Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
Ι. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ.
1.1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы.........................................................................................................6
1.2.Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және ролі.......................................................................................................................8
1.3.Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық
құрылымы……………………………………………………………………....10

ΙΙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.........................................................................................15
2.1.Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың
ролі……………………………………………………………………………..16
2.2.Қазақстандағы кәсіпкерлік проблемалары және оларды шешу
жолдары………………………………………………………………………..18
2.3.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы инновациялық бағыттар……………………………..................................................................23
2.4.Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары……………………………………......................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….29
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………

Файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 327.00 Кб (Скачать)
 
 

                                                         МАЗМҰНЫ: 
 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3 

Ι. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ. 

1.1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы.........................................................................................................6 

1.2.Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және   ролі.......................................................................................................................8 

1.3.Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық  

құрылымы……………………………………………………………………....10 
 

ΙΙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА  КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.........................................................................................15 

2.1.Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың

ролі……………………………………………………………………………..16 

2.2.Қазақстандағы  кәсіпкерлік проблемалары және оларды шешу 

жолдары………………………………………………………………………..18 

2.3.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы инновациялық бағыттар……………………………..................................................................23 

2.4.Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың         шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары……………………………………......................................................25 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….29 

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..31 
 
 
 
 
 

                                                        КІРІСПЕ. 

              Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.

      Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – тұтастай алғанда құқықтық қамту  және әкімшілік реттеуден тұрады. Құқықтық қамту дегеніміз – шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру, олардың негізгі және айналым қаржыларын тартуы, салық салу режимі сияқты заңнамалық негіздегі айқындаушы тетіктер болып табылады. Ал әкімшілік реттеу - әрбір нақты деңгейге сай тиісті мемлекеттік функцияларды дәлме – дәл тәртіпке келтіріп, жүйелеп отыру.

Қазақстан Республикасы үшін шағын кәсіпкерлік  субъектілерін құру тетігі әлдеқашан  шешілген. Қажетті құқықтық база жасалып, соның ішінде ірі шаруашылық субъектілерімен  де кооперация арқылы қосымша ресурстар тарту үшін франчайзинг қағидаттары қарастырылған. Сонымен бірге соңғы жылдары заңсыз салық әкімшілігін жүргізумен күрес күшейе түсті. Дегенмен шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейге жетпей жатыр. Шаруашылық салаларының деңгейінде алғанда, саудадан басқа жерде шағын кәсіпкерліктің жетекші ықпалы анық байқалмайды. Сондықтан да шағын бизнес ойдағыдай дамуы үшін оның шешуші факторлары болып табылатын кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кең қарастырып, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану өте тиімді болмақ. Шағын және орта бизнестің өз табиғатынан экономиканың ірі субъектілері мен оның құрамдас бөліктерін дайындау, сервистік қызметтер көрсету жолдары арқылы тығыз астасып жататыны белгілі. Міне, кәсіпкерліктің осындай алуан қырлары Қазақстанның индустриалдық – инновациялық даму стратегиясында маңызды роль атқаруы керек. Шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың әртүрлі салаларында оның үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, нақты бәсекелестік орта жасау, қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын қалыптастыру – оның басты даму кепілі болмақ.

      Жалпы шағын және орта бизнесті үкімет тарапынан қолдау болмады деп ешкім айта қоймас. Жыл сайын осы саланы дамыту жөніндегі қабылданып отыратын бағдарламалардың басты мақсаты – шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру делінген.

      Сондай-ақ оның міндеттері халықтың жұмыспен қамтылуын  қамтамасыз ету, қоғамдық бірлестіктердің  шағын бірлестікті қолдау мен  қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту, шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласындағы басымдықты дамыту, шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып белгіленеді. Осы айтылған фактілердің барлығы да Президент тарапынан, үкімет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға көп көңіл бөлінгендігінің айғағы болып табылады. Құжаттардың саны аз емес, олардың мағынасы да, оларда белгіленген мақсаттар мен міндеттер де қамтылу жағынан көңілден шығарлық. Бірақ та сол мақсаттарға тегіс қол жетті, сол міндеттер тегіс орындалды деп айта алмаймыз.

      Бір өкінішті жағдай – осы қабылданған  бағдарламалар, тұжырымдамалар баспасөз беттерінде халыққа кеңінен таралып, дәріптелмеді және олардың қаншалықты орындалғаны жайлы тиісті мемлекеттік органдардың толық есебі болмаса да, халқымыз, қоғамымыз біраз мағлұмат аларлық хабарламалардың, ақпараттардың болмағандығы. Сондықтан да бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі мардымдырақ дамыта түсу үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым экономистерді де, басқа да қауымды бейтарап қалдырмаса керек. Ол үшін үкімет өткен жылдары қабылданған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептерін терең зерттеп, талдап, соларды енді болдырмауды қатаң ескере отырып алдағы уақытта тағы бір үш жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылдауы керек сияқты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                  
 
 
 
 

                   
 
 
 

                 

    Ι. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА   КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ. 

                 1.1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта            

                                       кәсіпкерліктің қалыптасуы.

      Ең  алғаш шағын және орта бизнес ұғымында не түсініледі?Соны анықтап алған жөн сияқты.Негізінен кәсіпорындарды ірі және шағын деп бөлудің түрлі әдіс-тәсілдері бар.Көбіне монополия ұғымын бөліп алады да,ол анықтамаға тура келмегеннің барлығын шағын кәсіпкерлікке жатқыза салады.Бұл жеткіліксіз екенін түсінген жағдайда,олардың  кірістері,сату қарқынын және тағы сол сияқты көрсеткіштерін салыстырады.Дәл бүгінгі күндері кәсіпорындар ондағы жұмыс жасайтын қызметкерлер санына қарай классификацияланады:

        Шағын кәсіпорын болып есептеледі,егер:

        Құрылыста - 60 адам,көлік – 100,ауылшарушылығында – 60,көтерме саудада – 30 адам шамасында болса.

         Әлемдік экономиканың даму тәжірибесінен білетініміздей, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер үшін шағын және орта кәсіпкерлік негізгі тұрақтандыушы фактор болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің өнімдері бұл мемлекеттерде ЖІӨ-ң 45-55%-ын құрайды,ал Қазақстанда бар-жоғы 15,7%.Қазақстандағы шағын бизнес,әлемнің дамыған барлық елдеріндегі сияқты-бұл елдегі шарушылық жүргізуші субъектілердің 92%-ын дерлік құрайды.Дамыған елдерде орта есеппен 5 жыл ішінде шағын және орта кәсіпорындардың жартысы нарықтан кетіп отырады және орнына шамамен тағы сонша кәсіпорын келіп отырады. Өйткені тұрақты дамуды қалыпты сақтап тұру қиынға соғады.Сондықтан шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі өнеркәсібі дамыған елдерде мемлекет, аумақ және қаланың жетістіктерінің айғағы болады деп есептелінеді. Кез – келген динамикалық және үйлесімді дамуға ұмтылатын қоғам экономикадағы инициативаға қажетті жағдайлар жасайды. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық жағдайларда дамуы – экономикалық инициативаның айғағы.

      Әлемдік деңгейдегі нарықтық экономикасы бар елдерде шағын және орта кәсіпкерліктерді құру мәселесі қойылған жоқ, өйткені бұл мемлекеттерде ол көптеген жылдар көлемінде табиғи жолмен қалыптасқан, Ал Қазақстанда бұл экономикалық сектор өте қысқа тарихи кезеңде қалыптасуы керек болды, сондықтан бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі керек болды. Яғни, негізін ірі өнеркәсіптік алыптар құрайтын жоспарлы экономикадан, негізін шағын және орта кәсіпкерлік құрайтын нарықтық экономикаға көшу керек болды. Ол үшін қалыптасқан жалпы халықтық меншіктің стереотипін бұзып, елдегі мемлекеттік және жеке меншікті мойындау қажет болды. Сондай-ақ, қалыптасқан қоғамдық менталдылықты жойып,жаңа көзқарастар қалыптастыру керек болды.

      Қазақстандағы нарықтық экономикаға өту жоспарсыз, дайындықсыз болды. Басқарушы элитаның есептеуінше, әлеуметтік-экономикалық кризисті жеңу мен экономикалық реформалау синхронды және стандартты модель бойынша жылдам жүргізілуі тиіс болды. Сондықтан, нарықтық экономикаға өту дайындықты қажет етпейді. Нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңдерінде радикалды реформалар қандай да бір теоретикалық-методологиялық дайындықсыз жүргізілді. Экономикалық саясат өте қысқа мерзімде жасалып, дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттер тәжірибесіне сүйенді.Мәселен, Нидерландыда мелекеттік және жекеменшіктегі кәсіпорындар арасында арнайы кәсіпорындар үлгісі бар.Бұл өз кезегінде, инновациялық hi-tech компаниялардың пайда болуының алғышарттарын жасап,әрі қарай дамуына жағдай жасайды.Ал Австралияда ақпараттық технологиялар арқылы кәсіорындардың бәсекеге қабілетін көтеруге ,осылайша өз саласындағы озық тәжірибелі кәсіпорынға айналуына ұмтылдыратын түрлі бағдарламалар бар.Сол сияқты Швецияда да 1-10 шамасында қызметкерлері бар кәсіпорындарға арналған ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған арнайы бағдарламалар бар.

        Сол мемлекеттердің үлгісінен көргеніміздей, экономикалық саясат   келесілерге негізделуі тиіс :

  • экономикада шағын және орта бизнестің  үлесін арттыру;
  • жаңа жұмыс орындарының санын көбейту,осыған сәйкес  нақты бәсекелестік орта жасау;
  • қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын қалыптастыру.

      Оны іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

-нарық  инфрақұрылымының тиімді институттарының  қалыптастырылуы мен дамытылуы;

-жеке  сектордың несие ресурстарына  қол жеткізу тетіктерін өз дәрежесінде пысықтау;

-шағын  бизнеске арналған кадларды даярлау,  қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;

-шағын  кәсіпкерлікті қорғау және дамыту  саласындағы нормативтік және  құқықтық актілерді жетілдіру;

-өндірістік, қаржылық, инновациялық және басқа  салалардағы шағын бизнесті қолдау  және дамыту;

-шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері үкіметтік емес ұйымдардың ролін күшейту. 

1.1.    Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы

функциясы және ролі 

           Кәсіпкерліктің ролі туралы А.Смит былай деді: “... ол тек өз қызығушылығын ойлап, өз пайдасын ғана көздейді, осылайша ол өзі ойламаған мақсатқа көрінбейтін қолмен бағытталады. Өз қызығушылығын ғана ойлай отырып, ол көбінесе қоғамға қызмет етеді.

            Қоғамдық өндіріспен бірге қалыптасып және онымен бірге дами отырып, шағын және орта кәсіпкерлік, кез-келген кәсіпкерлік жұмыстың функцияларымен сәйкес келетін белгілі бір экономикалық функцияларды атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс берушілер, белгілі бір тауар түрлерін шығарып, қызмет көрсетумен айналысады, нарықтық экономиканың субъектілері болып келеді, яғни, бәсекелестік процесіне қатысады, ұжым мен еңбек бөлінісінде байланысқа түседі, нарық бағаларының өзгеруіне әсер етеді, сондай-ақ өз табысының бір бөлігін салық ретінде төлеп отырады – мұның бәрін жалпы функцияларға жатқызамыз. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік өз өндірісін үнемі жетілдіріп отырады, қоғамдағы ғылыми-техникалық процесті жеделдете түседі және бұл процесте ол біршама ерекше роль атқарады. Бүгінгі күнде, шағын және орта кәсіпкерлік – инновациялық процестердің бір стимулы ретінде қарастырылады.

      Әдетте  шағын және орта кәсіпорындар - өзгермелі  міндеттерге байланысты жылдам өзгертуге  болатын, формальды емес басқару  жүйелері бар жоғары мамандандырылған кәсіпорындар. Мұндай кәсіпорынның тұрақтылығы  – нарыққа шығаратын өнімнің сапасы мен ерекшеліктеріне байланысты: олар тек қана сапалы өнім шығара отырып, тұтынушыларды қызықтырып, бәсекелестерін осылайша  жеңуі мүмкін. Қомақты өндірісі бар ірі кәсіпорындар болса, құрал-жабдықтар алу үшін көп қаржы жұмсау керек және жұмсаған қаржы босқа ысырап болмас үшін, өнім өтімді болмаса да, сұраныс төмен болған жағдайдың  өзінде оны максималды шығаруға мәжбүр. Осылайша инновациялар көптеген елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің функцияларының басты бағыты болып қалды. Осылайша мысалы, АҚШ-та барлық инновациялардың жартысынан көп бөлігі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне тиеді, ал жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша, ірі кәсіпкерліктен 2,5 есе артық.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың