Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:08, курсовая работа
Нарықтық экономикада алуан түрлі кәсіпорындарды құру мен дамыту мүмкіндік туғызады. Жеке азаматтар және кәсіпорынның еңбек ұжымдар ретінде жаңа иеленушілер пайда болады. Кәсіпкерлік бұл шаруашылық қызмет, яғни тұтынушыға қажетті тауарларды сату және қызмет көрсету, жұмысты орындау, өнімді өндірумен өткізуге байланысты іс-әрекет.
Кіріспе...............................................................................................................3
1 Кәсіпкерліктің мәні және ерекшеліктері.....................................................5
1.1 Кәсіпкерлік қызметтің мәні.......................................................................5
1.2.Кәсіпкерлік қызметінің негізгі ерекшеліктері....................................11
2 Кәсіпкерліклердің бәсекелестігі.................................................................14
2.1 Құрылыс нарығындағы бәсекелестік ерекшеліктері...........................14
2.2 Бәсекелестік ортаның қалыптасуы........................................................18
2.3 Бәсеке - нарықтық шаруашылық субъектілері....................................23
3 Кәсіпкерлік құпия.........................................................................................27
Қорытынды........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................30
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кәсіпкерлердің бәсекелестігі және кәсіпкерлік құпия
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Кәсіпкерліктің мәні және ерекшеліктері.................
1.1 Кәсіпкерлік қызметтің мәні..........................
1.2.Кәсіпкерлік қызметінің негізгі ерекшеліктері.................
2 Кәсіпкерліклердің бәсекелестігі.................
2.1 Құрылыс нарығындағы бәсекелестік ерекшеліктері.................
2.2 Бәсекелестік ортаның қалыптасуы....................
2.3 Бәсеке - нарықтық шаруашылық субъектілері..................
3 Кәсіпкерлік құпия.........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Нарықтық экономикада алуан түрлі кәсіпорындарды құру мен дамыту мүмкіндік туғызады. Жеке азаматтар және кәсіпорынның еңбек ұжымдар ретінде жаңа иеленушілер пайда болады. Кәсіпкерлік бұл шаруашылық қызмет, яғни тұтынушыға қажетті тауарларды сату және қызмет көрсету, жұмысты орындау, өнімді өндірумен өткізуге байланысты іс-әрекет.
Азаматтық қоғамды қалыптастыратын және дамытудың іргетасы, сүбелі мәселесінің бірі – кәсіпкерлікті дамыту. Осы мәселені ел басы үнемі назардан шығармай, қажетті жағдайларды жасап отырғаны баршаға аян. Сондай-ақ орта және шағын кәсіпкерліктің басымдылық екендігін қайталап, қадап айтуда.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісіне тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлік жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкерлікке тән тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады.
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жәй фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктержиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік, былайша айтқанда, пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады.
Қазір Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің жедел қарқынмен дамуына жағдай жасалуда, атап айтқанда, кәсіпкерліктің дамуына мықты экономикалық негіз болатын меншікті жекешелендіру шараларына байланысты үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесте мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, кең көлемді шаралар жүргізілуде.
Нарықтық экономикада шағын, орта,ірі кәсіпкерлік маңызды экономикалық және әлеуметтік қызметтер атқарады. Біріншіден, ол нарық жағдайына керекті мобильдік, өңдірістің терен мамандануын және жүйеленген кооперациясын береді, яғни оларсыз өндіріс тиімділігінің мәні болмайды. Екіншіден, ол тұтынушылық сферасында пайда болатын тауарларды тез толтыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды пайдаланып, салыстырмалы жедел өз-өзін өтелімділігімен ерекшеленеді. Үшіншіден, кәсіпкерлік нарық үшін өте маңызды жағдайды – бәсекені қалыптастырады, шағын бизнестің бірде пайда болып, бірде жоқ болатын әр алуан нысандары нарық коньюктурасының кез – келген өзгерістерін тез ұғып, оларға жауап қайтаруға дайын. Төртіншіден, ең маңыздысы – ол әрбір нарықтық экономиканың негізі болатын кәсіпкерлік рух береді.
Жұмыстың мақсаты: кәсіпкерлердің бәсекелестігі мен кәсіпкерлік құпия сырларын ашу.
Жұмыстың міндеттері:
Кәсіпкерліктің сырын ашу;
Кәсіпкерлік бәсекелестікті зерттеу;
Кәсіпкерлік құпия маңыздылығын ашып көрсету.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Кәсіпкерліктің мәні және ерекшеліктері
1.1 Кәсіпкерлік қызметтің мәні
Ерте заманда «кәсіпкерлік» ұғымы тек қана тәуекел элементтерімен байланыстырылған. 1725 жылы Ричард Кантильон кәсіпкерді – нар тәуекел жағдайында қызмет етуші адам деді. 1961 жылы «кәсіпкер – ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам» деп пайымдаған Дэвид Меклелланд да осы пікірді қолдаған.
Алғашқыда «кәсіпкерлік » термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндірумен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырды. Мысалы, 1925 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті өз мойынына алатын адаммен байланыстырлды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды . Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеуі қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарн іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантилионның пікірінше кәсіпкерлердің басты еорекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларды жұмыс істеулері.
Кейінірек ХVІІІ – ғасырдың екінші жартысында Квисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып, бұл анықтамаға өндіріс процесін еңгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі деп еңгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді еңгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіру қажет.
Кәсіпкер адамға анықтама беруші келесі ағым – кәсіпкерлікке тән тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер – іскерлік қызметке жауап беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі – кәсіпкер қандай болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғары дкңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкермен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктеушілер кәсіпкерді капиталмен қамтамсыз етеді, олар өз кезегінде, кәсіпкерді капиалмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып, тәуекелге барады. Төменде берілген 1-ші кеседен «Кәсіпкерлік» терминіне әр түрлі көзқарастарды көре аласыз.
Кесте 1 - «Кәсіпкерлік» терминіне деген әртүрлі көзқарастардың эволюциясы.
Ғалымның фамилиясы, аты, жарияланған жылы | Теорияда зерттелген негізгі ережелер |
1 | 2 |
Ричард Кантиллион (1925) ж. | -Кәсіпкер -өзіне -өзі жұмыс орнын жасайтын адам. -Кәсіпкер тұрлаусыздық және тәуекелдік жағдайында жұмыс істейді. -Кәсіпкер нарық талаптарына сай іс-әрекет жасауы керек.
|
Николас Бауде (1767)ж. | -кәсіпкер ең алдымен жаңартпа менеджері -Меншіктенуші мен кәсіпкер арасында айырмашылықтар бар - Кәсіпкерлерді қолдап және арнайы оқытып отыруы қажет.
|
Жан Батист Сэй (1810)ж. | -кіспкерлік еңбекте – еңбек, жер, капитал сияқты негізгі өндіріс факторы - кәсіпкерлер – белгілі бір моралдық және кәсіби қасиеттерге ие болулары қажет - Кәсіпкер тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істейді және әрдайым кәсіпорынның алдында тұрған қиыншылықтарды жеңіп отыруға мәжбүр
|
Карл Менджер (1871)ж. | -Кәсіпкерлік шешім қабылдауда 4 сатыны қолдануы қажет: мәлімет жинау, экономикалық есеп, тауар тандау және өндіріс жоспарының орындалуын басқару
|
Альфред Маршалл (1890)ж. | -Кәсіпкермен менеджердің қызметтерінде айырмашылықтар бар, демек оларға әр түрлі талап қойылады.
|
Джозеф Шумпетер (1910)ж. | -Кәсіпкердің міндеті – капиталды, еңбекті іске қосу, жоспар құру және оның орындалуын ұйымдастыру. -кәсіпкерліктің мәні өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастырудан тұрады. -Кәсіпкерлік қызметтің бағыттары: 1) жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер, 2) жаңа өндіріс әдістері; 3) жаңа өткізу нарықтары; 4)жаңа жабдықтау көздері; 5) жаңа ұйым түрлері.
|
Франк Найт (1921)ж. | - Кәсіпкер - әлеуметтік экономикалық жаңартпашы. Кәсіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа түрін жасайды – кәсіпкерлік табыс. -кәсіпкер бір мезгілде капитал меншіктенушісі де болуы керек. -кәсіпкердің негізгі міндеттері – ұйымдастыру және бақылау.
|
Давид Макклеланд (1967)ж. | -Кәсіпкер өз көзқарасын қорғай білуі және қиыншылықтарды жеңе білуі қажет.
|
Питер Друкер (1964)ж. | -Кәсіпкер болашақ нәтижелерді болжай алу, тәуекел ете алу және жергілікті сияқты қасиеттерге ие болуы керек. -бірінші рет пайда табуға мүмкіндік еңгізеді.
|
Харви Либенстейн
| -Кәсіпкердің міндеті – ресурстарды тиімділігі төмен саладан, тиімділігі жоғарғы салаға ауыстыру. -Кәсіпкер әртүрлі нарықтық жағдайларда жұмыс істей білуі қажет, тұрақты нарық жағдайында сондай-ақ жаңа, белгісіз нарық жағдайында.
|
Кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі – сауданың пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер пайда болған.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік –экономикалық құбылыс ретінде кең секторлы қоғамдық қарым- қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық, психологиялық, тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына да қатысты.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр. Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз – аталған субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және тағы басқа таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы керек деген сөз. Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт. Үшіншіден, өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін – нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай туғызу.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің професоры Иозер Алиоз Шупетер (1883-1950ж.ж) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпигроф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлік – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767 – 1832ж.ж.) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
«Кәсіпкерлік» терминің алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650 – 1734ж.ж.) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсаты мен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатынастардың барлығынын қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Атақты неміс ғалымы, экономист Йозера Аиза Шумпетердің пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа әдісін еңдіруге, жаңа өткізу нарығын игеруге, шикізат енмесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісіне тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлік жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өңдірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі.
Ұдайы өндірістің циклы өндіріс, бөліс, айырбас және тұтыну кезендерінен тұратын болғандықтан, кәсіпкерліктің өндірістік, коммерциялық және қаржы-несиелік түрлерін айыруға болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылырдың кейінен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізуге және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады. Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінді, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы – тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акция, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату, тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан, қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі, коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар – қаржы активі болып саналады.
Бұлардың әрқайсы кәсіпкерліктің дербес түрі болғанымен, олар өзара тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.
Өндірістік кәсіпкерліктің қызмет орны өндірістік кәсіпорындар болса, коммерциялық кәсіпкерлік сауда орындарында, ал қаржы-несиелік кәсіпкерлік коммерциялық банктер мен құнды қағаздар биржаларында жүргізіледі. Бұлардың әрқайсының өзіне тән ерекшіліктері болады. Өндірістік кәсіпкерлікке тауар мен тұрмыстық қызмет көрсету жатады. Мұнда кәсіпкер үшін өнім өндіруді ұымдастыру негізгі қызмет болса, өндіріске қажетті ресурстарды сатып алу мен даяр өнімді сату көмекші қызметке жатады. Іске кіріспей тұрып кәсіпкер өндірістің қай саласына капиталын салатының, қандай тауарлар мен қызметтерге сұраныстың барын анықтап алады. Қарекетінің екінші кезінінде ол тауар биржасы арқылы болашақ өнімін алушылармен келісім-шарттарға отырады. Әрине, өндірістіің көлемі шағын болса, кәсіпкер тәуекелге бел байлап, шартсыз-ақ өндірісін бастай береді.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің 3 концепциясы бөліп көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады және кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік процеске түсініктеме береді. Оларға жататындар:
1) Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымдағы мектебі.
2) Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі.
3) Кәсіпкерліктің классикалық мектебі..
Кәсіпкерліктің дамуының әртүрлі сатылары: бастама, бизнестің пайда болуы, кемелдену мен өсу сатылары кәсіпкердің мінез-құлқы мен қасиеттеріне әртүрлі талап қояды.
Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау ұстанымындағы мектебі. Кәсіпкерліктің бұл мектебі табысты кәсіпкер болу үшін белгілі бір жеке қасиеттерге ие болу қажеттілігіне ерекше көңіл аударады. Басқаларды рухтандыру және қызықтыру үшін кәсіпкер өз ойының немесе бизнес концепциясының өмір сүргіштігін дәлелдеп қана қоймай, қойылған мақсатқа жету үшін басқаларды да қызықтырып, сендіруі керек.
Кәсіпкерліктің осы мектебіне сәйкес кәсіпкерлер тиісті шешім қабылдауда және бизнесті іске асыру мүмкіндіктерін табуда сезімдік қабілеттерге ие болады. Басқа мектептердің өкілдері нарықты болжау мен талдауға айрықшы көңіл бөлсе, кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттері ұстанымындағы мектеп кәсіпкердің табиғи сезіміне айрықшы көңіл аударады. Бұл мектепке сәйкес табысты кәсіпкер тәуелсіздік пен жетістікке ұмтылады және жұмыс істеу қабілеттілігі мен табындылығы жоғарғы дәрежеде болады, тек қана өз қабілетіне сенеді. Мектеп ішінде жігерлік, қажырлақ, көрегендік, дербес шешім қабылдай білу және аянбаушылық сияқты қасиеттерге ерекше көңіл бөлінеді.
Бұдан басқа жеке қасиет ұстанымындағы мектепке жақын тұрған мектеп ол – кәсіпкерліктің психологиялық мектебі. Ол кәсіпкерлерді жұмысқа және өмірге деген өте сирек кездесетін көзқарастар мен құндылықтарға ие деп санайды. Психологиялық мектеп те жеке қасиет ұстанымындағы кәсіпкерлік кәсіпкерлік мектебі сияқты кәсіпкер басқалардан айырықшаланатын айқын белгілермен сипатталады. Жоғарыда атап өткен мектепке қарағанда психологиялық мектеп кәсіпкер қасиеттерінің келесі топтарын бөліп көрсетеді: көзқарастар мен құндылықтардың жеке тұлғалық жүйесі, оларға адалдық, жауапкершілік және әдепті тәртіп жатады; тәуекелге бейімділік; жетістіктерге деген құштарлық.
Кәсіпкерліктің классикалық мектеп ілімдері, кәсіпкерлік процесінің құрамы жаңартпашылық және жасампаздық қызметінен тұрады, сонымен қатар кәсіпкердің өз кәсіпорынның меншіктенушісі болуы міндетті емес деп санаған Шумпетер ілімімен үндеседі.
Сонымен, кәсіпкерлік – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі және кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар жасалу қажет.
1.2.Кәсіпкерлік қызметінің негізгі ерекшеліктері
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз бетінше жұмыс істеуге енгіздлген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара – пар ұғымы ретінде қарастыралады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерлердің пайда болуына әкеп соғады.
Барлық кәсіпкерлік түрлері, халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
- Қазақстанның азаматтары;
- шетел мемлекеттің азаматтары;
- адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ерекшеліктері, құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі.
Кәсіпкерлік мәртебесі мемлекеттік тіркеу және реестрге кіргізілуі арқылы беріледі. Реестр – фирмалардың атаулары, олардың жұмыс бағыттары, жеке жауапкершіліктері бар серіктестіктер мүшелерінің фамилиялары, фирманының жеке капиталы туралы мәлімет және басқа да деректер жүргізу кітабы.
Кәсіпкер ісін бастау үшін кәсіпкерге қолда бар өндірістік мүмкіншіліктермен қатар басқа мекемелердің қызметтерін пайдалану қажет болады. Олардың қызметтерін кәсіпкер жалдайды. Сондай-ақ, өнімінің бастапқы тобы сатылғанша кәсіпкерге уақытша қаржы қажет болуы мүмкін, сондықтан ол коммерциялық банктен несие сұрауға мәжбүр болады. Өнімі көтерме саудамен өткізіледі де, кәсіпкердің есеп шотына қаржы түседі. Басқа мекемелердің қызметтері мен банктің несиесі сол қаржымен өтеледі.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі қызметі тауар алып-сату. Сондықтан мұндай кәсіппен шұғылданушыларды саудагерлер деп атайды. Сауда орындары жекешелендіруге байланысты, коммерциялық кәсіпкерлік басым болады да, саудагерлік кәсіптің заңды түрі болып саналады. Коммерциялық кәсіпшілікке мынадай қызметтер жатады:
1) тауарларды сатып алып қайта сату және тасымалдау үшін, сондай-ақ делдалдық және жарнамалық қызметтерге жұмыскерлер жалдау;
2) тауарларды сақтау және сату үшін қажетті қоймалар мен дүкендер салу немесе жалға алу;
3) коммерциялық банктен тауар сатып алу үшін несие алу және оны процентімен қайтару;
4) тұтынушыларға тауарды бөлшектеп сату;
5) салық пен басқа да төлемдерді төлеп отыру.
Қаржы-несиелік кәсіпкерліктің ерекшелігі сол, күнде ақша мен басқа да құнды қағаздар сатылып-алынады. Бұл нарықтың белсеңді өкілдері коммерциялық банктер, қаржы биржалары, сақтандыру қоғамдары мен басқа да қаржы-несие мекемелері. Мұнда да әуел баста ақшаның, валютаның, басқа да құнды қағаздардың сатып алушылары болжанады және ондай көлемде ұсынылатын ақша мен құнды қағаздардың қайнар көздері қарастырылады.
Кәсіпкерлік – қолдағы материалдық, еңбектік және қаржы ресурстарын пайдалану барысында тұтынудың белгілі бір өнімін қанағаттандыратын немесе қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа кәсіпорынды құрумен немесе белгілі бір дәрежедегі тәуекелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты жаңартпашылық қызмет. Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сияқты өндіріс факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Бірінші кезекте сөз, кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеружүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жәй фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктержиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік, былайша айтқанда, пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер, табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын таңдауына тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ерекшеліктері.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешілігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен
бастап ақша төлеуге дайын. Кәсіпкер тауарлар өңдіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік, өндірістік, коммерциялық және қаржылық олып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік технологиясы болады.
2 Кәсіпкерліклердің бәсекелестігі
2.1 Құрылыс нарығындағы бәсекелестік ерекшеліктері
Құрылыс және жобалау - конструкторлық қызметі (инжиниринг) қызмет көрсету саласының аса ірі бағыттарына жатады. Қызмет көрсету саласы экономиканың жылдам қарқынмен дамып келе жатқан, болашағы зор салаларының бірі. Алдыңғы қатарлы, дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне көңіл аударсақ өндіріс күрделіленіп, нарық тауарлармен толыққан сайын қызметтерге деген сұраныс өсуде. Сондықтан, дүние жүзі бойынша орналастырылған тікелей шетел инвестицияларының 40% астамы қызмет көрсету саласына жұмсалған. XX ғасырдың соңына қарай барынша дамыған мемлекеттердің жалпы ұлттық өнімдеріндегі қызмет көрсету саласының үлесі 70% асып кеткен және қызмет көрсету саласындағы жұмыс істейтіндердің саны қарқынды түрде өскен.
Біздің еліміздегі өсу қарқыны, жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы, олардың нарық талаптарына икемделуі жөнінен қызмет көрсету саласы өндірістік саладан озып кетті.
Қызмет көрсету саласының жылдам дамуына және оның экономикадағы маңызының артуына қарамастан "қызмет" ұғымының жалпыға бірдей анықтамасы қабылданбаған. К.Маркс қызмет категориясына келесі анықтама берген: "Қызмет категориясы — кез-келген басқа тауар сияқты еңбектің нәтижесінде келетін ерекше тұтыну құны. Ал оның ерекшелігі — істелінген еңбектің тұтыну құны "қызмет" деген атауға ие болды. Себебі, еңбек зат түріндегі қызмет көрсетпейді, қызмет түрі ретінде көрінеді." К.Маркс қызметтердің екі типін (түрін) бөліп көрсетеді: "тауарларға сіңген қызмет және сатуға жарамды тауарға жатпайтын, қызметті атқарушы бөлек өмір сүре алмайтын, қолымен ұстап көруге болмайтын қызмет түрлері"
Қызметтерге материаддық құндылықтарды жасамайтын пайдалы қызмет түрлерінің кез-келгені жатқызылады. Яғни, кандай да бір әрекет түрлерін қызмет көрсету саласына жатқызу үшін осы салада жасалатын өнім қолға ұсталмайтын, көзге көрінбейтін болуы керек.
Тәжірибе жүзінде қызмет көрсету саласы қызметтердің көптеген түрлерінің тізімінен тұрады. Себебі, қызмет көрсетудің түрлері сан қырлы және көрсетілетін қызметпен бірге тауар еріп жүруі мүмкін (есеп беру, компьютерлік бағдарлама, кинолента және т.б.)
Соңғы жылдары неғұрлым кең тараған қызмет көрсетудің анықтамасын американдық ғалым Т. Хилл қорытып шығарған. Оның көзқарасы бойынша, көрсетілетін қызмет — бұл қандай да бір экономикалық бірлік өндірген, бірақ оның рұқсатымен басқа бір экономикалық бірліктің атқарған қызметінің нәтижесінде тауардың немесе тұлғаның жағдайының (жай-күйінің) өзгеруі. Бұл анықтама тауар түрінде немесе нақтылы қызмет түрінде көрінетін экономикалық пайдалы қызметтің нақты нәтижесі болып табылатын "қызмет көрсету" ұғымын толық ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Қызметтің экономикалық тұрғыдан пайдалылығы оны сауда —саттық нысанына айналдырады.
Қызметтер негізінен бейматериалды және бір нәрсеге ие болуға мүмкіндік бермейді. Қызметтер өндірісі тауардың материалдық түріндегі өндірісімен байланысты болуы мүмкін немесе оған ешқандай қатысы болмауы мүмкін.
Қызмет түрлері өте көп: өнеркәсіптік қызметтер, жеке адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтер, жоғарғы біліктілікті қажет ететін қызметтер және т.б. Көптеген қызмет түрлерін бірнеше топтарға біріктіріп қарастыруға болады: өндірістік, үлестіруші, кәсіптік, тұтынушылық, қоғамдық.
Қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдар қызметтердің табиғи (жаратылысы) мен мәнін түсінуі, олардың өздерінің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыратын маркетингтік саясатының ерекшеліктерін ұғынуы маңызды.
Қызмет көрсету нарықтары басқа нарықгарға мүлдемге ұқсамайды. Мұндай айырмашылықтың басты екі себебі белгілі:
1. Қызмет нақтылы көрсетілгенге дейін пайда болмайды, яғни қызмет өнім ретінде қызмет көрсету процесінде жасалады. Бұл жағдайда екі түрлі сатушылардың ұсыныстарын, бәсекелесуші екі фирманың ұсыныстарын бір-бірімен салыстыру мүмкін емес. Салыстыру қызмет нақты көрсетілгеннен кейін жүзеге асырылады. Ал, тауарлар нарығында өнімдерді бір-бірімен өртүрлі әдістер арқылы салыстыруға мүмкіндік бар: тестілеу, сынап көру үшін алдын-ала сатып алу, тәжірибе жүргізу және т.б. Қызмет көрсету нарығында істеуге болатын жалғыз нәрсе — болашақтағы күткен тиімділіктер мен қызмет көрсетілгеннен кейін алынған тиімділіктерді өзара салыстыру.
Сондықтан, кәсіпорынның маркетингтік қызметінде тұтынушылар үшін сол кәсіпорынның нарықтағы танымалдылығы, абыройы мен беделі маңызды.
2. Қызмет көрсету барысында көп жағдайда тұтынушылар түсінбейтін және бағаламайтын арнайы білімдер мен шеберлік қажет. Қызмет көрсетілгенге дейін клиенттің жағдайды білмеуі, күмәндануы және қауіптенуі басым болып келеді. Себебі ол қызметті қолымен ұстап, көзімен көре алмайды. Аталған проблеманы шешу үшін қызмет көрсету саласында қызметтердің сезілу деңгейін жоғарылатуға, тұтынушы тәуекелін азайтуға бағытталған тәсілдер кеңінен қолданылады. Оларға лицензиялар, сертификаттар, кеңестер жатады. Клиент өз тәуекелдерін азайту үшін белгілі бір тұрақты қызмет көрсетушімен -дәрігермен, шебермен және т.с.с. жұмыс істеуге талпынады. Мұндай біржақтылық қызмет көрсетушіге тиімді. Себебі оның қызметіне "үйреніп" кеткен тұтынушы кеткен кателіктердің өзіне кешіріммен қарауы мүмкін.
3. Мұндай жалпы белгілер қызмет көрсету нарықтарының бәріне тән. Жоғарыда қарастырылған қызмет көрсету нарығының ерекшеліктері мен қызметтің өзіне тән ерекшеліктері осы саладағы маркетингтің мазмұнын айқындайды. Сонымен бірге қызмет көрсетуші кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтары мен ұсынатын қызметтерінің орнын анықтайды.
Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің басты мақсаты — фирманың қызметтерін әділ бағалауға мүмкіндік беру. Себебі клиентке материалдық формасы бар белгілі бір зат ұсынылмайды, оған тиімді бір жағдай жасау туралы уәде ұсынылады. Осыған байланысты тәуекелдердің бір тобы пайда болады, сондықтан клиентке ұсынылатын қызметті сату қиынырақ.
Қызмет көрсету саласындағы маркетинг таяудан бері ғана қолданысқа енді. Сондықтан мұндай қызметтің көптеген аспектілері (қырлары) теориялық және практикалық тұрғыдан толық жасалып болған жоқ. Бәсекелестік теориясы маркетингтік концепцияның дамуының биік шыңына жатады және келесі мәселелерді сатылап шешуге мүмкіндік береді: қызмет түрін ойлап табу, тартымды баға белгілеу, өнімді өткізу мен сауда көлемін жандандыру схемаларын жасау, бәсекелестік артықшылықтары мен бәсекелік күрес жүргізудің тәсілдерін оңтайлы қолдану. Осы тұрғыдан келгенде бұл диссертациялық зерттеу белгілі бір деңгейде алғашқы зерттеулердің біріне жатады. Себебі осы зерттеуде нарықтық жағдайлардағы құрылыс қызметтерін ұсынатын ұйымның қызметінің нәтижелілігін жемістілігін көрсететін жаңа көрсеткіш — бәсекеге қабілетгілігін нарық қатынастары жағдайында әлеует факторларымен байланыстыра отырып негіздеуге талпыныс жасалған.
Құрылыс қызметтері нарығының бәсекелестік стратегиясын жасаған кезде ескерілуге тиіс бірқатар белгілері бар. Инжиниринг пен құрылыс саласындағы қызметтер жобаларды жасау мен құрылыстық жұмыстарды жүргізумен ғана шектелмейді, объектілерді (нысандарды) тікелей салу барысын басқаруға да байланысты. Кейбір жағдайларда бұл жұмыстардың бәрін жалғыз фирма атқарады, бірақ көп жағдайларда бірнеше компания әртүрлі жұмыстарды бөлісіп атқарады. Құрылыс компаниялары өзінің бәсекелестік стратегиясын терең мамандануға немесе қызметін жан-жақгы, әмбебап түрде диверсификациялауға (үлестіруге) негізделуі мүмкін.
Құрылыс қызметтері мен тығыз байланысты жылжымайтын мүлік нарығының аймақтық ерекшеліктері болады. Негізгі аймақтық ерекшеліктердің қатарына жергілікті климаттық, табиғи, демографиялық жағдайлар, тұрғындардың жұмысымен қамтамасыз етілуінің құрылымы, табиғи байлықтардың болуы және жергілікті деңгейдегі заң тұрғысынан жылжымайтын мүлік нарығындағы қатынастарды реттеу аясы кіреді. Осыған байланысты құрылыс компанияларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау мәселелерін шешу барысыңда олардың нарықгық географиялық шекаралары, ұсынылатын қызметтердің типологиясы және уақыттың белгіленген мерзіміндегі салыстырмалық шартгарын сақтау қажет.
Құрылыс қызметтері саласындағы бәсекелесіік ұлттық деңгейге дейін көтеріліп, халықаралық құбылысқа айналды. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қарқынды дамуы Астана, Алматы және басқа қалалардағы ірі құрылыс объектілерін (нысандарын) жобалауға және салуға көптеген шетелдік құрылыс компанияларын, инженерлер мен мамандарды тартуға даңғыл жол ашты. Қазақстандық ірі инвесторлар шетелдердің нарықтарына кеңінен шыға бастады.
Инжинирингтік қызметтер мен құрылыс жүргізуге байланысты тапсырыстардың ауқымды көлемі шағын зауыттар, фабрикалар, қоймалар, дүкендер, кеңселер және тұрғын үйлер салуға қатысты қарапайым міңдеттердің үлесіне тиеді. Мұндай нарықтық сегменттерде шетелдік бәсекелестіктің ауқымы тар (аз). Бәсекелесудің белсенді интеграциялануы ірі көлемдегі объектілердің (нысандардың) және қазіргі заманғы күрделі өнеркәсіп орыңдары мен инфрақұрылым объекгілерін (нысандарын) жобалау мен құрылысын жүргізуде анық байқалады. XX — ғасырдың бірнеше онжылдықтары бойында аталған сегменттерде американдық компаниялар үстемдік құрды.
XX — ғасырдың соңыңда неғұрлым ірі 250 мердігерлік фирмалардың жасаған халықаралық мәмілелеріндегі тапсырыс көлемінің 25 % жуығы американдық компаниялардың үлесіне тиді.
Жобалау және құрылыс жүргізу саласындағы халықаралық бәсекелестіктің өсу қарқынын көрсететін мәліметтер 2 —кестеде келтірілген. Еліміздің құрылыс және жобалаушы компаниялары бұл процеске енді ғана қосыла бастады және олар шетелдік алпауыт компаниялармен халықаралық деңгейде де, ішкі нарықта да бәсекелесуге және санасуға мәжбүр.
Құрылыс қызметтері қызмет көрсету нарығына тән барлық қасиеттерге ие. Ең басты ұқсастығы — құрылыс жұмыстары аяқталғанша ғимаратты немесе құрылғыны көру және пайдалану мүмкін емес. Мұндай жағдайларда салынуға тиіс объектінің (нысанның) сапалық қасиеттері жобалау — сметалық құжаттарында көрсетілген. Ал, жобалау — сметалық кұжаттарына қойылатын талаптар барлық бәсекелесуші фирмалар үшін ортақ. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізудің нақты орындалуы осы фирманың жұмыстардың белгілі бір түрлерін жүргізуге рұқсат алғандығын дәлелдейтін лицензиясының негізінде қамтамасыз етіледі. Сондықтан да құрылыс қызметтері нарығындағы бәсекелестік бағаға негізделген. Баға деңгейінен басқа бәсекелестік артықшылықтарына құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімдері, қаржыландырудың айрықша шарттары (жағдайлары) және басқа қосымша қызметтер мен жағдайлар жатады.
Еліміздегі ғылыми әдебиеттер мен зерттеулерде құрылыс саласындағы бәсекелестіктің теориясы мен практикасының толық жасалмағандығын осы мәселелердің отандық құрылыс қызметтері нарығына салыстырмалы түрде жаңалық түрінде енуімен түсіндіруге болады. Шетелдік еңбектерді талдау барысында құрылыстағы маркетинг мәселелеріне маркетинг жөніндегі іргелі еңбектердің жекелеген тауарлары алынғанын, осы саланы зерттеуге негізделген арнайы басылымдардың бар екендігі анықталған.
2.2 Бәсекелестік ортаның қалыптасуы
1. Өткен тарауда жүргізген зерттеу біздің кұралдарымызды шығындардың келесі төрт қисығымен толықтырды:
а - өндірістің шекті шығыңдары қисығы (рентаны есеп-тегенде);
р — өңдірістің орташа шығындары қисығы (рентаны есеп-тегенде);
ү — өндірістің шекті шығындары қисығы (рентаны есеп-темегенде);
б — өндірістің орташа шығындары қисығы (рентаны есеп-темегевде).
Енді монополия жағдайындағы және бәсеке жағдайындағы шығарылатын өнім санын салыстыруға болады. Салыстыру негізі ретінде жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін қайсыбір саланы таңдаймыз. Практика жүзінде шын мәніндегі жетілген бәсеке кездеспейді. Егер, шындығанда монополия шарттарына бәсеке шарттарын қарсы қойғымыз келсе (мысалы, бізді бәсеке жағдайында жұмыс істейтін саладағы ұғымдылық үдерісінің өндіріске әсері қызықтырады), онда, расында монополия шарттарын жетілмеген бәсеке шарттарымен салыстыруға тура келеді. Демек бастапқы пункт ретінде "абсолютті" жетілген бәсекені тандасақ, онда біз жеке жағдайында өнім шығару дегенге оңай және анық түсінік аламыз және соның нәтижесінде салыстыру үдерісін оңайлатуға мүмкіндік туады.
Қандай болмасын сала үшін монополия жағдайындағы және бәсеке жағдайындағы өндірісті теориялық жағынан негіздеп салыстыру үшін бірқатар қатаң алғышарттар қабылдау қажет. Біріншіден, біз қарастырылатын өнімді қалай түсінеміз. Екіншіден, егер біз бұрын бәсеке жағдайында өндірілген қандай болмасын өнім өндірісі монополияландырылған жағдайда шығарылым мен баға қандай болады деген сұрақты талқылағанда графикте көрсетілген бұл өнімге сұраныс жағдайы, сондай-ақ тиісті қисықпен көрсетілген өндіріс шығындары кез келген мөлшерде өнім өндірілген кездің өзінде өзгерістерге ұшырамайды деген болжамды қабылдауымыз керек. Іс жүзінде бұңдай болжамдар сирек жүзеге асады. Сондықтан, шынайы болмысты зерттеген кезде сұраныс және өндірістің тиімділігі өзгеріске ұшырайтындығын ескеру қажет. Егер олар өзгеріссіз қалады деген болжамды қабылдасақ, онда монополия жағдайындағы және бәсеке жағдайындағы өндірісті салыстыру қиынға түспейді.
Өңдіріс масштабтарын кеңейтумен байланысты өндірістің тапшы факторлары қолданылмайтын және үнемі болмайтын жағдайлар үшін шығындар қозғалысын көрсететін төрт қисықтың барлығы абсцисс өсіне параллель тіке сызықарға айналады. Монополист өз өндірісінің шекті шығындары шекті табыстарымен бірдей болуын қалайды. Ал, бәсеке жағдайында өңдірістің орташа шығындары өнім бағасына тең болады. Монополист үшін өндірістің шекті шығындары орташа шығындарға, сондай-ақ бәсекелес сала өндірісінің орташа шығындарына тең болады.
Сурет 2 – Сұраныс қисығы
Мына графиктерді сараптаудан шығатыны, егер сұраныс қисығы тіке сызық болса, онда монополия жағдайында бәсеке жағдайына қарағанда өнім екі есеге кем шығарылады; егер сұраныс динамикасы ойысқан қисықпен сипатталса, монополия жағдайындағы шығарылым бәсеке жағдайына тән шығарылымның жартысынан кем, егер дөңесті қисықпен сипатталса, артық болады.
Жоғарыдағы суретте сұраныс қисығы дөңестеу жағдай кескінделген. ОМ — монополия жағдайында шығарылған өнім, 0(2 — бәсеке жағдайында шығарылған өнім ОМ > О(2
Егер өндіріс шығандарының өсуі мен кемуін есепке алсақ, монополия жағдайындағы және бәсеке жағдайындағы өндірісті салыстыру күрделене түседі. Ал, монополист өз өндірісін оның шекті шығындары шекті табыстарына тең дескенге дейін арттыра береді деген пікір жалпылама пайымдау болып табылады. Мұның өзі өндіріс шығындары тұрақты, кеміген немесе жоғарылаған жағдайлардың бәріне бірдей қатысты болады. Біз қазір ғана анықтағандай, өндірістің шекті шығындары ұғымы оңай ұғым емес. Әрбір қисық (а, |3 және ү) бұл шығындардың шамасын өзінше сипаттайды. Осы қисықтардың қайсысы монополистің есебіндегі шекті шығындар динамикасын көрсетеді? Бұл сұраққа жауап берместен бұрын біз қолданған өндіріс факторлары үшін монополист рента төлеуі керек пе деген сұрақтың жауабын табуымыз керек. Кейбір жағдайларда оның төлемейтіндігі туралы ақиқатқа қазір біздің көзіміз жететін болады. Егер кейбір тапшы факторды пайдаланғаны үшін монополист рентаны толық төлейді, ал саланың монополизацияланған және бәсеке жағдайларындағы өндіріс технологиясы бірдей деп болжасақ, онда монополист өндірісінің орташа шығындары бәсеке жағдайындағы өндірістің орташа шығындарына тең болуы керек. Басқаша айтқанда, шығарылымның әрбір мәніне монополия жағдайындағы өнім ұсынысының бағасы бәсеке жағдайындағыдай болып қала береді де, монополистің шекті шығындарын сипаттайтын қисық бәсеке жағдайына қолданатындай кұрылған ұсыныс қисығына қатысты шекті мәндер қисығы болып табылады. Соңғысына 3 қисығы жатады (рентаны есептегендегі өндірістің орташа шығындары қисығы), ал ақисығы (3 қисығына қатысты шекті мәндер қисығы болып табылады (рентаны есептегендегі өндірістің шекті шығындары). Сұраныс және ұсыныс өзгерістері графикте тіке сызықтар түрінде бейнеленеді, монополия жағдайында бәсеке жағдайымен салыстырғанда өнім екі есе кем шығарылатын болады жене мұның өзі өнім ұсынысы тіке сызығының жоғарылауына немесе төмендеуіне тәуелсіз түрде жүзеге асады.
Сурет 3
О — бәсеке жағдайы үшін тепе-тендік нүктесі. Осы нүктеден оны В нүктесінде қиып өтетін, ал шекті табыс қисығын С нүктесінде қиып өтетін ү өсіне перпендикуляр түсіреміз. Сонда ВС = С£>'. А қисығы да шекті табыс қисығын С2 нүктесінде қиып өтеді. Монополия жағдайындағы өнім шығарылымы (ОМ) бұл кезде бәсеке жағдайындағы (ОС)3 шығарылым мәнінің жартысына тең болады.
Бұл пікір сұраныс және ұсыныс тіке сызығының иілуі қандай екендігіне қарамастан өзінің шынайылығын сақтайды. Әрине, өндіріс шығындары төмендеген кезде ұсыныс өзгерістерін тіке сызықпен көрсетуге болмайды. Егер солай болса, онда шығарылым белгілі бір мәнге жеткен кезде өндірістің шекті шығындары теріс мәнді көрсеткіш болып шығар еді. Соның өзінде де берілген мәліметтердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін графиктегі ұсыныс өзгерісі тік сызықпен сипатталады деп болжау қажет.
Егер өнім ұсынысы қисығы ойысқан, ал сұраныс қисығы тіке сызықпен көрсетілсе, онда монополия жағдайындағы өнім шығару, ұсыныс қисығының төмендеуі немесе жоғарылауына қарамастан бәсеке жағдайыңдағы өнім шығарудың жартысынан артық болады.
Сурет 4
Ұсыныс қисығы жоғарылаған кезде а қисығы С нүктесінің оң жағынан ВВ-ны қиып өтеді, ал ұсыныс қисығы төмендегенде С нүктесінің сол жағынан қиып өтетін болады. Демек, кез келген жағдайда ол МЛ-ді С нүктесінен төмен және оң жағынан қиын өтетін болады. Сонымен, егер ВС = СЭ болса, онда монополия жағдайындағы өнім шығару (ОМ) бәсеке жағдайындағы өнім шығарудың (0С) жартысынан артық болады.
Егер өнім сұранысы дөңес келіп сұраныс өзгерісі тіке сызықпен сипатталатын болса, онда монополия жағдайында өнім шығару бәсеке жағдайында өнім шығарудың жартысынан кем болады.
Ұсыныс қисығы жоғарылағанда а қисығы ИО-ны С нүктесінің сол жағынан, ал ұсыныс қисығы төмендегенде С нүктесінің оң жағынан қиып өтетін болады. Сонымен, кез келген жағдайда а қисығы МК-ді С нүктесінен жоғары және оның сол жағынан қиып өтеді, сол кезде монополия жағдайында өнім шығару (ОМ) бәсеке жағдайында шығарылатын өнімнің (00) жартысынан кем болады.
Келесі сурет туралы да дәл осылай айтуға болады. Егер ұсыныс қисығы тіке сызықпен көрсетілсе (өндіріс шығындарының жоғарылауына, төмендеуіне немесе тұрақты қалуына қарамастан), онда сұраныс қисығы ойысқан кезде монополия жағдайындағы өнім шығарылу бәсеке жағдайында өнім шығарудың өнімнің жартысынан кем болады, ал оның дөңес болған кезінде шығарылатын өнімнің жартысынан артық болады.
Сонымен, монополия жағдайындағы өнім шығарудың бәсеке жағдайында өнім шығаруға қатысты жоғары болуы ұсыныс қисығы ойысқан кезде, ал сұраныс қисығы дөңес және төмен болғанда, ал төмен болуы, егер ұсыныс қисығы дөңесі, ал сұраныс қисыны ойысқан кездерде мүмкін болады екен.
Сурет 5
Сұраныс қисығы ойыс, ал ұсыныс қисығы дөңес болған кезде монополия жағдайыңда өнім шығару бәсеке жағдайында шығарылатын өнімнің жартысынан кем болуы тиіс. Сұраныс қисығы дөңес, ал ұсыныс қисығы ойыс кезде монополия жағдайындағы өнім шығару бәсеке жағдайындағы шығарылатын өнімнің жартысынан артық болуы тиіс. Бұл жағдайда өнім шығару кеңейген сайын өнім бағасы төмендейді, ал өндіріс шығындары жедел өсе бастайды. Дәл осындай жағдай іс жүзінде жиі кездеседі.
Екі қисық бірдей (ұсыныс және сұраныс) ойыс немесе дөңес болған кезде монополия жағдайындағы өнім шығару бәсеке жағдайында шығарылатын өнімнің жартысынан кем, артық немесе тең болуы мүмкін.
Әрине, монополия жағдайында бәсеке жағдайына қарағанда шығарылатын өнім артық болуы мүмкін емес. Олай болмағанда сұраныс қисығы графиктегі ұсыныс қисығынан жоғары орналасқан болар еді (монополистің орташа өндірістік шығындарын көрсетеді). Сонда мынадай болады: егер монополия жағдайында өнім шығару бәсеке жағдайында шығарылатын өнімнен артық болса, онда өндіріс шығынға ұшырайды. Сондықтан ең жақсы деген жағдайдың өзінде монополия жағдайында шығарылатын өнім бәсеке жағдайында шығарылатын өніммен беттесуі мүмкін. Мұның өзі тиісті графиктегі салыстырмалы икемді ұсыныс қисығы, кенеттен абсолютті икемді болған кезде байқалады (396-беттегі суреттерде көрсетілген).
Монополия жағдайында өнім шығарудың бәсеке жағдайында шығарылатын өнімге қатысты ең жоғары мәнге жететін кезі сирек жағдай ретінде қарастырылуы тиіс; бұл кезде сұраныс және ұсыныс динамикасының әсері графикте дөңес сұраныс қисығы және ойыс ұсыныс қисығы ретінде көрсетіледі. Монополия жағдайында және бәсеке жағдайында егер сұраныс қисығы тиісті графикте ұсыныс қисығынан төмен орналасса, өнімнің бірдей саны шығарылуы мүмкін (екі қисық жанап өтетін нүктені санамағанда). Бұл жағдайда өнім шығарудың бір ғана мәні — өндіріс шығынсыз деген мәні жүзеге асады. Бұл мән өндіріс келемі графиктегі екі қисықтың жанасып өтетін нүктесіне сәйкес келеді. (Әңгіме монополия жағдайында да, бәсеке жағдайында да бірдей болатын өнім шығару мәні туралы болып отыр).
Келтірілген мысал монополия жағдайындағы және бәсеке жағдайынан өнім шығару арасындағы айырмашылық ең аз мәнге жеткен кезді көрсетеді. Бұл жағдай графиктегі сұраныс қисығы ұсыныс қисығынан төменірек орналасқан кезді сипаттайды (шетінен асқан кезде өнімнің осы санын өндіру шығын әкелетін шағын интервалды есептемегенде).
2.3 Бәсеке - нарықтық шаруашылық субъектілері
Бәсеке - нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын нарықтық құрылым тән. Салаға ену және шығу шектелмеген. Әр фирма саланың жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде-бір фирма өнім бағасына әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.
Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен ерекшеленеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңды және табиғи тосқауылдар әсер етеді. Тосқауылдардың мықтылық дәрежесіне сәйкес не таза монополия, не монополистік бәсеке, неолигополия пайда болады.
Монополиялар мен монополистік бәсекедегі фирма өнімдеріне сұраныс ауытқымасы нарықтық сұраныстың ауытқымасы болып табылады да, теріс енгіш сызықты болады. Сондықтан фирмалар тауардың өндірілуін бақылай отырып (монополистік бәсеке үшін бақылау толық емес), бағаға ықпал ете алады. Монополия жағдайында (бағалық кемсітушілікке бармайтын) тауардың қосымша бірлігін сатудан алатын шекті кіріс (МЕ) оның бағасынан төмен.
Фирманың табысы максималды болған жағдайда өндіру көлемі МК = МС ережесімен анықталады. Кестеде бұл шекті шығын ауытқымасы мен шекті табыс ауытқымысының қиылысу орны болып табылады. Бекітілген баға максималды табыс беретін сұраныс ауытқымасының биіктігімен анықталады. Мұндай баға шекті шығындардан әрдайым жоғары.
Монополияға қарсы заңдылықтар - бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы", "Адал емес бәсекелестік туралы", "Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы" Заңдары.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы "Адал емес бәсекелестік туралы" Заңы адал емес бәсекелестікті мойындайтын әрекеттерді белгілейді, адал емес бәсекені және оның зардаптарын болдырмау және жою механизмін белгілейді. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы адал емес бәсекенің келесі түрлері бөлінеді:
1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану бұл тұтынушыда өндіруші туралы теріс пікір тудыруы мүмкін.
2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру бұл тұтынушыда өндіруші туралы теріс пікір тудыруы мүмкін.
3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап енгізуі.
4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.
5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.
6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықтық қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы және т. б.
Қазақстан Республикасында монополияға қарсы және адал емес бәсекелестік саласындағы ынтымақтастық туралы көптеген келісімдер жасалды. Мысалы, Өзбекстан Республикасымен (1997 ж. 14 наурыз), Қырғызстан Республикасымен (1999 ж. 15 қазан), ТМД мемлекеттерімен (1993 ж. 12 наурыз) "Монополияға қарсы саясат саласындағы келісім туралы" келісім-шарттар бекітілді. Қытаймен (1999 ж. 23 қараша) "Монополияға қарсы саясат және адал емес бәсекелестікпен күресу саласындағы ынтымақтастық туралы" келісімге қол қойылды, онда осы салаға қатысты нормативті-құқыңтық актілерді бір-біріне беру, адал емес бәсекелестік және тұтынушы құқықтарының бұзылуына байланысты тексеру жүргізу міндеттері айқындалған.
Біздің формалды аппараттың көмегімен ең жоғары бағаны заңмен бекіту монополист әрекетіне қалай әсер ететінін білуге болады.
Өнімге ең жоғары баға белгіленісімен сұраныс (монополистік тұрғыдан) абсолютті икемді болады да, өзінің қалпын өндіріс көлемі өнімді осы бағамен өткізетін деңгейге жеткенге дейін сақтайды. Шығарылым осы мәнге жеткен кезде тиісті сұраныс қисығы мен шекті табыс қисығы өздерінің әдеттегі түріне енеді. Мысалы:
АК және МК — қисықтары орташа және шекті мәндердің қалыпты түрі (ең жоғары баға белгіленбеген). Егер ОВ (ОВ = (?.О) — белгіленген максималды баға, О(? — сұранысы осы бағада көрініс табатын өнім саны; сонда орташа табыстың "жаңа" қисығы ВО кесіндісімен сипатталатын болады (яғни О нүктесіне дейін); О нүктесінің оң жағында ол АҚ қисығымен беттесетін болады. Шекті табыстың "жаңа" қисығы ВОТ болады; Т нүктесінің оң жағында ол МК қисығымен беттеседі.
Бағаны бақылаудың мақсаты монополисті мейлінше көп өнім санын өндіруге мәжбүрлеу болып табылады. Бұл мақсатқа монополистің сұраныс қисығы және орташа шығындары қисығының қиылысатын нүктелері орналасқан орын мен анықталатын бағаны белгілеген кезде (шығарылымды арттырған сайын кеми беретін орташа шығындар жағдайында) қол жетеді.
Егер осы берілген баға сәл ғана кем болса монополист өзінің орташа шығындарының орнын толтыра алмай өндірісті мүлде тоқтатқан болар еді. Егер белгіленетін баға біраз жоғарыласа, монополист осы бағамен сатылуы мүмкін болатын көлемде өнім өндіретін болады, егер бұл баға монопольды бағадан артып кетсе, онда ең жоғары бағаға қойылып шектеулер өз мәнін жойған болар еді. Сонымен, қойылған мақсатқа жеткізетін ең төменгі баға өндірістің орташа шығындары сұраныс бағасымен беттесетін деңгейде белгіленуі тиіс; бұдан шығатыны: максималды бағаның дәл осы мәнінде өнім шығарылымы да ең жоғары деңгейіне жетеді.
Егер бәсеке және монополия кездеріндегі сұраныс пен ұсыныс шартгтры бірдей болса, онда енгізілетін ең жоғары баға (монополия жағдайындағы шығарылымның ең жоғары мәніне сәйкес) бәсеке жағдайы үшін тән бағамен бірдей болар еді. Жоғарыда тұжырымдалған пікір монополия жағдайына қатысты ғана әділетті (бұл жағдайларды бәсеке жағдайымен ешбір салыстырусыз), дегенмен талқылау барысында біз, мысалы, өндірістің орташа шығындары сұраныс бағасымен беттесетін кезді "бәсеке жағдайындағы шығарылым" деп немесе осы әнім сатылатын бағаны "бәсеке жағдайындағы баға" деп айтатын боламыз.
Өндіріс шығындары құлдырайтын жағдайда белгіленетін ең жоғары баға туралы мысал келтіруге болады.
(5 және а — орташа және шекті шығыңдар қисықтары; АК және МК — орташа және шекті табыстың бастапқы қисықтары; (ХО — заңмен бекітілген баға.Енді, егер өнім шығарылымы 00 шамасынан кем болса, орташа табыстың "жаңа" қисығы Вй арқылы белгіленеді; ВОТ — шекті табыстың "жаңа" қисығы. О0-дан артық шығарылым кезінде орташа және шекті табыс қисықтары АК және МК қисықтарымен беттседі. ОМ — монополия жағдайындағы өнім шығарылымы, ал МК — баға бақылауы жоқ кездегі өнімнің тиісті бағасы. 00 — заңмен бекіту арқылы енгізілетін ОО бағасы жағдайында өндірілетін өнім саны, себебі а шекті шығындар қисығы шекті табыстың "жаңа" қисығын В және Т нүктелері арасынан қиып өтуі тиіс. Бұл Б нүктесіндегі АК сұраныс қисығының көлбеуінен р орташа шығындар қисығының көлбеуі кем, сондықтан 00 шығарылымының шекті шығындары ТО шекті табыстан артық болуы тиіс.
Өңдіріс шығындары төмендеген кезде монополистерді бәсеке жағдайыңдағы шығарылымға сәйкес өнім өндіруге итермелеу үшін бәсеке жағдайындағы баға деңгейінде ең жоғары баға белгілеу қажет. Бірақ өндіріс шығындары өрлеу кезінде мұндай "амал" жұмыс істемейді. Егер ең жоғары баға ретінде бәсеке жағдайына сәйкес баға белгіленсе, онда монополистің өңдіріс көлемі бәсеке жағдайындағы өндіріс көлемінен кем болады (біз, монополист тапшы факторды қолданғаны үшін рента телейді деп болжаймыз), себебі монополист өндірістің шені шығындары өнімнің бағасына тең болатын кездерде ғана шығаратын болады. Мысалы, монополия жағдайындағы шығарылымның "жаңа" мәні өңдірістің шекті шығыңдары орнықтырылатын бағалармен бірдей болады. Мұның өзі шығарылым деңгейі а шекті шығындар қисығы ВВ түзуін қиын өткен кездегі деңгейде мүмкін болады.
Егер а қисығы С нүктесінің оң жағынан қиып өтсе, онда монополия жағдайындағы шығарылымның жаңа мәні оның "ескі" мәнінен артық болады. Егер а қисығы ВВ түзуін С нүктесінің сол жағынан қиын өтсе, ОВ = СО — белгіленетін ең жоғары баға; ОМ, — монополия жағдайындағы шығарылымның "ескі" мәні; ОМ2 — монополия жағдайындағы шығарылымның "жаңа" мәні; М,Р —монополия жағдайындағы "ескі" баға; монополия жағдайындағы "жаңа" шығарылым "ескіден" кем болады. Сондықтан, егер сұраныс және өндіріс шығындары тұзу сызықтармен сипатталса (а түзуі ВИ сызығын С нүктесінде қиып өтеді), онда монополия жағдайындағы шығарылымның жаңа мәні "ескісіне" тең болады (бәсеке жағдайындағы шығарылымның жартысын құрайды). Егер сұраныс және шығындар қисықтары ойысқан болса, а қисығы ВВ түзуін С нүктесінің оң жағынан қиып өтуі тиіс, ал, монополия жағдайындағы шығарылымның "жаңа" мәні, сондықтан "ескіден" артық болады.
3 Кәсіпкерлік құпия
Отандық бизнеске, егер олар индустриалды-инновациялық жобалармен жұмыс істеп, бәсекеге қабілетті өнім өндіретін болса, субсидия жасауға болатынын Үкімет басындағылар мәлімдеді де. Бірақ сол бизнесмендер индустриалды-инновациялық жобаларды қайдан алады? Мәселе де сонда. Субсидияға ілігу үшін енді олар жаппай өз жобаларын жоғарыда аталған жобаға жақындататындай ықпал іздеп шарқ ұратыны белгілі. Мұндай мәселе көбіне бизнесмендердің билік басына жақындауларының жолын болғызып, ал жоғары жақпен еш байланысы жоқтарды сазға отырғызатыны белгілі.
Мұндай қадамға билік басындағылар бизнестің не үшін несие алатынын және оны қандай мақсаттарды жүзеге асыратынын жариялы ету үшін барады.
«Одан да билік бизнесмендердің басын, индустриалды-инновациялық жобамен жұмыс істесеңдер, субсидия береміз деп қатырмай-ақ, неге алған несиелеріңді қандай мақсаттарға алдыңдар, қанша қарыздарың бар, соны ашыңдар деп тіке айтпайды. Несие жөніндегі мәліметтерді ашу әлемдік практикада бар нәрсе. Меншік иелерінің құрылымы ашық болуын талап ету билік тарапынан әділетті екендігінде сөз жоқ. Осы уақытқа дейін жобалардың артында қандай адамдардың тұрғаны, олардың қуатының қаншалықты екені қоғамға беймәлім болып келгені жасырын емес. Несиені алып, бәленбай жобаны жүзеге асырамыз, ол ертеңгі күні еліміздің экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді деп, уәде бергендердің өздері де, қыруар қаржы да ізім-қайым жоқ болып келді», - дейді сарапшы-қаржыгер Ілияс Исаев.
Несие мен меншік иелерінің құрылымы жайындағы мәліметтердің ашық болуын біз неге осы уақытқа дейін талап етпедік деген сауалға сарапшы: «Қаулаған өсім кезінде қазақстандық Үкімет бұл өсімді қамтамасыз етіп жатқан кім деген сауалға жауап іздеп бас қатырғылары келмеді. Банктер несиені сырттан оп-оңай тартып, оны ішкі рынок жұтып жатты. Бизнес өтімділікке мұқтаж болмады. Ондай кезде ашықтықты талап етудің қажеті бар ма еді? Бірақ ондай мамыражайлылықтық әдетте мәңгілік болмайтынын кім-кім де сезуі тиіс еді. Сондықтан да билік басындағылар оны енді түсініп, бұрынғыдай өмір сүруге болмайтынына көз жеткізді. Содан кейін қаржыны бердің екен, оның қандай мақсатқа жұмсалатынын қадағалау керек екенін басты бағытқа қоя бастады. Ал банктерден несиені кімге, қандай мақсатқа бердің деп талап ету сөзіңді далаға айтумен бірдей. Олар коммерциялық құпия дегенді алға тартып, ішін бермейді. Сондықтан да мемлекеттің бүгінгі басты мақсаты - бизнесті ашық та, жариялы етуге ұмтылу. Қаржы жүйесінде қазақстандық экономика сегментінің кез келгенінде «сабын көбігі» пайда болса, дереу жарып жіберу механизмін құру. Үкіметтің бүгінгі осы бағыты болашақта өз нәтижесін береді деп ойлаймын» деп жауап берді.
Бұған бизнестің өзі қалай қарайды? Бизнесмендерге субсидия беру туралы мемлекеттің шешімі дұрыс жұмыс істей ме, әлде тағы да оны тамыр-таныс арқылы алып, өз қалауынша жұмсайтындар ұпайы шешіліп жата ма? Мұндай сауалдарды егер сыбайлас жемқорлық соншалықты дамымаған билік те, бизнес те ашық жариялы түрде жұмыс істейтін елдерде қою орынсыз болар еді. Ал енді біздің елдің жөні бөлек. Қарға тамырлы болып кеткен жең ұшынан сыбайласу бұл мәселеде де өз соқпағын тауып ала қоятыны белгілі.
Мемлекеттік субсидиялау кезекті жең ұшынан бөліп алу науқанына айналып кетпес үшін шараны ашық та, жариялы өткізу керек. «Бизнестің алған несиесінің қайда жұмсалғаны туралы картасын жайып салмасы белгілі. Біріншіден, реттеуші органдар алынған барлық несиені көретін болса, оның қандай мақсаттар үшін алынғанын біле қояды. Екіншіден, сол реттеуші органдарда отырғандар арасында да ниеті адал еместер жетіп артылады. Олар картаны қолға түсіргеннен кейін бизнесмендердің кейбір айтқанға көне қоймайтындарын бопсалауға итермелеуі де мүмкін. Сондықтан да бизнесмендер ондай талауға түспес үшін басқа жолдарды қарастырады. Ал жол табыла кететініне күмән тудырмай-ақ қойыңыздар, өйткені билік құрылымдарында отырғандар арасынан ондай қызмет көрсетушілерді жеткілікті түрде табуға болар. Сұраныс болса, қызмет көрсетуші әрқашан табылады», - дейді Исаев.
Салыққа қатысты да осындай пікірлер жеткілікті. Бизнесмендердің бәрі де салықтың қазіргі көлеміне риза еместігі белгілі. Салық көбейсе, елдегі зейнетақы, бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы көбейеді деген сөз. Адамдарда табыс көбейсе, ішкі рыноктағы сұраныс та өсіп, бизнестің өркендеуіне жол ашады. Инфрақұрылымдар жақсарады. Мұның бәрі салықтан түскен табысқа құрылады. Сонда неге бизнесмендер оған қарсы. Оның басты себебі, дейді сарашы Исаев, салықтан басқа да сыбайлас жемқорлықтың шағын және орта бизнес мойнына салатын қосымша жүгі жетіп артылады. Соның бәрін қосқан кезде бизнесмен мойнындағы төлейтін салық бірнеше есеге өсіп шыға келеді. Салыққа кәсіпкерліктің оң көзқарасын қалыптастыру үшін алдымен жемқорлықтың көзін құрту керек. Сонда ғана қоғамның көзі ашылып, бизнес қанат жаяды.
Қорытынды
Қазір Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің жедел қарқынмен дамуына жағдай жасалуда, атап айтқанда, кәсіпкерліктің дамуына мықты экономикалық негіз болатын меншікті жекешелендіру шараларына байланысты үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесте мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, кең көлемді шаралар жүргізілуде.
Кәсіпкерлік – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысанының бірі болып табылады.
Ксәіпкерлік қызметінің көптеген түрлерінің ішінен негізінен сегіз түрге топтастыруға болады.
Өндірістік кәсіпкерлік өнімді өндіруге, жұмыс істеуге және қызмет көрсетуге, жинауға, өңдеуге және ақпарат беруге, рухани байлықты жасауға бағытталған қызмет.
Қызметтің коммерциялық түрінің мазмұны тауар ақша қатынасы, сауда-айырбас операциясынан тұрады. Оны өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы сол, мұнда өнімді шығаруға байланысты едәуір өндірістік ресурстарды қажет етпейді.
Қаржы кәсіпкерлігі коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Солай болғандықтан оның объектісі сатып алу, сату айрықшалығы тауарға шығады: ақшалар, валюта , құнды қағаздар яғни тікелей және жанама нысаны түрінде бір ақшаны басқа ақшаларға сату шығады.
Барлық кәсіпкерлік түрлері, халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар жасалу қажет.
Кәсіпкерліктің проблемаларын зерттеу маңызының күшеюі себептеріне тоқталатын болсақ, шағын кәсіпкерлік мемлекеттік қолдаудың ең аз сферасы болып табылады. Бүгінгі күнге шейін шағын кәсіпорынның жақсы жұмысын қамтамасыз ететін инфрақұрылым пайда болған жоқ. Кәсіпкерлікті бағалай білмеу, оның реформалардағы экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерін ескермеу нәтиже ретінде үлкен стратегиялық қателік және бүкіл қазақстан экономикасының кризісі тереңдеп шығуы мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», Алматы, ЖШС «Аян - Әдет», 2000 ж.
2. ӘділбековМ.Т., Құрманбаев С.Қ., Самиева Г.Т., Нұралина Қ.Т. Кәсіпкерлік негіздері. Семей 2003
3. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов – Экономикалық теория / Алматы, 2004 ж.
4. Шеденов Ө.Қ. және басқалары – Жалпы экономикалық теория /Ақтөбе, 2004 ж.
5. В.Крымова – Экономикалық теория / Алматы, 2003 ж.
6. Құлпыбаев С. және басқалары – Қаржы теориясы. Оқу құралы / Алматы, 2001 ж
7. Оқаев Қ.О., Дюнова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. - Алматы, 2004
8. Сейітқазиева А.М., Бекназарова А.Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу кұралы, - Алматы, «Туран», 2001.
9. Горфинкель В.Я., Швандар Б.А. Кәсіпорын экономикасы. Москва, ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
10. Базвлер У., Сабов 3,, Хайнрик Й., Кох В, Основы экономической теории: принципы, проблемы, политика. Германский опыт и российский путь (серия «Базовый курс») - СПб: Питер, 2000, -800 с.
11. БорМ.З. История мировой экономики: Конспект лекций. 2-ое изд., переработ. и доп. - М.: Дело и сервис, 2000.
12. Конотопов М.В., Сметанин С.Н. История экономики: Учебник для вузов. Академический проект. - М.: 3-е изд. доп. 2001.
22
Информация о работе Кәсіпкерлердің бәсекелестігі және кәсіпкерлік құпия