Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 23:30, курсовая работа
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------------3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау,талдау теориясы----4
1.1 Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы -----------------------4
1.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты -----------------8
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері--------------------------------------------11
2 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ----16
2.1 Кәсіпорынның бизнес – жоспарын құру этаптары ---------------------------16
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер----------19
2.3 «Хималайя Драг» компаниясының қаржылық жағдайын талдау-----------22
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары---32
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------------35
9. Жоспардың орындалуын бақылау
және бағалау бөлімінде бизнес-
- қорды бақылау. Қор деңгейін бақылау арқылы фирма өзін ғана емес,тұтынушының да қамын ойлайды,өйткені шикізаттан дайындалған материалдар жұмаслған ақша неғұрлым тезірек өтелсе,соғұрлым фирма тауар мен қызметті өз тұтынушыларына көбірек ұсына алады;
- өндірістік бақылау. Бұл – бақылаудың
жоспарда көрсетілген есеп
- сапаны бақылау.Сапа бақылауы
көп жағдайда өнекәсіптің
- сатуды бақылау- сату көлемі
туралы ақпарат,ол сатып
- шығынды бақылау. Бұл әрбір
жаңа кәсіпорын үшін өте
1.2 Қаржылық жағдайдың
мәні және оны талдаудың
Нарықтық қатынастары
жағдайында кәсіпорынның
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау жөніндегі
Профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субьектілерімен қаржылық қарым-қатынаста боолу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді».
С.А. Стуков өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».
Жоғарыда берілген анықтамалар
қарастырылып отырған ұғым
Біздің көзқарасымыз
бойынша, сенімділік кәсіпорын
Осы берілген түсініктерге
сүйене отырып, біз бұл ұғымды
былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы
осы кәсіпорынның белгілі бір
кезеңдегі қар-жылық
Ал кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл
сұрақ та ар-найы оқулықтарда
түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар
қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын
шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксізді-гін қамтамасыз
ететін қаржының жеткілікті болуы"
деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық
- меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз
қаражаттары есебінен активтерге (негізгі
қорлар, материал-дық емес активтер, айналым
қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық
және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін
және де өз міндеттемелерін уақтысында
қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық
тұрақты болып табылады" деп жазады.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесі-нің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ре-сурстық жағдайын сипаттайды.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің
мүмкін бола-тын деңгейінде
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық
жағдайын қалыптастыруда оның өз кон-трагенттерімен
(салық органдары, банктер, жабдықтаушылар,
сатып алушылар, акционерлер және тағы
басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен
әсер етеді. Сон-дықтан да серіктестермен
реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы
қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып
табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ
қорларын тұрақты тиімділікке ие және
дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржы-лық
тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі
күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның
қаржылық жағ-дайы көршісіне қарағанда
жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын
өз об-лигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біт-кен
уақытта-облигация құнын толық өтеуді
талап ететін облигация иелеріне де қатысты.
Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты
банктер де өз несиелері-мен тәуекел ете
отырып несие алушының өз қарызын уақытында
және толық өтеуін қалайды, сондықтан
оны беру туралы шешім қабылдай отырып,
кез кел-ген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз
еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер
осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда
- қандай пайызбен және қанша мерзімге
деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі
болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар
сенімді жә-не төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен
ықылас-пен отырады. Тіпті қаржы органдары,
әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі
тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен
басқа да міндетті төлемдерді уакытылы
және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзі-нің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-ғалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның ша-руашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді, кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уа-қытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, се-бебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен
және резервтермен кәсіпорын шы-ғындарын
көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында
жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті)
келесілер болып табылады:
•активтер мен олардың қалыптасу көздері
арасындағы сәйкестікті, оларды тара-тудағы
рационалды және пайдаланудағы тиімділікті
зерттеу;
•айналым капиталының көлемін, оның
өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-мелермен
арақатынасын анықтау;
•қаржы-есептік және несие ережесін
сақтау;
•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;
•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің
абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы
көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің
өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп
шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін
анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдау-дың қор ытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:
жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың
жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның
қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет
нәтижесінде меншікті және тартылған
капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс
әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы
ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен
тиімді пайдаланылуына, есеп және несие
тәртібін сақ-тауға, меншікті және қарыз
қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рацио-налдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның
тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық
тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы
тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық,
өндірістік және коммерциялық жақтары
арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік
бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі,
көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен
анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлем-дерді
және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді
сатуына, алдын ала қарасты-рылған сұрыпталымды
ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті
деңгейге сәй-кестігіне және оны бір қалыпты
өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз
өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін
тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапа-сының
төмендеуі және оны сатудың қиындықтары
кәсіпорын шотына ақша қа-ражаттарының
келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде
кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді.
Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп
түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің
тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының норма-сының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөл-шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қоры-тылады.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары