрылмағаннан болады.

    Бинес жүйесінде  мақсатты 5 функцияны орындайды:

- шешімді абылдау критерийлері  – алтернативтерді таңдау және анықтаманы бағалау;

-  жүргізу құралдары – бизнесе  бағыттайтын  анықтамалар;

    Координация – арнайы  бөлімшелердің жұмыс істеуінің  біркелігі, шешімді қабылдайтын  тұлғалардың бір – бірімен  қарым қатынасы;

- бақылау-шаруашылықтұрақтылықтың  оперативті жағдайы.

    Орындалу бағытынан тыс мақсатты кәсіпорынның бұдан басқа бір кәсібі белгілейді (1 кесте).

Кесте 1-Кәсіпорынның орындалу бұйырығы мен мақсатының

айырмашылығы

Көрсеткіштер

Орындалу бұйрығы

Мақсаты

1. Уақытша критерий

Келешекке бағытталған, бірақ оның уақыт шектеулігі жоқ және ағымдағы қалпына тәуелсіз

Оларға ету уақытын әр қашан белгілейді

2.Ақпараттың бағыттауы 

Сыртқы ортаға, тұтынушыларға, қоғамға, олардың қызығушылығы мен күтімдері мен  құндылығы

Көбінесе кәсіпорындардың ішіндегі жұмысқа бағытталған резервтер, мен шикізаты тиімді пайдалану үшін

3. Біріктірулідің басты мақсаты

Жалпы терминдерде қоданылатын, кәсіпорын келісімін жақсартады, оның маркасы және т.б.

Көбінесе алғаш ақпараттардың нақты болуы

4.Өнімділігі 

Сапалы негіздемеге ие

Көбінесе санаулы, кейде бір мағыналы немесе көпмағыналы болып келеді.


 Үшінші кезеңде, мақсатты мен  орындалуы бұйрығы жасалынғаннан  соң, бизнес жоспардың кеөлемі  мен сызбанұсқасы кәсіпорынның  көлемі мен қойылған мақсаттар  әсер етеді. Кіші кәсіпорындарға  екі бөліктен тұратын жай жоспарды құрастырады: жобаның кіші жазылуы мен басты бөлік және бұдан көбірек қамтитын санаулар. Осындай сызбанұсқа сыртқы тұтынушыларға түйіндеме жіберу үшін жасалған, мұнда кәсіпкер бірге жұмыс істеуіне немесе несие беруде ұсыныс жасайды. Бизнес жоспардың көлемі компьютермен жазылған баспамен 50 беттен аспайды немесе бұдан кем болуы мүмкін. Үлкен жобалар одан үлкен ізденісті талап етеді. Шет ел және еліміздегі кәсіпорынның ұсынған жобалардың сызбанұсқасы төмендегідей:

    1. Тиитулдық бет
    2. Құпиялылық туралы меморнадум
    3. Түйіндеме
    4. Жұмыс бағытының қысқаша мазмұны
    5. Кәсіпорынның мінездемесі
    6. Жұмыс істеу бағыты (тауар ата, атқаратын қызметі, жұмысы)
    7. Шаруашылық жоспар
    8. Кәсіпорынның жұмысының сызбасы
    9. Қаржылық жоспар және кәсіпорынның бюджеті
    10. Тәуекелділікті талдау
    11. Ұйымдастырушылық жоспар
    12. Қосымша

    Әрине бизнес жоспарды  жасағанда оның бөліктерін түрлендіріп  не керісінше блімдерге тоқталмауы  мүмкін.

    Қандай жағдай болмасын  бүкіл жоспарды әр түрлі бөлімдерге топтастырып, кішігірім бөлімшелерге бөлу оңайырақ болар.

    Бизнес жоспардың төртініші  кезеңі әр бір бөлікке  жекелей  мәлімет табуда болып табылады. Бұл жоспардың ең маңызды және  қиын жұмысы болып табылады. Мәлімет  беруші болып әр түрлі анықтамалар, кәсіпорынның нормативтері  және арнайы фирмалар, статистика жұмыс орындарының мәліметтері, сонымен қатар ішкі орта жақсы меңгерген кәсіпорын жұмысшылары.

Келесі жоспарлаудың бесінші деңгейі - әр бір бөлімшелерді топтастыру және бүкіл бизнес жоспарды құрастыру.

5 Сызбанұсқа Нарықтық ортадағы  кәсіпорынның атқаратын қызметі

 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Кәсіпорынның жұмыс істеуінің басты түсінігі


 

Кәсіпорынның жұмыскерлерінің жұмыс істеу тиімділігі


Кәсіпорынның аудандық және қоршаған ортадағы әлеуметтік жағдайларды шешудегі ролі


 

Жоспарлы өзгерістердің жалпы ұсынысы

 

2.2 Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер

Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау : оның негізгі көрсеткіштері.

  1. Кәсіпорынның активтерінің құны. Мақсаты – кәсіпорынның қызмет ауқымы мен сенімділік деңгейін сипаттайды, кәсіпорынның қаржылық жағдайының индикаторларын есептеуде негіз болады.

Есептеу формуласы :   Баланс активінің екі бөлімінің қорытындысының қосындысы,яғни баланс валютасы.

  1. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті. Мақсаты – кәсіпорынның өндірістік потенциялын сипаттайды.

 Есептеу формуласы :  Негізгі  құралдар + өндірістік қорлар+аяқталмаған  өндіріс / Актив құны, баланс валютасы.

  1. Кәсіпорын активтерінің қозғалыс коэффициенттері. Мақсаты – қарызды өтеудегі қаражат үлесін немесе кәсіпорын активтерінің жалпы құныңдағы  ағымдық активтерінің үлесін сипаттайды.

Есептеу формуласы : Ағымдық активтер / баланс валютасы.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.

   Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құ-рылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.                                                                                                                        

   Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өз-геру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капи-талға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.                                      

   Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсет-кіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады.Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = Мк:Ак

   Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;                                                                       

   Мк - меншікті капитал;                                                                                                                      

   Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).                                                                                                               

   Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көр-сетеді.                                                                                                                            

   Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құры-лымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздік-сіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сон-дықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырыса-ды.                                                                                                

   Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бі-рыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.

 

  Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

    Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

    Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.                                                                                                           

Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары