Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
Ι. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ.
1.1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы.........................................................................................................6
1.2.Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және ролі.......................................................................................................................8
1.3.Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық
құрылымы……………………………………………………………………....10

ΙΙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.........................................................................................15
2.1.Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың
ролі……………………………………………………………………………..16
2.2.Қазақстандағы кәсіпкерлік проблемалары және оларды шешу
жолдары………………………………………………………………………..18
2.3.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы инновациялық бағыттар……………………………..................................................................23
2.4.Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары……………………………………......................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….29
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………

Файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 327.00 Кб (Скачать)

       

2.2.      Қазақстандағы   кәсіпкерлік проблемалары  және

оларды  шешу  жолдары 

          Соңғы кездері  Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы тұрақсыз динамикамен сипатталып келді.Салалық және аймақтық құрылымдары рационалды емес.Бизнестің криминализациясы артуда, кәсіпкерді және оның   жеке меншігін қорғайтын құқықтық нормативтік актілер жүйесі жасалмай жатыр.

         Ел экономикасының осы даму  сатысында шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту бойынша ауқымды стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, ең алдымен өнеркәсіп пен инновация салаларында мемлекеттік қаржылық қолдаудың бүгінгі деңгейіне елеулі түзету жасамай тұрып мүмкін емес.Мысалы, Польшада шағын және орта бизнесті қолдауға берілетін жыл сайынғы дотация 13 млрд. АҚШ долларын, ал АҚШ-та 15 млрд. АҚШ долларын құрайды.

         Бұл проблемалардың себептері тек кәсіпкерлік саласына бөлініп отырған қаржының аздығы ғана емес, сондай-ақ, нарықтық инфрақұрылымның әлсіз дамуы және де кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік стратегияның да уақтылы қабылдана қоймауы және тағы басқа проблемалар.Жүріп жатқан процесстерге мониторингтер, жүйелі анализдер жасалмады.Олардың идентификациясы жайлы зерттеулер жоқтың қасы.

         Қазақстанның шағын және орта  бизнес секотрына бүгінгі күні  елеулі ықпал ету үшін және қаржы ресурстарына қол жеткізуге шынайы мүмкіндік беру үшін , сондай-ақ осы ресурстардың кәсіпкерлікке арналған құнына ықпал жасау үшін(яғни пайздық мөлшерлемені төмендету)“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ ресурстық базасын екінші деңгейлі банктердің шағын бизнесті несиелеудегі жалпы көлемінен 8,7%-ға дейін ұлғайту қажет.Тұтастай алғанда ол бес жыл ішінде -1 350млрд. Теңге немесе 11,1 млрд. АҚШ доллары (доллардың орташа бағамы бойынша 2007 жылдың 1-нші жарты жылдығында 121,46 теңге).

       1996 жылы 18-шілдеде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кепілдіктер мен қосымша шаралар жайлы» N-3096 Жарлығы шықты.

        Аталған Жарлықта Қазақстан Республикасы азаматтарына кәсіби қызмет түрін таңдау еркіндігіне байланысты мемлекеттік кепілдіктер берілді, бюрократиялық құрылымдардың бизнеске заңсыз араласуынан сақтандыру шаралары қарастырылды.

       Бүгінгі таңда Қазақстанның Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылыми Кеңесі кәсіпкерліктің дамуының проблемалары жүйесін қарастырған.Және  мемлекеттік қолдау арқылы оларды шешу механизмі де қарастырылған. 
 

Ұсыныстар кестеде  келтірілген: 

Кәсіпкерліктің  дамуы жолындағы қиыншылықтар мен тосқауылдар Қиыншылықтар  мен тосқауылдардан өтудің ұсынылатын жолдары.
1. Қаржылық: негізгі қаржының жоқтығы    (қызмет кеңселері мен  өндіріс үщін ғимараттың, машиналар мен құрал-саймандардың, жер және т.б.), айналым үшін қажет құралдардың жоқтығы не жетіспеушілігі.
  • Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің соңғы кезеңінде және ақша жекешелендіруде қатысу.
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тендр негізінде жекешелендірілген қолданылмайтын ғимараттарды, құрылып бітпеген объектілерді,жер учаскілері мен инвентиризациялау нәтижесінде алынған жылжымас мүліктерді сату (мүмкін бөліп төлеу) .
  • Кәсіпкердің ақпараты бойынша анықталған объектілерді кейіннен сатып алу шартымен жалға беру (заңнамаларды жетілдіру шараларын қарастыру).
  • Лизингтің дамуына институционалдық негіз жасау, Қазақстанда лизингті дамытудың Ұлттық бағдарламасын қолға алу және оны жүзеге асыру, лизинг бойынша жасалынған Оттава конвенциясына қосылу.
  • Жеңілдіктермен жекешелендірілген мүлікті мақсатты пайдалану ұсыныстарын дайындау. Егер жеңілдіктер негізінде алынған мүлік қолданыста болмаса, онда жеңілдіктерді алып қою , яғни кәсіпкер мүлікті толық ақшасына алуы қажет , егер бас тартса , тартып алу шарасына өту қажет(заңнамаларды жетілдіру шараларын қарастыру).
  • Кәсіпкерлер жобаларын қаржыландыру үшін халықаралық қаржылық , экономикалық , жеке қорлардан  қарыз алу және қоғамдық , қайырылымдық қорларының гранттарын тарту (Әлемдік банк, Халықаралық қаржы Қоры , Халықаралық қаржы корпорациясы,Еуропаның даму және қайта құру банкі және т.б.)
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге екінші дәрежедегі банктерге стимул жасау.
  • Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қорынан  маңызды бағыттарды мақсатты несиелеу.
  • Шағын кәсіпкерлікті несиелеуді дамыту.
  • Кәсіпкерлік объектілерін қаржыландыру кезіндегі тәуекелді сақтандыру механизимдерін енгізу.
2. Институционалдық: кәсіпкерлік институтының жеткіліксіз дамуы немесе болмауы,дамымаған нарықтық инфрақұрылым.
  • Қазақстанда кәсіпкерлік институтын енгізу.
  • Қазақстанда кәсіпкерлер кодексін жасау.
  • Қазақстанда жылжымайтын мүлік Кадастырын жасау.
  • Заңдық ,кеңес беруші және аудитрлік фирмалар жүйесін дамыту шарттарын жасау.
  • Бизнеске несиелер мен қарыздар беруге маманданатын коммерциялық банктерді  қолдау.
  • Биржалар мен сауда үйлері жүйелерін дамыту және қолдау.
  • Коммуникационды қызметтер мен қонақ үй шаруашылығы жүйелерін дамыту және қолдау.
  • Бизнес орталықтардың, бизнес инкубаторларының , ақпараттық – сараптамалық орталықтардың , ғылыми – зерттеу және кеңес берушілік орталықтардың қызметін ұйымдастыру және қолдау көрсету.  
3.Білімдік: нарық-тық жағдайдағы

бизнесті  басқару мен ұйымдастыру тәжірибесі мен білімнің жеткіліксіздігі.

  • Бизнес негіздеріне оқытудың жаңа бағдарламалаын жасау және енгізу; тереңдетілген дайындық курстары; қазіргі бастауыш , негізгі ,орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларын жаңа талаптарға сәйкестендіру; мамандарды жыл сайынғы қайта даярлау бағдарламаларын жетілдіру.
  • Келісімшарттық жүйенің техникалық көмегін пайдалану тиімділігін және алыңған білімді тарату міндеттемелерін таратуды жоғарылату.
  • Бизнесті , иновациялық кластерлерді басқару және ұйымдастыру білімі мен тәжірибиесін  инкубациялау орталықтарын дамыту.
  • Әрбір облыстық және қалалық әкімшіліктерде кәсіпкерлер үшін кезекші кеңесберуші пунктер ашу.
4.Мемлекеттік: бюрократизм, қағазбастық, жемқорлық,ақша өндіру.
  • Мемлекеттік қызмет реформаларының одан әрі қарай тереңдету.
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы дисциплинарлық (тәртіптік) кеңесінің жұмысын жетілдіру
  • Заңдардың қатаң сақталуын және үстемдігін қамтамасыз ету.
  • Кәсіпкерлік субъектілері үшін тіркеу, сақтандыру, лицензиялау, бухгалтерлік есеп және үйлестіру процедураларының жеңілдетілген жүйесін енгізу
  • Шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік биліктің барлық органдары жұмысының ашықтығына қол жеткізу. Әр   тіркеуші және бақылаушы органның келушілерге қолайлы жерге ілінетін қажетті құжаттардың тізімі болу керек. Кейбір мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылмаған ақылы қызметтерді жасау жөніндегі құқықтарын жасау.
  • Тиісті мемлекеттік орган, банктер, сқтандыру, нотриалды, заң фирмаларында, т.б. кәсіпкелік субъектілеріне қызмет көрсету жүйесі.
  • ІІМ қызметтерінің кейбір тұлғалар мен топтардың заңға қайшы әректтеріне кәсіпкелерлердің шағымдары, сонымен қатар күштеп ақша алу және күш қолдану туралы қорқыту фактісі бойынша жедел шараларды қолдану жөніндегі өзара әрекеттесуі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
  • Бизнес пен жекеменшікті қорғау құрылымдарын құру.
5. Ақпараттық : кәсіпкерліктің өзекті мәселелері мен жетістіктерінің БАҚ та  көрініс табуының әлсіздігі қоғам мен кәсіпкерлердің ақпарттануның және құқықтық , салықтық , экономикалық мәдениеті  деңгейінің төмендігі
  • БАҚ және электронды ақпарат жүйесінде кәсіпкерлік дамытуды үгіттеуді күшейту
  • Арнайы брошюралар, буклет, ақпараттық парақтар, дайджесттер басып шығару, Интернет жүйесінде шағын бизнес беттерін жасау.
  • Радио мен теледидарда арнайы бағдарламалар циклін ұйымдастыру.
  • Кәсіпкерліктің өзекті мәселелері бойынша газет және журнал басылымдарын дайындау*.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кәсіпкерліктің  негізгі түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

     

Түрі Артықшылықтары Кемшіліктері
Жеке  кәсіпкерлік Ұйымдастыру жеңіл, іс әректтің айтарлықтай еркіндігі, өз кірісін толығымен өзі иеленеді. Толығымен мүліктік жауапкершілік, қаржылық құралдардың шектеулілігі несиелеу мүмкіндіктерінің  шектеулілігі, тар мамандану.
Шаруашылық  серіктестік Ұйымдастырылуы  мен қызметінің жеңілдігі, кең қаржылық мүмкіндіктер, маманданудың жоғары деңгейі, өндірісті кеңейту және оның технологиялық  базасын жетілдіру үшін қосымша инвестиция тарту Қатысушылардың әрқайсысының түрлі нәтижелері, басқару кезінде әріптестердің мүдделерінің келіспеу мүмкіндіктері, иелерінің біреуінің шығуы жағдайында фирманың ыдырау қаупі үшін мүліктік жауапкершілігі
Акционерлік қоғам Қаражат тартудың   кең мүмкіндіктері,шектеулі жауапкершілік,қаражат  біріктіре алу артықшылығы Оларды ұйымдастырудың, мемлекеттік тіркеудің және құрылымын  өзгертудің қиындығы, екі еселік салық ,жиындарда басқару мәселелерін шешуге көп   уақыт пен құралдардың жұмсалуы.
 
 
 

                       2.3.  Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы

инновациялық  бағыттар.

      

             ХХІ ғасыр кәсіпкерлік қызметтің өркениетті жұмыс істеуіне жаңа талаптар қояды. Бұл ең алдымен «интернеттендіру» үрдістеріне, электрондық саудаға, телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдалана отырып, консалтингтік және оқып-үйрету қызметтеріне, кооперациялық процесстерге қатысты.

      Қазіргі сәтте қазақстандық шағын кәсіпкерлік  аталған процесстерді ескермей отырғанын айта кету керек. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық көрме орталығы» ЖАҚ жүргізген зерттеулердің қорытындысы - табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде осы мәселеде отандық бизнестің өте төмен әлеуеті бой көрсетіп отыр.

      Зерттеулер  іс жүзінде барлық респонденттер - республиканың шағын кәсіпорындарының басшылары мемлекет шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ақпараттық желіні дамытуы тиіс деп санайтынын көрсетті.

      Өз  бизнесін кеңейткісі келетіндердің  ішінде 11%-ы интернетті пайдалана  отырып, жаңа әріптестік байланыстар  орнатқысы келмейтінін, ал үштен  бірі бұл сұраққа жауап бере алмағанын  айта кету керек.

      Шағын кәсіпорындар басшыларының көпшілігі қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жұмыс істеу қызметі үшін ақпарат алғысы келетінін атап өту керек. Бұл ретте бизнесмендер үшін мынадай ақпараттық бағыттар едәуір қызығушылық тудырады: шағын кәсіпкерлік мәселелері бойынша, тауарлар, қызмет көрсету, шикізат пен материалдар бойынша нормативтік құқықтық актілер. Бұдан басқа, отандық шағын бизнестің тәжірибесі шетелдіктен гөрі көбірек талап етілді. Респонденттердің 53,5%-ы «Сіз өзіңіздің кәсіпорныңызды Интернет арқылы жарнамалағыңыз келе ме?»  деген сұраққа «ия» деп жауап берген. Бұдан басқа «Сіз Қазақстанның шағын кәсіпорындары бойынша дерекқор құру үшін өзіңіздің кәсіпорныңыз туралы ақпаратты беруге дайынсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің жартысына жуығы оң жауап бермеді. Ғажайып жағдай қалыптасады: шағын кәсіпкерлік ортасында жаңа компьютерлік технологияларды қандай да болмасын дәрежеде пайдалануға ниет білдірушілер жеткілікті, бұл үшін ешкім күш-жігер жұмсамайды. Қызмет мерзімі 1 жылдан аз шағын және орта кәсіпкерлік басшыларының төрттен біріне жуығы барлық қажетті ақпаратты ықтимал дерекқор үшін бермей отыр, сұралғандардың ішінен қызмет мерзімі 1-2 жыл – 15 %, қызмет мерзімі 3-5 жыл – 18,5 % - ды құраса , қызмет мерзімі 5 жылдан жоғарылар – 14 % - ды құрап отыр .

        Сонымен бірге ақпаратты беруге дайындардың ішінен шағын және орта кәсіпкерлік басшыларының жас бойынша тобында 25 жасқа дейін 6,8 %, ал 46-50 жас және 50 жастан жоғары – тиісінше 47,5 % және 42,5 %.

      Бір жағынан барлық берілген фактілер елде инновациялық технологияларды пайдаланудың (және пайдалануға дайындықтың) жалпы көрсеткішін білдіреді. Екінші жағынан бұл, сондай-ақ отандық кәсіпкердің әртүрлі жаңа өзгерістерге сенімсіздігінің көрсеткіші, бұл мемлекет тарапынан бақылау-қадағалау функцияларының күшеюінен қорқумен түсіндіріледі.

      Сандық  толықтыруда бұл фактілер, сондай-ақ сұралған шағын кәсіпкерлердің төрттен  бірі интернет желісіне жалғанғандығымен және үштен бірінің электронды поштамен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар  екендігімен түсіндіріледі. Бұл  ретте кәсіпкерлердің басым көпшілігі интернет беретін мүмкіндіктер туралы біледі. Олар төмендегідей:

      1. Интернет арқылы жарнамалау.

      2. Іскерлік байланыстар  орнату.

      3. Қазақстанда шағын  бизнесті жүргізу  тәжірибесі.

      4. Бизнес әріптестікке  және кооперацияға  ұсыныс.

      5. Зерттеу және маркетингтік  ақпарат.

      6. Шағын бизнес бойынша  оқу орталықтары.

      7. Кәсіпкерлік қызметтің  әлемдік тәжірибесі.

      8. Кәсіпкерлік бойынша  нормативтік құқықтық  база.

      Зерттеулердің қысқаша қорытындысын қорыта келіп, мынадай тұжырым жасауға болады׃ Кәсіпкерлік қызмет жүргізудің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін жаңа қазіргі заманғы және перспективті ақпараттық технологиялар шағын және орта бизнес субъектілерінің қолына түспей отыр. 
 

    1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері мен оларды

    шешу  жолдары

             Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі – салықтық реттеу болып табылады.Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші объектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпашылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі де кемиді.

      Салықтық  реттеу процесі салық салудың  оңтайлы деңгейін анықтаумен байланысты. Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысына әсер етуге болатынын ғылыми зерттеулер айқындап отыр. Салық ставкаларын салықтық құрал ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен салық түсімдерімен өзара байланысты, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт.

      Бүгінгі күнде республикамызда шағын  бизнес субъектілеріне салық салу қалай  жүргізілуде деген сұрақ көптің көкейінде тұрары анық. Бұл ретте  қазіргі кезеңде елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудың арнайы салық тәртібі қарастырылған, яғни ол бір реттік талон, патент және қарапайым декларация негізінде жүргізілуде. Кәсіпкер бұл арада өзінің қызметінің меншігіне, алатын табысының мөлшеріне байланысты осындай немесе басқадай түрін қолдануға құқылы. Мұның өзі әр адамның өз шамасына қарай жұмыс істеуіне мүмкіндік берілген деген сөз. Енді әрі қарай кәсіпкерлік рұқсаттың қалай берілетінін талдап көрейік:

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың