Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 09:37, реферат

Краткое описание

1. Қаржы нарығының мәні мен түсінігі
2. Экономиканың дамуындағы қаржы нарығының рөлі.
3.Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні.
4. Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
5. Әлемдік қаржы нарығының мәні мен мағынасы. Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері

Файлы: 1 файл

Каржы 1 сабак.docx

— 25.71 Кб (Скачать)

Т. Рысқұлов атындағы  Қазақ экономикалық   университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 

Реферат 
 
 

Тақырыбы: Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері 
 
 
 
 

                                                                                    Орындаған : Молдажанов.А

                                                                                    Тексерген: Өмір. А 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қаржы нарығы

1. Қаржы нарығының мәні мен түсінігі 
2. Экономиканың дамуындағы қаржы нарығының рөлі.

3.Мемлекеттің  қаржы саясатының мазмұны мен  мәні.

4. Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері

5. Әлемдік қаржы нарығының мәні мен мағынасы. Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері 

Қаржы дегеніміз  не, ол қашан, қалай өріс алған ?  
Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды. 
Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады. 
Қорыта келгенде, қолдағы қаржы мемлекеттік үлғаймалы ұдайы өндіріс талаптарын жүзеге асыру мақсатында ақша қаражатын орталыққа жинақтауды қалыптастыру жағдайында ақша қатынастарының жиынтығын бейнелейтін экономикалық категория. 
Қаржының экономикалық категория болу себебі неге байланысты ? 
Қандайда қоғамдық - экономикалық құрылысқа өдіріс қажет. Өдіріссіз ешбір қоғам өмір-сүре алмайтына көне тархтын дамуы айқын дәлел. Қоғамдық өндірістің маңызы орасан зор. Ол, біріншіден қоғамға аса қажетті алуан түрлі техника әзірлеп береді. Осы арқылы қоғамның өзінің техника, яғни еңбек қүралдарына деген тұтынуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндіріс қоғам мшелерінің үдайы өсіп отыратын материалдық және рухани қажеттеріне қажет өнімдерді шығарады. Осымен қоғам мүшелерінің өмір тіршілігіне қажет заттарды-киімкешекті, жиһаз, турмыстық жабдықтарды, азық-түлікті үлғааймалыүрдіспен әзірлеп отырады. Сондықтан өндіріссіз-қоғам жоқ, түтынушысыз-өндіріс жоқ, деген қағида пайда болған. 
Алайда, қоғамдық түрғыдан алғанда жалпы түтынуға арналып өндірілген барлық өнімдер толықтай алғанда тауар деген үғымды білдіреді. Бүл арада теориялық түрғыдан айрықша атап өтуге қажетті мәселе бар. Айталық, егер жеке адам өзін жекелей түтыну үшін нендей бір өнім шығаратын болса, оны саудаға шығармай, тек өзінің игілігіне ғана пайдаланған жағдайда, ол өнім шығарушы үшін тауар болып саналмайды. Егер шығарылған өнімді сауда-сатық жағдайында басқа бір түтынушы үшін сатып алса, онда әлгі өнім тауар атағына ие болады. Ал қоғамның тауар өндіріс арқылы шығарылатын өнім бірден тауар болып табылады. Жоғарыда аталғандай қоғамдық өндірістік өнім қоғамның өзінің де, жеке дара түтынушының да қажеттігіне айналады, сатылады. Осы тауарларды сатудан түскен ақша мемлекеттің қаржы қорын қурайды . 
Қаржының өзгеше белгілері қандай ? 
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық үдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты. 
Жалпықоғамдық өнім мен үлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. 
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады. 
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық қүрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады. 
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ тек ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ. 
Қаржының ерекше белгілер : қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес). 
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері қаржының ерекшелігін атап көрсетеді. 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болды : қаржы – бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде үдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары мен қорлары жасалып, пайдалынады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен бөлумен және пайдаланумен болтын экономикалық қатынастар. 
Қаржының объективті қажеттігі неде ? 
Қаржының қажеттігі тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары – бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. 
Қаржы ресурстары болмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі фунцияларын қамтамасыз ете алмайды. 
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. 
Мемлекет, дәстүрлі фунциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағында қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді. 
Қаржы қандай функцияларды орындайды ? 
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның үғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. 
Экономистердің көзқарасы бойынша қаржы екі функция орындайды : бөлу және бақылау. Бөлу функциясы қоғамдық жалпы өнім мен оның бөлігі – үлттық табысты бөлу және қайта бөлу процесінде көрінеді. Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады. 
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен өтеу қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған қүн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады. 
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 
-өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; 
- елдің аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу; 
-қаржы ресурстарын сала ішінде бөлу. 
Қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылауда-жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бүл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз немесе тиімді пайдалануын көрсетеді. 
Қаржының қоғамдық дамудағы ролі қандай ? 
Қаржының экономикалық ролі мына бағыттардан көрінеді : 
қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды; 
кірістер мен шығыстарды үдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың есебін нығайтып, дамытады; 
қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді; 
қаржы қорлану, тұтыну қорларын қалыптастырады, соның негізінде тиімділікті арттыруға мүмкіндік жасайды; 
қаржы меншіктің сан-алуан нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады. 
Сонымен бірге қаржы үлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының элементтері теңдестіріледі.Қаржы қүндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категорияларымен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. 
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеуқоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бүл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. 
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бүрынғыдан бетер арта түседі. 
Қаржы саясаты дегеніміз не ? 
Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады. 
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттік қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. 
Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жүмылдыру. 
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны, міндеттері қандай ? 
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны күрделі,олар келесі стадияларды қамтиды: 
1) экономикалық заңдардың өрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде қаржының ғылыми негізделген түжырымдамасын әзірлеу;  
2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын түжырымдау; 
3) белгіленген іс-әрекеттерлі қаржы механизмі арқылы іс жүзінде жүзеге асыру. 
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.Демек,экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны болып табылады. 
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: 
а) елдің дамуының әрбір нақты кезңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғурлым мүмкін болатын көлемін қамтамасыз ету; 
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында үтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау; 
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру. 
Мезгілінің үзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді. 
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. 
Қаржы тактикасы қаржы байланыстыратын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. 
Қаржы саясатын жүргізудің қағидаттары қандай ? 
Қаржы саясатының қағидаттары келесі : 
қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау; 
қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; 
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі; 
қаржы резервтерін жасау; 
қаржы механизмінің дүрыс қүрылуын қамтамасыз ету; 
салық жүйесін үтымды қүру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру; 
негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жүмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу; 
қаржы және кредит- ақша саясатының тепе-тендігі. 
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады : 
объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу; 
нақты тарихи жағдайларды есепке алу; 
өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу. 
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады. Ол қаржыны үйымдастыру, жоспарлау, және басқару турлерінің нысандарының, түтқаларының және әдістерінің жүйесі болып табылады.. 
 

