Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 20:14, курсовая работа
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
Ι. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ.
1.1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы.........................................................................................................6
1.2.Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және ролі.......................................................................................................................8
1.3.Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық
құрылымы……………………………………………………………………....10
ΙΙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.........................................................................................15
2.1.Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың
ролі……………………………………………………………………………..16
2.2.Қазақстандағы кәсіпкерлік проблемалары және оларды шешу
жолдары………………………………………………………………………..18
2.3.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы инновациялық бағыттар……………………………..................................................................23
2.4.Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары……………………………………......................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….29
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы функциялары – қажетті тауар өндіру мен қызмет көрсету, қосымша арнайы функциялармен толықтырылады, ол – нарықтың тығыздығын арттырады. Әдетте, шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындардың эффектілігі төмен салаларда пайда болады. Сондықтан да, шағын және орта кәсіпкерлік тұрмыстық қызмет саласында, ғылыми қызмет көрсетуде, денсаулық сақтауда, сауда өндірісінде үлкен үлеске ие болады. Бұл шаруашылық саласында өндіруші (сатушы) мен тұтынушы (сатып алушы) арасындағы қарым-қатынас басты момент болып есептеледі. Шағын және орта кәсіпкерлік әрбір клиентке жеке қызмет көрсете отырып, өзіне бәсекелестік артықшылықтар жасайды.
1.2. Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан
салалық құрылымы.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен Үкімет қабылдаған ресми құжаттарға және олар атқарған нақты істерге қысқаша талдау жасаған соң, енді осы саланың бүгінгі қалыптасқан жағдайы жайлы біраз нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық тіркелім деректерінде республика бойынша 2001 жылдан бастап 2006 жылғы кезең ішінде елде тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 221-ден 846мың бірлікке дейін,4 есеге өскендігі байқалады.2006 жылы желтоқсан айының 1 жұлдызына дейін бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркелген кәсіпорындардың 72% жақыны жұмыс істейтін (экономикалық қызметті жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар.
Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі саудаға (40,8%), автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,3%) тиесілі.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2006 жылғы 1 желтоқсанға есептелген дерек бойынша 523,2 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2006 жылдың 1 ақпанындағы деңгейден 11,1 пайызға артты. Есептелген дерек бойынша 2006 жылғы қараша айында өткізілген өнімнен түскен табыс 55 617,1 млн тенге болды, бұл көрсеткіш 2006 жылдың қаңтар айындағы деңгейден 15,8 пайызға жоғары.
Шағын бизнес кәсіпорындарын экономиканың қызмет түрлері бойынша алып қарасақ, оны келесі деректерден көреміз. 2006 жылдың 1 желтоқсанына барлық тіркелген кәсіпорындар саны 143,6 мың, одан жұмыс істейтіндері 103,0 мың екен, соның ішінде тиісінше ауыл шаруашылығында, аң және орман шаруашылығында – 9,6 мың және 7,2 мың, өнеркәсіпте – 16,3 мың, құрылыста 18,0 мың және 12,3 мың саудада, автомобильді, тұрмыстық және бас мүлігін жөндеуде 6,6 мың және 4,5 мың, жылжымайтын мүліктермен операция жасауда, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсетуде 15,9 мың және 12,6 мың шағын кәсіпорын бар.Аталғандарды диаграмма түрінде былай көрсетуге болады:
Ал енді жеке өңірлер бойынша алып қарасақ, онда Алматы қаласында тіркелген кәсіпорындар саны 50,6 мың (барлық кәсіпорынның 35,2%), жұмыс істейтіні 31,7 мың (30,8%), Астана қаласында – 11,8 мың (8,2%) және 9,8 мың (9,5%), Шығыс Қазақстан облысында – 9,4 мың (6,6%) және Қарағанды облысында – 9,1 мың (6,4%) және 6,5 мың (6,3%) шағын кәсіпорын бар және жұмыс істейді.
Шағын бизнес, сондай-ақ жеке кәсіпкерліктің дамуымен сипатталады. Жеке кәсіпкерлерге заңды тұлғалылықты құрмай-ақ, жеке тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысатындар жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлердің 2006жылғы 1-ші қазанындағы саны 303,8 мың адам, одан жұмыс істеп тұрғандары 230,8 мың адам, олардағы жалдамалы жұмыскерлер саны 219,8 мың адам.
Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес шаруа (фермер) қожалықтарының дамуымен сипатталады. 2006 жылдың 1-желтоқсанына республикада 174,6 мыңнан астам шаруашылық тіркеліпті, олардың 83,6 пайызы жұмыс істеп тұрғандар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қолында малы бар немесе егістік жерді пайдаланушы шаруашылықтар жатады. Тіркелген 174,6 мың және жұмыс істеп тұрған 146,1 мың шаруа қожалығының тиісінше республика бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің ауылшаруашылық саласындағы ең төмен көрсеткіш Жамбыл облысына тиесілі екен. Ал бұл облыс аграрлық аймақ болғандықтан шағын кәсіпкерліктер (фермерлік шаруа қожалықтары) көптеп саналады. Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді.
Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі болып есептеледі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауылшаруашылығының, сондай-ақ кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Облысымыздың тұтыну базарының 60 пайызынан астамын ауылшаруашылық шикізаттарынан дайындалған азық-түліктер мен тауарлар қамтамасыз етеді дейді осы сала мамандары . Аграрлық сала қызмет көрсетудің және көптеген өнеркәсіптік саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де агроөнеркәсіп өндірісіне баса назар аударылып, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Ауылшаруашылығы , селоның қайта түлеп, өркендеуі үшін ұлттық саясат, біртұтас нормативтік құқықтық база және базар кеңістігі ауадай қажет.
Сондай-ақ
салаларға құйылатын инвестиция көлемі
де маңызды рөл атқарады.Мысалы,2007 жылғы
қаңтар-тамыз айларындағы аймақтар бойынша
тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция
көлемін мына диаграммадан көруге болады:
1. Астана қ.
Елімізде ірі және ұсақ өндіріс орындарының
мәселелері кәсіпорын аумағындағы жетістіктер
мен кемшіліктерді саралау барысында
шешімін табады.
ΙΙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
БИЗНЕС ДАМУЫНА ТАЛДАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Жалпы ,жоғарыда атап өткенімдей, 2001 жылдан бастап 2006 жылғы кезең ішінде елде тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 221-ден 846 мың бірлікке дейін, 4 есеге өскендігі байқалады.Сондай-ақ, соңғы 3жыл ішінде шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының үлесі 35%-дан 28%-ға дейін (51-ден 48 мың бірлікке дейін) төмендеген.Бұл орайда шағын бизнес кәсіпорындарындағы жылдық еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 1 866 мың теңгеге жеткен.
Елдегі шағын бизнес
Елдегі шағын бизнестің даму
деңгейі, әсіресе алғашқы
Екінші деңгейлі банктердің
Екінші деңгейлі банктердің
Коммерциялық банктердің щағын бизнеске арналған несиелерінің пайыздық мөлшерлемесі бұрынғыдай жоғары болып қалуда және орташа алғанда 15-18%-ды құрайды,шағын несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер 22-24%-ға дейін өскен.ҚР-сының Ұлттық банкінің деректері бойынша қысқа мерзімді несиелердің (бір жылдан кем) екінші деңгейлі банктердің несие портфеліндегі айналым қаражаттарындағы үлесі жоғары болып қалуда, ал негізгі құралдарды жаңарту мен өндірісті кеңейтуге несиелер шағын бизнеске аз көлемде беріледі.
2006 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша
щағын бизнесті несиелеудегі “Шағын кәсіпкерлікті
дамыту қоры”АҚ үлесі екінші деңгейлі
банктер берген несиелердің жалпы мөлшерінен
1,5%-дан кем болған.Шағын бизнксті несиелеуге
салған осындай азғантай үлес шағын бизнесті
дамытуға елеулі ықпал ете алған жоқ.Оның
себебі объективті сипатқа ие-ол заңнамадағы
кемшіліктер мен ел экономикасының осы
заманғы дамуына сәйкес келмейтін ресурстық
қолдаудың елеусіз мөлшері.
2.1. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және
олардың ролі.
Мемлекет өзінің реттеу функцияларын негізінен административтік және экономикалық әдістер арқылы жүзеге асырады. Топтық экономикаға административтік реттеу әдісі тән, ал нарықтық экономиканы реттеу жүйесіне экономикалық әдіс тән.
Административтік немесе тура
әдістер, шаруашылықпен
Осыған кері, мемлекеттік реттеудің
экономикалық және қосымша
Реттеудің экономикалық әдісі нарық табиғатына жақын келеді.Бұл әдіс нарық конъюнктурасына тікелей әсер етеді және ол арқылы тауар мен қызмет ұсынушылары мен тұтынушыларына да ықпал етеді.Мысалы, трансферттік төлемдерді көбейту тұтынушылық тауардың нарық конъюнктурасын өзгертеді, сұраныстың көбеюіне әкеледі, ал бұл өз кезегінде, бағаның өсуіне ықпал ете отырып, өнім өндірушілердің ұсыныс көлемін ұлғайтуына әсер етеді.
Топтық экономикадан нарықтық экономикаға өту барысында мемлекеттік реттеу жүйесінде түбегейлі өзгерістер болады, яғни бұрынғы административтік әдістер жүйесі күйреп, жаңа экономикалық әдістер жүйесі құрылады.
Өтпелі кезеңде реттеудің
Нарықтық экономика шарттарына
сәйкес мемлекеттің алдында
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың