Қазақстан Республикасның ұлттық қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июля 2015 в 13:44, курсовая работа

Краткое описание

Қойылған мақсатқа байланысты курсық жұмыстың міндеттері келесідей:
- Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн қарастыру;
- Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруын талдау;
- Ұлттық қордың басқарылуын қарастыру;
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасынын Ұлттық қоры

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………………………………………...5
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен функциялары……….5
1.2 Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн таңдау….…9
1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану…………..13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ …………………………………………16
2.1 ҚР Ұлттық қорының активтерін басқаруды талдау ……………………………16
2.2 Ұлттық қордың жалпы нарықтық құнын талдау ……………………..………....20
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ………………………..…………………………….23
3.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару…………....23
3.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісі мен шығысын құқықтық реттеу……………………………………………...26
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................34

Файлы: 1 файл

ҚР Ұлттық қор.docx

— 115.02 Кб (Скачать)

- жоспарланбаған шығыстарды олардың тосындығына байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады. Резервтер:

- Қазақстан Республикасының  аумағындағы табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайларды  жою үшін және Қазақстан Республикасының  басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық  көмек көрсетуге;

-  Қазақстан Республикасының  немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және  әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ  адамдардың өмiрi мен денсаулығына  қатер төндiретiн жағдайларды  жою үшін;

-  соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау үшін;

Қаражатты пайдаланудың келесi онжылдыққа арналған жаңа тәсiлiне сәйкес 2010 жылдан бастап абсолюттi мәнi 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерiндегi кепiлдендiрiлген трансферттi республикалық бюджетке тiркеу оның жаңалығы болып табылады. Шығыстардың басқа түрлерiн қаржыландыруға, соның iшiнде республикалық бюджетке нысаналы трансферттер бөлуге, мемлекеттiк, квазимемлекеттiк және жеке секторлар субъектiлерiнiң қазақстандық бағалы қағаздарды сатып алуға, заңды және жеке тұлғаларға кредит беруге, мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету ретiнде активтердi пайдалануға тыйым салынады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке берiлетiн жыл сайынғы тiркелген кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерi бюджет шығыстарының қалыптасқан құрылымы ескерiле отырып айқындалады. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферт жобаларды инвестициялауды көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға бағытталады, олардың нәтижелерiн болашақ ұрпақ пайдаланатын болады.

Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшiн тиiстi қаржы жылының соңына ЖIӨ-нiң болжамды мәнiнiң 20%-ы мөлшерiнде азайтылмайтын қалдық белгiленедi. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi жүзеге асыру үшiн Ұлттық қордың қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда азайтылмайтын қалдық лимитiн сақтау қажеттiлiгiне байланысты кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерi тиiстi шамаға азайтылатын болады.

Тұтас алғанда, Ұлттық қордың қаражаты тiркелген кепiлдендiрiлген трансферттi қамтамасыз етуге және басқару мен аудитке байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталуы тиiс. Ай сайын (тоқсан сайын) Ұлттық қордың шотында республикалық бюджетке берiлетiн айлық (тоқсандық) кепiлдендiрiлген трансферттi қамтамасыз етуге арналған қаражат қалыптастырылады. Көрсетiлген шамадан асып кеткен сома рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялануы тиiс.

 

 

1.2  Ұлттық қор үшiн  жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы  үлгiсiн таңдау

 

 

Ұлттық қорға қойылған мiндеттердi тиiмдi iске асыру мақсатында, жағымды әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып теңгерiмдi бюджет әдiсi әзiрлендi.

Осы әдiске сәйкес 4-бөлiмнiң 1-бөлiмшесiнде көрсетiлген түсiмдер толығымен Ұлттық қорға жiберiлетiн болады.

Бұл ретте кепiлдiк берiлген трансферт болашақ ұрпақта пайдаланатын жобаларды инвестициялауды көздейтiн бюджеттiк даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға ғана бағытталуы тиiс. Осылайша, ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстар экономиканың мұнай емес бөлiгiнен республикалық бюджетке аударымдар есебiнен, ал бюджеттiк даму бағдарламаларына шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферт есебiнен қаржыландырылады, бұл ретте бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң белгiлi бip үлесi оның iшiнде белгiленген шектеулер шеңберiнде қарыз (сыртқы және iшкi) алу есебiнен жабылуы мүмкiн.

Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферт (G o ) мазмұндамасы осы Тұжырымдамаға қоса берiлетiн әдiске сәйкес тұрақты сома қосу Ұлттық қордың өткен кезеңдегi активтерiнiң бөлiгi ретiнде анықталады. Осы трансферттiң көлемi екi құрауышқа - республикалық бюджетке трансферттiң кепiлдiк берiлген ең төмен деңгейiн қамтамасыз ететiн және белгiлi бiр кезеңдегi бюджеттiк даму бағдарламаларына шығындардың орташа көлемi негiзiнде анықталатын А константасына, сондай-ақ белгiлi бiр кезеңдегi инвестициялық кiрiстiң орташа деңгейiне сәйкес келетiн b коэффициентiне байланысты. А константасы және b коэффициентi үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiмен бекiтiледi және осы кезең iшiнде өзгерiстерге ұшырамауы тиiс.

Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферттiң республикалық бюджетке мөлшерi жеке бiр кезеңде Ұлттық қор активтерiнiң осы кезең басындағы шамасына, яғни бұрынғы жылдардағы жинақтардың мөлшерiне байланысты. Бұл ретте Ұлттық қорға осы кезеңде түсетiн түсiмдер республикалық бюджетке жiберiлетiн сомаға әсер етпейдi. Республикалық бюджетке Ұлттық қордан түсетiн трансферт көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.

Ұлттық қордың "сарқылуына" жол бермеу мақсатында кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауы тиiс. Егер кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi осы шектен асып кеткен жағдайда, онда Ұлттық қордан алынатын ең жоғарғы сома тиiстi жылдың басындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнiң баламасын құрайтын болады, ал қалған үштен екi бөлiгi болашақ ұрпақтың қоры ретiнде жинақталатын болады, бұл Ұлттық қордың негiзгi бiр мақсаттарына сәйкес келедi.

Егер Ұлттық қордан алулар мөлшерi кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерiнен аз болған жағдайда, тиiстi жылға арналған бюджеттi жоспарлау кезiнде бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстарды қысқарту көзделедi. Бұл ретте егер бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстарды көзделiп отырған қысқарту жеткiлiксiз болса, шығыстар белгiленетiн шектеулер шегiнде үкiметтiк қарыз алу есебiнен бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберiнде жабылатын болады және ағымдарды бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстар азайтылуы мүмкiн.

Активтердi "сарқылуына" жол бермеу мақсатында (бiр жағынан Ұлттық қорда жинақтау жүзеге асырылғанда, ал екiншi жағынан шамадан тыс үкiметтiк қарыз алынады) бюджет тапшылығын үкiметтiк қарыз алу есебiнен қаржыландыру деңгейi бес жылдық кезең үшiн орташа жылдық мәнiнде IЖӨ-нiң 1%-iнен аспайтын мөлшерде шектелетiн болады, өйткенi халықаралық ұйымдардың (Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзiлiк Банк және басқалар) зерттеулерiне сәйкес мұнай дағдарысының орташа ұзақтығы шамамен 4-5 жылды құрайды. Бұл бюджетке түсiмдердiң деңгейiне жағымсыз әсер ететiн қолайсыз экономикалық конъюнктура кезеңiнде бюджет тапшылығының көрсеткiшi бес жылдық кезең үшiн орташа мән шеңберiнде ұлғаю жағына қайта қаралуы мүмкiн екенiн бiлдiредi.

Сонымен қатар, бюджет тапшылығы кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi алынған Ұлттық қорға жалпы түсiмдер ретiнде есептелетiн Ұлттық қордың орташа жылдық өсуiнiң бес жылдық кезеңiнен асып кетпеуi тиiс.

Жоғарыда айтылғаннан басқа, үкiметтiк қарыз алу қор нарығында тиiстi бағдар белгiлеу үшiн айналымда мемлекеттiк бағалы қағаздардың жеткiлiктi көлемiн ұстап тұру мақсатында да пайдаланылатын болады. Бес жылдық перспективада нақты жинақтау мақсатында үкiметтiк қарыз алу саясаты кепiлдiк берiлген борышты ескере отырып, үкiметтiк борыштың Ұлттық қор активтерiнiң нарықтық құнына қатысты 50-70%-тiк арақатынасқа қол жеткiзуге бағдарланатын болады.

Кепiлдiк берiлген трансферт шегiнде мұнай түсiмдерiн пайдалану салмақты фискальдық саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, өйткенi салық режимiн ырықтандырудан "таза" бюджет нәтижесi көрiнетiн болады, бұл әдетте, мұнай секторы кәсiпорындарының кiрiстерi есебiнен бұрмаланатын.

Кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшерi формуламен шектелгендiктен және бюджет тапшылығының мөлшерiн шектеудi ескере отырып тек бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстарды қаржыландыратындықтан, республикалық бюджеттiң ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларына арналған шығыстарды көбейту экономиканың мұнай емес бөлiгi түсiмдерiнiң баламалы өсуiнсiз мүмкiн болмайды, бұл экономиканың мұнай емес секторын дамытуды ынталандыру қажеттiгiн көрсетедi.

Трансферт формуласы айқын және оңай есептелiнедi. Алайда, А абсолюттiк көрсеткiшiнiң жоғары мәнi Ұлттық қор қаражатын шамадан тыс жұмсауға, төмен мәнi - бюджеттiң үлкен құбылмалылығына әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферт:

1. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан республикалық  бюджетке түсетін қайтарымсыз  түсімдер Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан кепілдік берілген  трансферт болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан кепілдік берілген  трансферт мөлшері республикалық  бюджет әзірленетін жылдың алдындағы  қаржы жылының соңындағы жағдай  бойынша Қазақстан Республикасы  Ұлттық қоры активтерінің үштен  бір бөлігінен аспауға тиіс.

Үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.

3. Есепті қаржы жылы  ішінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан республикалық  бюджетке аударылмаған кепілдік  берілген трансферт сомасын Республикалық  бюджет комиссиясының ұсынысы  бойынша және Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  бюджетті түзету арқылы тиісті  бюджеттік бағдарламалар бойынша  төленбеген тіркелген міндеттемелер  сомасынан аспайтын көлемде өткен  қаржы жылының республикалық  бюджетінде бекітілген бюджеттік  даму бағдарламаларын қаржыландыру  үшін ағымдағы қаржы жылында  пайдалануға құқығы бар.

4. Есепті қаржы жылы  үшін республикалық бюджетке  Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорынан аударылмаған кепілдік  берілген трансферт сомаларын  тарту өткен қаржы жылының  бюджеттік даму бағдарламалары  бойынша тіркелген міндеттемелердің  төленбеген бөлігінің және қаржы  жылының басындағы бюджеттік  қаражаттар қалдықтары айырмасының  сомасында жүзеге асырылады.

Ұлттық қордың қаражатын қарқынды жинақтау, сондай-ақ оның активтерiн тиiмдi басқару Қазақстан Республикасының орнықты дамуында маңызды рөл атқарады және мемлекеттiк сектордың да, сол сияқты квазимемлекеттiк сектордың да қарыз алуды дұрыс жоспарлауын және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды талап етедi.

Осылайша, ұлттық холдингтердiң, ұлттық басқарушы холдингтердiң және олардың еншiлес компанияларының қарыз алуы мен мiндеттемелерiнiң барабар деңгейiн айқындау Ұлттық қордың жинақталған активтерi ескерiлетiн сындарлы тәсiлдi талап етедi. Үкiмет осы мақсатта ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың еншiлес компанияларының борышын мониторингтеу мен бағалаудың тиiстi көрсеткiштерiн және осы ұйымдар сақтауға мiндеттi қарыз алу жөнiндегi шектеулердi айқындайды.

Ұлттық қордың қаражатын пайдалану жөнiндегi жаңа тәсiл квазимемлекеттiк сектордың Ұлттық қордан облигациялық қарыздарды тарту мүмкiндiгiн жояды. Бұдан басқа, Үкiмет бюджет заңнамасында белгiленген шектеулер шеңберiнде Астана және Алматы қалаларының муниципалдық қарыз алуы арқылы жергiлiктi атқарушы органдар борышының өсуiн реттейтiн болады.

Ұлттық қор қаражатын үкiметтiк қарыз алумен алмастыруды болдырмау мақсатында мынадай шектеулер енгiзiлетiн болады:

- үкiметтiк борышқа қызмет  көрсетуге арналған жыл сайынғы  шығыстар Ұлттық қордың жыл  сайынғы тiркелген шартты инвестициялық  кiрiсiнiң 4,5%-ынан аспауы тиiс;

- үкiметтiк борышқа қызмет  көрсетуге және оны өтеуге  арналған шығыстар онжылдық кезеңде  орташа алғанда Ұлттық қордан  берiлетiн трансферттi қамтитын бюджетке  түсетiн түсiмдердiң 15%-ынан аспауы  тиiс.

Ұлттық қордың қаражатын қарқынды жинақтау, сондай-ақ оның активтерiн тиiмдi басқару Қазақстан Республикасының орнықты дамуында маңызды рөл атқарады және мемлекеттiк сектордың да, сол сияқты квазимемлекеттiк сектордың да қарыз алуды дұрыс жоспарлауын және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды талап етедi.

Осылайша, ұлттық холдингтердiң, ұлттық басқарушы холдингтердiң және олардың еншiлес компанияларының қарыз алуы мен мiндеттемелерiнiң барабар деңгейiн айқындау Ұлттық қордың жинақталған активтерi ескерiлетiн сындарлы тәсiлдi талап етедi. Үкiмет осы мақсатта ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың еншiлес компанияларының борышын мониторингтеу мен бағалаудың тиiстi көрсеткiштерiн және осы ұйымдар сақтауға мiндеттi қарыз алу жөнiндегi шектеулердi айқындайды.

Ұлттық қордың қаражатын пайдалану жөнiндегi жаңа тәсiл квазимемлекеттiк сектордың Ұлттық қордан облигациялық қарыздарды тарту мүмкiндiгiн жояды. Бұдан басқа, Үкiмет бюджет заңнамасында белгiленген шектеулер шеңберiнде Астана және Алматы қалаларының муниципалдық қарыз алуы арқылы жергiлiктi атқарушы органдар борышының өсуiн реттейтiн болады.

 

 

1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың  қайнар көзі және оны пайдалану

 

 

1. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын қалыптастыру көздері:

1) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына түсімдер;

2) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқарудан түсетін  инвестициялық кірістер;

3) Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым салынбаған  өзге де түсімдер мен кірістер  болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына түсімдер:

Информация о работе Қазақстан Республикасның ұлттық қоры