Қазақстанның  қаржы нарығы: қалыптасу  кезеңдері, қазіргі  жағдайы және даму мәселелері

 ТМД-ның барлық  елдерінде, соның ішінде Қазақстанда,  тәуелсіздік алумен бірге экономиканың  қаржы секторының реформасы және  дамуы қаржы институттарының  тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту  және тұрғындардың қаржы секторына  сенімін арттыру бойынша іс-шараларды  белсендендіруге әкелген басымды  мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының  бірі ретінде қарастырылады. 

Бүгінгі күнге  Қазақстанның қаржы секторы банктік  қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы  қызметтерінің нарығы сынды негізгі  секторлармен көрініс тапқан.

Банк секторы  экономиканың қантамыр жүйесі  және қаржы секторының ең үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік  қызметтер нарығының қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде  ол мәнді реформаларды басынан өткерді.

1990 жылы «Банктер  және Қазақ ССР-ндегі банк қызметі  туралы» Заң қабылданған кезде  отандық банк жүйесін реформалаудың  алғашқы заңнамалық негізі қаланды. 1991 жылы екі деңгейлі банк жүйесі  қалыптастырылды. Бұған мемлекеттік  салалық банктерді қайта ұйымдастыру  және СССР Мемлекеттік банкінің  республикалық бөлімшелерінің егеменді  мемлекеттердің орталық банкі  қызметін атқаруы, сонымен қатар  алғашқы коммерциялық банктердің  құрылуы септігін тигізді. Сол  кезден бастап Қазақстан банк  жүйесінің бірінші деңгейі Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкімен  және оның облыстардағы бөлімшелерімен, ал екінші деңгейі өзге банктермен  көрініс тапты. Нарықтық қатынастардың  кеңеюі және несие ісінің дамуы  коммерциялық банктердің жылдам  өсуіне әкелді, олардың саны, мәселен, 1993 жылы 200-ден астам болды.

1993 жылдың сәуірінде  орталық банктің міндеттерін,  қызметінің қағидаттарын, құқықтық  мәртебесін және құзырлығын, банк  жүйесіндегі рөлі мен орнын,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік  үкіметінің органдарымен өзара  қарым-қатынасын анықтайтын «Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  туралы» жаңа Заң қабылданды.

Қазақстанның  тәуелсіздік алуы мемлекеттіліктің негізгі нышандарының бірі ретінде, сонымен қатар республика экономикасын инфляциялық қысымнан және қолма-қол  ақшаның тапшылығынан қорғау мәселесін  шешу мақсатында ұлттық валютаны енгізу туралы мәселені шешуді күн тәртібіне  қойды. Осыған байланысты, Қазақстан  Республикасы Президенті бекіткен ұлттық валюта – теңгені дайындау және енгізу бойынша кезек күттірмес  іс-шаралар Бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның  негізгі бағыттары – бұл дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттігі  және әлеуметтік-экономикалық реформалаудың  тереңдеуі, қатаң ақша-несие және пайыз саясатын жүргізу, бағалардың еркіндігі, халықтың әлсіз топтарын әлеумттік қорғау.

1993 жылғы ақша  реформасы теңгені тікелей енгізу  жолымен келесі артықшылықтарды  әкелді:

·        респбуликаның тәуелсіз ақша-несие  саясатын жүргізуге мүмкіндігі болды;

·        Қазақстан тұрғындары болашақтағы  белгісіздіктен арылды;

·        жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын анықтауға  мүмкіндік берді 

1993 жылдың қарашасында  ұлттық валютаны енгізу мемлекеттік  ақша-несие саясатын және банктік  реттеуді жүргізу тұрғысында  Ұлттық банктің рөлін арттырды. Ұлттық банк банк жүйесінің  қызмет етуінің нормативтік және  құқықтық негізін қалыптастыруға  үлкен көңіл бөлді, банк қызметі  үшін қажетті минималды резервтік  талаптар, экономикалық нормативтер сынды пруденциалды реттеудің нормативтері енгізілді, сонымен қатар шетел қатысуымен қызмет ететін банктер қаражаттарының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру туралы және банктің қарыз қоржынын сыныптау туралы ережелер қабылданды. Айта кеткені жөн, банктік жүйенің реформалануы кезеңінде бұл нормативтердің көпшілігі мәнді өзгерістерге ұшырады. 

Ақша қаражаттарын орталықтандырылған қайта бөлуді максималды қысқарту және Ұлттық банк қызметтерін  орталық банктердің классикалық  қызметтеріне жақындату бойынша  алдына міндеттер қойған отандық  банк жүйесін реформалаудың алғашқы  бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында  қыбалданды.

Банк жүйесін  реформалаудың келесі кезеңі ТМД  аумағында алғышқылардың бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында қабылданған 2000 жылдың соңына дейін капитал өтімділігінің  жеткіліктілігі, активтер сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп деңгейі, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында қызметтің  халықаралық стандарттарына екінші деңгейлі банктерді өткізу Бағдарламасы болды 

Жалпы, банктердің капиталдану деңгейіне Ұлттық банктің  қойған қатаң талаптары банктердің бірігуі/жұтуы, төмен капиталданған  банктердің несие серіктестіктеріне  өз еріктерімен қайта құрылуы, барлық банк операцияларын жүргізуге лицензияны жою мен қаржылық тұрақсыз және төлем  қабілетсіз банктерді күштеп жою  тәртібін қолдану есебінен банк секторын оңалтуды жеделдетті. Бұның барлығы  халықаралық стандарттар деңгейінде өз қызметін жүзеге асыратын, жоғары капиталдандырылған банктері бар тұрақты банк жүйесін  қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк тарапынан қабылданған шаралар  банктер санының 1993 жылғы 204-тен 1997 жылдағы 81-ге дейін қысқаруына әкелді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 37 екінші деңгейлі банк қызмет атқарады.

1997 жылы банктерді инвестициялық және депозиттік деп бөлінуі алынып тасталды, банк қызметінің түрлерін кеңейту қарастырылды, сонымен қатар банктерді ашуға және оларды лицензиялауға, ішкі бақылауға және банктердегі тәртіптерге қатаң талаптар қойылды, CAMEL жүйесі бойынша банктердің қаржылық жағдайын рейтингтік бағалау енгізілді.

Қазақстанда банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын несиелік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар, инвестициялық қорлар және т.б. сияқты банктік емес қаржылық мекемелердің қалыптасуы да маңызды болып табылады. Несиелік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар сынды банктік емес мекемелер қызметінің мақсаттары мен міндеттері халықты, шағын және орта кәсіпкерлерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық деңгейін арттыру болып табылды, және олардың қызмет етуі ауылдық аймақтардағы қаржылық қызмет көрсету нарығындағы олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын жасау жолымен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, кедейлік деңгейін төмендетеді және шағын бизнес пен орта бизнесті дамыта отырып, халықтың табыстарын арттырады.

Осылайша, 1998 жылдың соңындағы банк жүйесін қайта қалыптастыру коммерциялық банктерден тұратын олардың екінші деңгейі ломбардтар, несиелік серіктестіктер, тарсталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, ипотекалық компаниялар түрінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелермен толықтырылғандығымен негізделеді. 2009 жылдың 1 қазанында Қазақстанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 17 ұйым, соның ішінде 7 ипотекалық ұйым жұмыс жасайды.

1999 жылдың сәуірінде Үкіметтің және Ұлттық банктің шешімімен Қазақстанда теңгенің еркін айырбас бағамының режимі енгізілді, бұл әсіресе Ресейде 1998 жылы сыртық қаржы нарықтарындағы дағдарыстан кейін ұлғайып кеткен Ұлттық банктің араласуынсыз валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде теңге бағамының қалыптасуын білдірді. Бұл шара қаржы жүйесін тұрақтылығына нұқсан келтірмей экспорттық өндіріс жұмысының рентабельділігін арттыруға мүмкіндік жасады. Қазақстан бұл кезеңде халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына қарамастан, банк клиенттеріне олардың салымдарын теңгенің девальвациясына дейінгі бағам бойынша ауыстыруға құқық беру жолымен жеке және заңды тұлғалардың жинақтарын қорғау бойынша мүмкін шараларды

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері