Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:31, курсовая работа
Курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі». Бұл жұмысымды негізінен үш бөлімге алып қарастырдым. Бірінші бөлімнің тақырыбы: «Қаржы ұғымы және оның мәні». Бұл бөлімде қаржының функциялары және рөлі, оның құрылымы және қызметі, сонымен қатар қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысын қарастырдым.
Кіріспе..............................................................................................................2
Бөлім 1. Қаржы ұғымы және оның мәні
1.1. Қаржының фунцкциялары және рөлі.......................................................................4
1.2. Қаржының құрылымы және қызметі........................................................................6
1.3. Қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысы...............10
Бөлім 2. Қаржы жүйесінің қағидаттары.
2.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру..................................................................14
2.2. Қаржы механизмінің жүйесі....................................................................................17
2.3. Қаржы саясаты........................................................................................................20
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.
3.1. Қаржы жоспарының жүйесі....................................................................................23
3.2. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі............................................26
3.3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы.......................................29
Қорытынды..................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................35
Автоматтандырылған басқарудың орталықтандырылған жүйелерінен басқа, автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) ұйымдастыру жолымен жергілікті нұсқалар пайдаланылады. АЖО – кәсіби-бағдарланған шағын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ немесе СЭЕМ басқаратын және белгілі бір кәсіп мамандарының жұмысын автоматтандыруға арналған немесе сырттағы техникалық құралдардың кешені. АЖО жабдығының үлгілік құрылымы:
1) микро-ЭЕМ базасында басқарудың құрылғысы;
2) бейнетерминал (дисплей);
3) магнит дискілеріндегі жинақтаушы;
4) деректер жинақталымының клавитатурасы;
5) шағынгабаритті басып шығаратын қондырғы.
Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі бөлінеді, онда қаржы-кредитті басқарудың есептері шығарылады. Ол өнім өндіріп, оны өткізудің белгілі бір жағдайында ең жоғары рентабелділікке жету үшін пайдаланылатын шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады.
Қазіргі уақытта қаржы органдарының төменгі жергілікті органдарының, аудандық және қалалық қаржы басқармаларының жұмысына қаржы есеп-қисаптарын автоматтандыруды енгізу көкейтесті мәселе болып отыр. Іс жүзінде мұндай жұмыс оларда инспекторлар мен экономистердің автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) енгізумен басталады, бұл орындарда жеке пайдаланудың микро-ЭЕМ-і қолданылып отыр. Әсіресе, бұл халықтың табыстары жөніндегі мағлұмдамалардың көптеген және үнемі өзгеріп отыратын мәліметтерімен іспеттес болатын салық агенттері үшін өте көкейтесті мәселе.
Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайында ойдағыдай іс-әрекет ететін айта кету қажет. Тек осы жағдайда ғана ол қаржы аппараты жұмысының мазмұнын айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді.
3.3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің сызбасы
Буындардың сипаттамасының матасылған қатары ретінде жоғары элементтері болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындарының өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл – бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субьектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастыруымен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда – республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.
Қалыптасу көздері:
а) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;
ә) бюджеттен берілетін субсидиялар;
б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
в) ерікті жарналар және қайырмалдықтар.
Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыруды кепілдендіреді; олар қаржылық қиын
Шылықтар жағдайында мемлекеттік билік органдары иек артатын қаржы резерві рөлін орныдайды.
Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттар жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.
Қаржы жүйесіне жиі сақтандыруды жатқызады, бірақ көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Сақтандыру – шаруашылық жүргізуші субьектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының кірістеріндегі ысыраплтарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
1. Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп – шаруашылықты жүргізу әдісі, оның мақсаты рентабелділік деңгейде шаруашылық жүргізуді жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындармен ең көп табыс алу болып табылады.
2. Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді. Бұл сфераны қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы ресурстары қаралған.
Қаржы жүйесіндегі өндірістік сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл сферадағы қаржы қатынастары оның бастапқы құрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының арасында пайда болады.
Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық өзінің ақша қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфералармен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді.
Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық обьектіні құрайды. Басқарушы субьект қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі – қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау процесіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржы қатынастары буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
Мемлекеттің бюджет жүйесі;
Арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
Мемлекеттік кредит;
Жергілікті қаржы;
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы;
Халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілідкті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрлымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:
біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алныған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет.
екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте обьективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қорытынды.
Курстық жұмысымды қорыта келгенде: қаржы сөзі «финанс» деген сөзден шыққан, яғни ол «төлем», «табыс» деген мағынаны білдіреді.
Қаржы дегеніміз – қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы. Қаржылық қатынастардың ақша өатынастарынан айырмашылығы сол, ол жеке тұтынушыларға қызмет етпейді.
Қаржы жүйесі – ақша қорлары қатынастарын құрып, сонымен бірге сол қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтыдғы болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының мынадай сфераларынан тұрады: мемлекеттік бюджеттің жүйесі, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, жергілікті қаржы, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы және халықтың қаржысы болып табылады.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған: қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі, ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау, қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты, қаржы жүйесінің құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаттарынан құралады.
Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпы экономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарына - өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеумеьттік-экономикалық дамуынтұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Абленов Д.О., Бижигитова Р.Н., Смагулова Д.Д. Финансовый практикум: Учебное пособие/Алматы: Бастау, 2004.
2) ӘубәкіровЯ.А., БайжұмаевБ.Б., Жақыпова Ф.Н., ТабеевТ.П. «Экономикалық теория»: Оқу құралы/Қазақ университеті/ Алматы, 1999.
3) Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы. К.Б.Бердалиев. Алматы: Экономика 2001ж.
4) Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы – Алматы: Экономика,2000ж
5) Ковалева А.М. Финансы: учебное пособие.
6)Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. – Алматы: Аркаим, 2003.
7) Саяси экономия негіздері. Оқу құралы. Т. Қожамқұлов.
8) Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы – Алматы: Экономика 1998ж.
9) Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003.
10) ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. О.Сәбден. Алматы: Қазақстан, 1997ж.
11) Хамитов Н.Н. Банк ісі: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика, 2006ж.
12) Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Б.И. Комягин. «Жалпы экономикалық теория»: Оқулық/Ақтөбе , 2004.
13) Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы»: Оқулық. – Алматы: 2005
33