Қазақстан Республикасның ұлттық қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июля 2015 в 13:44, курсовая работа

Краткое описание

Қойылған мақсатқа байланысты курсық жұмыстың міндеттері келесідей:
- Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн қарастыру;
- Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруын талдау;
- Ұлттық қордың басқарылуын қарастыру;
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасынын Ұлттық қоры

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………………………………………...5
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен функциялары……….5
1.2 Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн таңдау….…9
1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану…………..13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ …………………………………………16
2.1 ҚР Ұлттық қорының активтерін басқаруды талдау ……………………………16
2.2 Ұлттық қордың жалпы нарықтық құнын талдау ……………………..………....20
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ………………………..…………………………….23
3.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару…………....23
3.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісі мен шығысын құқықтық реттеу……………………………………………...26
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................34

Файлы: 1 файл

ҚР Ұлттық қор.docx

— 115.02 Кб (Скачать)

Қордың активтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына шоғырландырылады, ол Қорды сенімді басқару туралы шартқа сәйкес инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелері шеңберінде сенімді басқаруды жүзеге асырады.

Қорды қалыптастырудың көздері 2001 жылы бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін жоспардан тыс салық және басқа да міндетті төлемдер, Қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер болып табылады.                     .

Қордың жұмыс істеу кезеңінде оған түсетін түсімдердің негізгі бөлігі «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттің үлесін сатудан түсетін қаражаттың есебінен қалыптастырылды.

Шикізат секторы ұйымдарынан Қорға түсетін түсімдердің негізгі бөлігін – 54,99%-ын заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, одан кейін үлесі түсімдердің жалпы сомасының 23,34%-ын құрайтын роялтилер және түсімдердің жалпы сомасының 16,35% резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы алады. Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы түсімдердің жалпы сомасының 5,22%-ын, бонустар – 0,08 %-ын және қосылған құн салығы – 0,02%-ын құрады.

Қордың шотынан есепті кезеңде мынадай шығыстар жүргізілді:

Республикалық және жергілікті бюджеттерге шығындарды өтеу түрінде (шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бекітілген және іс жүзіндегі сомасының арасындағы айырма) 7509107631,83 теңге аударылды; Қорды басқарғаны үшін сыйақы түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 37216032,45 теңге аударылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қорды сенімді басқару туралы шарттың негізінде оның бір бөлігін сыртқы басқарушыларға беруді қоса алғанда, Қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады.

Инвестициялық кірісті жинақтау және алу мақсатында Қор сенімді және өтімді шетелдік қаржы активтеріне орналастырылады. Қазақстан Республи-касының Ұлттық Банкі есепті кезеңде Қордың актив-терін, негізінен ақша рыногының құралдарына, атап айтқанда, АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылды. АҚШ агенттігінің бағалы қағаздары портфельдің неғұрлым ірі бөлігін құрады .                                         .

Қордың сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі және тиісті конкурс құжаттамасы дайындалады. Тәуелсіз аудиторды сайлау жөнінде жүргізілген конкурс нәтижесінде жеңімпаз болып анықталды                       .

Аудиторлық тексеру Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы тұжырымдаған Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Қорды қалыптастыру және пайдалану процестерін жетілдіру мақсатында Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп:                                    .

Қордан қаражатты республикалық және жергілікті бюджеттерге қайтару механизмдерін жетілдіру және қажет болған кезде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер енгізу;                              «жинақ портфелін» тиімді басқару, қордың тұрақтандыру міндетін нығайту, қорға ақша есептеу механизмін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.

Елбасының ойынша, ұлттық қор заңды тұлға болып табылмайды, шын айтқанда ол Үкіметтің ұлттық банк есепшоттарында шоғырланған қаржы активтерінің жиынтығы болып табылады. Қор екі бірдейқызмет атқарады: бірі - жинақтау (болашақ ұрпақтар үшін жинақтарды қалыптастыру), ал екіншісі - тұрақтандыру (бюджет түсімдерінің дүниежүзілік бағаның жағдаятына тәуелділігін азайту).

Тұрақтандыру міндетін атқаруды қамтамасыз ету үшін шикізат секторындағы ұйымдардан бюджетке түсетін салық және басқадай міндетті төлемдердің, республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген сомадан артығы қаржы қорына аударылады. Бұл түсімдерге жататындар: корпоративтік табыс салығы, қосымша құнға салынатын салық, жоғары пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер бөліктерін мемлекеттің жеке меншікке сатуынан түсетін, өнімдер мен қаржыны бөлу туралы келісімдер бойынша Қазақстанға тиетін үлесі жинақтау қызметін іске асыру мақсатында қор республикалық және жергілікті бюджеттердің трансферттері есебінен, жоғарыда көрсетілген түсімдер бойынша жоспарланған соманың 10 пайызынан құралады.

Қорды басқару мәселесін құрамына Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат пен Мәжілістің төрағалары, Президент Әкімшілігінің басшысы, Премьер-министр және оның бірінші орынбасары, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, сол сияқты республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі санақ комитетінің төрағасы кіретін кеңес шешетін болып келісілді. Кеңеске мемлекеттік биліктің атқарушы және заң шығарушы органдарының басшылары енген. Ал мұның өзі мүдде қақтығыстарын мүлде болдырмайды. Кеңестің барлық шешімдері алқалы түрде қабылданады. Кеңес мүшелерінің ешқайсысы қордың активтерін жеке дара пайдалана алмайды. Қорға Парламент бақылау жасайды, демек, ол шын мәнінде халық пен елдің резерві болып табылды.

Міне, бірнеше жылдан бері Қазақстанның Ұлттық қоры ел халқының мүддесіне қалтқысыз қызмет жасап келеді. Қор әсіресе бүкіләлемдік қаржы дағдарысы кезінде қазақстандықтардың көптеген әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік берді. Елбасының тікелей басшылығымен құрылған Ұлттық қордың ел мүддесі үшін алдағы уақытта да қызмет жасай беретініне сенім мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келсек, бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Оның өзінің мәні жағынан алып қарастыратын болсақ, бюджеттен тыс қорлар - бұл, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестілік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны болып табылады.

Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық қор – мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болады,яғни оны Үкімет Ұлттық банккке шоғырландырады. Оны маңызы өте зор болып келеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор дүниежүзілік бағалардың тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады және де мемлекеттің тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Оның болашақ ұрпақтарға қорланымды және сыртқы факторлардан қорғануға, яғни бір сыртқы келеңсіз жағдайларға байланысты қаржы резервтерін шоғырландырады.

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.

Ұлттық қордың активтерiн орналастыру Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қаржы құралдарына жүзеге асырылуы тиiс. Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес - материалдық емес активтердi қоспағанда, Ұлттық қорды тиiмдi пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейтiн Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк кеңес органы.

Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10% ), сондай - ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсуі көлемі болып табылады.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару да керек. Бұл жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағылар оны жүзеге асырады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры әлеуметтік- экономикалық дамуында үлкен роль ойнайды. Мемлекеттің қазынасын сақтау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі.- Алматы: Юрист,2004

2. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: Алматы. [Экономика] 2007ж-544б. Оқу құралы.

3. Әмірханов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы.- Алматы: 1999.-188 бет.

4. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет және бюджеттік жүйе. Алматы [Экономика] 2006ж. Оқу құралы.

5. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., [Қаржы]. Алматы, 2005ж. Оқу құралы.

6. Сартаев С.С., Найманбаев С.М., [Бюджеттік құқық] Алматы 2006ж.

7. Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева. –Алматы: Экономика, 2001. 180б.:

8. Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы: LEM, 2005.-552б.

9. Іскер адамның орысша -қазақша экономикалық  түсіндірме сөздігі Русско-казахский толковый экономический     словарь     делового человека /жауапты Э.Жакулина.- Алматы: Мұраттас, 2005.- 793б.

10. Төлешова Г.К., Дамыған қаржылық есеп. Оқулық. Алматы. Экономика. 2005ж.

11. Финансы.Учебное пособие (Под ред. Проф.  А.М. Ковалевой). 4 изд. М.: -2000.

12. К.К.Кеулімжаев.,З.Н.Әжібаева., Н.А.Құдайбергенов., А.Ә.Жантаева. Қаржылық есеп .Оқу құралы. Алматы.Экономика.2001ж.

13. Экономикалық саясат : лекциялар / Д. Қ.Қабдиев, Т. Қ.     Оралтаев, Ә. Е. Ескендіров [ж. б.].- Алматы: Экономика, 2002.- 170 б.

14. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев. Қаржы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы: 2009

15. Қаржы – қаражат. №5,2010

16. Хабаршы /вестник. Экономика сериясы. №5(45) 2010ж.

17. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе» туралы заңы, 1 сәуір 2011.

18. Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген «Қазақстан Республикасының бюджеттік жобасы» туралы заңы, 14 ақпан 2011 жыл

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасның ұлттық қоры