Қаржы ұғымы және оның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:31, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі». Бұл жұмысымды негізінен үш бөлімге алып қарастырдым. Бірінші бөлімнің тақырыбы: «Қаржы ұғымы және оның мәні». Бұл бөлімде қаржының функциялары және рөлі, оның құрылымы және қызметі, сонымен қатар қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысын қарастырдым.

Оглавление

Кіріспе..............................................................................................................2
Бөлім 1. Қаржы ұғымы және оның мәні
1.1. Қаржының фунцкциялары және рөлі.......................................................................4
1.2. Қаржының құрылымы және қызметі........................................................................6
1.3. Қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысы...............10
Бөлім 2. Қаржы жүйесінің қағидаттары.
2.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру..................................................................14
2.2. Қаржы механизмінің жүйесі....................................................................................17
2.3. Қаржы саясаты........................................................................................................20
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.
3.1. Қаржы жоспарының жүйесі....................................................................................23
3.2. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі............................................26
3.3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы.......................................29
Қорытынды..................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................35

Файлы: 1 файл

Қаржы жүйесі.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

    Қоғам дамуының белгілі бір кезеңнің ұсынылатын және шешілетін міндеттеріне, оның шаруашылықтың сферасын, саласын дамытумен байланысты бұл қатынастардың бөлігіне сәйкес қаржы механизмінің, оның буындарының, тұтқаларының, элементтерінің күрделі жүйесі өнбойы өзгерісте, өзара іс-қимылда болады.

    Қаржы мехъанизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақталынады, бұл – қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.

 

2.3. Қаржы саясаты.

    Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мсәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

    Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсатарды іске асурыда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында       тұрған міндеттерді орындаудың шаттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

    Қаржы саясаты – бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

    Материалистік диалектика жүйесіндегі түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бі№р экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады. 

    Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.

    Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттік өқар

Жы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарлы да ұмтуға болмайды.

    Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.

    Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конститутциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентідне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы  дамудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.

    Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.

    Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.

    Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесіне қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.

    Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға, шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.

    Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

    Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

    1) шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөніндегі шаралар жүргізу;

    2) дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;

    3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Бөлім Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.

3.1. Қаржы жоспарының жүйесі.

    Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субьектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

    Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

    Жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

    Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың обьектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.

    Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

    Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

    Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түұсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

    Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігінен туындайды.

    Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы банасынан бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес, тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі.

    Шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесі мен қаржы жүйесінің барлық буындарын мемлееттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалды. Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес, сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша да: жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.

    Салалық (ведомстволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министрліктерінің кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.

    Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтарэдың жиынтық қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және т.б. жоспарлары.

    Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.

    Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.

 

3.2. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі.

    Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру – бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электорнды-есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің  жиынтығын айтады. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.

    Қаржыны басқаруда қаржы есеп-қисаптарының автоматтандырылған жүйесі (ҚЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әірекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.

    Ұйымдық тұрғыдан қаржы есеп-қисаптарының автоматтандырылған жүйесі дегеніміз – бір-бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы:

    1) ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету;

    2) ақпараттық қамтамасыз ету;

    3) бағдарламалық  қамтамасыз ету;

    4) техникалық қамтамасыз ету;

    5) ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;

    6) технологиялық  қамтамасыз ету;

    7) кадрмен қамтамасыз ету;

    Ұйымдық-экономикалық қамтамасыз етудің қосалқы жүйесі ҚЕАЖ жүйесінде бастысы болып табылады, бюджеттерді жасау және оның атқарылу процесін автоматтандырудың әдістемелік және ұйымдық алғы шарттарды жасайды, басқа қамтамасыз етуші қосалқы жүйені үйлестіреді және өзара байланыстырады, ҚЕАЖ-дің барлық деңгейлеріндегі жұмыстың әдістемелік бірлігін анықтайды.

    ҚЕАЖ-да әр түрлі функциялық қосалқы жүйелер болуы мүмкін: бюджеттің жиынтық есептері, мемлекеттің кірістері, мемлекеттік мекемелердің шығыстары және бюджет есебінен жүргізілетін шаралар, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы.

Информация о работе Қаржы ұғымы және оның мәні