Қаржы ұғымы және оның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:31, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі». Бұл жұмысымды негізінен үш бөлімге алып қарастырдым. Бірінші бөлімнің тақырыбы: «Қаржы ұғымы және оның мәні». Бұл бөлімде қаржының функциялары және рөлі, оның құрылымы және қызметі, сонымен қатар қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысын қарастырдым.

Оглавление

Кіріспе..............................................................................................................2
Бөлім 1. Қаржы ұғымы және оның мәні
1.1. Қаржының фунцкциялары және рөлі.......................................................................4
1.2. Қаржының құрылымы және қызметі........................................................................6
1.3. Қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысы...............10
Бөлім 2. Қаржы жүйесінің қағидаттары.
2.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру..................................................................14
2.2. Қаржы механизмінің жүйесі....................................................................................17
2.3. Қаржы саясаты........................................................................................................20
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.
3.1. Қаржы жоспарының жүйесі....................................................................................23
3.2. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі............................................26
3.3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы.......................................29
Қорытынды..................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................35

Файлы: 1 файл

Қаржы жүйесі.doc

— 185.00 Кб (Скачать)


Жоспар:

Кіріспе..............................................................................................................2

Бөлім 1. Қаржы ұғымы және оның мәні

1.1. Қаржының фунцкциялары және рөлі.......................................................................4

1.2. Қаржының құрылымы және қызметі........................................................................6

1.3. Қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысы...............10

 

 

Бөлім 2. Қаржы жүйесінің қағидаттары.

2.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру..................................................................14

2.2. Қаржы механизмінің жүйесі....................................................................................17

2.3. Қаржы саясаты........................................................................................................20              

 

Бөлім 3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.

3.1. Қаржы жоспарының жүйесі....................................................................................23

3.2. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі............................................26

3.3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы.......................................29

 

Қорытынды..................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................35

 

 

 

 

 

                                                                                                                                    

                                                                

                                                                      

Кіріспе

    Курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі». Бұл жұмысымды негізінен үш бөлімге алып қарастырдым. Бірінші бөлімнің тақырыбы: «Қаржы ұғымы және оның мәні». Бұл бөлімде қаржының функциялары және рөлі, оның құрылымы және қызметі, сонымен қатар қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысын қарастырдым.

    Қаржы дегеніміз - қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін  ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.

    Қаржы жүйесі – бұл заңмен бекітілген нормативтер негізінде тиісті институттар мен мекемелер арқылы ақшалай қаржы қорын жасау мен пайдалану жөніндегі экономикалық субьектілер арасындағы қарым-қатынас.

    Екінші бөлімнің тақырыбы: «Қаржы жүйесінің қағидаттары». Мұнда қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру, қаржы механизмінің жүйесі және қаржы саясаты туралы түсініктеме бердім.

    Қаржы жүйесі дегеніміз - бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы болып табылады.

    Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады. өйткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, обьективті шындықтың шартарына сүйенеді.

    Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің және басқа элементтері құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.                 

    Үшінші бөлімнің тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі». Бұл тарауда қаржы жоспарының жүйесі, қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамын баяндап өтемін.

    Қаржы жүйесі бұл қаржы қатынастарының, ақша қорларының және басқарудың қаржы аппараты жиынтығынан тұрады. Қаржы жүйесінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қаржы ұғымы және оның мәні

 

1.1. Қаржының функциялары және рөлі

             

      Қазіргі кездегі көптеген мойындаулар екі қаржылық концепциядан бастау алады: үлестірімдік және ұдайы өндірістік. Бірінші концепцияға сәйкес қаржы екі функцияны атқарады: үлестіру және бақылау. Оны жақтайтындар қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің екінші сатысында, яғни оның қоғамдық өнім құнын ақшалай әдіспен бөлу процесінде пайда болады және қаржының үлестіру сипаты оның жұмыс істеуінің өзіндік ерекшелігімен көрсетіледі деп есептейді.

      Үлестіру функциясының көмегімен жиынтық қоғамдық өнім және оның негізгі бөлігі – ұлттық табыс, сонымен қатар ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді.

      Қайта бөлу қоғамдық өнімнің шаруашылық субъектісі бойынша әртүрлі мүшелену процесін салалық та, аймақтық та қимасын, табиғи-заттық түрдегі туынды өнімді ақшалай қаражатпен қамтамасыз етуде ұдайы өндіріс қатысушыларының қажеттілігін қанағаттандыру нәтижесін қамтиды. Осының негізінде бір қатысушының табысы басқа да шығындар шотымен қалыптасып, ұлттық табыс қорлану және тұтыну қорының формасын сатып алады.

      Бірінші жағдайда қаражат өндірісті ұлғайту және өндірістік қордың материалдық саласын ұлғайту, өндірістік емес әлеуметтік инфрақұрылым, резервті құру және қорды сақтандыру үшін қолданылады. Тұтыну қоры барлық халықтың түпкілікті табысын құрайды және ұдайы өндіріс пен әлеуметтік саладағы мекемені, ғылымды, мәдениетті, елдің қорғанысын сақтау ресурстары үшін қолданылады.

      Бақылау функциясының негізі өндіріске есеп беру құнының шығыны және өнімдерді өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, кәсіпорынның табысы

және ақша қорын қалыптастыру мен қолдану.

      Бақылау функцияларын өткізу кәсіпорынның қаржы көрсеткішінің қызметі, оларды бөлу қатынастарының сапалылығын арттыру үшін қажетті дәрежеде талдануымен жүзеге асады.                                                                           

      Қаржы мәніне ұқсас ежелгі түсінікке сәйкес ұдайы өндіріс концепциясы жақтастары қаржыны мынадай функцияларға бөледі:

  1.ақшалай табыс пен қор құрылымы;

  2.ақшалай табыс пен қорды пайдалану;

  3.бақылау функциясы.

      Қаржының рөлі көпжақты, күрделі және әртекті. Негізгілері мыналар: өнімді бөлу және қайта бөлу, орын толтыру қорын құру, амортизациялық және айналым қаржылары қорларын ұтымды, әрі үнемді пайдалануды ынталандыру: ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу арқылы еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыру қорларын, енді бір бөлігін айналымнан алынатын салық ретінде бюджетке түсіру.

 

 

1.2. Қаржының құрылымы және қызметі

 

      Қаржы – ақша қаражатының орталықтандырылған және орталықтан-  дырылмаған қорларын құру және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы.

    Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүейсінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен ( капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер,алтын, және тағы басқа нарықтармен) етене байланысты.

                               

 

                        

Кез келген мемелекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.

      Мемлекеттің қаржысы – ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

      Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды.

      Кәсіпорынның қаржысына (мемлекеттік, мемлекеттік емес) – меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

      Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция, дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржыларды, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуның нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.

      Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл құрылымның қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

      Нарықтық қатынастар жағдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады: бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау.

      Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік-мәдени шараларға, мемлекетті басқару мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржының бөлу қызметі атқарады.

      Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

      Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.

      Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тек сүру арқылы жүзеге асады.

      Қаржы нарығы – нарықтық экономиканың қалыптасқан элемменттерінің бірі. Өз аясына капитал нарығын, валюта нарығын ғана емес және бағалы қағаздар нарығын ендіреді. Бұл нарықтарды өз құрамына енгізудің мақсаты – еркін қозғалыстағы ақша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік қоғамның мүддесіне жұмсау. Әкімшілік-әміршілдік жүйеде қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, банктің несие жоспары, министрліктің қаржы жоспары т.б. тетіктер арқылы жүргізілген.

      Экономикалық реформа кезінде кәсіпорын өз шаруашылығын жаңа түрде жүргізіп қаржы ресуртарын қалыптасқан тәсілмен бөліп, қолдануға барынша шектеу қойылды. Ресурстардың министрліктер арқылы ішкі сала бойынша бөлінуін барынша қысқартты. Сондықтан да қаржы нарығын құрудың қажеттілігі пайда болды. Оның экономикалық негізі – кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қажеттілігінен туып, оны беру мүмкіндігі қысқарады.

      Қаржы нарығы - өзінің инфрақұрылымымен айқындалған күрделі механизм және жаңа ақпараттық ағымдармен ерекшеленеді. Қаржы нарығын құру үшін кешенді мәселелерді меңгеру қажет. Оған бағалы қағаздар эмиссиясы және оның курсының өзгеруі, инфрақұрылым мен ақпаратты қамтамасыз етуді жатқызамыз. Нарықтық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамыту несие-қаржы жүйесін қайта құруды талап етті.

      Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отыруы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанда тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның қолдану бағасы нарық санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде белгіленеді. Қаржы нарығы жағдайында кәсіпорын, ұйымдар, тұрғындар тұрақты ақшалай қорланған табысты қалыптастырып, оны алуға ұмтылыс жасайды. Ал, халық шаруашылығы қосымша қаржы көздеріне ие болады. Мұндай капитал нарығынсыз кәсіпорындарды өзін-өзі қаржыландыру мүмкін емес. Олардың инвестициялық мүмкіндіктері тек өздерінің құрал-жабдықтарында шектеліп, басқаша толтыру көздері жоқтың қасы.

      Біздің шаруашылық өмірімізде ақша ресурстарын пайдалануда бюджеттік әдіс кеңірек белең алып, қаржы нарығы тіпті болғанда жоқ. Ақшаның барлық қоры мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі бөлінді. Несие жүйесінде тек мемлекеттік банктер жұмыс жасады. Олардың қызметінде кәсіпкерлік  бастамаға шек қойылды. Бюджеттік қор мен несие ресурстары «жоспарға негізделіп» бөлініп, олардың қаржылық қауқары және тиімді қолданылуы ескерілмеді. Рентабельдігі төмен және шығындары көп кәсіпорындар осылай күн кешіп, берекесіздік белең алып, мемлекеттік бюджет тапшылығы пайда болды. Жүзеге асырылған шаруашылық реформасының (1965 жылғы) нәтижесінде кәсіпорынның қаржы ресурстары біршама өсті. Ал, оларды пайдалану қатаң бақылауда болды. Кәсіпорын мен кәсіпорынның, кәсіпорын мен тұрғындардың, кәсіпорын мен банктердің қорларды өзара бөле-бөлісуіне тиым салынды. Банктегі кәсіпорын қорының (қаржысы) есеп шоттары пайызсыз сақталды.

      Қаржы нарығын қалыптастырудың өзіндік қиындығы бар. Сондықтын бағалы қағаздар институтын құру қажет және қаржы нарығы инфрақұрылымын дамыту абзал.

 

 

1.3. Қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысы

Информация о работе Қаржы ұғымы және оның мәні