Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:31, курсовая работа
Курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі». Бұл жұмысымды негізінен үш бөлімге алып қарастырдым. Бірінші бөлімнің тақырыбы: «Қаржы ұғымы және оның мәні». Бұл бөлімде қаржының функциялары және рөлі, оның құрылымы және қызметі, сонымен қатар қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысын қарастырдым.
Кіріспе..............................................................................................................2
Бөлім 1. Қаржы ұғымы және оның мәні
1.1. Қаржының фунцкциялары және рөлі.......................................................................4
1.2. Қаржының құрылымы және қызметі........................................................................6
1.3. Қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысы...............10
Бөлім 2. Қаржы жүйесінің қағидаттары.
2.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру..................................................................14
2.2. Қаржы механизмінің жүйесі....................................................................................17
2.3. Қаржы саясаты........................................................................................................20
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.
3.1. Қаржы жоспарының жүйесі....................................................................................23
3.2. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі............................................26
3.3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы.......................................29
Қорытынды..................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................35
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс циклінің басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.
Баға – жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанын ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс процесінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштілк процеске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет бағалардың саясатын жүргізгенде реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға – монополиялық бағаларды әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Нарық жағдайында тауарлардың, қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.
Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шартарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған процесі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақшаны одан әрі бөлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұл процестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңділігінің дәрежесі әртүрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке-дара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.
Қаржы бағамен негізгі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің обьектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы.
Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше роль атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілдікке салынған (баламасыз сатып алуға қарай), құнның бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді және бөлумен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.
Әсіресе инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыжптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Напрықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бұрынғыдан бетер арта түседі.
Өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекі (айрықша) болады.
Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндегі еңбекке ақы төлеу жасалған өнімдегі әрбір қызметкердің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы төлеу жөніндегі қорды қалыптастырады.
Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:
1) қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең, жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;
2) қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына – еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.
Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.
2 Бөлім Қаржы жүйесінің қағидаттары.
2.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру.
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субьектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субьектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субьектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы обьективті белгісі ретінэде көрінеді.
Қаржы жүйесінің функциялық белгісі (критерийі) бойынша құрылымы
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануды табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың (болжаудың), қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субьектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына шектеуге мүмкіндік береді.
2.2. Қаржы механизмінің жүйесі.
Қаржы саясаты нақты шаруашлық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орныдау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.
Қаржы механизмінің құрлымы қаржы қатынастарын топтастыру тұрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.
Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі блогы, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.
Қаржы механизмінің жүйесі осы кестеде көрсетілген
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмінің блогы (буыны) – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизмінің элементі – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол қоғамдық арқылы өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Әрбір элемент бірыңғай қаржы механ,измінің құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.
Қаржы механизмінің элементтерінің – қаржы қатынастарын ұйымдастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі «қаржы механизмінің конструкциясын» құрайды, ол механизмінің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі.