Қазақстан Республикасның ұлттық қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июля 2015 в 13:44, курсовая работа

Краткое описание

Қойылған мақсатқа байланысты курсық жұмыстың міндеттері келесідей:
- Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн қарастыру;
- Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруын талдау;
- Ұлттық қордың басқарылуын қарастыру;
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасынын Ұлттық қоры

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………………………………………...5
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен функциялары……….5
1.2 Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн таңдау….…9
1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану…………..13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ …………………………………………16
2.1 ҚР Ұлттық қорының активтерін басқаруды талдау ……………………………16
2.2 Ұлттық қордың жалпы нарықтық құнын талдау ……………………..………....20
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ………………………..…………………………….23
3.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару…………....23
3.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісі мен шығысын құқықтық реттеу……………………………………………...26
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................34

Файлы: 1 файл

ҚР Ұлттық қор.docx

— 115.02 Кб (Скачать)

Ұлттық қор активтерiнiң ұйымдық құрылымы оның мақсаттарына сәйкес айқындалады.

Ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерiнiң кiрiстiлiгiн қамтамасыз ету кiрiстiлiктiң қысқа мерзiмдi ауытқуын көздейдi. Ұлттық қордың активтерiн сенiмгерлiк басқаруды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi, қызметiн жалпы үйлестiрудi Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес жүзеге асырады.

Ұлттық қордың активтерiн орналастыру шетелдiк қаржы нарықтарында айналымдағы және Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен материалдық емес активтердi қоспағанда, Рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiне қосылған қаржы құралдарында жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте шектеулер 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн сатып алынған, Ұлттық қор активтерiнiң құрылымында ескерiлетiн қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi 2011 жылдың аяғында 1078922247 мың теңгенi құрады, жылдық өсiм 61,8% құрады.  Активтердiң ұлғаюына, негiзiнен, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдар көлемiнiң 369258276 мың теңге сомасында (2010 жылғы түсiмдер көлемiнен 2,4 есе көп) өсуi есебiнен қол жеткiзiлдi (1-қосымша).

 

Кесте 1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы

2010 жылы

2011 жылы

1

2

3

Активтер

   

Ақша және оның баламалары

200 429 000

49 161 183

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

 

 

 

 

3 536 888 162

 

 

 

 

3 258 923 673

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар

276 814 215

 

Туынды қаржы құралдары

1 568 264

4 901 962

Дебиторлық берешек

2 543

1 259 171

Активтер жиыны

4 015 702 184

3 314 245 989

Міндеттемелер мен таза активтер

   

Туынды қаржы құралдары

1 956 773

2 466 448

Кредиторлық берешек

4 216 533

2 408 017

Міндеттемелер жиыны

6 173 306

4 874 465

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

 

 

4 009 528 878

 

 

3 309 371 524


 

Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша            2010 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 919 317 487 мың теңгені құрады.

Ұлттық қордың басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2011 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді.

 

 

1 Сурет.  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімінің ақшалары және оның баламалары

 

 

2 Сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтер жиынтығы

2.2 Ұлттық қордың жалпы нарықтық құнын талдау

 

 

Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Ұлттық қор қызметі туралы 2008 жылғы есеп бойынша қордың таза активтерінің өсімі 2009 жылғы 57,5 %-дың орнына өткен жылы 76,6% құрды. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионнан 3662,7 миллионға өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді. Мұндай коньюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасып отыр.

Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметінің барлық жылдары ішінде 4,23%- ға бағаланады.

2010 жылы Ұлттық қор  активтерінің падалылығы 8,69%құрды, өткен жлы 222,8 миллион доллар мөлшерінде  инвестициялық кіріс алынды. Сонымен  бірге тұрақтандырушы портфелдің  пайдалылығы 1,87% - ға тең болды, ал  қордың негізгі бөлігін құрайтын  жинақтаушы портфель 11,98 % пайдалылық  берді.

Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық коньюнктурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.

Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10% ), сондай - ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсуі көлемі болып табылады. Сөйтіп бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.

Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.

Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен – геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.

Ұлттық қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:

1. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің барлығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуіне байланысты айқындалатын респбликалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

2. республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өндеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

3. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

4. ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскерлерін сатудан түсетін жергілікті бюджеттің ресми трансферттер;

5. қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер;

Қаражаттарды Ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.

Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру мен өндеу болып табылатын заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер- шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • қосылған құнға салынатын салық;
  • үстеме пайдаға салынатын салық;
  • бонустар;
  • роялти ;
  • жасасқан келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттердің, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және де өндеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өндеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауыл шаруашылық мақсаттарындағы жер учаскерлерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетліген ресми трансферттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырудан құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

3.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару.

 

 

Қазақстан Республикасының қаржылық активі түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ретінде көрініс табады.

Ұлттық қорды мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Кеңес тарапынан жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану  және оны қаржылық активтерге, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағнда, өзге де мүліктерге орналастыру жөніндегі ұсыныстарды талдайтын әрі жасайтын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағыконсультациялық-кеңесші орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің функцияларына:

1. Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорын қалыптастыру және  пайдалану тиімділігін арттыру  жөнінде ұсыныстар жасау;

2. Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорын пайдалану көлемдері  мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды  қарау және жасау;

3. Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорын орналастыру  үшін  рұқсат етілген қаржылық активтердің  және материалдық емес активтерді  қоспағанда, өзге де мүліктердің  тізбесі жөнінде ұсыныстар жасау  жатады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын бсқару жөніндегі Кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және т.б. мән-жйларын Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді.

Осы Кеңестің құрамындағы:

1. Қазақстан Республикасының  Президенті;

2. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі;

3.Қазақстан Республикасының  Парламенті Сенатының төрағасы;

4. Қазақстан Республи-касының  Парламенті Мәжілісінің төрағасы;

5. Қазақстан Республикасының  Президенті әкімшілігінің төрағасы;

6. Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкі төрағасы;

7. Қазақстан Республикасы  премьер Министрінің орынбасары;

8. Қазақстан Республикасы  Қаржы министрі;

9. Қазақстан Республикасының  Экономика және бюджетті жоспарлау  министрі;

10. Республикалық бюджеттің  орындалына бақылау жүргізу жөніндегі  Есеп комитетінің төрағасы өздеріне  тиесілі қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару барысында Қазақстан Республикасының Президенті:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жөніндегі Кеңесті  құрады және ол туралы ережені бекітеді;

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды;

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептемені бекітеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және осы Қорды пайдалану тәртібін айқындайды;

2. Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің тізбесін айқындайды;

Информация о работе Қазақстан Республикасның ұлттық қоры