Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
Ι. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ.
1.1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы.........................................................................................................6
1.2.Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және ролі.......................................................................................................................8
1.3.Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық
құрылымы……………………………………………………………………....10

ΙΙ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.........................................................................................15
2.1.Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың
ролі……………………………………………………………………………..16
2.2.Қазақстандағы кәсіпкерлік проблемалары және оларды шешу
жолдары………………………………………………………………………..18
2.3.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы инновациялық бағыттар……………………………..................................................................23
2.4.Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары……………………………………......................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….29
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………

Файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 327.00 Кб (Скачать)

      1. Бір реттік талонды пайдалану кәсіпкерлік қызметте эпизодтық сипатпен жүретін, яғни бірыңғай тұрақты емес жеке тұлғаның қызметін реттейді.

       2. Салық салудың жеңілдетілген  тәртібі патент негізінде, сауда,  қызмет көрсету саласында шағын  және орта бизнеске қолданылады.  Мұндай жағдайдағы өлшем ретінде өткізуден түскен пайда айналымға қатысты екенін айту керек.

      Патент  бойынша төленетін салық сомасы жарияланған салық төлеушінің алдын-ала табысының 3% мөлшерінде белгіленген. Мұндайда табыс әрқашанда барлық шығындарды есепке ала отырып, жалпылама алынады. Патенттің құны бюджетке жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде тең үлесте енгізіледі. Патент негізіндегі жеңілдетілген тәртіп , сондай-ақ , ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға да қолданылады. Патент құнына заңды тұлғаның табыс салығы, қосымша құн салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы енгізіледі. Патент құнын есептей келгенде бюджетке төленетін салықтар сомасы 80 % - ға азаяды.

      3. Жеңілдетілген декларация негізіндегі  салықтарды төлеу шағын бизнес субъектілері үшін мемлекетпен есеп айырысудың негізгі практикалық нысаны болып табылады. Салық салудың осы тәртібі тоқсан аяқталған соң нақты алынған табыс бойынша салық міндеттемелерінің есептесуі болып табылады. Мұндайда салықтар шығыны есептеусіз бірыңғай ставка бойынша есептеледі.

      Жеңілдетілген декларация, жеке кәсіпкерлер мен  заңды тұлғаларға мынадай өлшемдерге сәйкес таратылады:

    • жеке кәсіпкерлер үшін жұмысқа тартылған қызметшілердің саны 15 адамнан аспауы тиіс, оның ішіне кәсіпкердің өзі де кіреді, кәсіпкерлік қызмет түрлері 5-тен аспайды, тоқсандық табысы – 4,5 млн теңгеден аспауы тиіс;
    • заңды тұлғалар үшін қызметшілердің орташа тізім саны 25 адамнан, кәсіпкерлік қызметтің түрі 7-ден, тоқсандық табысы 9 млн теңгеден аспауы тиіс.

Төлем төлеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша тек қана әлеуметтік   салықты және табыс салығын төлеу қарастырылған, оған төлем көздерінен ұсталған табыс салығы кірмейді.  

      Шағын бизнеске қатысты жүргізілген бұрынғы  салық саясаты шағын кәсіпорындардың  «көлеңкелі» экономикаға қарай бет бұруына себепші болғаны жасырын емес. Ал, қазіргі кезде сарапшылардың бағалауы бойынша ресми емес секторларда 20%-дан 40%-ға дейінгі шағын кәсіпорындар жүр. Кәсіпкерлердің өздерінің айтуы бойынша әрбір кәсіпорын өз табысының 50 % - нан астамын , ал кәсіпорындардың 40%-ы 60%-нан астамын салық түрінде аударады. Әлемдік практикада таза табыстан 33 – 35 % салық салу оңтайлы деп есептелінеді.

                                         

                                           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                   ҚОРЫТЫНДЫ 

      Шағын кәсіпорындар соңғы жылдары ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағанының айғағы. Бұл деректер шағын және орта кәсіпорындардың экономикадағы елеулі рөлі мен маңызы туралы бұлтартпас дәлел бола алады. Алайда, жоғарыда қозғалған мәселелер мен келтірілген фактілерден шағын және орта кәсіпкерліктің әлі де болса өз дамуының мүмкін деңгейінен сан жағынан да, сапа жағынан да төмен екендігін аңғарамыз.

      Қазақстанның  әлемнің бәсекеге барынша қабілетті  елу елінің қатарына кіруі жайлы сөз қозғағанда еліміздің экономикасын дамыған экономикалы елдермен салыстыруымыз шарт болып табылады.Әлемнің дамыған елдеріндегі шағын және орта бизнестегі халықтың экономикалық жағынан белсенді деңгейі 50-70%-ды құраса,Қазақстанда шамамен 21%.Сондай-ақ дамыған елдердегі 1000 адамға шаққандағы шағын және орта кәсіпорындар саны 50-80 кәсіпорынды құраса, ал бізде тек қана 41 кәсіпорын.

      Шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық құрылымы жайлы келтірілген деректерден байқағанымыздай, барлық шағын және орта кәсіпкерлікте сауда, автомобиль жөндеу, үйде қолданылатын бұйымдар саласының басымдылығының және басқа салалардың дұрыс дамымай қалуы орын алады.

      Тұтастай  алғанда, Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымына, ең алдымен  кәсіпкерліктің кадрлық, ақпараттық және зерттеушілік әлеуетін кешенді дамыту бағытына кіретін заңды тұлғалардың қызметін жандандыру өзекті болып көрінеді.

      Демек, бұл бағытта әлі де болса жолға  қоятын, жетілдіре түсетін мәселелер  мен проблемалар жетерлік екені даусыз.

      Сонымен, жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті  одан әрі қарқындырақ та, мардымдырақ  та дамыту үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, басқа қауымды да бейтарап қалдырмаса керек. Ол үшін үкімет өткен жылдары қабылданған шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептерін терең зерттеп, талдап, соларды енді болдырмауды ескере отырып , алдағы уақытта тағы бір үш жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылдауы керек сияқты.

      Бұл бағдарламада шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына, оны жүзеге асыруға бағытталған  іс-шараларға тығыз байланысты болуға тиіс.

      Бұл бағдарламада өз шешімін табуға тиіс екінші үлкен де, маңызды мәселе – бағдарламада белгіленген міндеттерді  шешудегі, жүзеге асырудағы мемлекеттік  тиісті органдардың облыс, қала әкімдерінің  жауапкершілігі нақтылы анықталуға тиіс. Бұрынғы бағдарламалардың үлкен кемшілігінің бірі – осы жауапкершіліктің көрсетілмеуі болатын.

      Бүгінде көптеген адамдар тек кәсіпкерлік  қана нарықты, өндірісті алға жылжытатынын, ал бұл дегеніміз бүкіл қоғамды  ілгерілету екенін түсінді.Еліміз кәсіпкерлердің арқасында , ал кәсіпкерлер – мемлекеттік қолдау арқасында дамиды.

         Кәсіпкерліктің дамуы өз жолында көптеген аталған проблемалармен кездесетіні анық.Соның ішінде , ақпараттық , қаржылық , институционалдық , білім беру саласында , мемлекеттік (бюрократизм, жемқорлық және т.с.с.) сияқты және бұдан да өзге мәселелермен.Бұл проблемалардың барлығын да белгілі бір уақыт интервалында шешуге болады.

      Менің пайыдауымша, еліміз бұл мәселелерді  жақын да жарқын болашақта шешеді және еліміздің экономикасы сол  дұрыс шешімдер арқасында өте қарқынды дамиды деген сенімдемін. 
 
 

                          ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ 

  1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес. Статистикалық жинақ. З.М. Сұлтанов, А.М. Мамедалиев, Е.В. Кругова, Қазақстан Республикасы статистика агенттігі – А. Қазстат ақпарат, 2005 жыл 92 бет.
  2. Райхан, Нұрақым. Шағын кәсіпкерлік: Кеше мен бүгін. Ақиқат – 2005, №5, 44 - 47 бет.
  3. Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. САПП-2005. №20, 243 құжат.
  4. Б.Қ. Мейірбеков. Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер. Вестник нац. инж. акад. РК 2004 г. №1 (11) 164-169 беттер.
  5. Л.Б. Исахова. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың ролі. Аль Пари №3, 2005 г. 145-151 беттер.
  6. Қинашева Г.З. Шағын кәсіпкерліктің келешегі қандай? Ақиқат 2002 №2, 57-62 беттер.
  7. Мамыров Н.К. «Основы предпринимательства», Алматы ,             
  8. Экономика,1997,124-бет.
  9. Экономика и статистика ,2000, №4. ”Проблемы развития малого

          бизнеса и пути их решения.” Мақалалары, “Современное состояние           

          малого   бизнеса в РК”. – 52-бет.

  1. Сергеев И. В. Экономика предриятия. – М.: Финансы и статистика,

           2000 ,57-59-беттер.

  1.   Егемен Қазақстан 2006 жыл 29 шілде, 4 бет.
  2.   Веснин В. Р. Менеджмент для предпринимателей. – М.: Антиква, 

           2002,102- бет.         

  1.   Кантарбаева А.К. «Барьеры перед казахстанским предпринимательством   

            и   пути их преодоления.» А.: Раритет, 2000,125-бет.

  1.   Крымова В. Эконом теория. Алматы: Аркаим,2002,86-бет.             
  2.    Ткаченко “Крупный и малый бизнес: силы притяжения”.
  3. Васильев В.И. “Опыт созданный деятельностью мелких и средних   

            предприятий в   развитых капиталистических странах”

  1. “Основы предпринимательской деятельности”
  2. “Малый и средний бизнес Казахстана” ақпараттық-аналитикалық журналы, № 7(07) 2007
 

Интернет  мәліметтері  

  1. www.sciteclibrary.ru
  2. www.stat.ru
  3. www.lib.ru
  4. www.finbook.biz

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік әдістері және олардың